10. Блэк бойынша 5ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау. Блэк бойынша 5 ші сыныпқа-барлық тістердің мойын бөлігінде орналасқан тісжегі қуыстары жатады. Бұл қуыстар тістің мойнында, ерін, ұрт және тіл беткейлерінде орналасқан болып, егер олардың бірнешеуі бір-біріне жақын орналасқан болса онда оларды бірге қалыптастырады да, көбіне элипс түрін береді. Қуымты фиссуралы, теріс конус тәрізді борлармен препараттайды. Алмаз және қатты балқытатын темірден жасалынған борлрмен препараттау кезінде кіреукеде жырықтар, призмалардың бөлікке бөлінуі, олардың жанындағы тіндермен байланысы үзілуі нәтижиесінде екіншілік тіс жегі қалыптасуы мүмкін. Тегістеуді алмаз қиыршықты фиссуралы не теріс конус тәрізді борлармен жасаған жақсы.
11. Блэк бойынша 4ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау. Блэк бойынша 4 ші сыныпқа-күрек тістер мен сүйір тістердің жанасу бетінде орналасқан олардың сауыттарының тістеу бұрыштары мен қырларының бұзылуна әкеп соғатын тісжегі қуыстары жатады. 3 сыныпқа қарағанда мұнда алдыңғы тістердің бұрыштары да зақымданған болады, қуыстардың негізгін үшбұрыш етіп жасап, қосымша алаңы, бұрыштың бұзылуына қарай, барынша тіл не таңдай беткейіне шығарып жасалынады.
Қалыптастыруда міндетті түрде кіші мөлшердегі фиссуралы, алмұрт тәрізді, шар тәрізді және теріс конус тәрізді борлардан қолданылады.