Оқыту процесіндегі педагогикалық диагностика



бет2/4
Дата08.11.2022
өлшемі26,23 Kb.
#156970
1   2   3   4
Байланысты:
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА

Тестілердің түрлеріне:
-ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу;
-арнайы қабілетті тестілеу;
-үлгерімді, тәрбиелікті анықтауға бағытталған тестілер;
-жеке сапаларды есті, ойлауды, мінезді анықтауға арналған тестілер жатады.
Үлгерім тестілерінің қорытындысы білім алушылардың даму деңгейін толық сипаттамайды. Тест құрастыруға:
-білім стандартына сәйкестігі;
-қате жауаптарды еңгізу;
-дұрыс емес жауаптардың шындыққа жақын болуы;
-дұрыс жауаптарды қате жауаптармен бірге беру;
-бір сұрақ жауабының басқа сұрақтарға жауап беруге көмектеспеуі, қойылатын талаптар;
Диагностикалаудың маңызды бөлігі-бұл қадағалау- білім, ептілік және дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тесерулерден тікелей құралады. Тексеру- бұл білім, ептілік және дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет- қимылдар жүйесі.
Мән-мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни білім алушылардың оқу әрекеттерінің нәтижесі жөніндегі мәліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шәкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаға ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Соынен бірге білім алушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байданыстырады. Қадағаау нәтижесінде педагог өз оқу жұмыстарының қаншама дәрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процесс мүмкіндіктерін оқыту-оқу мақсатында қай деігейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.
Бақылау, қадағалау кезінде білім алушының өзі де өз оқу жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерге қол жеткізгенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пән бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалауан білім алушының тәртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.
Қадағалай түрлері, формалары және әдістері. Оқу процесіндегі қадағалау әр түрлі, көп формалы бола келіп, сан қтлы әдістермен атқарылады. Педагогикалық тәжірибеде қадағалаудың бірнеше: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды және өтілген материал түрін атауға болады.
Алдын-ала қадағалау- әдетте, диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Мұндағы мақсат- білім алушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгейін, дәрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты өтуден бұрын өткізіледі. Алдын-ала қадағалау нәтижесінің негізінде Педагог оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет