20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


Блэк бойынша 1ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау



бет6/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

9. Блэк бойынша 1ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау,
Блэк бойынша I класқа премоляр және молярлардың табиғи ойықтары жатады. І кластық тісжегі қуыстарының пішіні тіске (кіші және үлкен азу тіс) және тісжегімен жарақаттанған табиғи сызаттардың орналасу ерекшеліктеріне де байланысты. Осыған сай қуыстың пішіні төрт бұрышқа, үшбұрышқа, ромбыға, цилиндрге және қосу белгісіне ұқсас болуы мүмкін. Кіші және үлкен азу тістердің шайнау бетіндегі тісжегі қуыстарын егеп тазалағанда барлық сызаттарын (фиссурларын) мұқият тексеріп, күмән туғыздыратын болса толық ашу керек. Үлкен азу тістің шайнау бетінде және ұрт жақ бетіндегі ойықта (тұйық тесік) тісжегі қуыстары болса және арасындағы тіндер жұқарып кетсе, оларды біріктіріп тазалауға және олардың деңгейлері бірдей болмаса, табандарын сатыға ұқсатып, тік бұрышты жасап қалыптастыруға болды . Ал жоғарғы екінші күрек тістің таңдай жақ бетіндегі тұйық тесікте және төменгі үлкен азу тістердің ұрт жақ бетіндегі ойықтарда жеке дамыған тісжегі қуыстарын егеп-тазалаған кезде оларға цилиндрге ұқсас пішін береді.
Азу тістердің шайнау бетіндегі тісжегі қуысын және оның төңірегіндегі күмәнді сайларды қоса ашып егеп-тазалаған кезде олардың табандарының тереңдіктері бірдей болмауы мүмкін. Бұл жағдайда бұзылмаған тіс тіндерін сақтау үшін қуыстың табанын сатыға ұқсас етіп қалыптастырады. Егерде шайнау бетіндегі тісжегі қуысы бірнешеу (2-3) болса және олардың арасындағы қатты тіндерден туратын қабырға қалың болса, әрқайсысын жеке-жеке егеп-тазалап, пломбылайды.Егер зақымдану өте терең және ауқымды, әсіресе тісжегі үрдісі созылмалы болса, қуыстың табанында пигменттелген дентин қалдыруға болады.Зондпен тексергенде шықырлаған дыбыс шығу керек. Күмән туындатқан жағдайда тісжегі маркерін қолдану керек: егер дентин боялса, онда мұқият шар тәрізді бормен инфекцияланбаған дентинге дейін алынып тасталады. Бұл жағдайда тісжегі қуысының табаны әрдеңгейлі етіліп қалыптастырылып ағымы жоғары композиттік материалдармен тегістеледі.
Қуысты қалыптастыру кезеңі тісжегі қуысына пломбаның жақсы тұруының және функциональді салмақты әдеуір мықты қамтамасыз ететін пішін беру болып табылады. Осы кезеңде егеп тазалауды алмұрт тәрізді, жалын типтес алмазды борларды қолдана отырып ауалы-сулы салқындатумен жүргізеді.
Егер пломбалық материал ретінде амальгама, цементтер болса, онда егеп тазаланғаннан кейін тісжегі қуысы жәшік тәріздес, ал қабырғалары параллельді немесе дивергациялау болуы керек. Композиттік материалдарды қолдану кезінде қуыстың пішіні еркін қалыптастырылуы мүмкін. Қуыстың қабырғаларын финирлеу пломбалық материал мен тіс тіндері арасындағы шеттік өзара байланысты жақсы қамтамасыз етеді. Тістің қатты тіндерін ірі дәнді борлармен егеп тазалау пломбалық материалдың тіс тінімен ретенциялануын жақсартады деген жалған мәлімет тұындаған.
Клиникалық және тексеру барысы бұндай борлармен егеп тазалау кезінде кіреуке бетінде сызаттар пайда болатынын, кіреуке призмасының бүтіндігі бұзылып, пломбаның шеттік жабысуы нашарлануы әсерінен асқынған тісжегінің дамитыны дәлелденді.Финирлеу межелік алмазды құйрық жағында қызыл немесе сары сақиналы, немесе 16 қырлы қаттықоспалы борлармен жүргізіледі.
Астыңғы жақтағы азу тістердің қуыс пішіні фиссуралардың орналасу пішініне қарай анықталады. Үстіңгі жақтың азу тістерінің фиссуралары ірі айдаршықтармен бөлінгендіктен қуыстарды бөлек қалыптастырған жөн.
Фиссуралар толық зақымдануға ұшыраған жағдайда қуысты таңдай бетіне қарай шығарады. Үстіңгі жақтың кіші азу тістерінде фиссураларын мезиодистальді бағыттан жиектік білікке дейін кесіп алып тастайды.Астыңғы жақтың кіші азу тістерінде екі біліктің болуы екі жеке бір –бірінен бөлек қуыс қалыптастыруды талап етеді. Астыңғы жақтың үлкен азу тістерінде вестибулярлы беттің тұйық тесігінде және үстіңгі жақтың бүйір күрек тістерінің таңдай бетіндегі тұйық тесігіндегі I класс бойынша орналасқан қуыстың пішінін сопақша немесе дөңгелектеу етіп қалыптастырады.
Үлкен және кіші азу тістердің шайнау беткейдегі орналасқан тіс жегі қуыстарын жасау, ең оңай және қарапайым болып, қуысты қалыптастыруда фиссуралы, теріс конус тәрізді борлардан көп қолданылады. Қуыстарға жәшік тәрізді қалып береді. Ал қуысқа жоғарыдан қарағанда олар төртбұрыш, үшбұрыш, ромб, крест тәрізді, дөңгелек, овал тәрізді болуы мүмкін. Қуыс терең болған сайын оның түбін жәшікке емес астауға ұқсап шар тәрізді бормен жасайды. Себебі кездейсоқ теріс конус тәрізді немесе фуссуралы бормен қалыптастырып жатқанда тіс қуысын тесіп қою мүскін. Соқыр ойықтарды препараттаған кезде өте абай болған жөн себебі олар ұлпаға жақын орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет