Ерекше қолданушы желісі (ADSL) (сур.8.)
Қарапайым модемнен айырмашылығы, ADSL модемі сигналдарды ауыстырмайды, бірден сандық түрде телефон желісіне жеткізеді. Интернетпен байланысу кезінде телефонның кәдімгі сөйлесуді қамтамасыз етуі бұл әдістің ерекшелігі болып табылады. ADSL байланысының теориялық жылдамдығы 7 Мбит-қа жетеді.
Сурет 8. ADSL арқылы Интернетке қосылу
Ұялы байланыс арқылы Интернетке қосылу мүмкіндігі. GPRS және CDMA (сур.10). бұл байланыстың ерекшелігі – Интернетпен байланыс кезінде ұялы телефон бос емес. GPRS үшін теориялық жұмыс жылдамдығы 128 Кбит-қа дейін жетеді.
Сур.8. GPRS каналы арқылы Интернетке қосылу
Ұялы байланыс арқылы қатынау (Wi-Fi). Wi-Fi технологиясы Интернетке жылжымалы компьютерлерден (ноутбуктер) қатынауды қамтамасыз етеді. Байланыстың теориялық жылдамдығы – 1Мбит/с. Әдетте бұл қосылу түрі қоғамддық орындарда (аэропорттарда, қонақүйлерде, сауда орталықтарында, офистер мен клубтарда) немесе ірі фирмалардың офистерінің қызметкерлері бір орыннан екінші орынға ауысу кезінде Интернетке жедел қатынау үшін қолданылады.
Интернетте ұсынылатын қызметтер. Қазіргі кездегі Интернет қолданушыларына ұсынылатын түрлі қызметтер тізімі өте көп. Соның ішінде өте кең тарағандары:
Электрондық пошта (e-mail) –электрондық хаттарды жіберу және алу;
Алыстағы компьютердегі файлдарға ену мүмкіндігін қамтамасыз ететін қызмет;
Бүкіләлемдік тор (WWW);
Интернет арқылы сөйлесу (IP);
Электрондық коммерция және банктегі счеттарды басқару;
Ақпарат іздеу (web-беттерді, файлдарды, қолданушыларды және т.б.)
Қолданушылар арасында өзара файлдармен алмасу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |