20 «Нұршуақ» балабақшасы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы



Дата29.06.2017
өлшемі67,83 Kb.
#20536
түріСабақ
Мукышова Нұржауған Жанбырбаевна

20 «Нұршуақ» балабақшасы

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

Тақырыбы: «Ойлай отырып, ойнайық!»
Мақсаты:

мектеп алды дайындық тобы тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Сабақ түрі:

ойын, тренинг сабағы
Сабақ әдісі: ойын
Қажетті құралдар: суреттер, слайд.
Ұйымдастыру:
Тренинг ережесі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қалай, жақсы ма? Ендеше, бүгінгі ойын сабағымызды бастамас бұрын, әрбір ойынды ойнағанда мына ережелерді есімізге сақтап алайық, сонда ойынымыз сәтті өтеді.
-Күлімсіреу;
-Бір - біріне кедергі жасамау;
-Өзгенің пікірін сыйлау;
-Сөзді бөлмеу, тыңда;
Барысы:
І. Кіріспе сөз.
ІІ. Танысу рәсімі:
«Достық тренингі».

Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Өз есімін теңеу сөздермен(өзін қалай атаған ұнайды?) таныстырады да, бір - бірінің қолдарынан ұстайды. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек. Соңында «достық шеңбері» пайда болады.
ІІІ. «Шеңберді бұзып кір!».

Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Олардың біреуі шеңбердің сыртына шығып, қалғандары қол ұстасады және бір - біріне тығыз тұрады. Басты ойыншы кез келген әдіспен, күшпен, айла - амалмен шеңбердің ішіне кіру керек.
ІV. «Белсенді әріптер».
Әр топқа әр түрлі әріптер көрсетіледі және 1 минуттан уақыт беріледі. Сол берілген уақыт ішінде тек тиесілі бір топ ғана көрсетілген әріптен сөз ойлап айтып, жарысады. Бұл ойында балалардың ойлау қабілетін арттыруға бағытталады.
Талдау: 1. Балалар, ойын ұнады ма?
2. Жауап беру қиынға соқты ма?
V. Түрлену.
Шарты: берілген әр түрлі аңдарды, жеміс - жидектерді, мамандықтарды, т. б. ым - мимика, яғни пантомима әдісімен қимылдап бейнелеу, көрсету. Қалған балалар жасырылған бейнені табады.
VІ. «Ертегі ойлап тап!».

Суретке қарап қызықты ертегі, әңгімені ойдан құрастыру. Әңгіме, ертегілер кейіпкерлерінің суретін көрсете отырып, балалар сол сурет бойынша ретімен өз ойларынша ертегіні өзгертіп, қияли түрде құрастыру қажет. Бір оқушы басын бастаса, келесі оқушы жалғастырады.
Талдау: 1. Ертегі ойлап шығару қиын болды ма?
2. Жан - жануарлардың бір - бірімен тату болғанын қалайсыңдар ма?
VІІ. «Ойлан, тап!»
1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: кітап, доп, қарындаш (немесе т. б. нәрселер) қойылады.. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
2. Үстел үстінде 4 алма тұр (немесе т. б. нәрселер). 1 алманы алып, ортасынан бөліп қайтадан қояды. Үстел үстінде неше алма болды?
VІІІ. «Ойлан, не болуы мүмкін?!»
Егерде,
«... ертегі кейіпкеріндегі бауырсақ болсаң,...»
«... адамдар құстарша ұшуды үйренсе,...»
«... иттер адамша сөйлесе бастаса,...»
«... су құбыры кранынан шырын аға бастаса,...»
ІХ. «Күлегештер»(смайликтер) салу.

Балалар бүгінгі ойын - тренингтерден алған әсерлерін, көңіл - күйлерін ақ қағаз бетіне күлегештерді сала отырып, ол арқылы өзінің көңіл - күйін көрсетеді, салады, өз еркісімен әсемдеуге болады.
Қорытынды.
- Жақсы, балалар, бүгінгі ойын сабағымыз сендерге жақсы көңіл - күй сыйлаған екен, оны қолдарыңдағы күлегештердің көңіл - күйі арқылы байқап тұрмын.
- Осылайша, сабақтарда ойындарды ойнағанда үнемі дұрыстап ойланып, белсенді ойнасаңдар, өздеріңнің ақылды бала екендеріңді дәлеледеп, көрсетесіңдер. Бақытты балалық шақтарыңда әрдайым өмірде күлімдеп, ақылды болып жүріңдер!
- Сау болыңдар, балалар!

Ата-аналарға сауалнама


  1. Балабақшада балаңызға берілетін білім деңгейі Сізді қанағаттандыра ма?

_____________________________________________________________________


  1. Балаңызбен үйде өзіңіз қандай тәрбие жұмыстарын жүргізесіз?

____________________________________________________________________
3. Сіздің ойыңызша Бала жанұяда әлде балабақшада тәрбиеленгені дұрыс па?

______________________________________________________________________


4.Балаңыздың ең жақын және айтып жүретін досын білесіз бе, атаңыз?

_____________________________________________________________________


5.Балабақшаға қояр талаптарыңыз қандай?
6. Үйде балаңызбен тәрбиелік мәні бар қандай ойындарды ойнайсыз?
7. Балаңыздың тәрбиешілері туралы ойыңыз? ___________________________________________________________________________

8 .Балаңыз сурет бойынша үш немесе төрт сөйлем құрастырып айта ала ма?

9. Балаңыз 0-ден бастап онға дейінгі сандардың таңбасын жақсы ажыратып біле ме? __________________________________________________________________

10. Балаңыздың болашақта қандай бағытқа бейімделгенін білесіз бе?/ Қандай пәнге немесе өнерге, суретке, спортқа,тағысын тағы./

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

11. Баланың аты –жөні, сауалнама толтырған ата-ана өзініздің байланыс телефон номерін жазуыңызды өтінеміз.

___________________________________________________________________________


«__»____________2015 ж.

Сауалнаманы жүргізген педагог-психолог: А.К.Куанышкалиева.

Сауалнама

«Сіз қандай басшысыз?»


Құрметті ұжымдастар!

Сізді балабақша басшылары зерттеуге қатысуды сұраймыз.

Зерттеу психологиялық тұрғыдан жетілдіру мақсатында жүргізіледі. Сіздің жауабыңыз анкетада көрсетілген. Өзіңізге сәйкес көзқарасыңызды таңдап белгілеңіз.
1.Ұжымыңызда Сіздің жұмысыңыз маман-шеберлігін талап ете ме?
2.Сізге өз жұмысыңыз ұнайды ма?
3.1-2 жылдықтың ішінде өз қызметіңізді ауыстыратын ойыңыз бар ма?
4. Сіздің атқарып жүрген қызметіңіз өз қабілетіңізді дамытуға көмектесе ме?

5.Мүмкіндік туған жағдайда басқа мамандық таңдар ма едіңіз?


6.Сіздің жұмысыңызда қандай көңіл –күйіңізді қалыптастырады?
7. Ұстаздармен қарым-қатынасыңыз қандай деп бағалайсыз?
8.Қызметкерлерге көмек беруге қалайсыз?
9. Өтініштер мен ұсыныстарға назар аударасыз ба?
10. Сіз өз жұмысыңызды тартымды деп есептейсіз бе?
11. Айтайық, сіз бір себептермен уақытша жұмыс жасамайсыз. Өз қызметіңізге қайтадан келер ме едіңіз?

11. Әрбір ұжымның өзіндік жұмыс бағыты бар.Төменде келтірілген пікірледің ішінен қайсысы өз ұжымдастарыңызға сәйкес келеді:

а)Біздің ұжым сияқы жұмыс жасау керек;

б)Біздің ұжымдастардан да жақсы жұмыс жасау керек;



в)Біздің ұжымдастарымыздың қалай жұмыс жасап жатқандығы мені ойландырмайды,қиналмаймын.


Сауалнаманы жүргізген педагог-психолог: А.К.Куанышкалиева.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет