Прт3



Дата14.02.2024
өлшемі16,64 Kb.
#200091
Байланысты:
Прт3
annotation14966, 1528022043, Английский ( ТопикиСочинения ) Virtual Reality - Виртуальная реальность english-lessons-online.ru, Решения, тайм 2, тайм 1, Документ (8) (6), Документ (22), нор, f651fda2983590, 1420-2279-1-SM, 1186-2180-1-PB, Презентация 14 апта, 245251 (1)

2. Мүлiкке тыйым салу тәртiбi


  1. Мүлiкке өндiрiп алуды қолдану кезiнде сот орындаушысы оның борышкерге тиесiлi екендiгiн, нақты құнын және ондағы ауыртпалықты анықтайды. Мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын мүлiктiң кiмге тиесiлi екенiн анықтау қиын болған және бұл мүлiк борышкерге тиесiлi деп жорамалдауға негiздер болған жағдайда, сот орындаушысы оның кімге тиесiлi екендігі анықталғанға дейiн мүлiкке тыйым салуға құқылы.

Егер мүлік борышкерге тиесілі болмаса, онда ол сот орындаушысына тыйым салынған мүліктің тиесілігін белгілейтін қажетті дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.




  1. Сот орындаушысы мүліктің борышкерге тиесілі екенін анықтап, оны тізімдемеге енгізеді, өндіріп алу мөлшеріне қарай бүкіл мүлікке немесе оның бір бөлігіне тыйым салады және тыйым салу туралы қаулыны тиісті мемлекеттік тіркеу органдарына жібереді.

Бұл ретте жылжымайтын мүлікке қатысты тізімдеме жүргізілмейді.




  1. Сот орындаушысы кепiлге салынған мүлiкке тыйым салынғандығы туралы кепiл ұстаушыға хабарлайды.



  1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау кезінде сот орындаушысы талап қою талаптарына қарай бүкіл мүлікке немесе мәлімделген талаптың мөлшеріне сәйкес келетін оның бір бөлігіне тыйым салады.

3. Тыйым салынған мүлікті пайдалану тәртібін

Айқындау


  1. Қажет болған жағдайда сот орындаушысы тыйым салынған мүлiкті алып қоюды жүргізуге немесе борышкердің тыйым салынған мүлiкті пайдалану жөніндегі құқықтарын шектеуге құқылы. Шектеудің түрлерін, көлемдері мен мерзімдерін сот орындаушысы әрбір нақты жағдайда осы мүлікке тыйым салудың мақсаттарын, мүліктің ерекшеліктерін, оның меншік иесі немесе қожасы үшін маңызын, шаруашылық, тұрмыстық немесе өзгедей пайдаланылуын және басқа да факторларды ескере отырып айқындайды.



  1. Сот орындаушысының мүлiкке билік етуге салған тыйымын бұзу немесе борышкердің тыйым салынған мүлкін пайдалану құқықтарын шектеуді сақтамау атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындамағаны үшін осы Заңда көзделген салдарларға әкеп соғады.




  1. Вексельдерге, түбіртектерге, ұсынушының жинақ кітапшаларына, депозиттік және жинақ сертификаттарына, облигацияларға және борышкерге ақша сомасын төлеу міндеттемесі бар өзге де мүлікке тыйым салу кезінде сот орындаушысы алып қою туралы хаттаманы толтыра отырып, аталған мүлікті алып қояды.



  1. Атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлғалар



  1. Осы Заңның 9-бабында тізбеленген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі.



  1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану ішкі істер органдары қызметкерлерінің, жеке сот орындаушылары көмекшілерінің және өзге де мемлекеттік органдардың жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.




  1. Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тiкелей уәкiлеттiк берiлген тұлғалардан басқа, ешкiм де араласуға құқылы емес. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.



  1. Атқарушылық iс жүргiзу тілі

Атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілі ескеріле отырып белгіленеді.

Атқарушылық iс жүргiзудiң аяқталуы

Атқарушылық iс жүргiзу:




    1. Осы Заңның 48-бабында аталған негiздер бойынша атқарушылық құжат қайтарылған;



    1. Осы Заңның 47-бабында аталған негiздер бойынша атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылған;




    1. Соттың немесе құжатты берген басқа органның талабы бойынша атқарушылық құжат орындалмай қайтарылған жағдайларда аяқталды деп есептеледi.



  1. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi сот орындаушысы қарайды.



  1. Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы қаулы шығарады, оны мемлекеттiк сот орындаушылары үшiн аумақтық бөлiмнiң басшысы-аға сот орындаушысы бекiтуге тиiс.




  1. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы қаулысына сотқа шағым жасалуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет