20. Бастауыш мектептегі білім беру мазмұны


Педагогикалық процесс жүйесіндегі тәрбие



бет3/6
Дата26.02.2023
өлшемі1,71 Mb.
#170225
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
20-28 пед
Балтабаева Арайлым педагогика
22. Педагогикалық процесс жүйесіндегі тәрбие
Педагогиканың екі категориясы (оқыту, тәрбие) бір – бірімен өзара байланысы, тұтас педагогикалық процеске айналады.
Бірақ екі ұұғымның өзіндік ерекшеліктері бар.
Қазіргі кезенде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені, қоғамдық -өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді. Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру жөне тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесс немесе оқу-тәрбие процесі — деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу — оқу-тәрбие процесінің басты шарты. Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы біржағынан тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу, төрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармасы — мен объектілері арасында
әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді.
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім жөне даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.
Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптармен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылыкты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму деңгейіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары және принциптері, олардың тұтастығын, озара байланысын дәлелдейді.
Тұтас педагогикалық процестің мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары және әдістері қоғамның әлеуметтік экономикалық талаптарына, саясатына байланысты.
Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ғылыми-техникалық үдеу негізінде ұйымдастыру үшін педагогикалық процестің зандылықтарына көрсетілген міндеттерді толық іске асыруда педагогикалық ұжымға, оның әрбір мүшелерінің іскерлік, білімдарлық, шығармашылық қабілеттеріне
сүйену қажет.

23. Өзін-өзі тәрбиелеу


Өзін-өзі тәрбиелеу - адамды дамытуға арналаған тәрбие үрдісі. Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу - мәдени мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру. Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып табылады. Өздігінен оқу - адамзат тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзі таңдаған әдіспен игеру үрдісі. Өздігінен білім, тәрбие алу, оқу адамның ішкі жан-дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен дамуға өзін-өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды.

Өзін-өзі тану - өз алдына жеке ғылым. Бұл - жас ұрпақтың тұлғалық рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі адамгершілік көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы идеялары; отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік - психологиялық қырларын қалыптастырудағы тәсілдерін оқыту мен үйретуге арналған.


Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз ететін өзін-өзі тану бүгінгі күні маңызды орынға ие болып отыр.


Адамгершілік адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аяушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық шыншылдық та адамгершілікке жатады.


Адамгершілік принциптері бірлікте өмір сүру, бақытқа талпыну, мүдделерді үйлестіру мен ұжым болып жұмылудың, жоқ-жітік пен ауру-кемтарға, бала мен кәріге жәрдемдесудің қажеттігін сезіну мен мойындау сияқты факторлар негізінде қалыптасады деп ой түйіндей келе адамгершілік ұғымына мынадай анықтама беруге болады. Адамгершілік дегеніміз - тұлғаның өз бойындағы негізгі ізгі сезімдер мен терең руханилықтан туындап, моралдық нормаларға бағынатын еркін қарым-қатынас жүйесі.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет