20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


Стоматологиялық клиниканың терапия бөлімін ұйымдастырудың эргономикалық негіздері



бет46/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

10. Стоматологиялық клиниканың терапия бөлімін ұйымдастырудың эргономикалық негіздері.
Соңғы кездерде стоматологияның өркендеуіне байланысты жұмыс орны күрделі стоматологиялық құрылғылармен жабдықталған. Себебі, көрсетілетін көмек тістің қатты тіндерін өңдеумен байланысты болады. Ереже бойынша бір стоматологиялық құрылғы орнату үшін бөлме 14 шаршы метрден кем болмауы, ал әрбір қосымша қойылған стоматологиялық қүрылғы үшін 7 шаршы метр аудан қосылады. Бөлме едені линолиуммен не кафельмен жабыстырылған, ал қабырғалары 180 см биіктікте майлы бояумен сырланған немесе кафель жабыстырылған болуы шарт. Бөлмеде вентиляция люгы, желдеткіштер және міндетті түрде ауаны зарарсыздандыру ушін кварц шамы болуы керек.
Стоматологиялық құрылғы табиғи жарық көзіне қаратылуы шарт.Бөлмеде дәрігер, мейірбике және кіші мейірбике үшін орын болады. Дәрігердің жұмысы үшін стоматологиялық қүрылғы, отыратын винтті орындық, дәрі-дәрмек үшін үстел, науқасқа орындық және жасанды жарық көзі болуы керек. Медбикенің жұмыс орнынада құрал-саймандар үшін үстел, күшті әсер ететін дәрілер үшін А және Б шкафы, анафилактикалық шокқа қарсы қолданатын дәрі-дәрмектер мен материалдар үшін шкафтар, залалсыздандырылған үстел, жазу үстелі болуы тиіс. Кіші медбике үшін зарарсыздандыратын заттарға арналған шкаф, раковина болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет