Сабақ жоспары мұғалімнің аты-жөні



Дата26.01.2022
өлшемі2,42 Mb.
#129828
түріСабақ
Байланысты:
7 сабақ 7515 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу Мүсін өнері


ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабден Гүльбану Сабденқызы

Пән/Сынып:

Математика / 3-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

87- сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

75:15 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу

Сабақтың тақырыбы:

Мүсін өнері

Оқу мақсаты:

Рационалды есептеу үшін көбейту қасиетін пайдалану, қалдықпен бөлуді білу, кестеден тыс көбейту мен бөлуді ауызша орындау, қосындыны бөлу ережесін қолдану және бір таңбалы санға айналдыруды біледі.

Бағалау критерийі:

Білемін «+», білмеймін «-» белгісін қою.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі




Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы



Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты


Ресурстар

Ұйымдастыру

Тақырып, мақсаттармен таныстыру


Не меңгеретінін білу үшін

Презентация № 1бет

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыны сабаққа дайындау



Оқушыларды сергіту мақсатында сабағымызды өлең шумақтарынан бастау.

Күн жарығын алақанға саламын,

     Жүрегіме басып ұстай қаламын.

     Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

    Болып кетер сонда дереу жан-жағым


Сергіту, сабаққа көңіл күйін бұру

Презентация № 2бет

Жаңа сабақ


Сабағымыздың тікелей тақырыбы мүсін өнері болғандықтан

Мүсін өнері туралы түсінікке тоқталу

Түрік дәуірінде Қазақстанда мүсін өнері өте кең тарады. Ежелгі түріктер тас мүсіндерді «балбал» деп атады. Олар атақты адамдар мен қолбасшылар жерленген жерлерге орнатылған.

Оқулықта берілген заманауи дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның Шымкент, Алматы қалаларында орналасқан.




Жаңа тақырыпты ашу

Бейнеролик

Презентация № 3 бет




Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында жұмыс алгоритмін құрастырып мысалмен түсіндіру

  • 36:12 өрнегінің мәнін табайық

  • Ол үшін 12 санына көбейткенде 36 саны шығатындай сан таңдап аламыз

  • 2*12=24 , 2 саны сәйкес келмейді

  • 3*12=36, яғни, ізделінді сан – 3

  • 36:12=3, өйткені 3*12=36

Оқушыларға тұжырымдаманы есте сақтауларын сұрау.

  • Бөліндінің мәнін тез таңдау үшін, бөлгіштің соңғы цифрына назар аудар. Көбейту кестесіндегі бөлгіштің бірлігіне тең санды есіңе түсір. Көбейткен кезде бөлінгіштің соңғы цифры шығатындарын ғана таңдап алу қажет.




Жаңа тақырыпты меңгерту

Презентация № 4 бет

Презентация № 5 бет


Презентация № 6 бет


Презентация № 7 бет


Тәжірибе


Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

  • Бөліндіні таңдау тәсілімен тап. Тексер.

  • 72:36=2 Тексеру: 36∙2=72

  • 39:13=3 Тексеру: 13∙3=39

  • 70:14= 5 Тексеру: 14∙5 = 70



Өзін – өзі тексеру мақсатында тапсырманы орындату, кері байланыс орната отырып тексеру

Презентация № 8 бет

Қорытында



Өздігінен қалыптасқанын бақылау

Презентация №9 бет


Бекіту


Бүгінгі сабақтан алған білімдерінен кейін, алдыңғы алған білімдерінді толықтырып, қорытындылап мен:

  • кестелік жағдайлардан тыс көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындай аламын;

  • бөлуді көбейтумен тексеремін;

  • 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны санға көбейту ережесін қолдануды білемін;

  • көбейту мен бөлудің қарапайым теңдеулерін шеше аламын.




Тақырыпты меңгергенін анықтау


Презентация № 10бет


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет