20. Бастауыш мектептегі білім беру мазмұны


Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар



бет2/6
Дата26.02.2023
өлшемі1,71 Mb.
#170225
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
20-28 пед
Балтабаева Арайлым педагогика
21. Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар
– білім берудің мемлекеттік стандарттар
оқу жоспары
– оқу бағдарламасы
– оқулықтар және оқу қуралдар


Стандарт – үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына қойылатын талаптар белгіленген.

Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі - басқару. Ол "Білім туралы" Заңға сәйкес жасалады. Қазіргі уақытта елімізде білім берудің барлық деңгейлеріне арналған мемлекеттік стандарттары өзірленіп, тәжірибеге енгізілді.



Оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу төртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат. Әр сатыдағы білім мазмұны.

Бірінші саты - бастауыш мектеп. Бұл сатыдағы білім мазмұны дүниені тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін білім салаларымен интегративтік курстармен анықталады. 

• Екінші саты - негізгі мектеп. Бұл мектепке арналған білім мазмұны орта (толық) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқытуды жалғастыруға негіз болып, өздігінен білім алуға жағдай жасайды.

Оқу бағдарламасы – оқу жоспарының негізінде жасалады.

Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.

Бағдарламаның түрлері:
• типтік;
• жұмыс;
• авторлық оқу. 

Типтік оқу бағдарламалары мемлекеттік білімдік стандарт талаптарына сай жасалып, оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді. 



Жұмыс істеуге керекті бағдарламалар типтік бағдарламаға сүйеніп, аймақтық ерекшелігі, әдістемелік, ақпараттық құралдар, оқушылардың дайындық деңгейлерін ескеріп құрастырылады.
Авторлық оқу бағдарламалары мемлекеттік стандарт талаптарын ескеріп жасалады. Қандай да бір пәнді оқу үшін бағдарлама авторы өз тұжырымдамасын ұсынады. Авторлық бағдарламанық сол пән саласында еңбек етіп жатқан ғалымдардан, педагогтардан, психологтардан, әдіскерлерден алған сын-пікірі болу керек. Сонда ғана бағдарламаны мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді. 

Оқулық
Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет