24. Тәрбие процесінің мазмұны, заңдылықтары Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен, оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатынын болуы.
Тарбиенің мақсатқа бағытталғани ықпалын киындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, үйелмен, көше, ресми емес топтар т. с. с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдын себептерін, әрине, біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.
.
Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның коғамға, адамдарға, өзді-өзініқ қатынастарын жасауға және олардың шенберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық, мәнінің, өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын, оның рухани жан-дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні-адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндетердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді камтиды:
1. Педагогикалық жағдайлардың тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп, оқушылар тәрбиелілігінің деңгей анықтауды, оның қоғамдық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуді, нақты педагогикалық міндетті бөлуді және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды, тәрбиенін құралдары мен әдістерін таңдай білуді т, б. қажет етеді.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл
өзінің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы
бөліктерге және ыкпалдарға бөлудің, окушылардьщ іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке оқушымен дқрыс қарым-қатынастарды
бекітудің, оқушылар тәртібінін әлеуметтік-психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің оқушыларға жеке тұрғыда қатынас жасау бірлігінін болуын талап етеді.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды, сыртқы ықпалдардық қалыпты жағдайға өтуін немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-
қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды,
4. Қортынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны
әдепкі берілгендермен салыстырып, кол жеткен нәтижені талдау, қолданылған тәрбие әдістерінің тиімділік шенберін анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз тәжірибесіне 'енгізу мақсатында басқа мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу, педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз