2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында


О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы (30 шілде)



бет2/4
Дата05.06.2017
өлшемі0,53 Mb.
#17641
1   2   3   4

О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы (30 шілде)
Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауы» болып өтті. Мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу.

Байқауға облыстағы 15-30 жас аралығындағы талапкерлер қатысты.

Облыстық байқауға аудандар мен Тараз қаласында өткен байқаулардың жеңімпаздары қатыстырылды және оның жеңімпазы тараздық Аштаева Әсел республикалық байқауға қатысып, ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Тамыз
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының Жамбыл облысында орындалу барысы туралы
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы Жамбыл облысында жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Жамбыл облысында 140 балабақша және 124 шағын орталықтарда 26262 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 41%-ды құрап отыр (республикалық көрсеткіш – 40%).

2010 жылдың басында аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінде барлығы 6355 орындық мектепке дейінгі ұйымдар ашу жоспарланып, ағымдағы жылдың соңына дейін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесін жыл басымен (33,5%) салыстырғанда 9,9%-ға арттырып, 43,4%-ға жеткізу жоспарланған. Ол үшін «Балапан» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет есебінен 808,344 млн. теңге бөлініп, оның 354,386 млн. теңгесі игеріледі деп күтілуде.

Ағымдағы жылдың алғашқы 8 айында облыс көлемінде 970 орындық 6 балабақша, 2550 орындық 60 шағын орталық және жұмыс істеп жатқан балабақша мен шағын орталықтардан 1275 орындық 51 қоcымша топ ашылып, 2010 жылдың басымен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны 4795 балаға, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 7,5%-ға артты.

Аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің келісімдерімен жоспарланған 149,907 млн. теңгенің 92,449 млн.теңгесі немесе 62%-ы игерілді.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен балабақша мен шағын орталықтарды ұстауға 843,398 млн.теңге, аудандық бюджеттен 113,839 млн. теңге бөлінген.

Оның ішінде 1230 орындық балабақша ретінде пайдалануға болатын 10 ғимаратты сатып алу үшін 235 млн. теңге, 1240 орындық 7 балабақшаны жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 498 млн. теңге бөлінсе, «Жол картасы шеңберінде» 380 орындық 4 балабақшаның ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 43 млн. 525 мың теңге бөлінді.

2010 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында облыста 1170 орындық 13 балабақша, 275 орындық 6 шағын орталық, 205 орындық 8 қосымша топ ашып, барлығы 1650 баланы қамту жоспарланып, олардың ішінде ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін – 50 орын, қазан айында – 1325 орын, қараша айында – 200 орын, желтоқсан айында – 75 орын пайдалануға беріледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне «Балапан» бағдарламасының жобасына 2011-2012 жылдары республикалық бюджет есебінен соғылатын 2720 орындық 11 балабақшаның құрылысы ұсынылып, аталған бағдарламаға енгізілді.

Аудандар мен Тараз қаласында «Балапан» бағдарламасының орындалу барысы төмендегідей:



Байзақ ауданында – 14 балабақша, 10 шағын орталықта 1666 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 28,7-ды құрайды.

2010 жылы барлығы 860 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 180 орындық 1 балабақша, 200 орындық 4 шағын орталық, 50 орындық 2 қосымша топ ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар саны 430 балаға, қамту үлесі 7,4%-ға артты.

Республикалық бюджеттен бөлінген жоспардағы 6,245 млн. теңгенің 5,371 млн. теңгесі игерілсе, 874 мың теңге игерілмеді.

Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен 40 млн. теңгеге 280 орындық 2 балабақша ғимараты сатып алынып, «Жол картасы» шеңберінде 28,525 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімдігі қыркүйек айынан кейін ашылуы жоспарланған 430 орынды мерзімінде ашылуын қамтамасыз етіп, қаржының толық игерілуін бақылауда ұстау қажет.

Жамбыл ауданында – 10 балабақша, 19 шағын орталықта 1883 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 40,4-ды құрайды.

2010 жылы барлығы 855 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 80 орындық 1 балабақша, 425 орындық 10 шағын орталық, 350 орындық 14 қосымша топ ашып, жоспарды толық орындап, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі 18,3%-ға артып отыр.

Республикалық бюджеттен бөлінген жоспардағы 16,797 млн. теңгенің 11,168 млн. теңгесі игерілсе, 5,629 млн. теңге игерілмеді.

Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен 100 млн. теңгеге барлығы 340 орындық 2 балабақша және 1 тұрғын үй кешені сатып алынса, оның ішінде 1 балабақша пайдалануға берілді.



Жуалы ауданында – 16 балабақша, 1 шағын орталықта 1155 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 29,8-ды құрайды.

2010 жылы барлығы 240 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 190 орындық 2 балабақша ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 4,9-ға артты.

Республикалық бюджеттен бөлінген жоспардағы 2,899 млн. теңгенің 888 мың теңгесі игерілсе, 2,011 млн. теңге игерілмеді.

Аудан әкімдігі қыркүйек айынан кейін ашылуы жоспарланған 50 орынды мерзімінде ашылуын қамтамасыз етіп, қаржының толық игерілуін бақылауда ұстау қажет.



Қордай ауданында – 13 балабақша, 18 шағын орталықта 1890 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 24-ды құрайды.

2010 жылы барлығы 375 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 200 орындық 1 балабақша, 150 орындық 6 шағын орталық ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар саны 350 балаға, қамту үлесі 4,5%-ға артты.

Республикалық бюджеттен бөлінген жоспардағы 13,237 млн. теңгенің 10,646 млн. теңгесі игерілсе, 2,591 мың теңге игерілмеді.

Аудан әкімдігі жыл соңына дейін жоспардан тыс ашылуы жоспарланған 75 орындық шағын орталықтың мерзімінде ашылуын бақылауда ұстау қажет.



Меркі ауданында – 7 балабақша, 8 шағын орталықта 940 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 16,9-ды құрайды.

2010 жылы барлығы 225 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 300 орындық 9 шағын орталық және жұмыс істеп жатқан шағын орталық жанынан 25 орындық 1 қосымша топ ашып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар саны 325 балаға, яғни 100 орынға артық орындап, қамту үлесі 5,8%-ға артты.

Республикалық бюджеттен бөлінген жоспардағы 7,303 млн. теңгенің 5,571 млн. теңгесі игерілсе, 1,732 млн. теңге игерілмеді.

Сондай-ақ, Қостоған ауылындағы 50 орындық балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджет есебінен 39 млн. теңге бөлінді.

Аудан әкімдігі жыл соңына дейін ашылуы тиіс 50 орындық балабақшаның мерзімінде ашылуын қамтамасыз етіп, қаржының толық игерілуін бақылауда ұстау қажет.

Мойынқұм ауданында – 8 балабақша, 7 шағын орталықта 730 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 29,3-ды құрайды.

2010 жылы барлығы 150 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланса, 150 орындық 6 шағын орталық жоспарға сәйкес 1 қыркүйек күні толық ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 5,8%-ға артты.

Республикалық бюджеттен бөлінген жоспардағы 1,554 млн. теңге толық игеріледі.

Т.Рысқұлов ауданында – 9 балабақша, 16 шағын орталықта 1380 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 34,2-ды құрайды.

2010 жылы барлығы 630 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 200 орындық 5 шағын орталық және жұмыс істеп жатқан балабақша мен шағын орталықтар жанынан қосымша 325 орын ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар саны 525 балаға, қамту үлесі 13%-ға артты.

Республикалық бюджеттен бөлінген жоспардағы 18,478 млн. теңгенің 13,427 млн. теңгесі игерілсе, 5,051 млн. теңге игерілмеді.

Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен 55 млн. теңгеге жеке тұлғалардан 190 орындық орындық жалға алып отырған 2 балабақша ғимараты және бос тұрған 140 орындық 1 балабақша ғимараты сатып алынды.

«Жол картасы» шеңберінде Құлан ауылындағы 140 орындық балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 10 млн. теңге, Құмарық ауылындағы балабақшаға 5 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімдігі жыл соңына дейін ашылуы тиіс 105 орындық шағын орталық пен қосымша топтың мерзімінде ашылуын қамтамасыз етіп, қаржының толық игерілуін бақылауда ұстау қажет.



Сарысу ауданында – 6 балабақша, 5 шағын орталықта 830 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 31-ды құрайды.

2010 жылы барлығы 175 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 75 орындық 2 шағын орталық және жұмыс істеп жатқан балабақша мен шағын орталық жанынан 75 орындық 3 қосымша топ ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар саны 150 балаға, қамту үлесі 5,6%-ға артты. Жыл соңына дейін жоспардан тыс 25 орындық 1 шағын орталық ашу жоспарланып отыр.

Республикалық бюджеттен бөлінген жоспардағы 7,494 млн. теңгенің 2,045 млн. теңгесі игерілсе, 5,449 млн. теңге игерілмеді.

Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен Саудакент ауылындағы 280 орындық балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу үшін 20 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімдігі жыл соңына дейін ашылуы тиіс 50 орынның мерзімінде ашылуын қамтамасыз етіп, қаржының толық игерілуін бақылауда ұстау қажет.

Талас ауданында – 14 балабақша, 10 шағын орталықта 1635 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 51,2-ды құрайды.

2010 жылы барлығы 900 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 425 орындық 10 шағын орталық ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 13,3%-ға артты.

Республикалық бюджеттен бөлінген жоспардағы 13,440 млн. теңгенің 6,079 млн. теңгесі игерілсе, 7,361 млн. теңге игерілмеді.

Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен 40 млн. теңгеге барлығы 400 орындық 2 балабақша ғимараты сатып алынып, әрқайсысын күрделі жөндеуден өткізу үшін 4 млн. теңге бөлінген.

Аудан әкімдігі жыл басында ашылуы жоспарланған 475 орынды ашу мүмкіндіктерін қарастырып, қаржының толық игерілуін бақылауда ұстау қажет.

Шу ауданында – 13 балабақша, 7 шағын орталықта 1435 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 23,7-ды құрайды.

2010 жылы барлығы 325 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 125 орындық 5 шағын орталық және жұмыс істеп жатқан балабақша жанынан 75 орындық 3 қосымша топ ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар саны 200 балаға, қамту үлесі 3,3%-ға артты.

Республикалық бюджеттен бөлінген жоспардағы 10,501 млн. теңгенің 5,703 млн. теңгесі игерілсе, 4,798 млн. теңге игерілмеді.

140 орындық 1 балабақша ғимараты тегін қайтарылса, 5 млн. теңгеге 120 орындық 1 балабақша ғимараты сатып алынып, ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджет есебінен 170 млн. теңге бөлінді.

Аудан әкімдігі жыл соңына дейін ашылуы жоспарланған 310 орынды мерзімінде ашылуын қамтамасыз етіп, қаржының толық игерілуін бақылауда ұстау қажет.

Тараз қаласында – 30 балабақша, 21 шағын орталықта 12718 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 71,1%-ды құрайды.

2010 жылы барлығы 1620 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 320 орындық 1 балабақша, 500 орындық 8 шағын орталық және жұмыс істеп жатқан шағын орталықтар жанынан 375 орындық 15 қосымша топтар ашылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар саны 1195 балаға, қамту үлесі 6,7%-ға артты.

Республикалық бюджеттен бөлінген жоспардағы 51,959 млн. теңгенің 29,997 млн. теңгесі игерілсе, 21,962 млн. теңге игерілмеді.

Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен 390 орындық 2 балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу үшін 261 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімдігі жыл соңына дейін ашылуы жоспарланған 580 орынды мерзімінде ашылуын қамтамасыз етіп, қаржының толық игерілуін бақылауда ұстау қажет.

Дегенмен, аудандар мен Тараз қаласында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстармен қатар, шешімін табуды қажет ететін бірқатар мәселелер бар. Атап айтқанда:



1. Жоспарланған қаржының мерзімінде игерілмеуі

2010 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша ашылған 4795 орынға 149,907 млн. теңге жоспарланған, оның 92,449 млн.теңгесі немесе 62%-ы игерілсе, 57,458 млн. теңгесі (38%) игерілмеді.



2. Мектепке дейінгі ұйымдардың мерзімінде ашылмауы

Сондықтан, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері ашылуы жоспарланған мектепке дейінгі ұйымдарды мүмкіндігінше ерте ашу қажет.

Немесе облыс әкімінің 17.08.2010 жылғы №17 хаттамасында атап көрсетілгендей, жоспардағы 1650 орындық шағын орталықтар мен балабақшаларды пайдалануға бергенге дейін әрбір жұмыс істеп тұрған балабақша және шағын орталықтарға кейін ауыстыру тәртібімен 10% деңгейінде балаларды қабылдауды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу қажет.

3. Мектепке дейінгі ұйымдарда күрделі жөндеу жұмыстарының баяу жүргізілуі

Меркі ауданы Қостоған ауылындағы, Шу ауданы Төле би ауылындағы және Шу қаласындағы балабақшалардың жөндеу жұмыстары бүгінгі күнге дейін басталған жоқ.




  1. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі төмен

Облыс бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 41%-ды құрайды (республикалық орташа көрсеткіш - 40%).

Басқа аудандармен салыстырғанда мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі Меркі (16,9%), Шу (23,7%), Қордай (24%) аудандарында төмен.



  1. Мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивтік топтар ашу

Аудандар мен Тараз қаласындағы бірде-бір мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін, дамытатын инклюзивтік топтар немесе кабинеттер жоқ.

Бүгінгі күні аудандар мен Тараз қаласында мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалар үйде, арнайы интернаттарда оқытылса, мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиеленуіне ешбір мүмкіндік болмай отыр.



  1. Балабақша ретінде пайдалануға болатын ғимараттарды қайтару немесе сатып алу кезінде қажеттілікті анықтау

Кейбір аудандарда ғимараттарды сатып алу барысында оның сол елді мекендегі тұрғындарға қажеттілігі, пайдалануға берілу мерзімі, күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыны ескерілмеген.

Мысалы, Талас ауданында әрқайсысы 20 млн. теңге тұратын 400 орындық 2 балабақша ғимараты сатып алынғанмен, аталған ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу үшін қосымша 384 млн. теңге қажет болды. Сондай-ақ, 2 балабақша ғимараты қазіргі таңда тұрғын саны аз бір мөлтек ауданда, қаланың шетінде, бұзылған үйлердің арасында орналасқан.

2010 жылы сатып алынған 10 ғимараттың ағымдағы жылы тек 4-і ғана пайдалануға берілсе, Талас ауданындағы - 2, Жамбыл ауданындағы 2 балабақша ғимараттарын ашу алдағы жылдарға ауыстырылды. Ал, Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімі аудандағы жұмыс істеп жатқан 190 орындық 2 балабақшаның жалға алып отырғандығын ескермей, 2010 жылы сатып алу есебінен ашылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізген.
Облыстық іс-шаралар
«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» облыстық байқауы
(4 тамыз)

Тараз қалалық мәдениет үйінде облыстың жергілікті атқарушы органдарында қызмет істейтін мамандардың қатысуымен «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауы өткізілді. Мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында тіл мәдениетін көтеру, мамандардың іс жүргізудегі біліктіліктерін арттыра отырып, мемлекеттік тілде іс жүргізуші мекемелерді, сондай-ақ, байқауға қатысушы қызметкерлерді моральдық және материалдық тұрғыдан көтермелеу болып табылады.

Байқауға облыс әкімдігінің басқармалары және аудандар мен Тараз қаласында өткізілген байқаулардың жеңімпазы атанған 13 топ қатысты.

Байқаудың бас жүлдесіне Шу ауданының «Шуақты Шуым» тобы;

1 орынға Меркі ауданының «Бәйтерек» тобы;

2 орынға облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шапағат» тобы;

3 орынға облыс әкімдігі білім басқармасының «Асылмұра» және Т.Рысқұлов ауданының «Бәйтерек» топтары ие болды.


Білім қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі (23 тамыз)
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мәжіліс залында «Жамбыл облысының білім беру стратегиясының дамуы: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық аудандық, Тараз қаласы әкімдерінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының, облыстық маслихат хатшысының, техникалық және кәсіптік оқу орындары мен мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдарының, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандар мен тараз қалалық білім бөлімдерінің қатысуымен облыстық білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі өткізілді.
Қазақстанның үздік тауары (25 тамыз)
Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың 2006 жылғы 9 қарашадағы №194 Жарлығына байланысты, отандық тауар өндіруші кәсіпорындар мен компаниялардың өндірген тауарларының сапасын арттыру мақсатында «Қазақстанның үздік тауарлары» аймақтық көрме-конкурсы өткізілді.

Конкурс төмендегідей үш номинация бойынша өткізілді:



  1. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»

  2. «Халық тұтынатын үздік тауарлар»

  3. «Үздік азық-түлік тауарлары»

Конкурсқа облыс аудандары мен Тараз қаласынан 70-тен астам кәсіпорындар қатысты.

1. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша


І дәрежелі дипломмен «Казфосфат» ЖШС, ІІ дәрежелі дипломмен «Восточное рудоуправление» ЖШС, ІІІ дәрежелі дипломмен «Тараз металлургия зауыты» ЖШС марапатталды.

2. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен «Амангелді Газ» ЖШС, ІІ дәрежелі дипломмен «Айвенго» ЖШС, ІІІ дәрежелі дипломмен «Айналайын» ЖШС марапатталды.

3. «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен «Меркі сыр зауыты» ЖШС, ІІ дәрежелі дипломмен «Ақ ниет» ЖШС, ІІІ дәрежелі «ТаМак» ЖШС марапатталды.

«Ата Заңым – ардағым!» атты кең көлемді жастардың патриоттық акциясы (30 тамыз)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына орай «Инновациялық жобалар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ата заңым – ардағым!» атты кең көлемді жастар акциясы өткізілді.

Акция аясында қала тұрғындарына 13 мыңнан астам Қазақстан Республикасының Конституция кітапшалары 4 қоғамдық орында: 1) Орталық «Достық» алаңы; 2) «Small» супермаркеті; 3) Темір жол вокзалы; 4) Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті саябағында флеш-моб) таратылды.

Осы күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті саябағында «Инновациялық жобалар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ата заңым – ардағым!» атты кең көлемді жастар акциясы өткізілді. Аталған акция барысында жиналған 3000-ға жуық қала тұрғындарына викториналық сұрақтар мен әр түрлі ойындар ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама өткізілді.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шаралар (30 тамыз)
Жамбыл облысында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне байланысты ауқымды шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, 2010 жылғы 17 ақпандағы № 01-39.10 Қазақстан Республикасындағы мерекелерге дайындық және оларды өткізу жөніндегі ұсынымдарды ескере отырып, барлық мерекелік іс-шаралар еліміздің Негізгі Заңын құрметтеу дәстүрін, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді бекемдеуге бағытталды. Облыста «Тәуелсіз Қазақстанның Коституциясына 15 жыл. Еліміздің Ата Заңы демократиялық реформалардың негізі», «Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясына 15 жыл», «Еліміздің Ата Заңына – 15 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың кепілі», «Конституция – тұрақтылық кепілі», «Конституция – мемлекетіміздің негізі», «Ата Заңым – мақтанышым!» атты ғылыми-практикалық конференциялар, «дөңгелек үстел» отырыстары, акциялар, ашық сабақтар т.б. қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, кітапханалар мен мұражайларда Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Ата Заңым – ардағым!», «Еліміздің Ата Заңына 15 жыл» т.б. тақырыптық көрмелер мен бұрыштар ашылды.

Өңірде өткен барлық қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шараларға саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, этно-мәдени, діни бірлестіктер кеңінен тартылып, еліміздің жетістіктері, бейбіт және тыныш өмір, халықаралық аренадағы Қазақстан беделінің артуы Конституцияда белгіленген нормаларға негізделетіндігі түсіндірілді.

Салтанатты шараларға мәслихат депутаттары, өндіріс орындары мен ауылшаруашылығы саласының басшылары мен қызметкерлері, сот және құқық қорғау органдары, «Нұр Отан» және де басқа саяси партиялар басшылары, ардагерлер, зиялы қауым, шағын және орта бизнес, этномәдени орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жастар қатысты.

30 тамыз күні Тараз қаласындағы орталық «Достық» алаңындағы телемонитор арқылы Елбасының құттықтау сөзі, Астана қаласында өткізілген әскери шеру «Қазақстан» телеарнасынан «тікелей эфир» арқылы көрсетіліп, жиналған жұртшылық назарына ұсынылды. Сондай-ақ жергілікті өнер шеберлерінің үлкен мерекелік концерті, театрландырылған қойылымдар мен көпшілік серуендері, флеш-моб акциялары ұйымдастырылып, «Қазақстан Республикасының Конституциясы» кітапшалары (5000 дана) таратылды.

Сонымен қатар мереке күні облыс әкімі Қ.Бозымбаев Сингапурдағы І-ші жазғы жасөспірімдер арасында өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері, жерлесіміз Жәнібек Қандыбаевқа Тараз қаласынан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Осы күні кешкісін облыс орталығындағы «Достық» алаңында және Қазақстан Респуликасы Тұңғыш Президентінің саябағында жастардың «Ата Заңым, айбыным!» атты акциясы мен мерекелік концерт өтті.

Осындай мерекелік іс-шаралар барлық аудандарда да өткізілді.

Жалпы Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға 70 мыңнан аса адам қатысты.
«Спорт күні» кәсіби мерекесіне арналған бұқаралық-спорттық іс-шаралар (15 тамых)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 10 тамыздағы №70-7.77 «Спорт күні» кәсіби мерекесін республиканың барлық аймақтарында спорттық іс-шаралармен атап өту туралы тапсырмасына және 2010 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.Әшімбаевта өткен «Спорт күні» кәсіби мерекесінің дайындығына арналған кеңестің хаттамасына сәйкес облыс көлеміндегі өткізілген спорттық іс-шаралар туралы ақпаратты төмендегіше жолдайды.

Үстіміздегі жылдың 15 тамыз күні Тараз қаласының «Жастар стадионында» облыс әкімінің орынбасары М.Төлепбергеннің қатысуымен салтанатты жиын (700 адам), спорт ммамандарын, спортшыларды, спорт жанашырларын, спорт ардагерлерін спорт министрінің, спорт комитетінің, облыстық маслихаттың, «Нұр Отан» ХДП-ның, облыстық спорт басқармасының «Құрмет грамоталарымен» және «Алғыс хаттарымен» марапаттау рәсімі өтті.

Спорт мекемелері арасында спорттың (жеңіл атлетика, дартс, арқан тарту, шахмат, кіші футбол) түрлерінен спартакиада өткізілді. Жалпы спартакиадаға барлығы 304 адам қатысты. Жарыс жеңімпаздары арнайы диплом, медаль, Кубоктармен және жалпы командалық есепте орын алған командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен облыс әкімдігінің басқарма басшылары мен орынбасарлары арасында велоспорттан жарыс өткізіліп, 39 адам қатысса, мемлкеттік қызметкерлер (ерлер, әйелдер) арасында 50 м қашықтыққа еркін жүзуден жарыс өткізілді. Жарысқа 65 адам қатысты.

Тараз қаласының орталық стадионында сағат 18.30 облыс әкімінің қатысуымен облыс әкімдігі аппараты мен қала әкімдігі аппараты қызметкерлері арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Ойынға 28 адам қатысты.




Атқарылған іс-шаралар саны

Оның ішінде ауылдық жерде өткен іс-шаралар

Қатысқан адамдардың саны

Оның ішінде ауыл адамдары

1

138

117

12327

9471


Каталог: userfiles -> file
file -> В гости к Санта-Клаусу и Снежной Королеве 27-30. 12. 12
file -> Баукең ЖҰлдызды болған күн халықТЫҢ ЖҰлдызды болған күНІ
file -> «темекі түтінінен азат қазақстан үшін» Ұлттық одағЫ Қазақстандағы темекіге қарсы орталықтардың Қызметін ұйымдастыру
file -> БАҒдарламасы мазмұны кіріспе
file -> Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2013 жыл
file -> Модуль шифры мен атауы
file -> БАҒдарламасы «Жаңа білім беру үрдісінде колледждің көптілділікті іске асыру тәжірибесінен»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет