Гипертрофиялық кардиомиопатия (ГКМП)– жүрек қарыншаларының (сол жақ қарыншаның басым) қалыңдауымен және жүрек әлсіздігінің, оның ішінде диастолалық әлсіздіктің басым дамуымен сипатталатын, тұқым қуалайтын ауру.
Науқас адамдардың шағымдары: ентігу, бас айналу және талма, жүрек тұсының және төс артының ауыруы, жүректің соғуы.
Ентігу сол жақ қарыншадағы диастолалық қысымның көтерілуіне байланысты пайда болады, себебі ол сол жақ жүрекшедегі қысымды көтеріп, өкпедегі қан іркілу процесін тудырады. Кейін ентікпеге түнде болатын жөтел, жүрек тұншықпасы, ортопноэ қосылады.
Бас айналу мен талма сол жақ қарыншадан шығар жол тарылуы себепті ми қан айналысының бұзылуына байланысты туындайды; денеге күш түскен кезде байқалады. Талма жүрек аритмияларымен де байланысты болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |