20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


Блэк бойынша 2ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау



бет9/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

13. Блэк бойынша 2ші сыныпқа жататын тісжегі қуыстырын анықтау, жасау.
Блэк бойынша 2ші сыныпқа моляр және премоляр тістерінің түйіскен беттеріндегі тіс жегі қуыстары жатады. Бұл қуыстарды қалыптастыру қиындау соғады. Қуыстар түйіскен беткейде орналасқандықтан, тістер бір-бірімен тығыз орналасады, қуыстарды шайнау бетіне шығарылады. Егер қуыс айтарлықтай үлкен болса, онда шар тәрізді бормен тазалап алынып, кейін қалыптастырады. Ал қуыс өте кішкентай болса, немесе ол апроксималь беткейдің тіс мойнында жақын жерде орналасса, онда қуысты қалыптастыру үшін алдымен тісті шайнау беткейден тесіп, тіс жегі қуысын кеңейтіп, некротомия жасап, қалыптастырады. Қалыптастыруды фиссуралы бормен жасайды.Үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттері тісжегі үрдісіне шалдыққан кезде Блек жүйесі боынша тісжегі қуысы қалыптастырылады. Тісжегі қуысы алдыңғы жанасу бетінде немесе екі жанасу беттерінде орналасуы мүмкін. Екінші кластық тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың бірнеше ерекшеліктері бар. Егерде көрші тіс болмаған жағдайда тісжегі қуысына еркін енуге мүмкіншілік болса, оны шайнау бетіне шығармай-ақ егеп тазалайды және дайын қуыстың пішіні төртбұрышқа ұқсас, домалақ немесе сопақ пішінді болуы мүмкін. Көрші тіс болған жағдайда немесе қуысқа еркін ену мүмкіндігі бола тұра, оның шайнау жақ қабырғасы өте жұқа болса, тісжегі қуысын шайнау беті арқылы ашады. Алмасты немесе қатты қоспадан жасалған өткір борлардың көмегімен қуыс үстінен тесік жасап барып, оны кеңейту арқылы қуысқа енеді. Одан кейінгі шараларды тісжегі қуысын егеп-тазалаудың кезеңдеріне сай жүргізеді және олардың деңгейлері бірдей болмаса, табандарын сатыға ұқсатып, тік бұрышты жасап қалыптастыруға болады.
Бұл кезде қуыстың табаны тік және жазық болады, қызыл иек жақ қабырғасы табанына тік бұрыш немесе сүйір бұрыш жасай орналасқаны жөн (қызыл иек бүртігін жарақаттап алмас үшін). Қатты тіндерге аса көп күш түсірмеу үшін қуыстың табаны мен қызыл иек қабырғасының қосылған жеріндегі бұрышты аздап доғалдандыруға болады. Мұндағы тағы бір ерекшелік, шайнау күшінің тіс тіндері мен пломбыға тепе-тең бөлініп, пломбының ұзақ тұруы үшін қосымша алаң жасау қажет. Қосымша алаң шайнау бетінің ұзындығының ⅓-½ бөлігіне, ені негізгі қуыстың еніне тең болуы, ал тереңдігі кіреуке-дентин шекарасынан 1-2 мм төмен орналасуы керек. Қосымша алаңның пішіні әртүрлі (тік бұрышқа, трапецияға, қарлығаштың құйрығына ұқсас) болуы мүмкін. Егер үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттерінің екеуінде де тісжегі қуысы пайда болған болса, онда оларға шайнау бетінде ортақ қосымша алаң жасалады.
Аталған тістердің жанасу беттерінде сауыт экваторынан төмен орналасқан тісжегі қуысын көрші тіс болмаған жағдайда V класқа тиісті ереже бойынша егеп-тазалайды, ал көрші тіс болған кезде біраз бұзылмаған қатты тіндерді егеп ала отырып, шайнау бетіне шығаруға тура келеді. Кейде ІІ кластық тісжегі қуысын ұлғая қабынған қызыл иек бүртігі жартылай немесе толық жауып қалуы мүмкін. Бұл кезде егеп-тазалауға қызыл иек бүртігін кесіп, немесе диатермокоагуляциялап алып тастағаннан кейін кіріседі.
Кейде ІІ кластық тісжегі қуысын тоннельдік реставрациялау әдісін қолдана отырып егеп- тазалауға болады. II класс бойынша орналасқан тісжегі қуысын пломбылау ең күрделі мануальді операция болып табылады.
II класс бойынша орналасқан қуысты пломбылау кезінде жіберілетін қателіктер:
•көрші тіспен пломба арасында тығыз жанасудың болмауы ас қалдықтарымен қызылиектің жарақаттануына ықпал етеді;
•жанасу нүктесі тіс айдаршығының жиектік деңгейінде орналасқан;
• мойын бөлігінде салбыраңқы жиек жасау қызыл иектің жергілікті қабынуын тұындатады;
•мойын бөлігінде материалдың дұрыс жабыспауы екіншілік тісжегінің дамуына ықпал жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет