14. Р. есімді 16 жасар қыз бала стоматологқа келді. Күрек тістерінің ағарып қалғандығына шағымданады. Ешқандай ауырсыну сезімі жоқ, бірақ тістерінің ағарып қалуының салдарынан күлуге уялатынына шағымданады. Объективті қарау кезінде 11 және 21-ші тістерінде ақ дақтар пайда болған,ал басқа тістері мүлдем тіс жегімен зақымдалмаған. Кіреуке өзінің жылтыр қасиетін сақтап қалған. Анамнез барысында тіс жегісінен профилактикалық мақсатта құрамында фтор мөлшері көп тіс пастасын қолданған.