20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


-Сурет. Төменгі жақ кіші азу тістер. 1) ерін жақ беті.2) тіл жақ беті. 3-4) жанасу беті. 5) шайнау беті. Сайт-vmede.org



бет54/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

9-Сурет. Төменгі жақ кіші азу тістер. 1) ерін жақ беті.2) тіл жақ беті. 3-4) жанасу беті. 5) шайнау беті. Сайт-vmede.org

Т өменгі бірінші кіші азу тістер. Олардың көлемі жоғарғы кіші азу тістерге қарағанда кішілеу, сауыттарының шайнау беттері домалақ пішінді, екі төмпешік орналасқан, ұрт төмпешігі тіл төмпешігінен үлкен және биік. Олардың арасында тіл төмпешігіне жақын орналасқан жіңішке сай бар, бір-бірімен алдыңғы және артқы беттерінде кіреуке білігі арқылы қосылады. Кейде ұрт төмпешігінің ортасынан тіл төмпешігіне қарай кіреуке біліг өтеді де оның жан-жағында екі шұңқыр немесе ойық орналасады. Ұрт беті дөңестеу және кеңдеу, сауыттың «дөңестік белгісі» жақсы дамыған. Жанасу беттері де дөңес, біртіндеп тіл бетіне ауысады. Түбірі сопақ пішінді, алдыңғы және артқы беттерінде шамалы сайлары да болуы мүмкін. Кейде тіс сауыты түбіріне доғал бұрыш жасай аздап тіл жаққа қарай иілуі де мүмкін. Тістің «түбір белгісі» жақсы дамыған.
Төменгі екінші кіші азу тіс. Көлемі тіс қатарында бірінші кіші азу тістен үлкендеу. Шайнау бетінде бірдей дамыған екі төмпешігі бар; бір-бірімен кіреуке біліктері арқылы қосылған, араларында терең сай орналасқан. Көбіне одан тілге қарай қосымша сай басталып, тіл төмпешігін екіге бөледі. Сондықтан оның шайнау беті үш төмпешікті бетке ұқсап қалады. Ұрт беті бірінші кіші азу тістікіндей, ал жанасу беттері онікінен кеңдеу және дөңес, біртіндеп тіл бетіне ауысады. Тіл беті де бірінші кіші азу тістікінен үлкендеу. Түбірі конус пішіндес және жақсы дамыған.
Төменгі кіші азу тістердің сауыт қуыстары домалақ немесе сопақ пішіндес, алдан артқа қарай қысылған, біртіндеп тарылып барып түбір өзегіне ауысады. Өзектің аузы үрмеге (воронкаға) ұқсас. Түбір өзектері жақсы өтеді, екінші кіші азу тістің өзегі түбір ұшында екіге ажырауы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет