2013 ж. №1 редакция 152-тің беті


Желілік бағдарламалық жасақтама



бет20/28
Дата24.04.2017
өлшемі4,95 Mb.
#15146
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28

Желілік бағдарламалық жасақтама

Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен мәлімет алмасу үшін арнайы бағдарламалық құралдар қажет.

Негізінде базалық желілік бағдарламалық құралдар операциялық жүйелер құрамына кіреді немесе операциялық жүйе сәйкес бағдарламалармен толықтырылуы мүмкін. Желілік қамтылған операциялық жүйеге Windows XP мысалға келтіруге болады.

Желімен жұмыс кезінде компьютер екі рольді атқара алады:



  • Егер компьютер ақпараттар мен сервистерді желідегі басқа компьютерлерден алатын болса, онда мұндай компьютерлерді жұмыс станциясы деп атайды.

  • Егер компьютер өзінің ақпараттары мен сервистерін желідегі басқа компьютерлерге берсе, онда ол компьютер сервер деп аталады.

Сервер түрлі сервистарды ұсынады, соның ішінде ең көп тарағандары төмендегілер:

  • Файлдарды сақтау және беру (файлдық сервер);

  • Принтерге жіберу (баспаға шығару сервері);

  • Факстік хаттарды алу және жіберу (факс-сервер);

  • Электрондық пошта хаттарын алу, сақтау және тасымалдау (пошталық сервер);

  • Сайттарды орналастыру (Web-сервер).

Сервер ұсынған сервистер қызмет (служба) деп аталады. Бір серверде бірнеше қызмет атқарыла алады.

Серверден қажетті сервисті алу үшін серверлік операциялық жүйе құрамындағы қатысты бағдарламаны іске қосу қажет.

Сервер қызметтерімен жұмыс жасау үшін жұмыс станцияларынан клиент деп аталатын бағдарламаны іске қосу керек.

Клиенттік компьютерлерді және қызметтерді ұсынатын серверлері бар жергілікті желілер «клиент-сервер» технологиясы бойынша құрастырылған желілер деп аталады. Егер компьютерлер бірдей құқылы болса, онда бұл функцияның осы желінің барлық компьютерлерімен бірігу мүмкіндігі бар. Бірдей құқылы дербес компьютерден тұратын жергілікті желі бір рангті желі деп аталады.



Windows XP желілік операциялық жүйесі

Желілік мүмкіндіктер Windows XP операциялық жүйесінің құрамына енгізілген, тек баптауды және активтендіруді қажет етеді.

Егер компьютерде қандай да бір қызметтер активті болса, онда оларға желінің басқа компьютерлерінен кіру мүмкіндігін алуға болады.

Операциялық жүйеге файлдарға ену қызметі және баспаға шығару қызметі орнатылған.



Файлдық қызмет

Файлдық қызметтің міндетіне басқа дербес компьютерге оқу, өзгерту және жаңа файлдар құру мүмкіндігін қамтамасыз ету жатады. Бір файлмен көп қолданушы жұмыс жасаған жағдайда, олар бір-біріне кедергі жасауы мүмкін, сондықтан оларға файлды тек оқуға, яғни өзгертуге рұқсат берілмейді. Осыған орай файлдық қызмет ену құқығын шектейтін механизмді ұсынады.

Windows XP-де клиенттерге саны шектелмеген кез-келген қаптамаларға (каталогтар) ену мүмкіндігін ұсынуға болады. Сонымен қатар әрбір қаптама бірегей атқа ие және ол ресурс деп аталады.

Әрбір ресурсқа ену режимі анықталған:



  • Тек оқу – ақпаратты оқуға болады, бірақ оны өзгертуге болмайды;

  • Толық еркін ену мүмкіндігі – ақпаратты оқуға да, өзгертуге де болады;

  • Парольмен ену мүмкіндігі – берілген ресурспен жұмыс жасау үшін парольді білу қажет.

Баспаға шығару қызметі

Кей жағдайда барлық компьютерлерді жеке принтерлермен қамтамасыз ету қиындыққа түседі. Ондайда желіден арнайы бір компьютер принтерге қосылып, ол желідегі қалған клиенттердің барлық құжаттарын баспаға шығаруды қамтамасыз етеді.

Баспаға шығару клиенті мен сервері Windows операциялық жүйесінде қамтылған және баптауды қажет етеді. Ол үшін сервердегі принтерге ортақ ену мүмкіндігін орнату керек:


  • Пуск менюіндегі Принтеры и факсы командасын таңдау;

  • Қажетті принтер түрін таңдау;

  • Файл менюінен Ортақ ену (Общий доступ) пунктін таңдау және Берілген принтерге ортақ ену мүмкіндігі (Общий доступ к данному принтеру) командасының алдына белгі қою.

Барлық клиенттік компьютерлерде осы принтерге ену үшін оны желілік пронтер түрінде орнату керек. Бұл қарапайым принтерді орнату әдісімен орындалады, тек баптау барысында сәйкес Шебер терезесінде Желілік принтер (Сетевой принтер) батырмасын белгілеу қажет.

Ауқымды компьютерлік желілер

Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы бір-бірінен өте алыс орналасқан компьютердің (әр түрлі мемлекеттердегі, құрлықтардағы компьютерлер) өзара байланысын қамтамасыз етуі.



Логикалық ауқымды компьютерлік желі үш компоненттен тұрады:

  • Қолданушының жұмыс орны (қарапайым компьютерлер);

  • әр түрлі сервистармен қамтамасыз ететін серверлер (қуатты компьютерлер);

  • мәліметтерді тасымалдау желілері.


Сурет 6. Ауқымды компьютерлік желі.

Ауқымды компьютерлік желілер әртүрлі протоколдар бойынша жұмыс істейді. Қазіргі кезде кең тараған ауқымды желі – Интернет желісі, ТСР/IP протоколы негізінде құрылған.

Интернеттің негізін қалаған 1969 жылы АҚШ қорғаныс Министрлігінің сұрауымен құрылған ARPANet желісі болды.

Сонымен қатар басқа елдерде де халықаралық желілер құрылды. Қазір Интернет түрлі елдерде мыңдаған желілер мен жүздеген миллион қолданушыларды байланыстырып отыр.

Интернетке қосылудың физикалық принциптері.

Ауқымды желіге тікелей қосылу қымбатқа түседі, сондықтан қолданушылардың компьютерлері Интернет желісімен негізінен интернет-провайдерлер арқылы байланысады.



Интернет-провайдер - әртүрлі байланыс жүйесіндегі клиенттік компьютерлердің Интернетпен қосылуын қамтамасыз ететін компьютерлік түйін.

Демек, клиенттік компьютерде Интернетпен жұмыс жасау үшін сәйкес байланыс жүйесімен қосатын құралдың болуы жеткілікті.



Провайдермен байланысудың келесі түрлері бар:

Модемдік байланыс (сур.7). Ең қарапайым және арзан, сол себепті Интернетпен қосылудың ең кең тараған (тым болмаса өз елімізде) әдісі болып табылады.


Қатынау сервері

Телефон желісі

Жұмыс станциясы

Модем

Сурет 7. Интернетке модемдік қосылу

Мәліметтерді телефон желісі арқылы жеткізу құрылғысы модем деп аталады.

Модемнің негізгі атқаратын міндеттері:


  • телефон номірін автоматты түрде теру;

  • желінің келесі шетінде модеммен байланысты автоматты түрде орнату;

  • сандық мәліметтерді аналогтық сигналдарға ауыстырып, оларды байланыс желілеріне жеткізу;

  • байланыс желілерінен аналогтық сигналдарды қабылдап, оларды сандық мәліметтерге ауыстыру;

  • факстік хаттарды қабылдау және жіберу;

  • Автожауапкер (автоответчик) қызметін атқару.

Модемдік байланыстың ерекшелігі, Интернетпен байланысу сеансы кезінде телефон уақытша қызмет етпейді. Мұндай байланыстың теориялық байланыс жылдамдығы 56 Кбит/с-қа жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет