Оқыту процесіндегі педагогикалық диагностика


Ағымдағы (күнделікті) қадағалау



бет3/4
Дата08.11.2022
өлшемі26,23 Kb.
#156970
1   2   3   4
Байланысты:
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА

Ағымдағы (күнделікті) қадағалау- оқу барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік және дағдылардың қалыптасу дәрежесін, сонымен бірге игерілген материалдардың қаншалықты терең және берік бекігенін анықтау үшін қолданылады. Бұл қадағалудың тиімділігі-білім алушылар біліміндегі кемшіліктер мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті қадағалаудың дұрыс жолға қойылуы білім алушылардың әр сабаққа мұқият әрі тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін арттырады.
Мерзімді қадағалау- белгілі уақыт аралығығдағы жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.
Тақыптық қадағалау- тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі.
Қорытынды қадағалау- оқу процесінің соңғы нәтижелерін жинақтау үшін қолданылады. Ол пән бойынша бүкіл білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.
Өтілген материал, тақырып ізімен қадағалау- тақырып, курс, бөлім өтіліп, біршама уақыт озған соң, қалдық білімді анықтау үшін қолданылады, мерзім үш айдан жарты жылға дейін не одан көп созылу мүмкін. Мүндай қадағалау оқу процесінің тиімділігін соңғы нәтиже бойынша пайымдау талаптарына сәйкес келеді.
Қадағалау әр қилы формада жүргізілу мүмкін. Формалық жағынан мұндай жұмыс жеке-дара, топтық және сыныптық болып бөлінеді.
Қадағалау барысында әрқилы әдістер де қолданылуы мүмкін. Қадағалау әдістері дегенміз- бұл білім алушылардың оқу танымдық іс-әрекеттерімен педагогтер жұмыстарының нәтижелілігін айөындауға жәрдемші жол, тәсілдер.
Педагогикалық практикада ауызша, жазбаша, тәжірибелік, компьтерлік(машиналы) қадағалау және өзіндік қадағалаулар қолданылуда.
Ауызша қадағалау- білім алушыларға ауызекі сұрақ қоюмен орындалады. Ол шәкірттердің білім, ептілік жіне дағдылар деңгейін айқындауға, соынмен бірге білім алушының материалды баяндау қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін процестер мен төңіректе болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептліктерін байқауға, өз пікірін білдіру мен дәйектеу және қателікті көзқарастарға қарсы тұрып, дәлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет