тайм 1



Дата14.02.2024
өлшемі15,69 Kb.
#200088
Байланысты:
тайм 1
annotation14966, 1528022043, Английский ( ТопикиСочинения ) Virtual Reality - Виртуальная реальность english-lessons-online.ru, Решения, тайм 2, Документ (8) (6), Документ (22), Прт3, нор, f651fda2983590, 1420-2279-1-SM, 1186-2180-1-PB, Презентация 14 апта, 245251 (1)

Уақытты басқару. Франклин пирамидасы

Соңғы кезде уақытыңның босқа кетіп жатқанын сезініп жүрсің бе?


Академия оқырмандарына арнайы осы жазба арқылы кез-келген адамның өмірін өзгертетін, уақытты дұрыс пайдалануына көмектесетін Франклин пирамидасы туралы баяндамақпыз.

Франклин пирамидасы – тек қана уақытты басқарудың оңай тәсілі ғана емес, өз болашағыңды қолына алудың, бүкіл өміріңе мән беретін мақсаттардың қойылуы системасы.


Статистика бойынша, адамзаттың тек 1% ғана өмірден не қалайтынын, неге қол жеткізгісі келетінін нық сеніммен айта алады екен. Бенджамин Франклин өмірде максаттардың орындалуы үшін еңбекқор әрі мақсатшыл болудың маңызды екенін ерте ұққан секілді. Бар болғаны 16 жасында ол өз өмірін 10-15 жылға бұрын жоспарлап қойып, іске асыруға көшкен екен. Оның бізге бағындыра алмайтындай болып көрінетін шыңдарды, белестерді бағындыра алуының басты құпиясы: ол үлкен істерді кішкентай бөліктерге бөліп, күнделікті жүзеге асырып отырған.

Франклин пирамидасының өзіне тоқталсақ:




  1. Өмірлік құндылықтар

Өміріңді жоспарлаудағы жалғыз басты назар аударатын негіз – өмірлік кұндылықтар. Әр адамның өмірлік құндылықтары әр түрлі. Тек өзің шыныменде қалайтын, өзің дұрыс деп санайтын болуы тиіс. Бұлай айтқан себебім көпшілігіміз бізге басқалар стереотип қылып миымызға сіңірген құндылықтармен өмір сүруіміз мүмкін. Яғни нақтырақ айтсам ата-анаң сенің көп ақша тауып, «джип» айдап, бір жерде бастық болып отырғаныңды қаласа, ал сенің қалауың шығармашылық процесске қатысты болуы мүмкін. Сен сурет салып, өзің шыныменде қалайтын іспен айналысқын келеді, алайда ата-анаң бұны қаламайды. Осындай қарама-қайшылықты жағдайларда ата-анаға дұрыстап түсіндіріп, өмірден басқа нәрсені қалайтынынды айту қажетсің.


Өміріңді бірнеше іске арнауды жоспарлап отырсаң, олардың шыныменде саған ұнайтынына сенімді бол.


  1. Өмірлік мақсат

Өмірлік мақсат – Франклин пирамидасының екінші блогы. Ол жаңа атап өткен өмірлік құндылықтар негізінде құрылып, жалпы өмірлік мақсатты білдіреді. Егер бірініші блок «мен не үшін өмір сүріп жүрмін?» - деген сұраққа жауап іздесе, екінші блок – осы өмірдің мағынасын табылғандығын білдіреді және оны қалай жүзеге асыруға болатынын нақтылайды.

Мысалмен түсіндіре кетсем: Әлемдік атақ – данққа бөленгісі келетін профессионалды футболшының өмірлік мақсаты – Чемпиондар лигасын және Әлем чемпионатын өз командасымен жеңу болып табылады. Саясатта өз орнын тапқысы келетін адамның мақсаты – президент сайлауында жеңіске жету. Сол сияқты басқа да мысалдар айта кетуге болады. Осыған байланысты өз өмірлік мақсатыңды нақтылап алған өте маңызды.


  1. Негізгі мақсат

Өмірлік мақсатты қалай жүзеге асыруға болатынын нақтылайтын блок. Тағы да футболистты мысалға алсақ: оған Чемпиондар лигасын жеңу үшін Реал Мадрид, ПСЖ, Бавария сияқты мықты командаларда негізгі құрамда ойнау керек. Ал мықты командаға түсу үшін одан бұрын басқа жастар клубтарында ойнап, тәжірибе жинау керек. Ал президент сайлауынан жеңу үшін политика, бизнес мамандықтары бойынша профильды ЖОО бітіру, губернатор, мэр, әкім болып жұмыс жасап көру өте маңызды.




  1. Ұзақ уақытқа арналған жоспар

Яғни сен алдағы 3-5 жыл өміріңді барынша көз алдыңнан өткізіп, оны қай жағынан өзгертуге болатынын бағамдайсың. Жоспар негізгі мақсатқа сәйкес болу керек, сол арқылы өмірлік мақсатты бір табан жақындатуға болады. Футболист профессионал болу үшін біріншіден футбол академиясында тәлім алып, әбден жаттығу керек, сол сияқты программист нарықта біраз уақыт тұрақтап қалу үшін еңбек нарығына қажетті программалау тілдерін меңгеруі тиіс.




  1. Қысқа уақытқа арналған жоспар

Бірнеше айға, аптаға арналған жоспар. Өз кезегінде өте нақты болуы керек. Футболистке 4 блокта аталған академияға түсу үшін жаттықтырушысын ауыстырып, төзімділігін арттыру қажет, ал саясаткерге оқуға түсу үшін бірінші кезекте ҰБТ-ны жақсы тапсыру керек. Бұл қысқа уақытқа арналған жоспар.




  1. Күнделікті жоспар

Франклин пирамидасының шыңы. Алдыңғы жазбаларда қалай өз күніңді жоспарлау туралы баяндап өткен болатынбыз. Күнделікті жоспар өмірлік мақсаттың қасында көзге ілінбейтіндей болып көрінгенімен, шын мәнісінде барлық мақсаттың орындалуы күнделікті жоспардың дұрыс кұрылуында, жүзеге асырылуында жатыр. Тағы да футболистты мысалға алсақ, ол келесі күнге сол аяқпен пасс беруді машықтауы мүмкін, сол сияқты саясаткер болғысы келетін адам ЖОО-на түсу үшін өз таңдау пәндеріне дайындалуға тырысады.



Егер осы пирамиданы қолдансаң уақытты басқаруды колға аласың. Өміріңнің бір секунды да босқа өтпейтін болады және ең бастысы сен ең маңызды мақсаттарыңды орындайсың!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет