2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер



бет7/29
Дата30.05.2017
өлшемі4,72 Mb.
#17154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29


2-МАҚСАТ. ҰЭТ-ты дамыту

Инвестициялық қызмет

Өңіраралық торапты дамыту мен енгізуге жоспарланған жаңа өндірілетін қуаттар беру келешектерін ескере отырып, Компания республика тұтынушыларының электр энергиясына қажеттілігін өтеу, экспорттық және транзиттік әлеуетті құру мақсатында ұлттық электр торабын жаңғыртуға, жаңа электр энергетикалық объектілерді салуға бағытталған белсенді инвестициялық саясатты жүргізеді. Компанияның барлық инвестициялық жобалары әлеуметтік мәнге де ие болатынын атап өту қажет.


2014 жылы Компания мынадай жобаларды іске асыруды жалғастыруда:

«Қазақстанның ұлттық электр торабын жаңғырту, II-кезең» жобасы

Жобаны іске асыру мақсаты электр энергиясы нарығы жұмысының тиімділігін арттыру, ұзақ перспективаға арналған Қазақстанның ұзақ мерзімді орнықты дамуын қамтамасыз ету, нарық жағдайында электр жабдықтарының орнықты жұмысын қамтамасыз ету, тұтынушыларды сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды арттыру, жоғары вольтты жабдықтардың техникалық және экологиялық қауіпсіздігін арттыру, жабдықтарды жөндеу мен қызмет көрсетуге арналған пайдалану шығындарын азайту, техникалық деңгейді көтеру және ҰЭТ-тың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Жоба шеңберінде 55 қосалқы стансада жабдықтарды жаңғырту мен 220 кВ желілерді салу қарастырылған.

Жобаны іске асыру мерзімі - 2010 – 2016 жылдар.

Жобаның құны 49,36 млрд.теңге.

Жобаны қаржыландыру «KEGOC» АҚ-ның өз қаражаты мен ЕҚДБ-ның €228 млн. сомасындағы қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қосалқы стансаны жаңғырту жөніндегі құрылыс-құрастыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілерімен барлық 55 қосалқы станса пайдалануға енгізілді.

Жобаны іске асырудың 2-ші кезегі бойынша трассаны таңдау мен келісу жөніндегі жұмыстар және 220 кВ «Түлкібас-Боранды» ӘЖ трассасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде, инженерлік іздестіру бойынша жұмыстар аяқталды, жоба Мемсараптамада жатыр.



«Кернеуі 500 кВ, 220 кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын 500/220 кВ-тық Алма ҚС-ны салу» жобасы

Жобаның мақсаты – Алматы өңірін электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету, бірінші кезектегі Балқаш ЖЭС қуатын беру (1320 МВт), Алматының серіктес қалаларының дамуы үшін техникалық мүмкіндіктер жасау, Алматы қ.-ның индустриалды паркін салу.

Жобаны іске асыру мерзімі - 2009 – 2014 жылдар.

Жоба құны: ҚҚС қоса есептегенде 28,6 млрд.теңге.

Жобаны қаржыландыру «KEGOC» АҚ-ның өз қаражаты (соның ішінде, «KEGOC» АҚ-ның жарғылық капиталын арттыру үшін мемлекеттік бюджеттен бөлінген – 16,7 млрд.теңге) және 500 кВ «ОҚМАЭС-Алма ӘЖ-ны салу» құрылысы бойынша «KEGOC» АҚ міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған, мемлекеттің кепілдігіне берілген, ХҚДБ-ның 71,4 млн. АҚШ доллары сомасындағы қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жобаны іске асыру аяқталды, барлық объектілер Мемлекеттік қабылдау комиссиясы актілерімен пайдалануға берілді:

- 500 кВ кВ «500 кВ Алматы ҚС - 500 кВ Алма ҚС ӘЖ» (ұзындығы 63,367 км;

- 500 кВ Алма ҚС-да 220 кВ «АЖЭО-3 – Робот ӘЖ» және «АЖЭО-3 – Шелек ӘЖ-нің кірме-шықпаларын салу» (жалпы ұзындығы 25,942 км);

- 500/220/10 кВ Алма ҚС.

- 500 кВ «ОҚМАЭС» ҚС-ны кеңейту;

- 500кВ «500кВ ОҚМАЭС – 500кВ Алма ҚС» ӘЖ;

- 500/220/10 кВ «Алматы» ҚС-ның 500 кВ АТҚ-н кеңейту және қайта құру;

- қостізбекті 220 кВ «Алма-Кеңсай» ӘЖ және 500 кВ Алма ҚС-да 500, 220 кВ-тық ұяшықтар.

«500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС-і (Семей) – Өскемен желілерін салу» жобасы

Жобаны іске асырудың мақсаты Солтүстік-Шығыс қимасында тораптардың өткізу қабілетін ұлғайту, Ресей БЭЖ-нің тораптары арқылы жеткізілетін электр энергиясына тәуелділікті болдырмай, Шығыс Қазақстан облысындағы тапшылықты жабуды қамтамасыз ету және контрреттеуші-Бұлақ ГЭС-ін іске қосу кезінде Шүлбі ГЭС-нің (ШГЭС) толық қуатын беру болып табылады.

Іске асыру мерзімі - 2011-2017 жылдар.

Жобаның құны: ҚҚС-ны қоса есептегенде 43,3 млрд. теңге.

Жобаны қаржыландыру «KEGOC» АҚ-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта 500 кВ «Семей - Өскемен» ІЖ-нің құрылысы бойынша 383 металл тірек орнатылды, 130 км-ға арналған сымды монтаждау жүзеге асырылды.

500 кВ «Семей» ҚС-ның құрылысы бойынша жабдықтардың астына іргетас орнатылды, коммутациялық жабдықтарды монтаждау және қосалқы ғимараттарды салу жүргізілуде .

220 кВ «Семей ‑ ШГЭС» ӘЖ мен 500 кВ «Семей» ҚС-на арналған 220 кВ ӘЖ-нің кірме-шықпаларын салу бойынша 46 металл тірегі орнатылды.



«500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) - Ақтоғай -Талдықорған – Алма ӘЖ құрылысының» жобасы

Жобаның іске асырылуы ҰЭТ-тың транзиттік әлеуетін Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік бағытында ұлғайтуға, электрленетін теміржол телімдерінің, тау-кен өнеркәсібіндегі энергосйымды объектілердің электр энергиясына қажеттілігін жабуды қамтамасыз етуге, шекара маңындағы аумақтарды дамытуы және жаңартылмалы энергия әлеуетін ауқымды игеру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ Шығыс аймағын Қазақстанның біртұтас электр жүйесімен байланысын күшейтуге мүмкіндік береді.

Іске асыру мерзімі - 2012-2018 жылдар.

Жобаның құны: ҚҚС-ны қоса есептегенде 76,8 млрд. теңге.

Жобаны қаржыландыру «KEGOC» АҚ-ның өз қаражаты және ұзақ мерзімді облигацияларды шығарудан 68,3 млрд.теңге қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Трассаларды таңдау мен келісу жөніндегі жұмыстар және 500 кВ ӘЖ трассалары және қосалқы стансалар алаңдары бойынша жұмыстар, сондай-ақ объектілердің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.



«220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ні қайта құру» жобасы

Жобаның мақсаты – Астана қ. тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру, сондай-ақ, Астана қ. индустриалды аймағында салу жоспарланып отырған қалалар мен нысандардың электр энергиясындағы ұлғаймалы қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

Жобаны іске асыру кезеңі – 2010-2014 жылдар.

Жоба құны: ҚҚС-ны қоса есептегенде, 4, 058 млрд. теңге.

Жобаны қаржыландыру «KEGOC» АҚ-ның өзінің, соның ішінде, республикалық бюджеттен (2,003 млрд.теңге) бюджеттік инвестициялар және ЕҚДБ-нің 12 млн. АҚШ долларлық қарыз қаражаттары түрінде алынған қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жобаны іске асыру шеңберінде 500 кВ «ОБТҚ» ҚС-да қуаттылығы 125 МВА 2 трансформатор қуаттылығы 250 МВА трансформаторына алмастырылды және енгізілді.

220кВ «ОБТҚ–Осакаровка» ӘЖ-ні қайта құру бойынша барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Объект пайдалануға мемлекеттік комиссияның 2014 жылғы қазандағы қорытындысымен енгізілді.

«Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту» жобасы

Жобаның мақсаты Павлодар қаласының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету және Қазақстан БЭЖ-не қаладағы электр станцияларының қуатын беру болып табылады.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2016 жылдар.

Жобаның құны: 5,5 млрд.теңге, ҚҚС қоса есептелгенде.

Жоба «KEGOC» АҚ-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жобаны іске асыру үшін «ТПЭП» ЖШС-мен «кілтпен тапсыру» шарты:

- ұзындығы 54,1 км бір тізбекті 220 кВ «Өнеркәсіптік – «ЕЭК» АҚ ЭТ ӘЖ салу;

- ұзындығы 21,5 км жұмыс істеп тұрған 110кВ «Павлодар – «ЕЭК» АҚ ЭТ ӘЖ-н 220кВ кернеуге ауыстыру;

- 110 кВ «Павлодарлық» ҚС-да 220 кВ АТҚ-ны салу;

- «ЕЭК» АҚ ЭТ-да 220кВ АТҚ-ны қайта құру және кеңейту;

- жайтартқыш арқансымды 500 кВ «ЕМАЭС-1 – «ЕЭК» АҚ ЭТ ӘЖ-нің жайтартқыш арқансымына кіріктірілген талшықты-оптикалық байланыс желісіне (ОКГТ) алмастыру- 121,8 км.

Жобаның объектілер бойынша инженерлік іздестіру жөніндегі жоспарланған көлемдер орындалды, мемлекет кірісіне пуыл шаруашылық өндірісінің ысыраптары мен мемлекеттік меншік жерлеріндегі (қор жерлері, кенттік округтердің, қаланың жерлері және т.с.с.) құрылысқа деп бөлінген жерлер үшін жалдау ставклары төленді. Қазіргі уақытта жер телімдерін меншіктеушілер мен жерді пайдаланушыларда объектілерді салу мезгіліне жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және жер телімдерін бөлу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.


Күрделі қаржы салымын игеру құрылымы

2014 жылы 26 264 млн. теңгеден астам қаражат игерілді, соның ішінде ірі стратегиялық жобаларды іске асыруға – 21 470 млн. теңге, қолданыстағы активтерді қайта жаңарту мен алмастыруға – 3 935 млн. теңге жұмсалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет