2014 жылғы 9 ай ішіндегі облыстағы мәдениет саласының
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
ақпарат
01.10.2014 жылғы жағдай бойынша облыста мәдениет және өнер ұйымдарының желісін 660 бірлік құрады, олардың ішінде: 299 клубтық мекеме, 323 кітапхана, 10 мұражай, 2 театр, 4 концерттік қызметті жүзеге асыратын ұйым, 9 Достық үйі және т.б.
Ағымдағы жылы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бюджеті 3 млрд. 236, 3 мың теңгені құрады, оның ішінде:
- ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекмелер мен ұйымдардың күрделі шығындарына (МТБН) – 157 093 миллионов теңге, оның ішінде:
- мұражайлардың УМТН 70824 мың теңге сомасында қаржы бөлінді.
Қаражат автомобильды, бейнебақылау камераларын, культиваторды, шағын тракторды, мониторды, сенсорлық мұражай дүңгіршектерін, компьютерлік техниканы, күзет орындарын, шлагбаумды, мұражай экспонаттарын және т.б. сатып алуға жұмсалды.
- облыстық кітапханалардың МТБН 25146 мың теңге бөлінді.
Қаражат «Кедергісіз кітапхана» жобасына, компьютерлік техниканы, стеллаждарды, автомобильды және т.б. сатып алуға жұмсалды.
- концерттік ұйымдардың, театрлардың, Достық үйдің МТБН барлығы 59123 мың теңге бөлінді.
Қаражат дыбыс және жарық аппаратурасын, кеңсе жиөазын, бейнебақылауды, сахналық костюмдерді, музыкалық аспаптарды және т.б. сатып алуға жұмсалды.
- мұрағаттардың МТБН (компьютерная техника) 2000 мың теңге бөлінді.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру аясында республикалық бюджеттен 128 жұмыс орнын ашумен ауылдық елді мекендерді дамытуға 264488 млн. теңге сомасында (23 жоба, оның ішінде 20 жоба - ауылдық МҮ және аудандық МҮ ағымдағы жөндеуі, 3 жоба – Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық МҮ, Глубокое ауданы Прапорщиков ауылдық МҮ, Семей қаласы Абай атындағы театрдың күрделі жөндеуі) нысаналы ағымдағы трансферттер бөлінді. Төлемақылар бойынша жете жоспарға сәйкес жобалардың қаржыландыруы мамыр айынан қараша айын қоса алғандағы мерзімге қарастырылған.
Ведомствоға бағынысты мәдениет мекемелерімен 7000-нан астам мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді, театрлармен 334 спектакль ойналды, оның ішінде мемлекеттік тілде 144 бірл. (43,1%), 11 жаңа спектакль қойылды. Театралдық өнер саласындағы жаға қойылымдар үлесі 3,3%-ды құрады.
Облыстық 4 кітапхананың кітап қоры 925,4 мың дананы құрады. Сатып алынған кітап қорының саны 12,6 мың дананы құрайды. Облыстық кітапханалары оқырмандарының жалпы саны 59,1 мың адамды, келушілер саны 577,5 мың адамды құрайды.
Облыс бойынша мұражай қоры 422,08 мыңнан астам экспонат құрады, мұражай қоры 6,2 мың экспонатқа толықтырылды, мұражай қорының жаңартылу үлесі 1,46 % құрады. Облыс мұражайларына келушілер саны 612,583 мың адамды құрады.
Ағымдағы жылы бірқатар ірі мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді:
- 17 қаңтарда А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Алтай-Ертіс кітапханасы» кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті;
- 12 ақпанда Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын қолдау мақсатында Өскемен қаласында «Мәңгілік ел» акциясы өтті. Бұл шараға Тоқтар Әубәкіров, Асанәли Әшімов, Несіпбек Айтұлы, Светлана Ферхо және т.б. қатысты;
14-15 ақпанда Өскемен қаласында «Astana Ballet» мемлекеттік театры республика бойынша жаңа гастрольдық маусымын ашты. Екі күн бойы қала тұрғындарына әлем ұлттық хореографиялық өнерінің үздік дәстүрлерін қамтып көрсететін концерттік бағдарламаны тамашалауға керемет мүмкіндігі ұсынылды. Сан жанрлы және оның үстіне тұтас репертуар әлем халықтары – қазақ, түрік, үнді, қытай билерінің, сондай-ақ, Н. Римский-Корсаковтың музыкасына жазылған «Шехерезада», К. Караевтың «Семь красавиц», А. Бородиннің «Половецкие пляски» сынды би нөмірлері әлем классикасы төлтума шедеврларының көркем әр алуандығын көрсетті. Сонымен бірге, жұртшылық «Қарлығаш», «Қыз Жібек», «Құс жолы» дәстүрлі қазақ билері көрініс тапқан бірегей хореографиялық композицияларының қойылымдарын тамашалады;
- «Менің Қазақстаным» облыстық суретшілер конкурсы өтті;
- облыс жастарының вокалдық шеберлігін дамыту мақсатында 2014 жылдың 18 ақпанында Өскемен қаласы Металлургтер Мәдениет сарайында «Жас қанат» атты жас орындаушылар облыстық конкурсы өтті. Облыс өңірлерінен «Жас қанат» конкурсына қатысуға 36 жас орындаушы өтінімін білдірді. Жюри шешімі бойынша Семей қаласынан Тұрлыбеков Саяхат, Түтінов Нұрлан, Өскемен қаласынан Джаутиков Данияр, Абай ауданынан Сағатов Дәулет, Үржар ауданынан Исмаилова Диана «Жас қанат» атты жас орындаушылар облыстық конкурсының жеңімпаздары болып атанды.
26-27 наурызда ҚХР-да ШҚО күндері өтті. ШҚО мәдени күндері Наурыз мейрамына орайластырылып өткізілді. Іс-шара барысында ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен ҚХР Синцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы Тарбағатай округінің мәдениет басқармасы арасында мәдениет ынтымақтастығы жөнінде шартқа қол қойылды. Сонымен бірге, ауыл шаруашылық жәрмеңке, Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармониясының «Наурыз-Думан» гала-концерті өтті;
9 сәуірде РФ Алтай өлкесі Барнаул қаласында ШҚО күндері өтті. Аталмыш іс-шараның бағдарламасында ресми кездесулер, халықтық серуендер, қазақ ұлттық тағамдардың сайысы, ШҚО мен Қазақстанның үздік шығармашылық ұжымдарының концерті өтті;
Абай мен Шәкәрім шығармалары бойынша «Абай-Шәкәрім» ораториясы 11 сәуірде Өскемен қаласында, 3 мамырда – Семей қаласында, 16 мамырда - Астана қаласында орындалды;
7 мамырда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен Қабанбай батыр ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті;
21 мамырда ШҚО әкімі Б.М. Сапарбаевтың өңірдің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан облыстың шығармашыл зиялы қауымымен кездесуі өтті;
маусым ацында «Туған ел - алтын бесігім» атты акция Зырян, Бесқарағай, Катонқарағай, Шемонаиха аудандарында өтті;
шілде айында «материалды емес мәдени мұра: қорғау, кеңінен тарату, мәдени құндылықтарды келесі ұрпақтарға табыстау» атты халықаралық семинар-кеңес өтті;
тамыз айында «Туған ел - алтын бесігім» атты акция Аягөз, Көкпекті, Глубокое, Үржар аудандарында өтті;
тамыз айында Солжағалау кешеніндегі этноауылда «Еураз-шоу»ән театрының, «Дариға-ай» жастар театрының, облыстық Достық үйінің, облыстық филармонияның концерттік бағдарламалары ұйымдастырылды;
3 маусымда Мажарстан астанасы Будапешт қаласында ұлы қазақ ақыны, ағартушысы, ойшылы Абайға ескерткіш орнатылды, ескерткіштің ашылуы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың ресми сапары барысында өтті. Сонымен қатар, іссапар барысында ШҚО әкімдігі мен Хайду-Бихар облыстық муниципалитеті арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
- 13 қыркүйекте Өскемен қаласының күнін мерекелеу құрметіне «Алтын Алтай» атты республикалық фестиваліне ШҚО тумалары өнер жұлдыздары қатысты. Сондай-ақ фестивальдің арнайы қонақтары ретінде «Ottawan» француздық тобы және итальян әншісі «Ingrid» шақырылды.
- 12 қыркүйекте Өскемен қаласында Солжағалау кешеніндегі этноауылда «Алтай – халықтар достығының алтын бесігі» атты Халықаралық форум өтті.
Форумға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ресей, Қытай, Моңғолия, Қырызстан ғалымдары, ҚҒА қылыми-сараптама кеңесінің мүшелері, ҚР облыстары мен ШҚ аудандарының Достық үйлерінің директорлары, этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
- 20 қыркүйекте Өскемен қаласында«Жан серігім – гитара» атты II республикалық гитарашылар фестивалі өтті. Фестивальға танымал гитарашылар мен жас орындаушылар қатысты.
- 26-27 қыркүйекте ШҚО күндері Алматы қаласында өтті. Осы іс-шара аясында Астана алаңында облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының концерті және ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді.
- 2 қазанда облысымызда алғаш рет облыстық "Мүмкіндіктер фестивалі" өткізілді. Аталмыш фестивальдің мақсаты – бірегей мүмкіндіктері бар адамдарға рухани және мәдени қолдау көрсету болып табылады.
Тура нәтижелер көрсеткіштері
|
Өлшем
бірл.
|
2014 ж. 9 айы
|
Жоспар
|
Іс жүзінде
|
Орындалу %
|
Облыс тұрғындарының мәдениет саласының қызмет сапасына қанағаттанушылық деңгейі
|
бірл.
|
70
|
68
|
97,1%
|
1.1.1 міндет. Облыстың тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау, дамыту
және дәріптеу
|
1. Туристік қызығушылық туғызатын тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны
|
бірл.
|
18
|
17
|
94,4%
|
2. Облыстың ұлттық тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар жөндеуден өткен ескерткіштер саны
|
бірл.
|
15
|
15
|
100%
|
3. Мұражай экспонаттарының санын арттыру
|
мың
бірл.
|
416,9
|
422,1
|
101,2 %
|
5. Мұражай қорларын жаңарту үлесі
|
%
|
1,6
|
1,47
|
91,8 %
|
1.1.2 міндет. Мәдениет саласы отандық өнімі қажеттілігінің өсуін ынталандыру
|
1. Шығармашылық халықаралық конкурсқа қатысатын жас орындаушылардың санын арттыру
|
адам
|
21
|
341
|
195 %
|
2. Өткізілген мәдени-көпшілік
іс-шаралар саны
|
бірл.
|
7524
|
6713
|
89,22 %
|
3. Ойналған театр қойылымдарының
жалпы саны
|
бірл.
|
575
|
334
|
58%
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
театрдың жаңа қойылымдарының саны
|
бірл.
|
26
|
11
|
42,3%
|
4. Кітапхана оқырмандарының саны
|
мың
адам
|
63,6
|
59,1
|
92,9%
|
5. Кітап қорын жаңарту үлесі
|
%
|
3,2
|
1,4
|
12,6 мың дана / 925,4 мың дана
|
1.1.3 міндет. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып,
халықтың мәдени құндылықтарға қолжетімділігін кеңейту
|
1. Кітапханалардың электрондық қызметін пайдаланушылар саны
|
мың
адам
|
28,7
|
224,5
|
85,4 %
|
2. Электрондық тізілімдемеге енгізілген кітапхана қорының үлесі
|
%
|
60,0
|
560,8
|
101%
(563мың дана / 925,563 мың дана)
|
3. Цифрлық форматқа көшірілген мұражай экспонаттарының үлесі
|
мың
бірл.
|
14,11
|
6,86
|
48,6%
|
Басшының
міндетін атқарушы Р. Қайырсынов
Орынд.: Жүнісова Г.С.,
тел. 700067
Достарыңызбен бөлісу: |