11. Ятрогенді және жұқпалы аурулардың алдын алу.
Ятрогенді ауру – медицина қызметкерінің сөзінен, ісінен пайда болатын ауру. Ол медициналық қызметкерлердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез - құлқынан шығады. Кіші мейіркеш немесе техникалық қызметкерлердің сырқатқа зерттеу нәтижесін қате болжап, айтып берген жағдайда да кездеседі. Сөз науқасты емдеп қана қоймайды, оны жаралауы да мүмкін екендігін мейірбике жанында ұстап, науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек. Ятрогенді аурулардың себептеріне: жалпы және медициналық мәдениетінің жетіспейтіндігі, асығысты, науқастың ыңғайсыз диагнозын болжау, зерттеу нәтижесін дұрыс түсіндірмеу жатады. Кез келген ауру жағдайында мейірбике науқастың психикасын бұзбауға тиіс. Мейірбике мен дәрігер осы сырқаттарға ерекше көңіл аударып, түсіндіру жүмысын ж.ргізгенде терең білім мен ақылды қолдану қажет. Науқасқа дәрі-дәрмектерден гөрі, Сіздің түсінушілігіңіз, моральдық қолдауыңыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |