20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


-сурет Үстіңгі жақ кіші азу тістер



бет53/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

8-сурет Үстіңгі жақ кіші азу тістер.
1. Бірінші кіші азу тіс. 2.Екінші кіші азу тіс. Сайт-vmede.org

Ү стіңгі жақ кіші азу тістер немесе қос төмпешікті тістер (малые коренные зубы, премоляры – dentes premolares, dentes bicuspidati). Бірінші жоғарғы кіші азу тістің пішіні аздап төртбұрышқа, таңдай жақ беті ұрт бетіне қарағанда кішілеу, сауытының ұрт-таңдай бағытындағы диаметрі ұзындау (8-сурет). Ұрт жақ беті дөңестеу, аздап сүйір тістің ерін бетіне ұқсас келеді, сауытының дөңестік белгісі жақсы дамыған, бірақ кейде керісінше болуы мүмкін, артқы бөлігі дөң естеу, алдыңғы бөлігі жазықтау. Ұрт беті жанасу беттеріне доғал бұрыш жасай ауысады. Жанасу беттері төртбұрыш пішінді, дөңес болып келеді, артқы беті алдыңғы бетіне қарағанда аздап дөңестеу және таңдай бетіне біртіндеп ешқандай бұрыш жасамай ауысады. Шайнау бетінде екі төмпешігі (ұрт және таңдай) бар, ұрт төмпешігі үлкендеу, бірақ биіктіктері бірдей. Екі төмпешіктің арасын алдан артқа созылған жүлге (фиccура) бөліп жатады және оның екі ұшы көлденең сайлармен аяқталады. Мұның өзі шайнау бетінің алдыңғы және артқы жақ жиектерінің білікпен шектелуін қамтамасыз етеді. Түбірі мойын бөлігіне жақын алдан артқа қарай қысылған және екі жақ бетінде де терең сайлары бар. Тісте екі түбір бар: түбірдің екіге бөлінуі біраз жағдайда мойын бөлігіне жақын, кейде түбірдің орта бөлігінде немесе түбір ұшына жақын байқалады. Тістің оң және сол жаққа тәндік барлық белгілері жақсы дамыған.
Жоғарғы екінші кіші азу тіс пішіні жағынан бірінші кіші азу тіске ұқсас, тіс қатарында көлемі аздап кішілеу. Ұрт беті дөңестеу, шамалы байқалатын тік орналасқан білігі бар. Жанасу беттері дөңес, артқы бетінің дөңестігі өте айқын. Ұрт және таңдай беттері бірінші кіші азу тіспен салыстырғанда кішілеу. Шайнау бетінде тепе-тең орналасқан екі төмпешігі бар. Түбірі конусқа ұқсас және біреу, алдыңғы және артқы бағытта қысыңқы, сирек жағдайда түбірі екіге айырылған. Жоғарғы кіші азу тістердің сауыт қуыстары жіңішке құмсағатқа ұқсас, ортадағы тарылған бөілігі құмсағаттікінен кеңдеу және алдыңғы және артқы бағытта қысыңқы. Төбесінде шайнау төмпешіктеріне сай екі шығыңқы (шайнау бетіне қарай) аймағы бар (оларда ұлпа мүйізшелері орналасады), сауыт қуысының ең кең бөлігі тістің мойын тұсына сай келеді. Қуыс қабырғаларының аттары тіс беттерінің аттарымен аталады. Жоғарғы бірінші кіші азу тістің сауыт қуысында табан (дно) болады және ол ерге ұқсас келеді, оның ұрт және таңдай жақ жиегінде екі түбір өзектерінің (ұрт және таңдай өзектерінің) саңылауға ұқсас кіреберісі (устья) орналасқан. Жас адамдарда екі өзектеріде жақсы өтеді, жас ұлғайған сайын екіншілік дентиннің құрылуына байланысты біртіндеп тарылып өтпейтін бола береді. Жоғарғы екінші кіші азу тісте сирек жағдайда екі түбір болады және сауыт қуысының табаны болады, ал көбінесе табансыз сауыт қуысы біртіндеп тарылып үрмеге ұқсас өзек аузына айналып түбір өзегіне жалғасады. Сауыт қуысының таңдай-ұрт бағыттағы өлшемі алды-арт бағытындағы мөлшерінен үлкен болады. Түбір өзегі 35% жағдайда екеу болуы мүмкін, бұл кезде олардың ауыздары қуыстың таңдай және ұрт қабырғаларына жақын орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет