Гипертензиялық криз – АҚҚ кенеттен жоғарылауымен, тіршілік үшін маңызды ағзалар функциясының бұзылу симптомдарының пайда болуымен немесе олардың қаупінің дамуымен, сонымен қатар нейровегетативтік бұзылыстармен сипатталатын клиникалық синдро Асқынған гипертензиялық криз диагностикасының критерилері:
- салыстырмалы түрде кенеттен басталуы;
- артериаялық қысымның өзіндік жоғары деңгейі (диастолалық қан қысымы 120-130 мм.сн.б.) жоғарлайды;
- ОНЖ функциясының бұзылу симптомдары - (диффузиялы түрдегі иетенсивті бас ауыру, баста шуыл сезіну, жүрек айну, құсу, көру нашарлауы, құрысулар, ұйқышылдық, естің айқын бұзылыстары болуы мүмкін) жəне жергілікті симптоматикалары - (бет, ерін, қол саусақ ұштарының парестезиялары аяқ-қолда əлсіздік сезіну, көздегі қосарлану, сөйлеу бұзылуы, гемипарез, энцефалопатия;
- нейровегетативтік бұзылыстар – (шөлдеу, ауыздың құрғауы, ішкі ағзаларда діріл сезінуі, жүрек қағуы, қалтырау тəрізді тремор, гипергидроз)
- субъективтік жəне объективтік əйгіленістермен əртүрлі дəрежеде айқындалатын кардиальдық дисфункциялар;
18. 30 жастағы науқас басының ауруы мен айналуына, көру қабілетінің төмендеуіне шағынады. Об-ті: салмағы артық, денесіндегі май қабаты “алжапқыш” тәрізді жиналған, беті табақтай, ішінің бүйір қабаттарында қошқыл-күлгін сызықтар, гинекомастия, иық және білектерінің терісінде петеқиялар мен көгерулер; шаштары түскен, бұлшық еттерінің тонусы кеміп, күші қашқан, олардың атрофиясы. АҚ 170/110 мм сын. бағ. Клиникалық жағдайды бағалау және клиникалық диагнозды анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |