«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»



бет1/16
Дата29.03.2018
өлшемі2,89 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕБИНАР


МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ

РЕСПУБЛИКАНСКОГО ВЕБИНАРА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ РАБОТНИКОВ




«Эффективные формы и методы обеспечения безопасной образовательной среды и профилактики суицида среди подростков»



Шымкент, 2016

ӘОЖ 371


ББК 74.00

Ж33
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының («Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ) шешімімен баспаға ұсынылған.


Рекомендовано к изданию Филиалом Акционерного общества «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» института повышения квалификации педагогических работников по Южно-Казахстанской области (ФАО НЦПК «Өрлеу» ИПКПР ЮКО).
Ж33

«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін



қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері» Педагогикалық қызметкерлердің республикалық вебинар

материалдары. -Шымкент: «Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО ПҚБАИ, 2016. - 124 бет.


Материалы республиканского вебинара педагогических работников

«Эффективные формы и методы обеспечения безопасной образовательной среды и профилактики суицида среди подростков» -Шымкент: ФАО НЦПК «Өрлеу» ИПКПР ЮКО, 2016. –124 стр.


ISBN 978-9965-876-52-3
Білім берудің қауіпсіз ортасын қалыптастыру жолдарын қарастыру, алдын-алуға мүмкіндік беретін тәрбие беру үдерісінде психологиялық қолдаудың тиімді жүйесін құру арқылы мектеп мұғалімдері, педагог-психологтар және сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын-алумақсатында ұйымдастырылып отырған «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы педагогикалық-психологиялық қызметкерлердің республикалық вебинар жинағына білім беру жүйесінде пайдаланатын заманауи әдіс тәсілдер қамтылған.

Жинақ жалпы білім беру саласының мамандарына, ұстаздар қауымына арналады.


В сборник включены материалы республиканского вебинара психолого-педагогических работников по теме «Эффективные формы и методы обеспечения безопасной образовательной среды и профилактики суицида среди подростков», в ходе которой рассматривались проблемы формирование профессиональной компетентности педагогов школ, педагогов-психологов по созданию эффективной системы психологической поддержки воспитательного процесса, способствующего созданию безопасной образовательной среды, предотвращению насилия в школе, профилактике суицида среди подростков.

Сборник адресован педагогам, работникам, педагогам в сфере образования.

ӘОЖ 371

ББК 74.00


ISBN 978-9965-876-52-3

© «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ, 2016



© ФАО НЦПК «Өрлеу» ИПКПР ЮКО, 2016

КІРІСПЕ
Білім беру тарихы қоғамның дамуының нақты дәуірімен тікелей байланысты. Біріншіден, білім беру мақсаты мен міндеттері қоғамның сұраныстарымен анықталады. Екіншіден, қоғамның даму жағдайы білім беру жағдайына да байланысты болады. Білім беру – елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани тұрақты өсуін, тұлға мен қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық дамуын үнемі жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің бағдары және негізгі бағыттарының бірі» - деп атап өтті.

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке –ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Жеке тұлғаның негізгі міндеті – табиғаттан берілген өзінің потенциалды қабілеттерін өмірде көрсету болып табылады. Сондықтан жеке тұлғаның дамуы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» былай көрсетілген: «зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматты қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту»

Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – ұлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Қазақстанда соңғы 10-15 жылда психологиялық көмекке сұраныс пайда болып, қазір күн сайын артуда. Бұл түсінікті де, себебі ересектер өмірінің стреске толы болуы, уақытының басым бөлігін жұмыспен өткізуі, балаларға зейіннің жеткілікті бөлінбеуі психологиялық, психикалық, физикалық бұзылулардың артуына әкеледі. Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып, қалыптасады. Соңғы жылдары бала дамуын диагностикалау, топтық дамыту бағдарламалары мен әдістері Қазақстандағы психология ғылымының жетістіктеріне сәйкес қарқынды дамып отыр.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деп атап көрсетті. Елбасымыз айтқандай жасөспірімдер бойында өмірге қажет қасиеттерді көбірек сіңірсе, соншалықты олардың психологиялық қорғанышы күшті, әрі берік болады деп сенуге болады.



ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДІНІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ МЕН ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Арзымбетова Салтанат Жаксылыковна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ, аға оқытушы

Хасанова Айгуль Садыргалиевна

Алматы қаласы №65 ЖББМ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қазіргі өмір сүріп отырған қоғамдағы бізді алаңдататын өте өзекті пробеламалардың бірі – оқушылардың өз-өздеріне қол жұмсауы.

Бұл жалпы ғалымдардың пікірінше, «суицид» ( латын тілінде sui caebere – «өзін өлтіру», суицидент-суицидтік әрекет жасаған немесе суицидтік мінез-құлық байытқан адам) деген термин XVII ғасырда пайда болған. Бертін келе XX ғасырдың алғашқы кезеңінен бастап, адамдардың өз-өзіне қол жұмсауы кең етек ала бастады. Осылайша ғылымда «суицидология» (суицид туралы ілім) атты дербес зерттеу саласы қалыптасты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 10 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидті болдырмау күні деп белгіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 20% балалардың жеткеншек және жасөспірім кезеңдерінде өз- өзіне қол жұмсау көптеп кездеседі.

Жасөспірімділік кезең – алуан түрлі қарама-қайшылыққа толы, ата-аналардың көпшілігін алаңдататын, уайымға түсіретін күрделі шақ. Себебі осы шақта жеткеншектер өздерін отбасының, сыныптың, қоғамның тең құқылы мүшесі, яғни тұлға ретінде сезіне бастайды. Олар өздерін қоғамдық қарым–қатынастар жүйесінде сезінумен бірге, болашақтағы ересек өмірге жоспар құра бастайды. Олардың бұл жоспары тәжірибесінің аздығынан көмескі болып келеді. Әлі ақыл тоқтатпаған шалалық пен балалық аңғалдықты аңғартады. Бірақ осы жоспар өздері үшін өте маңызды, сондықтан ересек адамдардың араласқанын жақтырмайды, қызғанады себебі олар өз қиялдары жетегінде өмір сүреді.

Бұл жастағы балалар ересектер қатарына да жатпайды, бірақ олар бала болғысы да келмейді. Сондықтанда жеткіншекке ересек адамның тығыз байланысы мен өзара терең түсіністігі аса қажет.

Суицидтік іс-әрекетке итермелеудің тікелей себебі – дау-дамайдың пайда болуы. Бұл дегеніміз – белгілі бір адамның маңызды, құнды ұстанымына әсер етуші жағымсыз әрекет, күйзеліс тудыратын жағдай. Суицид қаупі туатын жеткеншектерде жалғыздықты сезіну, ешкімнен көмек күтпеушілік, қайғырушылық, менмендік көріністерінің тереңдеуі басқаның қуанышы мен қайғысына ортақтасуға құлқы болмаушылық жиі кездеседі. Сондықтан кез-келген шағын түсінбеушілік дау-дамайдың өзі суицидтік әрекеттің алғы шарты болуы мүмкін. Осындай жағымсыз түсінбеушілік әрекеттердің алдын алу үшін ең бірінші бағыт тек дұрыс тәрбие беру болып табылады.

Елімізде білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары шын мәнінде өзекті бағыттардың бірі болып отыр. Білімді, адамгершілікті таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар адам тәрбиелеудегі мемлекеттің тапсырысы – Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларында, Қазақстан Республикасы азаматтарының патриоттық тәрбиесі бағдарламасында және т.б. маңызды құжаттарда көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының Конституциясы әр адамға, соның ішінде балаларға, өмір сүру құқығын, қадір-қасиетін құрметтеуді, денсаулықты қорғауға және білім алуға кепілдік береді. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2014 жылғы 19 қыркүйекте «Мерейлі отбасы» Ұлттық сайысының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында сөйлеген сөзінде балалардың құқығын қамтамасыз ету және олардың сапалы білім алуы – болашақтың маңызды инвестициясы деп атады. Мемлекет пен баланың жақындасуында оқу мекемелері маңызды орын болып табылатынын ескере отырып, әлеуметтік саясаттың осы бөлімін жүзеге асыруда білім беру мекемелері басты рөл атқарады. Баланың бойындағы ең басты, ең маңыздылар балалық шақта қаланады, сондықтан да адамның алдағы өмірі мен тағдыры көбінесе осыған байланысты болады. Одан кейінгі уақытта, мектеп қабырғасында болатын, шартты түрде алдын алу, түзету деп аталады, себебі жұмыс бала санасының деңгейінде ғана емес, түйсік бағдарламаларымен жүргізілуімен де маңызды. Мектебімізде оқу жылының басында бекітілінген жоспар бойынша жасалынған жұмыстар барысында оқушылармен сынып ұжымын қалыптастыруға, оқушыларды әлеуметтік маңызы бар қызымет түрлеріне баулуға, өзін-өзі басқару ұйымын ұйымдастыруға, әлеуметтік тұрғыда мәдениет, спорт, өнер, ғылым және т.б әрекеттерге тарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып отырылады. Осы тақырыпта әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстар көбірек жүргізілініп тұрады.

Балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алуда отбасы, мектеп, педагог, психолог, әлеуметтік педагог басты рөл атқарады, олар жасөспірімдерді суицидтік әрекетке жеткізетін көңіл-күймен күресуде ата - аналармен жұмыс атқарады және оларға көмек береді. Ата-аналарды өз баласына сауатты көмек көрсетуі үшін, оны түсінуі мен қолдау көрсетуінде қажет жеткілікті біліммен қаруландыру керек. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті неғұрлым мол болған сайын, олар өз балаларына жалпыадамзаттық және адамгершілік құндылықтарды соғұрлым көп меңгертеді. Тұлға қауіпсіздігі – қазақстандық қоғамда басты құндылықтардың бірі болуы тиіс.

Ендеше отбасы құндылықтарынан бастау алатын тәрбие діңгегінің негізі – тұлға қауіпсіздігі деп айтуға болады. Олай болса ата-аналар балалардың жабығуының алдын алуда үлкен рөл атқарады. Егер жасөспірімнің көңіл-күйі күрт құлазыса немесе жабығудың басқа да белгілері байқалса, төмендегі шараларды орындау қажет.

Баламен сөйлесу қажет, көңіл-күйінің неліктен түсіңкі болу себебін анықтау үшін сұрақтар қойып, оның арман-тілектері жайында сөз қозғап, болашаққа жоспар құруға бағыттайтын әңгімелерге жетелеу қажет. Балаға оптимистік серпін беріп, жарқын болашаққа «сендіру», алдына қойған мақсаттарына қол жеткізе алатынына қабілетті екенін, жүрегіне сенімділік отын қондыруға барынша әрекет жасау қажет. Оның «өкпелегіштігін», «күңкілдектігін» кінәламай, керісінше, оның тұлғасындағы жақсы жақтарын көрсетуге тырысу керек. Оны табысты, ақкөңіл, кішіпейіл және сергек балалармен салыстыруға болмайды, себебі бұл онсыз да төмен бағалауын тереңдетіп жібереді. Атасы мен әжесіне, туыс- туғандарға қонаққа, ауылға бару, дала жұмыстырына көмектесу. Сонымен қатар, ит, мысық, алақоржын, тотықұс, балық сияқты жануарларды қолға үйрету, оларға қамқорлық жасау. Қорғансыз үй жануарына қамқорлық жасау баланы іске жұмылдыртып, позитивті күйге шақырады. Жеткіншек күн тәртібін сақтауы қажет. Оның жақсы, мезгілімен демалуын, дұрыс тамақтануын, таза ауада жеткілікті уақыт өткізуін, спорттың қандай да бір түрімен айналысуын қадағалау қажет. Балаға дұрыс ұстаным беру, оның өз-өзіне сенімді болуына көз жеткізу және алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге қабілетті екендігіне сендірген абзал. Ата-ана баланы үнемі «қабағын ашпай, нашар мінез көрсеткендігі» немесе шектен тыс жиіркеншектігі үшін сөкпей, оның жақсы жақтарын көбірек атап, жеке басы мүмкіндіктерінің бар екендігіне сендіре алғаны дұрыс. Сонымен қатар психолог-маман мұғалімдер мен ата-аналарға суицидтің не екендігін, оның көрініс беру факторларын, күйзелісте, жабығуда жүрген балалардың қандай күйде болатындығын жете түсіндіруде қажет. Ата-анасына қарсы шығып, темекі тартқан, төбелескен кез-келген жасөспірімнің күйзелісті күйде жүруі әбден мүмкін. Суицидтік әрекеттердің алдын алу үшін психолог-мамандар:

1. Психологиялық жарақат алу жағдаяттарын жеңілдетуі;

2. Суицидтік әрекетке жетектеген себептен психологиялық тәуелділікті азайтуы;

3. Іс-әрекетті қалпына келтіру мүмкіндіктерін қалыптастыруы;

4. Баланың өмір мен өлімге деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыруы қажет.

Баланың болар-болмас психикалық ауытқуы байқала бастаған сәтте-ақ ата-ана өзара ақылдасып, психиатрдың кеңесін алған жөн.

Ендеше, болашақ ұрпақ тағдырына келгенде жауапкершілікті тек ұстаздар мен дәрігерлерге, ата-аналарға жүктеп қоймай, жалпы қоғам болып, жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей бірлікпен мойнымызға алуымыз керек. Оларға өздерін сүйетін, сенім артатын жандар бар екендігін сезіндіріп, жер бетінде ұстап қалып, өлімнен гөрі өмір сүру үшін батырлық көбірек керек екен деген ойларын шыңдау керекпіз. Ол үшін ұлт болашағын тәрбиелеудегі қазақтың ақыны М.Жұмабаевтың

Жас қырандар-балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан.

Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер.

Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер -

Мен жастарға сенемін! Өлеңі арқылы жастық жігерді жанып, ұрпақ жүрегіне үміт пен сенім шырағын жағуға асығайық ағайын!


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазіргі мектеп оқушысының социологиялық портреті (Социологиялық

зерттеу). - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 141 б.

  1. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу. (Оқу-әдістемелік

басылым).Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2012 ж. К.Ғ. Елшібаева.

ӨМІРШЕҢДІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – АДАМҒА ӨЗ МҮМКІНДІКТЕРІН ІСКЕ АСЫРУҒА ҮЙРЕТУ
Имашева Гульнара Туткабаевна

«Өрлеу»БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ

Деңгейлік бағдарламалар орталығы тренері, педагог-психолог
Тәуелсіз Қазақстан үшін бүгінгі таңда рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіріп, мінез - құлқын тәрбиелеу үшін, адамгершілік ұстанымдарды өмір бойы мақсат етуге үйрету керек. Мектеп жасындағы балаларға тәрбие мен білім беруде білім мағынасының құндылығын күшейте отырып жеке тұлғаны қалыптастыру – уақыт талабы. Осы тұрғыда бүгінгі педагогтердің, психологтардың кәсіби құзырлығына қойылатын талаптар басымдық танытуда. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, оның құндылықтармен өміршеңдік қасиеттерді қатар ұстануын үйрету мәселесі әрқашанда өзекті. Әр адам қоршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуіне ықпал етіп, өзін толық іске асыруына, өзінің әлеуметтік ролі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет ету әлеуетін көтеруге және әр бір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету әр маманның алдындағы басты міндеті. Бұл занды, себебі біздің қоғам өмірінде өміршеңдік дағдылардың ролі барған сайын артып, аясы кеңейіп келеді. Рухани қажеттілігінің бастау көзі – өзін өзі көрсету, өзін өзі жетілдіру, өзін өзі дамыту, қарым-қатынаста, дүние танымда өзінің шығармашылық қабілетін таныту. Бұл арада оқушыларды тәрбиелеу шарттарының бірі – мектеп жасында жеке тұлғаның өздігінен даму заңдылықтарын білу болып табылады. К.Роджерс «Біздің өзімізді бақылап, бағалауымыз, соның нәтижесінде өзіміз жөнінде қорытынды шығаруымызға байланысты «МЕН» тұжырымдамасын қорғап, қолдап тұратын екі маңызды уәж бар, олар өзін өзі сыйлау және өзін өзі бақылау деген. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған тұлға. Адамдар тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Тұлға дегеніміз адамның мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты»,- деген. Осы орайда жасөспірімдердің бойында түрлі ауытқуларды (аддиктивті, девиантты, делинквентті, ауытқушы бір сөзбен айтқанда аутодеструктивті қылықтар) алдын алу шараларды «Өміршеңдікті қалыптастыру» айдарымен жүргізген орынды деп есептейміз. Өйткені өміршеңдік – сыртқы қысымды және өмірде кездескен қиындықтарды жеңе білу, жаңа белеске өтудегі негізгі мүмкіндік. Нақтырақ айтсақ қиындықты жеңе білу, қиындыққа төтеп беру, мойымай өз жолын таба алу дағдысы немесе өмірдегі оқиғаларды «жаңа мүмкіндік» деп қабылдауға арналған адамның негізгі әлеуеті. Өміршеңдік ұғымын Сьюзен Кобейса және Сальваторе Мадди ендірген. Олар «тұлғаның өзіндік шынайы ішкі табиғатына сәйкестігі және стресс жағдайын басқара білу дағдысы аймағында көрініс табады»,- деген. Сальваторе Мадди өзінің зерттеуінің нәтижесінде өміршеңдіктің құрылымын жасап «өміршеңдік туа бітетін қасиет емес, қалыптастыруға және дамытуға болатын, яғни кезкелген адам жасына, жеке ерекшелігіне қарамастан өзіне қалыптастыруға мүмкін қасиет»,- деген тұжырым жасаған. Өміршеңдік әдетте адамның өзін өзі ынталандыра алатын тұлғалық сапалығы деп қарастырылады. Адам өзінің өміршеңдігін белгілі бір жағдайларды, ол жайлы білімі мен дағдысы болмасада, орындап шыққанда анықтайды.

Ал Г.С.Никифоров және Р.А. Березовская (2003) түрлі авторлардың «психологиялық саулық» бойынша берген түсініктемелерін сараптап жиі кездесетін көрсеткіштерді жүйелей келіп нақты өлшемдерді ажыратты. Олар:

Психикалық процесстер бойынша – өзін лайықты қабылдау, зейінін затқа, құбылысқа шоғырландыра алуы, ақпаратты жадында ұстай алуы, ақпаратты логикалық өңдей алуы, сыни, шығармашыл ойлауы, парасаттылық дағдылары;

Психикалық жағдай бойынша – эмоционалды тұрақтылық, сезімдерді басқара алуы (жасерекшелігіне байланысты «жағымсыз» эмоцияны жеңе білу), қуана білу, үміттене алу;

Тұлғалық қасиетке байланысты – оптимизм, жинақылық, ұстанымдылық, адамгаршілік, өзіндік баға, жауапкершілік, сенімділік, еңбексүйгіштік, өзін сыйлау, жігер, өзіндік бақылау, белсенділік, мақсатбағыттылық, т.с.с.

Жалпы алғанда «психологиялық саулық» ұғымын талдауда тұлға бойында қасиеттердің бағыттылығына, сабақтастығына, үйлесімділігіне мән беріледі. Мысалы А.Миллер «салауатты сана» деп адамның өз бойында осы сәтте болып жатқан сезімдері мен қажеттіліктері өзіндік «МЕН» інің мызғымас құраушысы екеніне сенімділігін айтады. Ол өзіне не қажет екенін ғана біліп қоймай не қажет емес екенін де біледі және оны еш уайымдамастан (мені осы үшін жақсы көреді немесе жек көріп кетеді) ашық айта алады. Ал А.Маслоу ««Салауатты тұлға» деп өзін таныта білу дағдысын айтады, яғни тұлғалық өсу және өзін өзі іске асыру (мысалы: жұмысты аяктағаннан алатын рахат ceзiмi мен соның нәтижесіндегі импульстер). Бұндай тұлғаларда өзіндік құндылықтар бар, олар уақытының басым бөлігін өзін жетілдіруге дамытуға бөледі, яғни жағымсыз қылыққа бой алдыру мүлдем ойға келмейді»,- дейді.

Танымал неміс психологы Ш.Бюллер «адамның өміршеңдігінің басты қозғаушы күші – өзінің болмысына сәйкес мақсат қойып, оны орындай алу дағдысы және осы дағды тұлғаның психикалық саулығын сақтайтын жағдай», - деген анықтама береді. Бұл анықтамаға жақын ұғымды атақты австриялық психолог логотерапия негізін қалаушы В.Франкл «адамның мазасыздану себептерінің бірі деп зерігу және апатияны, санадағы «бос қуысты» айтады және ол жөнінде «экзистенциальді вакуум» деген ұғым ендірген.

Өміршеңдікті қалыптастыру өзектілігі – кәмелетке толмағандардың білім алудағы қажеттілігі жыл өткен сайын ерекше болуына байланысты балалар мен жасөспірімдердің қылықтарының деструктивті түрін алдын алу мәселелерінің күрделенуде. Бүгінгі әлеуметте жасөспірімдер девиациясының түрлері артып, деструкцияның көрінісі, асоциалды қылықтың түрлері күн асып күрделенуде, түрленуде және нәтижесі жасөспірімнің өзі үшінде, қоғам үшінде ауыр болуда. Осы мәселелерді ескере отырып ерекше өзекті және әлеуметтік маңыздылығы жоғары міндет болып, тек жасөспірімдер девиациясының өсуін тежеу ғана емес, сонымен қоса жасөспірімдердің өміршеңдік дағдыларын қалыптастыру тәсілдерін арттыру қажеттігі туындауда. Көптеген ғалым психологтар (О.В.Хухалева) жасөспірімдердің мінез құлқындағы аутодиструктивті қылық мәселелерін шешу барысында түзету шараларын алдыналу үдерісіне алмастырған маңыздырақ екенін тілге тиек етеді. Яғни алкоголизм, суицид, нашақорлық т.с.с. бұзылулардың алдын алу шараларын жеке дара іске асырмай, жасөспірімдердің психологиялық және психикалық саулығын сақтауға қатысты шараларды іске асыру қажет дейді.

Аутодеструктивті қылық – бүгінгі күні кең тараған күрделі және қауіпті феномен. Бұл адамның өміріне, физикалық және психологиялық саулығына, қалыпты дамуына қауіп тудыратын қылық.

А.Е.Личко суицидті қылықтың демонстративті, аффективті және нағыз түрлерін ажыратады. Сонымен қоса «жағдаяттық» суицидте бар, яғни қиын дағдарыс жағдайға жауап ретінде, адамның бейімделу, қорғаныс механизмі іске қосыла алмауы. Суицид – аутодиструктивті қылықтың ең қауіпті формасы. Парасуицидті қылық – адам өзін өлтіру мақсатында емес, тек тән жарақаттарын жасау үшін өткір заттармен кесу, тырнау сиқты әрекеттер жасау. Бұл нақты немесе алдамшы қылықтары үшін, өзіне және жалпы өз өміріне қанағаттанбау, психологиялық жарақаттануда жан ауруын жеңілдету үшін өзін жазалау уәжімен байланысты. Сондықтан бұл мәселені түзетуден бұрын алдын алу мәселесі өзекті болуда. Жасөспірімдердің бұндай қылықтарға оңай бой алдыру қаупі олардың эмоциональды тұрақсыздығы, әлеуметтік жағдайдың дамуы кенеттен өзгеріске түсуі (олардан өзін өзі басқара білу, өзінің әрекетіне жауапкершілік алу талап етіледі), өмірлік тәжірибенің аздығы, сонымен қоса бірқатар қолайсыздықтар экологиялық, экономикалық және әлеуметтік факторлардың ықпалы. Сондықтан жасөспірім шақта өміршеңдікті қалыптастыру ерекше маңызға ие.

Психологиялық түзету және алдын алу бойынша негізгі екі бағытты атауға болады: мәселеге бағытталған және тұлғаға бағытталған. Бірінші жағдайда кезкелген қиын жағдайды немесе мәселені шеше алу дағдысын қалыптастыру маңыздылығына, ал екінші жағдайда тұлғалық өсуіне, оның өз жеке басына және өз қылығына саналы қатынасына мән беріледі. Осыны негізге алып адамдарды дағдарыс жағдайында болуы мүмкін әрекетердің алдын алу, яғни өмірлік тосын жағдайларда қандай әрекет жасау керектігін, психологиялық көмек шараларын қолдануға және посттравматикалық стресстік күйзелістерде өзіндік көмек жолдарын үйрету бойынша шаралар маңызды. Осы пайымдарды негізге алып мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыруда психолог мамандар жасөспірім бойында бастапқы сенімдерін қалыптастыру және қоршаған ортамен қарым-қатынасын қалыптастыру бағыты бойынша жоспарлы әрекеттер ұйымдастыруы үлкен маңызға ие.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде.- Астана, 2010.

2. Запорожец А., Маркова Т.А. Основы педагогика. – Москва, 2006.

3. Х.Т.Шериазданова. Мектепке білім беру жүйесі педагогтары мен психологтарын кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері. – Алматы 2001.




Список литературы:
Ахунова эльмира рысбаевна
Девиантты мінез – құлықтың пайда болуының әлеуметтік
Пайдаланған әдебиеттер:
Аутодеструктивті мінез-құлық түрлері мен профилактикасы

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу