Диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру
Қазақстан БЭЖ-дегі жедел-диспетчерлік басқару «KEGOC» АҚ «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын және Қазақстан БЭЖ үздіксіз жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын тоғыз өңірлік диспетчерлік орталықты (ӨДО) ЖО ҰДО-ның тікелей жедел бағындыруы схемасы бойынша ұйымдастырылған:
Ақмола ӨДО
Ақтөбе ӨДО
Алматы ӨДО
Шығыс ӨДО
Батыс ӨДО
Қостанай ӨДО
Солтүстік ӨДО
Орталық ӨДО
Оңтүстік ӨДО
ЖО ҰДО-ға мыналар жүктеледі:
өңірлік диспетчерлік орталықтар арқылы электр станциялары мен желілерінің келісілген жұмысын тәулік бойы жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру;
электр станциялары жабдығы мен желі схемасының нақты жай-күйін есепке ала отырып, Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру/тұтынудың тәуліктік кестесін құру және техникалық сараптама жүргізу;
Қазақстан БЭЖ қуаты мен электр энергиясының болжамды айлық, тоқсандық және жылдық теңгерімдерін есептеу;
электр станцияларының, қосалқы станциялары мен жоғары вольттық желілердің (ӘЖ) жабдықтарын жылдық және айлық жөндеу кестесін әзірлеу, олардың орындалу барысын бақылау, жөндеуге берілген өтінімдерді қарау және рұқсат беру;
электр станциялары мен олардың тікелей тұтынушылары арасында қуат теңгерімінің сақталуын бақылау. Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығы субъектілерінің берілген тәуліктік жүктеме кестесі мен мемлекетаралық және өңіраралық қуат ағындары кестелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
электр қуатын және (немесе) энергиясын шартсыз, сонымен қатар шарттан тыс тұтынуды шектеу және болдырмау режимдерін енгізу жөніндегі ұйымдастыру мен техникалық іс-шараларды әзірлеу және қолдану;
энергия көздері қуатының азаюы/ысырабы, тұтынушылардың келісілген энергия көздерімен электрлік байланысы жоғалған кезде ЭҚР ПУЛ қуаты резервін қолданысқа енгізу;
Қазақстан БЭЖ аса сенімді схемасын қолдау, ЖО ҰДО диспетчерінің басқаруында немесе иелігінде тұрған желілер мен энергетикалық объектілердің пайдалану схемаларын бақылау;
Ресей БЭЖ, Орталық Азияның БЭЖ қатарлас жұмысы кезінде – берілген кестелерге сәйкес қуат ағындарын бақылау және реттеу. Оқшауланған жұмыс кезінде Қазақстан БЭЖ-дегі жиілікті реттеу.
ЖО ҰДО диспетчерлері Қазақстан БЭЖ электр станциялары және электр тораптарының жұмыс режимдері мен мемлекетаралық байланыстарын «БЭЖ СО» ААҚ (Сібір ЖДБ, Орал ЖДБ, Орта Волга ЖДБ, Оңтүстік ЖДБ) және «Энергия» ҮДО-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, реттейді.
Қазақстан БЭЖ-і жедел диспетчерлік басқарудың құрылымдық схемасы
Достарыңызбен бөлісу: |