3. Венаға сұйықтық құюға қарсы көрсетімдер бар жағдайда немесе олар көмектеспесе, перифериялық вазодилататорларды қолдану – натрий нитропруссиді 15 - 400 мкг/мин жылдамдықпен немесе изокет 10 мг инфузиялық ерітіндіде к/т тамшылатып.
4. Допамин (200 мг-ды 400 мл 5 % глюкоза ерітіндісіне қосып венаға инфузия түрінде) ең қажетті артериалық қысымға жеткенше 5 мкг/кг/мин-тан жылдамдықпен құю керек;
Эффект болмаса – қосымша норадреналин гидротартратының 4 мг-ын 200 мл 5% глюкоза ерітіндісінде к/т, енгізу жылдамдығын 5 мкг/мин-тан қажетті минимальды артериялық қысымға жеткенше.
16. Пульстік үлкен қысым, Траубенің қос тоны, тамырлардағы Дюрозьенің шуы, жоғары,биік пульс, басының шайқалуы . Клиникалық жағдайды бағалау және клиникалық диагнозды анықтау.
Жауабы: Аорта қақпақтарының шамасыздығы.
Аорта қақпақтарының шамасыздығы-қолқа қақпақтарының жармаларының диастола кезінде толық қабыспай қанның қолқадан сол жақ қарыншаға құйылуын тудыратын ақау.Компенсатция сатысында ауру адамдар қанның сол жақ қарыншадан қолқаға көп айдалуымен байланысты және артериялық жүйедегі қысымның күшті тербелуімен байланысты шағым айтады: ұйқы артерияларының және дененің солқылы,жүректін қатты соғуы шағымдары болады.
Емі:хирургиялық ем.
17. Науқас жедел жәрдеммен басының күшті ауырсынуына шағымданып түсті. АҚ 240/140 мм сын. бағ. Көз түбін зерттегенде: көз нерві дискінің ісінуі. Несеп анализі қалыпты. АҚ бұрын да жоғары болған, антигипертензиялық дәрмектермен жүйесіз емделген. Клиникалық жағдайды бағалау және клиникалық диагнозды анықтау.
Жауабы.Артериялық гипертензия 3-дәрежелі.
Қауіп тобы -3. Асқынған гипертензиялық криз.
Достарыңызбен бөлісу: |