2011 жылға атқарылған жұмыстар туралы Новопокровка ауылдық округі әкімінің есебі. «ШҚо бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты»



Дата08.06.2018
өлшемі104 Kb.
#41220
2011 жылға атқарылған жұмыстар туралы

Новопокровка ауылдық округі

әкімінің есебі.
«ШҚО Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жұмысы ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, ҚР Конституциясын, Президент Жарлықтарын, Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулыларын және басқа нормативтік-құқықтық актілерді іске асыруда құрылады.

Әкім аппаратының қызметі Бородулиха ауданының даму бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ ең басты бағдарламалық құжаттардың бірі Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» Жолдауы болып табылады.

Новопокровка ауылдық округіне 3 жергілікті мекен кіреді: Новопокровка, Сарноғай, Қарағайлы ауылдары. Ауылдық округ тұрғындарының саны 2011 жылдың 1 желтоқсанына 3 003 адамды құрайды, олардың ішінде Новопокровка ауылында 2 741 адам, Сарноғай ауылында – 181 адам, Қарағайлы ауылында – 81 адам тұрады. Ауылдық округте 15 ұлт өкілдері тұрады.

Әлеуметтік-демографиялық құрамы тұрғындардың жалпы санынан келесідей үлгіде көрінеді:

- зейнеткерлер – 720 адам, студенттер – 79 адам, оқушылар – 402 адам, мектепке дейінгі балалар – 207 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 849 адам, жұмыс істейтіндер – 661 адам.

Білім

Ауылдық округ аймағында, Новопокровка ауылында 2 орта мектеп бар: Новопокровка орта мектебі және мемлекеттік тілде оқытатын М. О. Әуезов атындағы орта мектебі. Екі мектепте 402 оқушы оқытылады. Мектепке дейін жеткізу ұйымдастырылған: Сарноғай ауылынан - 14 оқушы, Арбузное ауылынан –13 оқушы, Дюсекен бекетінен - 8 оқушы.

Ауылдық округ мектептерінде ыстық тамақтандыру бағдарламасы жалғасуда. Аз қамтылған отбасыларының 130 балалары жалпы білім беру қоры есебінен тамақтанады: Новопокровка орта мектебінде 63 оқушы және М. Әуезов атындағы орта мектебі 67 оқушы. М. Әуезов атындағы орта мектебінде 25 балаға «Айгөлек» шағын орталығы қызмет етеді.

Мектеп оқушылары жыл сайын бірдейленген ұлттық сынақ бойынша көрсеткіштерін жақсартуда:

- «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ 2009 жылға – 63 %, 2010 жылға – 81,4 %, 2011 жылға – 94, 2 %;

- «Новопокровка орта мектебі» КММ 2009 жылға – 49,7 %, 2010 жылға – 76 %, 2011 жылға – 83,6 %.

Жаңа оқу жылында округ мектептерінде қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттардағы жаңа қолданбалы үйірмелер енгізілді.

Ел басының оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау барысында, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес ағымды жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы шегінде «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Акция жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу мақсаттарына бағытталған. Округте «Мектепке жол» акциясы үшінші жыл өткізілді. Жалпы округ кәсіпкерлерімен 93 000 теңгеден астам сомаға 17 балаға киімдер (спорттық костюмдер, аяқ киім) сатып алынды. Сондай-ақ акция шегінде округ тұрғындары үшін арзан бағалармен кеңсе тауарларын сату бойынша жәрмеңке өткізілді.

Округте 2 ауылдық және 2 мектептік кітапханалар бар. Новопокровка ауылы кітапханасының кітап қоры 23 409 кітапты құрады, ал Сарноғай ауылы кітапханасының қоры 5 850 кітапты құрайды. Ауыл кітапханашылары мемлекеттік және қоғамдық ісшараларды дайындауда және өткізуге белсенді қатысады. Округ оқушыдары үшін оқу мәдениетін насихаттау және тәрбиелеу мақсатында әр түрлі кітапханалық ісшараларды өткізеді.

Денсаулық сақтау

Ел басымыз халық денсаулығына үлкен назар аударады: «Салауатты өмір салты және адамның өз денсаулығына ынтымақтастық жауапкершілігінің қағидасы – міне осы денсаулық сақтау саласында және тұрғындардың күнделікті өмірінде мемлекетік саясаттың негізі болуы керек.

Новопокровка ауылында ауылдық дәрігерлік амбулатория және Сарноғай ауылында фелдшерлік акушерлік бөлімі қызмет етеді. Ауылдық дәрігерлік амбулатория округ тұрғындары үшін әр түрлі алдын-алу ісшараларын өткізеді. Ағымды жылы әйелдердің келесідей алдын алу бойынша тексерулері өткізілді: онкоцитология - 93 әйел, маммография – 98 әйел тексерілді. Сондай-ақ дәрігерлік амбулатория қан айналымы жүйесінің ауруларына 40 жастан асқан округ тұрғындарының тексерілуін ұйымдастырады.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік шаралардың жиынында басқа да маңызды көрсеткіштердің қатарында 2020 жылға туберкулез ауруын 20 % қысқартуы қажет деп көрсетілген. Берілген бағдарламаны орындаудың бірден бір жолы тұрғындар арасында флюорографиялық тексеруді өткізу болып табылады. Біздің округте ағымды жылдың 23-24 маусымында Бородулиха ауданының Медицина бірлестігінің қозғалмалы флюроографы жұмыс істеді. 2 күн аралығында 477 адам тексеруден өтті. Тексеру жұмыс істемейтін адамдар және зейнеткерлер үшін өткізілді.



Байланыс

Ауылдық әкімдіктің мекемесінде Қазпошта бөлімшесі және Қазтелеком филиалы орналасқан. 2011 жылы округте сымсыз байланыс өткізілді. Барлығы 58 нөмір орнатылды: Новопокровка ауылында - 50, Арбузное ауылында - 4 және Сарноғай ауылында - 4 нөмір. 2010 жылы Мегалайн Интернет қызметіне 50 абонент қосылды. Новопокровка ауылында Билайн ұялы желісінің ретрансляторы орнатылды.



Ауыл шаруашылық

Округте ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, қайта өндеу және сатумен айналысатын 19 шаруа қожалықтары, 1 ЖШС, 3 жай серіктестік қызмет етеді. 2010 жылмен салыстырғанда шаруа қожалықтарының саны азайды. Екі шаруа қожалығы енген, «Натали» жай серіктестігі құрылды. Алты қожалық басқа қожалықтардың құрамына енді.

Шаруа қожалықтарында – 21 560 га тіркелген, олардың ішінен – 18 982 га егістік жерлері, 2 564 га жайылым жерлері. Үлкен шаруа қожалықтары «Лада», «Исток-2», «Ақ-жайық», «Лина», «Натали» болып табылады. Дәнді дақылдар алаңы 2010 жылмен салыстырғанда 802 га ұлғайып, 8 157 га құрды. Күнбағыстың егістік алаңы 5 792, 6 га құрды. Округте жақсы өнім өсіріліп, жиналды, бидай өнімділігі 12,3 ц/га құрды, қара қимық өнімділігі 3,6 ц/га құрды, ал күнбағыс өнімділігі 3, 7 ц/га құрды.

«Лада» шаруа қожалығы өсімдік шаруашылығынан басқа мал шаруашылығымен және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеумен айналысады. Мал шаруашылығында 226 бас ірі қара бар, сонын ішінде сиырлар – 81 бас, шошқалар – 64 бас, қойлар – 67 бас, жылқылар – 20 бас. Барлық мал бастары бойынша ұлғайу болды. Қожалықта жарма дәндерін өндіру бойынша жармалауыш бар, ауысымда қайта өндеу көлемі 700 кг.

Округте 854 аула бар, олардың 611 жеке қосалқы шаруашылығы бар. 2011 жылдың 1 желтоқсанына округ бойынша жеке қосалқы шаруашылықтағы мал саны келесідей құралды: ірі қара – 2 432 бас, өткен жылмен салыстырғанда мал саны 202 басқа өсті, қойлар мен ешкілер – 3 348 бас, жылқылар – 189 бас, өткен жылмен салыстырғанда мал саны 18 басқа өсті, шошқалар – 836 бас, ол өткен жылмен салыстырғанда 40 басқа көп.

Тұрғындар малын жаю үшін 12 үйір ұйымдастырылды, олардың 6 үйірі ірі қара, 4 үйір – ұсақ мал, 2 жас мал үйірлері Коростели және Колос жазғы жайылымдарына шығарылды. Ағымды жылға мал жаю сұрағы бойынша Новопокровка ауылында 5 жиналыс, Сарноғай ауылында - 1 жиналыс өткізілді.

«Лада» шаруа қожалығында жаңа мал сою алаңы салынды. «Ульдаринова Ж.» ЖК мал сою алаңында жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Новопокровка ауылының солтүстігіндегі мал қорымы қошалды және тазаланды.



Кәсіпкерлік

Округ аймағында қызмет ететін «Семейгидрогеология» ЖШС қазіргі уақытта Ұрджар ауданының Таскескен ауылында 220 млн. теңге жалпы сомасына су құбырының құрылысын жүзеге асыруда. Басқа жұмыстар бойынша келісімдік міндеттемелер 80 млн. теңгені құрайды. 30 млн. теңге сомасына іздеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда. Барлығы мекемеде 124 адам қызмет етеді.

Округ аймағында тұрғындарға азық-түліктің және халық қолданатын (сондай-ақ құрылыс) тауарлардың үлкен ассортиментін ұсынатын 10 дүкен және 1 бөлім, өндіріс тауарларын сататын 1 киоск қызмет етеді. «Лина» және «На Садовой» дүкендерінде округтің аз қамтылған азаматтарына азық-түліктерді сату үшін «Ардагер» әлеуметтік бөлімдері қызмет етеді. Ауыл қоғамдастықтарымен бірге негізгі азық-түлік тауарларының бағаларына күн сайынғы мониторинг өткізіледі. Сондай-ақ округте 2 дәріхана, 1 шаштараз, 1 тігін шеберханасы, аяқ киім жөндеу бойынша шеберхана қызмет етеді. «Хачатрян» ЖК наубайханасы округ тұрғындарын нан және нан өнімдерімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ 2011 жылы терең сорғыштарды жөндеу бойынша «Ремсервис» («Стецов Д. Г.» ЖК) цехы ашылды.

2011 жылдың 1 желтоқсанына Новопокровка ауылдық округі бойынша салық түсімдері келесідей жиналды: жер салығы – 386 301 теңге, мүлік салығы – 353 364 теңге, көлік салығы – 1 927 825 теңге, бір жолғы талондар бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалардан жеке табыс салығы – 133 249 теңге.



Әлеуметтік сұрақтар

Әкімдік қоғамдық ұйымдармен және учаскелік полиция инспекторымен бірігіп ырыс-берекесіз және аз қамтылған отбасылары арасында алдын алу жұмыстарын, материалдық-тұрмыстық тексеру актілерін жүргізді. Жыл басынан бастап 28 отбасы тексерілді. 6 ырыс-берекесіз отбасылары әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңеспен және әйелдер кеңесімен есепке алынды.

Округте жыл сайын арнайы әлеуметтік көмекті алушылар саны азаюда. Осы бағыттағы үлкен жұмысты жәрдемақы алушылар арасында асырауда болудан бас тарту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген учаскелік комиссия атқарды. АӘК алушылар арасында шын мәнінде жұмысқа қабілетсіз және аз қамтылған тұрғындар қалды. Барлығы АӘК 12 отбасы алады. Мемлекеттік балалар жәрдемақысына құжаттарды тоқсан сайын 45-48 отбасылары ресімдейді.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде – 8 адам тіркелген. Жұмыссыздардың күшімен жергілікті мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстар, судың алдын алу жұмыстары, тұрғындар санағы және басқа жұмыстар атқарылды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырған курстарда әр түрлі мамандықтар бойынша оқу жалғастырылды. Оқудан 14 адам өтті, келесі мамандықтар бойынша: шаштараз–модельер – 2 адам, бухгалтер - 1, сварщик - 1, автоэлектрик - 1, аспазшы - 2, тігінші - 1, электрик - 4, өндіріс технологы - 1, хатшы-референт – 1 адам. Әлеуметтік жұмыс орындарына 5 адам орналастырылды.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының» 3 бағыты бойынша 2 адам өз бизнесін дамыту несие алу үшін бизнес жоба ресімдеді.

Ауылдық округте 6 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, олардың үшеуі мүмкіндіктері шектеулі балаларға қызмет етеді, үшеуі жалғыз басты зейнеткерлерге қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік тіл

Округте мемлекеттік тілді дамыту, енгізу және пайдалану бойынша жұмыс жүргізіледі. Қазіргі күні округтің мемлекеттік мекемелерінде ісқағаздар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Ауылдық округтің мемлекеттік және басқа да мекемелерінде (мектептер, аурухана, пошта, байланыс, кітапхана және т. б.) хабарландырулар, маңдайша жазулар, баға көрсеткіштері, бланкілер және басқа да көрнекті ақпараттар, соның ішінде мөрлер мен мөртабандар ҚР «ҚР тілдер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады (ресімделеді). Жұманың әр сәрсенбісінде округтің мемлекеттік мекемелерінде «Мемлекеттік тіл күні» өткізіледі. Округтің әкімдігі мен мектептерінде мемлекеттік тіл редакторлары қызмет етеді.

Ағымды жылдың 15 қазанынан бастап мемлекеттік тілді оқу бойынша сабақтар өткізіледі. Аулымызда қазір 30–дан астам ауыл тұрғындарын қамтыған екі үйірме жұмысын жалғастыруда. Үйірменің бірі аулымыздағы «Семейгидрогеология» ЖШС қызметкерлерінен жасақталған. Аталған мекеменің директоры С. Т. Жакуповқа үйірмені ұйымдастыру жөнінде хабар алысымен-ақ сөзбұйдаға салмай, сабақ өткізуге жеке бөлме бөліп, тақта, компьютерлік презентация көрсетуге арналған экран орнаттырғаны, үйірмені ұйымдастыруда көмек көрсеткені үшін рахмет. Екінші үйірме аулымыздағы Новопокровка орта мектебінің мультимедиялық кабинетінде жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді оқытатын топтарда әр түрлі мамандықтар бойынша адамдар жиналды: жеке кәсіпкерлер, бухгалтерлер, шаруа қожалықтары, «Қазпошта», «Қазтелеком» АҚ және «Белағаш топтық су құбыры» КМК қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ үй шаруасындағылар мен жұмыссыздар.

2011 жылдың қазанынан бастап округте татар тілінің сабақтары басталды. Округте татар халқының тілін және мәдениетін оқуға ниет білдіргендер саны көп болды. Татар тілін оқитын оқушылар екі топқа бөлінген. Әр топта 13 адамнан. Топтарда түрлі жастар және ұлттар жиналды. Татар тілінің сабақтарын округте «Ляйсан» татар этно-мәдини бірлестігінің басшысы, білімі бойынша ұстаз Найля Агзамовна Давлетшина жүргізеді. Сабақтар Новопокровка орта мектебінде жұмасына бір рет өткізіледі. Татар тілін оқумен, біз Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындаймыз. Себебі, бағдарламаның төтінші бағытының «Лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау» нысаналы индикаторларының бірі ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесін көбейту болып табылады.

Ісшаралар

2009 жылдан бастап қызмет ететін «Ляйсан» татар ұлттық-мәдени орталығы әр түрлі мәдени ісшараларға қатысады. Орталықты республикалық ісшараларға да шықыратын болды. Осылай, ағымды жылдың наурызында ляйсандықтар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының жұмысына қатысып қайтты. Сәуірде «Ляйсан» орталығы татар ұлтының аса құрметті ақыны Габдулла Тоқайдың 125-жылдығына арналған Өскемен қаласының Достық үйінде өткізілген мерекелік ісшарада Шығыс Қазақстан облысының жалғыз өкілдері болды. Сондай-ақ орталық Шығыс Қазақстан халықтары Ассамблеясының 17 отырысының жұмысына, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» түсіндіру бойынша аудандық семинарға, қалалық Сабантойда және басқа да аудандық және облыстық деңгейдегі ісшараларға қатысты.

Округте барлық үлкен мәдени ісшаралар мекемелердің, жеке кәсіпкерлердің және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен өткізіледі. Мемлекеттік мерекелер кең тойланады. Жәрмеңкелер мен спорттық сайыстарды қосатын Тәуелсіздік күні, Наурыз және Жаңа жылды мерекелеу сияқты ісшаралар округтің көп тұрғындарын жинайды.

Клуб ғимараты жоқ. Мәдени ісшараларды өткізу орны округ мектептері болып табылады. «Туған жерге тағзым» акциясы шегінде 2011 жылдың 16 қарашасында темір жол переездінде орналасқан, «Эдем» жол бойындағы комплексінің ашулуы өтті. Ашылу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. «Семейгидрогеология» ЖШС ғимаратында «Гидрогеолог» клубына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамдық ұйымдар, төрағасы Н. И. Яровой - алдагерлер кеңесі, төрайымы Н. А. Давлетшина - әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесімен жұмыс жүргізіледі. Барлық кеңестер барлық қоғамдық, мәдени ісшаларға белсенді қатысады.

«Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның өркендеуі» акциясы шегінде ағымды жылдың қарашасында Семей қаласының мұғалімдерінің, дәрігерлерінің, шаштараз, спортшылардың және әртістерінің өкілдері келді. Автокараван келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған болатын. Тұрғындарды келесідей дәрігерлермен қабылдау ұйымдастырылды: эндокринолог, кардиолог, пульмонолог, балалар гематологы және жас өспірімдер наркологы. Қалалық Мәдениет үйінің әртістері концерттік бағдарлама ұсынды. Семей қаласының № 36 мектеп мұғалімдері және «Арман» балабақшасының тәрбиелеушілерімен бірнеше мастер-класс сабақтары ұйымдастырылды. Сондай-ақ базар бағаларынан төмен бағалармен ұсынылған азық-түліктер сатылған жәрмеңке өткізілді.



Округтің көгалдандырылуы

«Шыңғыс Тас» ЖШС директорымен жасалған меморандумға сәйкес 2011 жылғы сәуірдің аяғында Жура өзенінің бойында, ауылдың оңтүстік және солтүстік бөліктерінде тұрғындардың малдарына су болу үшін 2 су ағының реттейтін бөгеттер құрылды.

Қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонына құжаттар ресімделді. 2011 жылдың маусымында Новопокровка ауылының солтүстік бөлігінде орналасқан уақытша полигонның тазалау өткізілді. Новопокровка орта мектебінің ауданындағы бір бекітілмеген күресін тазаланды. Жеке аулалардағы қоқысты жинау сенбіліктер уақытында өткізілді. Округ тұрғындарына әр жұмалық сенбіліктерді өткізуде белсенді қатысқандары үшін алғысымызды айтамыз. Округтің әрбір көшесі қоқысты шығару үшін техника бөлген, шаруашылық субъектілеріне бекітілген. 90 м3 қоқыс шығарылды.

Көгалдандыру бойынша келесі жұмыстар жүргізілді: жолдарды грейдерлеуді «Исток-2» (басшысы - В. В. Лубинский), «Людмила» (басшысы - И. П. Кавалеров), «Ақ-жайық» (басшысы - М. Т. Жаймұхамедов) шаруа қожалықтары өткізді. Сондай-ақ Сарноғай, Арбузное ауылдарында жол үйінділерін көтеру өткізілді.

Округ бойынша 430 ағаштар мен көшеттер отырғызылды, 5 гүл өсіру жерлері жасалды. Новопокровка, Сарноғай ауылдарында екі жеңіс алаңы тазаланды. Зират қоршауларына ағымды жөндеу жүргізілді. Жасылелдіктердің күшімен мектеп саябағы тазаланды. Еріген судың өтетін құбырлары, трубалар, кюветтер тазаланды.

Округте 73 иттер ұсталынды, олардың 20 жергілікті мекендерден тыс жерлерде атылды.

Қысқы жолдарды тазалау учаскелері шаруашылық субъектілерінің басшыларына бекітілген. Олардың қызметтерінің арқасында округтің жергілікті мекендерінде көліктердің жүруі іске асырылады.

Нөлдік километрден Новопокровка ауылына дейінгі жол телімінде және Новопокровка ауылында 13 ескерту және шектеу жол белгілері қойылды. Екі мектептің қасында «Абайлаңыз балалар» белгілері орнатылды. Әкімдік алдыңда «жаяу өту» белгісі орнатылған. Гагарина, Семилетка және Советская көшелері бойынша 400 тонна мөлшерінде шұңқырларды себу ұйымдастырылды. Округ стеллалары мен баннерлер жаңартылды.

Ақырғы жылдарда болған округ тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесі 2010 жылдың тамызында «Шаруашылық жүргізу құқығындағы Белағаш топтық су құбыры» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның ашылуымен шешілді. КМК Новопокровка ауылы мен Арбузное ауылының 5 су құбыры мұнараларын біріктірді. Су құбыры жүйесінің толық ұзындығы 24,7 км құрайды.

Орталық су құбырының тұтынушылары барлығы - 468 аула, ол тұтынушылардың 95 % су өлшемдерін құрды. Су құбыры «ШҚО Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ балансына қойылды. Аудан бюджетімен құжаттарды ресімдеу үшін қаражаттар бөлінді: техникалық паспортты ресімдеу – 350 мың теңге, жерге мемлекеттік актіні ресімдеу - 550 мың теңге. КМК техника сатып алу үшін аудандық бюджеттен 8 841, 0 мың теңге сомасына қаражаттар бөлінді. Келесідей техникалар сатып алынды: УАЗ–390945-330 (шаруа), ЭО-2621 экскаватор-бульдозері, ЭЦВ 8-25-125 сорғысы және ЭЦВ 6-10-110 сорғысы, СУЗ-25, СУЗ-40. Сондай-ақ 193 мың 450 теңге сомасына ұйымдастыру техникалары (компьютер, принтер, факс) сатып алынды.

2011 жылы жылу жүйесіне және әкімдік мекемесінің жабынына ағымды жөндеу жүргізілді.

Электрмен қамтамасыз ету

Округтің жергілікті мекендері электрондалған. Аймақта «ВК РЭК» АҚ жататын желілік телім қызмет көрсетеді. Округтегі желілердің техникалық жағдайы жақсы.

2011 жылы Новопокровка ауылында ВЛ 10 кВ № 2 ПС 110/35/10 – 28,72 км толық жөндеу жүргізілді, 2 дана тіректер ауыстырылды, ж/б қосымшалары орнатылды – 7 дана, 14 өткіндегі сымдар ауыстырылды, 4 укос орнатылды, 3 контур қалпына келтірілді. Ал Арбузное ауылында қайта толтыру өткізілді, тіректер ауыстырылды – 6 дана, екі фазадағы сымдар қалпына келтірілді. Арбузное ауылында КТП ауылдың басына ауыстырылды, толық жөндеу жүргізілді. Сарноғай ауылында № 5-29 КТП толық жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 12 дана тіректер ауыстырылды, 9 дана түзетілді. Ауылдық округте кесулер, қайта тарту, оқшаулатқыштарды ауыстыру, тұтқырлықтарды ауыстыру, нөмірлеу, ВЛ ұзындығы бойынша жүктемені бірдейлендіру жүргізілді. Екі орталық қосалқы станциялар біріктірілді.

Спорттың дамуы

Бородулиха ауданындағы дене шынықтыру мен спорт мақсаттық бағдарламасын іске асыру барысында осы жылдың басынан бастап округте спорттық ісшараларды ұйымдастыру мен өткізу үшін спорт нұсқаушы ставкасы бөлінді.

Футбол, баскетбол және волейбол (ер және әйел) командалары, армрестлинг, шашки, шахматтар, үстел үсті теннисі, содай-ақ тоғыз-құмалақ жұмыс істейді. Округте 9 секция қызмет етеді: ерлер футболы бойынша – 35 қатысушы, 52 оқушы, баскетбол бойынша – 72 жігіттер және 78 қыздар, волейбол бойынша - 177 жігіттер мен қыздардан жиналған қатысушылар, армрестлинг - 36, шашки - 23, шахматтар -18, үстел үсті теннисі - 65, тоғыз-құмалақ - 29 қатысушылар. Қатысушылар саны 750 адам немесе ауыл тұрғындары санының 25 %. Спортшылар берілген спорт түрлері бойынша әр түрлі жарыстарда қатысады. Біздің округ спортшыларының ауылдан тыс жерлерге баруының жалпы саны 2011 жылға келесі көрсеткіштерді құрайды: ересектер арасындағы футбол - 11, кіші топ футболы – 10, баскетбол – 3, волейбол-10, қазақша-күрес - 11, шашки-шахмат – 3. «Қазақша-күрес» күресі бойынша балалар-жас өспірімдер спорттық мектебі қызмет етеді, олар М. Әуезов атындағы орта мектебінде шұғылданады. Секцияда - 48 оқушылар қатысады. Қазақша күрестің демеушісі «Семейгидрогеология» ЖШС директоры С. Т. Жакупов болып табылады. Жоғарыда аталған барлық спорт түрлері бойынша аудандық жарыстарда біздің спортшылар жүлделі орындарды иеленеді.

Ағымды жылдың 29 мамырында спорттың 11 түрі бойынша Бородулиха ауылында аудан әкімі сыйлығына XV халықтық спорт ойындары өткізілді. Спортакиадада біздің округтен 60-тан астам спортшылары қатысты, олардың 50-і 14-тен 28 жасқа дейінгі жастар. Жалпы топтық есепте біздің округтің командасы 1 орынды иеленді.

Бірінші қадамдардың бірі Новопокровка спортшыларының Зенковка ауылындағы Дегелев кубогына және Орловка ауылындағы Байтасова кубогына футбол матчіне қатысуы болды, бұл ойындарда біздің спортшылар 2 орынды иеленді. Футбол бойынша аудандық спартакиадада 9 ауылдық округтің арасында біздің округтің футболшылары 2 орынға ие болды. Біздің округтің кіші тобы Семей қаласы әкімінің сыйлығына «Кожаный мяч» футбол бойынша турниріне қатысты. Нұрлан Құсмановтың есіне арналған баскетбол бойынша турнирде округ командасы 2 орынға ие болды. Шаруа қожалықтарының басшылары А. М. Романовтың, В. В. Лубинскийдің демеушілік көмегі арқаларында жоғарыда аталған спорт жарыстарына қатысамыз. Қысқы уақытта спорттық секциялар Новопокровка орта мектебінің спорт залына ауыстырылды. Жыл сайын кешкі уақытта Новопокровка орта мектебінің залында волейбол және баскетбол бойынша ауылдық және мектеп командаларының жаттығулары өткізіледі.

Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша 2011 жылға біздің округ 2 орынды иеленді, ол біздің округтегі жақсы өзгерістер туралы айтады. Бұл барлық ұйымдар мен ұжымдардың қарым-қатынасы және жұмысының нәтижесі. Осы сәтті қолдана отырып, жемісті жұмыстары, түсінігі және қолдауы үшін шаруа қожалықтарының басшыларына, мекеме басшыларына, қоғамдық ұйымдарға және тұрғындарға алғыс айтамыз.



Қазіргі уақытта ауылдық округі әкімінің аппараты Новопокровка ауылдық округінің мәселелерін шешу бойынша жұмыс атқаруда.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет