Оқыту процесіндегі педагогикалық диагностика



бет1/4
Дата08.11.2022
өлшемі26,23 Kb.
#156970
  1   2   3   4
Байланысты:
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА


ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА
Оқыту үрдісінің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностиканың көмегімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика- бұл дидактикалық үрдістің нәтижесін анықтау.
«Диагностика» түсінігінің мәні (білім, ептілік және дағдыларды тексеру) түсінігімен салыстырғанда, едәуір терең әрі кең. «Тексеру» нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдытады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс- тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар-бағыты , ілгерілі не кері қозғалысы анықталады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестердің жүрісін, бағытын және жобілім алушыны қамтиды.
Білім берудегі диагностиканың міндеттері:
-білім алушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының қызметі, дамуы) ;
-оқыту үрдісінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);
-тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін адамгершілікке сенімін, адамгершілігін).
Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Білім алушының еңбегі педагогтың еңбегімен бірге талданып, білім алушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділіг зерттеледі. Педагогтың жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру білім алушының «оқығым келмейді» деген пікірмен санаспайды.
Ал диагностика онымен санасады, білім алушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады.
Диагностика арқылы білім алушылардың білім, іскерліктері тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін көптеген әдістер жіне әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, білім алушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл ойды, т. б зерттеу, жеке білім алушылармен жұмысты жобілім алушы әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика-педагогикалық қатынастар жүйесіндегі білім алушыны (сыныпты) жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.
Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет етіп, мектепте жақсы қарым-қатынас орнатады. Диагностика білім алушыларды «орташа», «үздік» деп бөлмей, олардың мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, толық болу керек. Барлық педагогтер гуманистік идеяларды мойындағанда ғана диагностика арқылы әрбір білім алушы туралы ақпараттар жиналып, оның қабілетін, дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады.
Білім алушылардың білімдерін тексеру, бағалаумен байланысты әлі шешілмеген мәселелер көп. Гуманистік педагогикада бірінші орында оқу тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі, педагогтер мен білім алушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін көтеру жолдарын табу үшін талдайтын диагностика тұрады. Диагностика керекті ақпаратты алудың қосымша тәсілі ретінде тексеру мен бағалауды қолданады.
Кешенді тексеру арқылы білім алушылардың әр түрлі пәндерден алған білімдерін қолдана білуі анықталады. Жетістікті тестілеу- бақылаудың әділ әдісі, соңғы уақытта бастауыш сатыға көптеп еніп жатқан тест. Тест ағылшын сөзі, қазақшасы сынақ, тексеру. Тестілеу- білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін, қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу- білім алушының оқыту және тәрбие арқылы қандай деңгейге жеткенін анықтау. Дұрыс құрылған тестілер көптеген талаптарды қанағаттандырып , оларды орындауға көп уақыт кетпейді, сұрақтары қысқа, нұсқа болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет