20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


-сурет. Төменгі жақ үлкен азу тістер. Сайт-vmede.org



бет56/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

11-сурет. Төменгі жақ үлкен азу тістер. Сайт-vmede.org

Төменгі бірінші үлкен азу тіс – осы топтағы тістердің ішіндегі ең ірісі (11-сурет). Сауыты алдан артқа қарай созылған төртбұрышқа ұқсас болады. Шайнау бетінде екі сай бар: біріншісі ұзын, алдан артқа қарай созылған және тек шайнау бетінде орналасқан; екіншісі көлденең, ұрт бетінен басталып, шайнау бетін кесіп өтіп, тіл жақ бетіне ауысады. Шайнау бетінің артқы бөлігінде көлденең сайдан басталатын қосымша шағын сай бар. Олардың осылай орналасуы шайнау бетінде 5 төмпешіктің (3 ұрт және 2 тіл төмпешіктері) қалыптасуын қамтамасыз еткен. Үшінші артқы ұрт төмпешігі сауыттың артқы бетіне ауыса орналасқан және ең кіші төмпешік. Ұрт жақ беті дөңес, екі саймен бөлінген, сауыттың «дөңестік белгісі» жақсы дамыған. Жанасу беттері төртбұрышты, артқы беті алдыңғы бетіне қарағанда тарлау және дөңестеу. Тіл жақ беті де дөңестеу, ұрт бетінің көлемінен кішілеу. Тіс сауыты аздап тілге қарай иілген. Тістің екі түбірі бар (алдыңғы және артқы), олар алдан артқа қарай қысылған, ұрт-тіл бағытындағы өлшемі ұзын. Түбірлердің беттерінде аса терең емес сайлары бар. Тістің сауыт және «түбір белгілері» жақсы дамыған.
Төменгі екінші үлкен азу тіс бірінші үлкен азу тіске қарағанда кішілеу (тіс қатарында)және пішіні кубқа ұқсас. Шайнау бетінде төрт төмпешігі бар, олар қосу белгісіне (+) ұқсас сайлар арқылы бөлінген. Көпшілік жағдайда шайнау бетіндегі көлденең сай тістің ұрт жақ бетіне ауысып, оны екіге бөліп, сауыттың экватор деңгейінде әртүрлі тереңдікте ойықпен аяқталады. Тістің екі түбірі бар (қатар орналасқан алдыңғы және артқы түбірлер), сирек жағдайда олар бірігіп барып бір түбірге айналып кетеді. Төменгі екінші азу тіс бір түбірлі болатын жағдайлар да кездеседі. Тістің «сауыт және түбір белгілері» жақсы дамыған.
Төменгі үшінші үлкен азу тістің пішіні әр түрлі болады (-сурет). Бір жағдайда бірінші үлкен азу тіске, кейде екінші азу тіске ұқсас, шайнау беттерінде төмпешіктер саны 4-7 болуы мүмкін. Түбірлері көбіне екеу және арт жаққа қатты иілген, кейде олар бірігіп бір түбір құрауы мүмкін. Сирек жағдайда онша жақсы дамымаған бірнеше түбір болуы мүмкін. Тіс қуыстары көбінесе тістердің пішінін қайталайды, бір жағдайда сауыт қуысы төртбұрышқа немесе табаны тістің алдыңғы бетіне қараған трапецияға, ал екінші үлкен азу тістікі текшеге (ire,0) ұқсас болады. Тістер қуыстарының төбесі тістердің мойын деңгейінде орналасады және төмпешіктерінің санына сай ұлпа мүйізшелері орналасатын шығыңқы томпақ жерлері бар. Өзектері үшеу (бір артқы, екі алдыңғы өзектер) және олардың ауыздары тең қабырғалы үшбұрыш жасай орналасады. Үшбұрыштың табан қабырғасында алдыңғы өзектердің, ал шыңында артқы өзектің аузы орналасады. Өзек ауыздары көбінесе тар саңылауға ұқсайды және керек кезінде жақсы кеңейтуді қажет етеді.
Артқы өзектері кең, жақсы өтеді, ал алдыңғы өзектері тарлау және нашар өтеді. Кейде артқы түбірінде екі өзек болуы мүмкін, олар орта бөлігінде бірігіп, түбір ұшында бір тесікпен, ал кейде жеке-жеке тесіктермен аяқталуы мүмкін.
Екінші үлкен азу тістің көлемі кішірек және сауыт қуысы текшеге ұқсаған кезде өзек ауыздары тең қабырғалы үшбұрыш жасай, бір-біріне өте жақын орналасады. Ал түбірі біреу болған жағдайда сауыт қуысы табансыз болады және тарыла отырып, түбір өзегіне ауысады.
Жоғарғы және төменгі үлкен азу тістердің сауыт қуыстарының табандары көбінесе ойықтау келеді және онда бас сүйектерін қосатын тігіске (шов – sutura) ұқсас жіңішке сайлар орналасқан. Жоғарғы үлкен азу тістердің сауыт пішіндеріне қарай бір сай екі ұрт өзегінің аузын қоса орналасқан, оның орта бөлігінен бастап бір сай таңдай өзегінің сағасына қарай созылған. Төменгі үлкен азу тістерде бұл сайлар алдыңғы екі өзектің (тіл және ұрт) сағаларын қоса орналасқан, оның ортасынан бір сай артқы өзек (дистальный канал) сағасына қарай созылған. Бұл сайлар жеке-жеке дамыған түбірлерді немесе түбір бөліктерін біріктіретін тігіс болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет