2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер



бет4/29
Дата30.05.2017
өлшемі4,72 Mb.
#17154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Электр энергиясының ағындары

2014 жылы электр энергиясын өндіру тұтынудан 2274,3млн.кВтсағ. көлеміне артып кетті.

Ресейге сальдоланған электр энергиясы ағыны тұтастай алғанда Қазақстан бойынша 1503,6 млн.кВт·сағ. құрады, бұл 2013 жылға қарағанда 797,0 млн.кВт·сағ. (34,6 %) кем, бұл ретте Ресейден электр энергиясын сатып алу 560,7 млн.кВт·сағ. құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 50,7млн.кВт·сағ. немесе 9,9 %-ға жоғары. Ресейге электр энергиясын сату көлемі 2014 жылы 2064,3 млн.кВт·сағ. болды, бұл 2013 жылғы деңгейден 746,3 млн.кВт·сағ. немесе 26,6 %-ға аз.

2014 жылы Өзбек энергетикалық жүйесі қуат пен электр энергиясын жүйелі түрде жоспардан тыс алуы жалғастырды. Бұл «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік» транзиті бойынша шекті ұйғарынды ағындардың артуына, Қазақстан БЭЖ-Ресей БЭЖ шекарасында электр энергиясы ағындары сальдосының жоспарлы мәндері бойынша ауытқуларға әкеледі. «Узбекэнерго» МАК үшін «KEGOC» АҚ-дан жоспардан тыс электр энергиясын жеткізу 652,029 млн. кВт·сағ. (2013 жылы 405,5 млн.кВт·сағ.). «KEGOC» АҚ мен «Узбекэнерго» МАК арасындағы Қазақстан Республикасы БЭЖ-інен алынған электр энергиясының жоспардан тыс көлемін өзбек тарабының сатып алуына және 2014 жылы қуатты реттеу жөнінде қызмет көрсетуге негізделген өзара қарым-қатынастар тиісті шарттармен реттелді.

Орталық Азия мемлекетіне сальдоланған ағын 770,7 млн.кВт·сағ. құрады (2013 жылы Орталық Азияға сальдо 31,3 млн.кВт·сағ. болды).

Қырғыз Республикасының Кедендік Одаққа және БЭК-ке кіру мәселелері бойынша өткізілген (Бішкек қаласында 2014 жылғы 25-26 шілдеде болды) қазақстан-қырғыз келіссөздері хаттамасының электр энергиясының сыртқы сауда-саттығында тауар алмасуды жүзеге асыру туралы 10-тармағына сәйкес «Қазфосфат» ЖШС, «Жамбыл Жарық Сауда-2030» ЖШС мен «Теміржолэнерго» ЖШС айырбастау шарттары бойынша 2014 жылғы тамыздың 1-і мен 15-і аралығындағы суару кезеңінде Қырғызстанның «Электрические станции» ААҚ-дан электр энергиясын қабылдады. Бұл электр энергиясы тамыздың екінші жартысында және қыркүйекте толығымен қайтарылды (2013 жылы Қазақстанның оңтүстігіндегі суды тұтынушылардың мүдделеріне сай Тоқтоғұл ГЭС су қоймасынан суды қосымша жіберуге байланысты Қазақстан Қырғызстаннан 365,6 млн.кВт·сағ. көлемінде электроэнергиясы импорттады).



Қазақстанның оңтүстік өңірлерін электрмен жабдықтауда орнықсыз жұмыстың орын алу тәуекелдерін азайту үшін, сонымен қатар Тоқтоғұл ГЭС-те суды жинақтау үшін және Жоғары мемлекетаралық кеңестің 7 қарашадағы хаттамасына сәйкес «Жамбыл ГРЭС» АҚ мен қырғыздың «Электрические станции» ААҚ желтоқсанға электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі тиісті шартқа қол қойды, шарт бұдан кейінгі айларда ұзартылып отырады. Қырғызстанға электр энергиясын жеткізу «ҚазТрансГаз» АҚ-мен жасалған шарт бойынша электр энергиясын қосымша өндіру үшін газ беруге бара бар 1 желтоқсаннан басталды. Қырғызстанға электр энергиясын сату 118,7 млн.кВт·сағ. құрды.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 724 қаулысымен Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы бекітілді.

Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы әлемдік энергетиканы дамытудың әлемдік озық тәжірибесі мен соңғы үрдістерін есепке ала отырып, мұнай-газ, көмір, атом және электр энергетикасы салаларын бір тұтас етіп байланыстырады.

Отын-энергетикалық кешенін (ОЭК) дамыту тұжырымдамасын әзірлеген кезде мынадай міндеттер есепке алынды:



  • ОЭК ресурстармен және өнімдермен қамтамасыз етудің өзіндік жеткіліктілігін күшейту жолымен еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • өңір экономикаларының энергияны тұтыну деңгейінің артуын қанағаттандыру жолымен өңірдегі геополитикалық әсерді күшейту;

  • еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру;

  • ғылыми әлеуетті дамыту;

  • электр жабдығы мен энергетикалық объектілердің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру;

  • ХХІ ғасыр технологияларын қолдану жолымен ОЭК салаларын қарқынды дамыту;

  • энергетикалық теңгерімге жаңартылатын энергия көздерін және баламалы энергия көздерін белсенді түрде тарту;

  • энергияны және ресурсты үнемдеу, энергетикалық тиімділікті арттыру.


«KEGOC» АҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

«KEGOC» АҚ ұзақ мерзімді даму стратегиясы мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды есепке алумен әзірленген және «KEGOC» АҚ дамыту жөніндегі негізгі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді айқындайды.



Компанияның миссиясы – Қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесін тиімді дамытуды және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Болжам – 2025 жылы «KEGOC» АҚ электр энергетикасы саласындағы әлемдік деңгейдегі компания және өңірлік ауқымдағы электр энергетикасы саласындағы құзырет орталығына айналады.

Негізгі стратегиялық мақсат - «Ғаламдық экономикада бәсекеге қабілетті компания құру».

Негізгі стратегиялық мақсатқа жоғары деңгейдегі мақсаттарды іске асыру жолымен қол жеткізіледі:



1-МАҚСАТ Мемлекеттің қажеттілігіне сәйкес Қазақстан ҰЭТ сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету (ҰЭТ СЕНІМДІЛІГІ), яғни жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз ету, тозған активтерді жаңғырту және жұмыс істеп тұрған активтерге сапалы техникалық қызмет көрсету және пайдалану.

2-МАҚСАТ Экономиканың және халықтың артып келе жатқан сұраныстарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жаңа электр жеткізу желілері мен қосалқы станцияларды салу арқылы Компания бизнесін дамыту мүддесінде және Қазақстан Республикасы экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес ҰЭТ-ты дамыту (ҰЭТ ДАМЫТУ).

3-МАҚСАТ Инновацияларды дамыту және ендіру, озық басқару әдістерін ендіру, электрмен жабдықтау жоспарларын іске асыру арқылы Компания қызметінің тиімділігін арттыру (ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ).

4-МАҚСАТ Тариф белгілеуге белсенді қатыса отырып, шығындарды оңтайландыру жолымен, сонымен қатар клиенттерге қызмет көрсету деңгейін арттыру жолымен Компанияның акционерлік құнын арттыруды қамтамасыз ету (ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ).

5-МАҚСАТ Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығын ұйымдастыру функцияларын орындау мақсатында құрылған компаниямен жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығын дамыту, электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асыра отырып, электр энергиясының теңгерімделген нарығын іске қосу және қуат нарығын іске қосу арқылы Қазақстан Республикасында электр энергетикасы нарығының тиімділігін жетілдіру және арттыру (НАРЫҚТЫ ДАМЫТУ).

6-МАҚСАТ Корпоративтік басқару тәжірибесін дамыту және орнықты дамуды қамтамасыз ету (КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ. ОРНЫҚТЫ ДАМУ), яғни акционерлердің құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, персоналдың кәсібилігін дамыту, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, экологияға әсерді азайту. БҰҰ Ғаламдық шартының қағидаттарын қолдап, мүше бола отырып, біздің Компания қоғам, қызметкерлері мен болашақ ұрпақ алдындағы өз жауапкершілігін түсінеді.

7-МАҚСАТ Шектес мемлекеттердің электр энергетикалық компанияларымен өзара орнықты серіктестік қарым-қатынастарға қол жеткізу (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ), яғни шектес елдердің электр энергетикалық кәсіпорындарымен ынтымақтастық, Қазақстан БЭЖ-нің шектес мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен өзара қарым-қатынастағы мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, болып жатқан ықпалдасу үдерістері, Кедендік Одақ, Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде ТМД елдерінің жалпы электр энергетикалық нарығын құруға көмектесу.

1-МАҚСАТ. ҰЭТ СЕНІМДІЛІГІ

Қызмет географиясы

Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің 1150-500-220-110 кВ электр желілерінің карта-схемасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет