20 балдық Бронхтық обструкция синдромының этиопатогенезі туралы түсіндіріңіз



бет11/83
Дата31.01.2022
өлшемі3,84 Mb.
#130301
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83
Байланысты:
Ішкі аурулар ЭТАЛОН

Дəрі-дəрмектік ем:

Басым жағдайда ингаляция түріндегі бронхилиттік заттар, ӨСОА негізгі симптоматикалық емі болып табылады:

- «қажет жағдайда», уақытша жəне нашарлаған симптомдарды жою үшін, жəне тұрақты түрде – персистирлеуші симптомдарды азайту жəне профилактикасы үшін тағайындалады;

- түрлі топтағы бронхолитиктер арасындағы таңдау жəне олардың комбинациясы қолда бар дəрілік затарға байланысты;

- қысқа əсердегі бронх кеңейткіш препараттармен емдеу, ұзақ əсерлі бронходилятаторлармен емнен гөрі тиімді, бірақ қымбат;

- түрлі маханизмдегі жəне ұзақтықтағы дəрілер комбинациясы бронхтың кеңею дəрежесін арттырады;

- теофиллин ӨСОА кезінде тиімді; бірақ оның потенциалды уытты əсерімен байланысты, қолда бар болса ингаляциялық бронходилататорлар қолданылады.
 

Ингаляциялық кортикостероидтар келесі емделушілер үшін қолданылады - қалыпты мəннен ОФВ1<50% жəне қайталамалы асқынуларда (мысалы, соңғы 3 жылда 3 рет).


 

Ингаляциялық кортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеу тиянақты таңдалған топтағы емделушілерде симптомдарды жеңілдетеді, ОФВ1 үдемелі төмендеуін азайтпайды. ӨСОА барлық кезеңдерінде қажет: қауіпті факторларды жою, тұмауға қарсы вакцинамен жыл сайынға егу жəне қажет болса қысқа əсердегі броходилятаторлар. Жеңіл кезеңінде (1 стадия) жəне аурудың клиникалық көріністері болмаған кезде науқас тұрақты дəрілік терапияға зəру.


Интермиттирлеуші симптомдармен науқастарға ингаляциялық бета 2 - агонисттер немесе қысқа əсердегі М-холинолитиктер бірі көрсетілген (сальбутамол - 200-400 мкг, фенотерол - 200-400 мкг), ипротропий бромиді 40 мкг, беродуал (фенотеролдың фиксирленген комбинациясы жəне ипротропий бромиді).


 

2-4 кезеңде бір немесе ұзақ əсердегі бронходилятаторлармен тұрақты ем қосылады (сальметерол-50 мкг немесе формотерол-12 мкг тəулігіне екі рет).


 

3-4 кезеңде ингаляциялық глюкокортикостероидтармен тұрақты ем көрсетілген (беклометазон дипропионат – тəулігіне 600-800 мкг, будесонид – тəулігіне 800-1600 мкг, немесе флутиказон пропионат– тəулігіне 250-1000 мкг). Жүйелік глюкокортикостероидтар тұрақты ем кезінде ұсынылмайды.


 

Муколитиктер (амброксол) тек қана тұтқыр қақырықпен науқастарға тағайындалады.


 

Антибактериалды терапияны антибиотикограмманы ескеріп іріңді қақырық болған кезде тағайындайды. Жаңа генерациядағы макролид препараттарына көңіл бөлінеді (спирамицин), амоксициллин+клавулан қышқылы (амоксиклав), муколитиктермен қоса клиндамицин (спирамицин 3 000 000 БІР х 2 рет, 5-7 күн, амоксиклав 625 мг х 2 рет, 7 күн, кларитромицин 250 мг х 2 рет, 5-7 күн, цефтриаксон 1,0 х 1-2 рет, 5 күн, метронидазол 100 мл в/і тамшылап).

Бактериологиялық зерттеудің нəтижесі бойынша, клиникалық тиімділік жəне шығарылған микрофлораға байланысты емге түзетулер енгізіледі (цефалоспориндер, фторхинолондар жəне басқалар).
 

СБ емдеуде бронхтық теректің дренаждық функциясын жақсартуға жəне тыныс алу мускулатурасына бағытталған емдік тыныстық гимнастика маңызды орын алады. Мұнымен қоса физиотерапиялық əдістер мен тыныс алу мускулатурасының массажы белгілі мəнге ие.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет