2 5316913777210308483



Pdf көрінісі
Дата09.02.2024
өлшемі112,49 Kb.
#200065
Байланысты:
2 5316913777210308483
матем, матем, Адырбек М. 3-курс (1), Саясаттану АБ2, 1. Элементарлық талдау a зерттейтін қоспадағы жеке компонентте-emirsaba.org


20-Билет
1) Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы.
2) Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі.
3)1740 жылдарының аяғында патша үкіметінің Әбілқайырмен келіссөздері. Әбілқайырдың өлімі.
1)Қыпшақ хандығы (ХІ—ХІІІ ғ. Басы). “Қыпшақ” атауы ең алғаш рет 760 жылы ежелгі түріктің 
руникалық ескерткішінде жазылған. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб 
географы Ибн Хордабектің 846—847 жылы жазған “Жолдар мен провинциялар кітабында” 
қарлұқтар мен қыпшақтарды VIII ғасырларға жататын түрік тайпаларының тізімінде келтіреді.
Кавказ, Қырым өңірін жəне одан əрі батысқа қарай созылып жатқан басында Тоқсоба рулық əулеті 
тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі бо- лып екіге бөлінеді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі 
Шығыс қыпшақ ұлысының билігінде болды. Қазақстан жеріндегі қыпшақ этникалық қоғамдасуын 
үш кезеңге бөліп қарауға болады.
656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін 
жайлаған қыпшақтар Кимек қағанатының құрамына кірген еді, ал ХІ ғасырда Кимек қағанаты 
құлағаннан кейін, кимек, қыпшақ жəне куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде əскери 
саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді.
Бірінші кезең: қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы — VІІ ғ. Екінші жартысынан VІІІ ғ. 
Соңына дейін.
Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер əулеті Оңтүстік жəне Батыс бағыттарында белсенді 
қимыл-əрекеттерге кірісіп, Орта Азия жəне Оңтүстік Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тікелей 
байла- ныс жасауға кіріседі.
XI ғасырдан ХІІІ ғ. Басына дейін қыпшақтардың дамуының үшінші кезеңі жүрді. Бұл кезде қыпшақ 
хандарының мəртебесі, күш-қуаты өсіп, олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, куман, ежелгі 
башқұрт, оғыз т.б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді 
қаңлылар, ұрандар, шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер əсерін 
тигізді.
ХІ ғ. Екінші ширегінде қыпшақ тайпалары оғыз тайпаларын Сыр- дарияның орта жəне төменгі 
бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан тықсырып қуып шығады. Қыпшақтар билігінің 
Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси 
жағдайдың өзгеруіне орай, Х ғ. Екінші ширегінде “Оғыздар даласы” (Мафазат əл-гуз) деген 
атаудың орнына “Дешті Қыпшақ” (Қыпшақтар даласы) деген атау пайда болады. Маңғыстау мен 
оған жақын жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне дейін 
жетеді.
Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, 
қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара — Балқаш көлі жəне Алакөл ойпаты 
болды. ХІІ ғ. Қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, 
керейттермен шектесіп, солтүстікте қырғыздар жəне хакастармен көрші болды.
ХІ ғ. Орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, батыс жаққа жылжып, Орыс жəне Қара 
теңіз өңірі далалары мен Визан- тия, Венгрия шекараларына дейін қоныс аударады. Еділден Днеп- 
рге дейінгі қыпшақтар қоныстанған аумақ орыс жылнамаларында половцылар, “Половецтер 
өлкесі” деп атала бастайды. 1071 жылы қыпшақтар Кіші Азияға жетіп Анатоли қаласын жаулап 
алады, сөйтіп, османдық түріктердің негізін қалады, осы жылдары Транс- илвания арқылы 


Молдавияға өтеді. Қазіргі Венгриядағы мадиярлар, Молдавиядағы гагауыздар қыпшақтарға 
жатады. Осылайша Батыс Еуропа деректерінде қыпшақтар «коман» деген атпен мəлім бола- ды.
ХІ—ХII ғғ. Қазақстан аумағында тұрған қыпшақтар екі қанатқа бөлінді. Бірінші қанаты — оң қанат 
Торғай даласын, Жем, Жайық, Еділ өзендерінің бойын, сондай-ақ Маңғыстау түбегін мекендеді, 
оны елбөрі руынан шыққан хандар басқарды. Ал, ордасы — Сарайшық қаласы болды. Торғай 
өңірінде жоғарғы ханның ордасы болса керек.
ХI ғ. Басында қыпшақ бірлестігі мейлінше күшейеді. Өріс-қонысы шығыста Ертістен, батысында 
Орал тауына, Доннан жəне Қара теңізге дейінгі ұлан-ғайыр алқапты алып жатқан шығысындағы 
бөлігі Ел- бөрілі руынан шыққан хан əулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты, Екінші қанат — сол 
қанат Орталық жəне Шығыс Қазақстанды, Сырдариядан Ертіс пен Есілге дейінгі аралықтағы 
жерлерді қамтиды. Орталығы Сығанақ қаласы болды, оның ханы ұран тай- пасынан шыққан. Оң 
қанат екіншісінен күштірек болған. Əскери ұйымдар мен əскери əкімшілік басқару жүйесіне 
айрықша маңыз берілген, өйткені ол көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған.
Екінші кезең: VIII ғ. аяғынан — ХІ ғ. басына дейін. Бұл кезде қыпшақтар Алтай жəне Ертістен Орал 
таулары жəне Еділ бойына дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағының құрамына Мұғалжар 
жеріндегі кумандар жəне қимақ тайпалары кіреді.
Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұрагерлікпен əкеден балаға қалдырылып отырған. Хандар 
шығатын ең əулетті ру елбөрілі еді. Орда деп аталатын хан қамалында ханның дүние-мүлкі мен 
əскерінің ісін жүргізетін басқару аппараты болды. Əскери-əкімші- лік басқару жағынан Қыпшақ 
хандығы көне түрік дəстүрлерін сақтаған. Қыпшақ тайпаларының басында хан, тархан, басқақ, бек 
пен байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы əлеуметтік жəне жіктік жағы- нан да тең болмаған. Мүліктік 
теңсіздіктің негізі — малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған, 
жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған. Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігін 
заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бəрін меншіктенген. Жайылымдарды 
бөліп беруді, көші-қон мəселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан 
шығармаған. Қоғамның қатардағы мүшелерінің басым көпшілігі еркін де ерікті болған. Сөйтіп, 
Қыпшақ хандығы қалыптасқан феодалдық мемлекет болды, ол көне түрік мемлекетінің дəстүрін 
дамытып, жалғастырды.
ры топтарының жетекшілерін Хорезм шахтары əртүрлі қызметтерге тартады. Бұдан басқа 
туысқандық үшін қалыптасқан дəстүрге сай Хорезм билеушілері əйелдерін қаңлы мен 
қыпшақтардың хан əулеттерінен алып отырған. Мысалы, XIII ғ. бас кезінде Хорезм шахы Ала ад-
дин Мұхаммед қаңлылардың басшысы Əмин Мəліктің қызына үйленген. Осының арқасында Əмин 
Мəлік Хорезм шахтар сарайында маңызды рөл атқарған.
Қыпшақтардыңсаясижағдайынакелсек,1065жылыселжұқтардың билеушісі Алып Арсылан 
қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабу- ыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, 
ол Жент пен Сауранға жорыққа шығып, қыпшақ тайпаларының бір бөлігін Хорасан селжұқтарына 
тəуелді етті. Алайда, XI ғасырдың соңғы ширегінде де қыпшақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінің 
шығыс жағалауында бұрынғыша өз билігін жүргізіп тұрды. 1096 жылы қыпшақ бірлестігінің 
тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады, бірақ ол сəтсіздікпен аяқталды.
Хорезм шахы Мұхаммед /1200—1220 жж./ өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ 
жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хо- 
резмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра берді. Бұл кезде Хо- резмшахы Мұхаммед Дешті 
қыпшақ еліне бірнеше рет жорық жа- сайды. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қадырханға қарсы 
аттанған əскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында 
қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып 


қалады. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп, бұдан кейін монғол 
басқыншылығының дəуірі басталады.
XI ғ. аяғы мен XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, Сырдарияның төменгі ағысындағы тағы басқа 
қалалар қыпшақ көсемдерінің қолына қарағанымен, XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар 
қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның мұсылмандық 
əулеттері арасындағы қиян-кескі ұрыс алаңына айналады. Хорезм шахы Атсыз Жентті жаулап 
алады, со- нан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы 
Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата 
жеңеді. Тап осы кезден бастап Қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі 
жəйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмге бейімдеушілердің көбеюі, 
қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара əулетті қырқыстың күшеюі еді.
2) Ресей патшалығы қазақ хандықтарын түгел өзіне қарату мақсатында бұл өлкеге бірнеше 
экспедиция жасақтады. 1734 жылы мамырда қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Көп 
кешікпей оны Орынбор экспедициясы деп атады. Ол экспедицияны сенаттың обер хатшысы И. К. 
Кириллов басқарды. Ол өлген соң 1737 жылы Н. Татищев келді. Бұл экспедициялардың мақсаты 
Кіші жүз жəне Орта жүздегі ықпалды Шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту болды. 1740 
жылы Орынбор бекінісіне олар қазақтың беделді сұлтандарын шақырып, Ресейге өздерінің 
бодандығын мой- ындауды талап етті. Осы жолы орта жүздің біраз сұлтандары Ре- сей 
бодандығын қабылдады. Алайда, айта кету керек, бұл жерде бодандық қабылдау туралы құжатқа 
қол қою рəсімі болған жоқ. Осыған байланысты айта кететін жəйт, қазақ билеуші топтарының 
бодандық туралы мəселеге өте селқос қарауында. Оған патшалық Ресей империясының қазақ 
билеуші топтарынан ант алу рəсімін жиі қайталауы себеп болды. Мысалы: Əбілқайырдың өзі үш 
рет ант берген. Əбілқайырдың 1742 жылы тамыздың 20-жұлдызында берген антының 1731, 1738 
жылдардағы анттарының мəніндей құны болмаған.
3)1740 жылы Қытаймен бейбіт бітім жасасқан жоңғарлар 1741 ж. Орта жүз қазақтарының жеріне 
басып кіреді. Күтпеген соққыны қазақтар қайтара алмай, Кіші жүз жеріне қарай шегінуге мəжбүр 
болады. Əбілқайыр хан дереу Ресейден əскери көмек сұрайды. Бірақ Ресей империясы көмек 
көрсетпейді, өз азаматтары (подданныйы) ретінде санап, сыртқы жаудан қорғамайды. Бұл жерде 
Ресейдің екіжүзді саясаты көрінеді жəне де Орта жүздің Ресей протекторатын қабылдауы жай ғана 
сөз жүзінде қалып, ешқандай саяси мағынасы болмаған деп айтуға болады. Ресей империясы 
қазақ хандығының күшеюін немесе біртұтас болғанын қаламады. Себебі, ондай мемлекетті 
бағындыру қиын болатынын түсінді. Сондықтан Ресей қазақ билеушілерін бір-біріне айдап салу 
жəне түрлі сыйлықтар мен атақтар таратып өз мақсаттарына пайдалану, қазақ жерін Ре- сей 
империясының отарына айналдыру саясатын ұстанды. Ресей Əбілқайыр ханды патша үкіметіне 
түгелдей тəуелді ету үшін оның ұлы Қожахметті аманатта ұстады. Тарихшы С. Асфендияровтың 
пікірі бойынша патшалық үкімет Қазақстанға достық жəне бодандық туын желеу етіп, 
жыртқыштық, тонаушылық саясатты ұстанды Патша үкіметінің Кіші жүздегі өз ықпалын күшейтуге 
бағыт- талған шаралары Əбілқайыр ханды қарсылыққа мəжбүрледі. 1744 жылы ол 
қарақалпақтарды шауып, Астраханнан Хиуа мен Бұқараға тауар алып бара жатқан көпестерді 
тонайды, 1746 ж. Ресей қарамағындағы қалмақтарға, сосын орыс шекараларына шабуыл жасайды. 
Жоңғар хандығы əлсіреген кезеңде қазақ жеріне орыстар билігінің таралуына орай бұл мəселелер 
Əбілқайырдың Орынбор əкімшілерімен жиі өткізілген қиын келіссөздердің нысанасына ай- налып, 
егес, күтпеген түсініспеушіліктер туғызды. Осы жағдай Əбілқайыр ханның Ресей жағына қатысты 
бұрынғы адал жəне ізгі ниетті көзқарасының салқындауына себеп болды. Əбілқайыр ханның Ресей 
билеушілеріне қарсылық көрсеткені төмендегіден көрінеді. 1748 жылы Əбілқайыр ханды Орта 
жүздің Барақ сұлтаны өлтіргенде Ресей империясының шенеуніктері былай деп жазған: 
«Əбілқайыр хан қаншалық қиянат жасаса да, басқаларға қарағанда бірінші болып императордың 
ұлы мəртебесінің қол астына кірген еді».




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет