Пайдаланған әдебиеттер:
Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования.Париж, ЮНЕСКО 2009 год.
.Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана 2010 жыл.
Бала мен Балабақша Республикалық педагогикалық журнал.№4 2012ж.
Саламан Декларациясы. ЮНЕСКО 1994жыл.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИАЛДЫ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Ахмеджанова Алима Тажибаевна
Шымкент қаласы, №28 «Гауһар» балабақшасының педагог-психологы
Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Суицид термині итальян психологы Г.Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “Өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді. Суицид жан жүйесі қатты күйзелген кезде, не психикалық аурудың ықпалымен адам жасайтын өзін-өзі өлтіру әрекеті. Бұндай мінез-құлық жасөспірім шақта 13 жастан бастап байқалады. Статистика бойынша суицидтік мінез-құлық 14-28 жас аралығында 30 пайыз, жасөспірім шақта 6-10 пайыз құрайды. Өз-өзіне қол жұмсауға бейім адамдардың бірден-бір бөлігі психикалық тұрғыдан зардап шекен, дені сау адамдар болып табылады. Жасөспірімдер басқалардан көмек күту мақсатында суицидтік әрекетті демонстративті түрде көрсетіп, жан-жақтағыларын қорқытады. А.Г.Амбрумованың ойынша суицидтік ой, әрекет конфликт кезінде әлеуметтік-психикалық дезадаптацияның пайда болуынан көрінеді: мазасыздық, фрустрациялық күй, қоршаған адамдардың негативті қатынастары, өмір сүруге құштарлықтың болмауы, әлеуметтік ортаның төмендеуі т.б.[1/4-б] Осындай келеңсіз жағдайлар барлығы жасөспірімдерді қылмысқа тартады, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсау жиі кездеседі. Жасөспірім шақта түрлі кездерді бастарынан кешеді, кейбіреулері бір нәрседен қорыққаннан, махабаттың сәтсіз болуынан, қиыншылыққа төзе алмау салдарынан өмірден қоштасуды жөн көреді. Соңғы 15 жылдықта 15-24 жас аралығында өз-өзіне қол жұмсау 2 есеге артты, экономикасы дамыған елдерде бұндай жағдайлар жиі кездеседі. Зерттеу эксперименті бойынша өз-өзіне қол жұмсау ырықсыз түрде пайда болатыны анықталды. Бұндай әрекет жастық шаққа тән. Сәтсіз суицидтік әрекет жасаған адамдар саны бастан асады. Ер балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау қыз балаларға қарағанда әлдеқайда көбірек, ал қыз балалар демонстротивті түрде көрсетіп отырады. Осы күнге дейін суицидтік әрекет толық зерттеген адам жоқ. Ересек адамдардың 10 – нан біреуі ғана, жасөспірімдердің 50 – ден 1-уі суицидтік әрекетке бейім болады. Бірінші рет іске аспаған суицидтік әрекет, екінші рет қайталана бермейді, мысалы, 10-20 жас ер балалар арасында 10 пайыз, қыз балалар арасында 3 пайыз құрайды. Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады. Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған. Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Елбасымыз «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында» десе өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері.
Жасөспірімдер 11 – 16 жас аралығындағы балалар. «Жасөспірім» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады. Олардың физиологиялық, дене құрылысының, күшінің, жыныстық бездерінің қатты дамуын байқауға болады. Сондықтан да осы жас аралығында балалар өздерін ересектер қатарына қосады. Жасөспірімдер басқалардан ерекшелену мақсатында мінездерін көрсетеді. Әсіресе, бұндай көңіл-күй, ер балаларда 11-13 жаста, қыз балаларда 13-15 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңнен балалар мінез қыңырлығымен сипатталады. Жасөспірімдер өте еліктегіш болады, егерде олардың еліктеуі орынсыз болса, баланың тәрбиесі қиындайды, еңбек, күш қабілеті төмендейді. Жасөспірім өзін бала емес екенін сезініп, сенімсіз болады. Оларды «Мен кіммін?, «Не үшін өмірге келдім?» деген сұрақтар көп мазалатады. Ол өзіне, өзгеге сын көзбен қарайды. Көп жағдайға көңілі толмайды. Беделге ұмтылу дағдарысы отбасында әкесі мен шешесіне қарсы шығудан көрінеді. Жасөспірім билікке, тәртіпке, жалпы қабылданған ережелерге қарсы шығып, мойындаудан бас тартады. Шындықтан қашу, қалыпсыз мінез-құлыққа, секталарға, жастар қоғамына кіруге ұмтылудан көрінеду. Олар өте қызыққыш болады, мысалы, қызық кітап, фантастика, фото, кино, әнге құмарлық, құмарлық т.б. кейбіреулері жағымсыз қылықты құмарлатады, мысалы, саудагерлікке, шылым шегу, ақшақұмарлыққа т.б.Сондықтан ата-ана мұғалім бір-бірімен өзара байланыс жасап, үйдегі мінез-құлқы мен мектептегі мінез-құлқын бақылап отыру керек.
Ата-ана мен мұғалімдер жасөспірімдерге ересектердің міндетін артады, балалардың құқығын шектейді. Бір тапсырманы орындамаса, «неге орындамадың, қашанғы бала боласың?» дейді. Ал, жасөспірімдер бір нәрсеге ересектік талпыныс жасаса, «Сен әлі баласың» дейді. Ересектер баланың жаман жолға түсіп кетуінен сақтанады.
Жасөспірімдер балалық кезеңнен өткеннен кейін, ата-анамен қарым-қатынастан құрбыларымен қатынасқа, ой бөлісуге көшеді. Ересектің пікірінен гөрі, құрбыларының пікірін артық санайды. тек жасөспірімдер бір-бірін түсінеді, себебі ортақ әңгіме, ортақ идеал, ортақ кейіпкер, ортақ пікір, ортақ ойын, ортақ демалыс, ортақ сезім, ортақ мұң, ортақ қуаныш-бәрі ортақ. Сол ортақты бөліседі. Жасөспірімнің өзіндік «МЕНІ» жоғары болады. Олар ересек адамдарға еліктегендіктен, солар сықылды қылықтар жасап, оны үлгі тұтады. Кейбір жағымсыз мінез-құлықты дұрыс деп санайды. Ересектер жасөспірімнің намысына тимеуі тиіс, олар өте намысшыл болады, оларға үнемі сенімділік артып, кішкентай сәл ғана жетістіктермен мадақтап, «Сенің қабілетің бар, сенің қолынан келеді, мен саған сенемін» т.б сөздерді қолданып, психологиялық тұрғыдан дені сау адам етіп шығару керек. Олар достыққа, жолдастыққа берілген болады. Досының, жолдасының алдында адал, сатқындықты көтермейді, кешпейді. Егер жасөспірім сенімді жолдас болып, басқаға дос бола берсе онда мақсатына жеткені. Ал, егерде достарының алдында күлкіге қалса, оппозицияға ұшырайды, өзінше топ құрып сыныптың, мұғалімнің берекесін алып, бұзық жолға түседі. Осыдан «қиын оқушы» туындайды. Егерде олар сыныптан, мектептен өз орнын таппаса, сол орынды сыртқы ортадан табады. Сыртқы орта оны түсінеді, сыйлайды. Жасөспірім келеңсіздікке ұшыраса, одан шығу өте қиын болады. Себебі бұзақылық тобынан шықққан адам сатқын болады. Олар сатқындықты кешірмейді, қатаң жазалайды, өмірін де қиып жіберуі мүмкін.
Суицид саналы түрде жасалатын әрекет. Адамның жаны қиналған кезде немесе психикалық аурудың өрбуінен пайда болады. Сондай - ақ науқас адамның стресстік күй кезінде шешім, таба алмауынан, артық қиналғысы келмеген жағдайдан, жанының әлсіздігінен, өкіну, уайымдаудан көруге болады. Науқас адамдардың психикалық күйі тұрақсыз болады. Олар өз-өздерін бақылацй алмайды, не айтып жатқанын, не істеп жатқанын білмейді, агрессивті мінез-құлқы басым болады. Ал, кейбіреулерінің көңіл күйлері жоғары, қимылы тез, мазасыз т.б. болады. Бұндай орынсыз қылықты сырттағы адамдар тез байқайды. Олардың ұйқысы, түсі бұзылады, денесінде әлсіздік байқалады. Олар өздеріне жоғары талап қояды, өз-өздерін бағалауы төмен болады. Басқалармен ашық сөйлесе алады, олардың жағдайларын түсінуге тырысады, өз беттерімен шешеім қабылдауға қиналады, өз бетімен жүре алмайды, өмірге құштарлығы төмендейді, өзін басқалардан кем санайды. Өзіне-өзі қол салатын адамдар бұлар әлсіз, әрі батыл адамдар. Әлсіздігі - өмірмен күрескілері келмейді, қиналады. Шынайы суицидке қашан да жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден бас кешу жайлы ой, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып, күйзелу және өз өмірін қиюды армандау жатады. Шынайы суицидті іске асыру ұзақ уақытты талап етеді (бірнеше күннен айға дейін немесе одан да көп болуы мүмкін). Жасырын – алдын-ала ойластырылмайды, ол кенеттен пайда болады. Адам өзін өлімге арнайы дайындамайды. Тек саналы түрде тәуекелге бел буу күтпеген өлімге алып келеді. Ол кенеттен қатты психотраммадан туындайды.
Демонстративті суицид - өлім ниетімен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс-құралы, басқаларды көмекке шақыру. Біреуге бір нәрсе дәлелдеу үшін өз-өзіне қол жұмсайды. Демонстративті суицид – даулы жағдайды қолайлы жаққа өзгерту мақсатында өз өмірінің құндылығын сақтап қалу, өзіне көндіру іс-әрекеті (өзіне деген аяушылық туғызу, қиыншылықтардан құтылу). Демонстративті суицид кезінде адамдар өлімге жол бермеу керектігін түсінеді, ересектер арасында 10-нан біреуі ғана, ал жасөспірімдер 50- ден немесе 100- дің біреуі ғана өз-өзіне қол жұмсайды. Қыз балаға қарағанда ер жігіттер 2 есе артық өзіне қол жұмсайды, дегенмен қыздар осы талаптарды жиірек қолданады.
Қорыта келе балаға әрқашан назар аудару, түсінуге тырысу, мәселелерін шешуге көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу, ұрысу, жекіру орнына жиі мақтап мадақтап отыру, кешірімді болу, ал ең бастысы, бала қандай болса, солай қабылдау, сол қалпында жақсы көру, кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып, оны жақсы көретіндікті сездірту бұл келеңсіз жағдайларды алдын алатын жолдардың бірі.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Жеткіншек жастағы мінез құлық және оны алдын алудың тәсілдері» әдістемелік құрал Ақтөбе, 2009. (4-15 бет)
Осипова А.А. Справочник психолога по работе в кризисных ситуациях, А.А. Осипова. – Ростов-н/Д: Феникс, 2005. (315 стр.)
С. Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982. (37 бет)
Райс Ф. Психология подросткого и юнешеского возраста. Москва, 2000.(45 стр.)
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
Мырзалиева Гауһар Султановна
№121 жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Өз-өзіне қол салу қазіргі таңда әлемді қатты алаңдатып отырған үлкен мәселе. Дүниежүзінде жыл сайын 1 миллион адам өз-өзін ажалға қиса, 10-20 миллиондай адам өзін өлтіруге әрекет жасайды. Ең жаманы өз-өзіне қол жұмсайтын адамдардың арасында жастар өлімінің көбеюі өзекті мәселе болып отыр . «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Әлем бойынша өзін-өзі өлтіруге қол жұмсайтындар жайлы мәлімет келтіретін болсақ өз-өзіне қол жұмсау жоғары және өте жоғары елдер (100 мың адамнан 20-дан көп адам), оны пайызбен көрсеткенде Жапония 27, Венгрия 35,9, Эстония 40, Ресей 39,4(жыл сайын 60 мың адам), Литва 42,1, Латвия 42,5. Өз-өзіне қол жұмсаудың қазіргі таңда 80-ге жуық тәсілі анықталып отыр. Әлемде кең тараған түрлері: асылу, суға кету, улану, биік жерлерден секіру, қару қолдану. Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымы өзін-өзі өлтірудің мынадай себебін анықтап отыр: жеке өмірдегі кикілжіңдер, үмітсіздік, махабаттағы сәтсіздік, жалғыздық, қорлық, зомбылық көру, мүгедектік т. б. Өзіне-өзі қол салу үш топқа бөлінеді: ашық, жасырын және демонстрациялы. Ашық суицидке қашан да жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден баз кешу жайлы ойлап, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады. Өйткені, өзін ешкімге керексіз сезінеді.
Демонстрациялы суицидке өлуге деген ниеті жоқ, жай ғана басқалардың назарын өзіне аудару үшін өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жатады. Жасырын суицидке өлуді мәселенің шешімі деп санамайды, одан басқа жол таба алмай қиналатындар баратын мінез қылығының бір түрі. Жасөспірімдер арасында еліктеуіш күш те қарқынды әсер етеді. Олар теледидар, радиохабарлар, интернет арқылы өз үлгілерін табады да, оларға «көшірме» ретінде еліктейді.
Жасөспірімдердің мінезі тұрақсыз келгендіктен, сенгіш келеді, жел сөздерге еріп, әр түрлі әрекеттер жасайды. Жасөспірім көбінесе өліммен қорқытып, өзінің қарсыласын бағындыру мақсатында және бұл әрекетті ең дұрыс тәсіл деп түсінеді, қайғылы жағдайларға ұшырайды. Біз жасөспірімдерге өз-өзіне қол салу-табиғаттың ең қымбат сыйынан қол үзу, яғни, ауыр күнәға бару болып саналатынын түсіндіруіміз қажет. Мен осындай жағдайға душар болған бір баланың хатын оқып берейін. «Құрметті анам, әкем және бауырларым. Менің істеген ісімнен кешірім сұраймын, бірақ мен сіздердің барлығыңызды жақсы көремін. Өтінемін, өтінемін, өтінемін мені осы үшін кіналамаңдар. Бұл менің қателігім, сіздің немесе басқа біреудің қателігі емес. Егер бұл жағдайды қазір істемесем мен мұны келесі жолы істер едім. Біз барлығымыз бір күні өлеміз, тек мен ертерек өмірмен қош айтыстым» Мен сіздерді жақсы көремін, Серік 17 жастағы Серіктің өлімі ауыр жағдай. Жастардың өзіне қол жұмсауы бақытсыз жағдайлар және созылмалы аурудан өлетін жастардан кейін үшінші орында тұр. Соңғы уақытта үкімет және қоғамның назары ұлттық денсаулық сақтау проблемаларының ішінде жастар арасындағы суицидтің көбеюіне байланысты болып отыр. Соңғы онжылдықта ата-анасынан, оқу-тәрбиелік орындардан қашып кеткен, сонымен бірге хабарсыз кеткен балалар үш есеге көбейді. Прокурорлық тексерістер мәліметі бойынша мұндай ауыр тенденцияның көбеюінің негізгі себебі жанұя және қоғам тәрбиесінің жоқ болуы; үлкендер және құрдастарының аяусыз қарауы, жасөспірімдерді қашуға және оларды суицидке итермелейді. Рухани және дене күшімен күштеу, тәрбиелеудің төмендеуі, адамдық қасиеттерін төмендету көптеген балалар мен жасөспірімдер жанұясында және білім беру орталықтарында көп кездеседі.
Мемлекеттік статистика мәліметі бойынша өзіне қол жұмсаған балалар және жасөспірімдер саны 12,7%- ті құрайды. Соңғы бесжылдықта кәмелетке толмай өзіне қол жұмсағандар саны-14157. Әрбір осындай болған жағдай артында-апат, шешім таба алмау, өмір алдындағы үрейді өлім үрейінің жеңіп кетуі. Кәмелетке толмағандардың өзіне қол жұмсау себептерін, қылмыстық істер және жағдайды тексеру анализін басты прокуратура көрсеткендей барлық өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің 62%-ті жанұядағы кикілжің және жағдайдың болмауы, үлкендер жағынан қорлық көруден қорқу, мұғалімдермен, кластастармен, достармен кикілжің, қоршаған қатігездігі құрайды. Мұндай қадамға негізінен көп үндемейтін, өзін жалғыз сезінетін тез ренжігіш жасөспірімдер, өзінің керек еместігін сезінетін, стресстер және өмір мағынасын жоғалтқандар барады. Мұндай жағдайды болдыртпау үшін дер кезінде психологиялық көмек және оның жағдайына шынайы қатысу қажет. Егер адам өзіне қол жұмсауды нақты ойланса, онда оны бірнеше себептер арқылы тауып, оларды үш топқа бөлеміз: ауызша, мінез-құлық, ситуациялық. Мінез-құлық белгілері:
1. Адамдарға өзіне қымбат заттарын таратады, істерін аяқтап, бұрын конфликтіге түскен адамдармен достасуға тырысады.
2. Мінез-құлықта түбегейлі өзгерістер болады. Олар: тамақта-шамадан тыс аз немесе шамадан тыс шамадан көп тамақтану; ұйқы-аз немесе көп ұйықтау; сыртқы бейне-ұқыпсыз болу; әдеттерде-сабақтан қалу; жанұядан және достарынан оқшайланып қалу және т. б.
3. Дәрменсіздіктің, үмітсіздіктің және қажу белгілерінің көрінуі.
Ситуациялық белгілері: Адам өзіне қол жұмсауға дайын болады, егер:
1. Әлеуметтік оқшаулану (достары болмау немесе тек бір досы бар), өзін қоғамнан тыс қалдым деп сезінуі;
2. Тепе-теңдік күйде өмір сүрмеу (жанұяда маңызды кризистін болуы-ата-аналарға немесе ата-анасының бір-бірімен қарым-қатынасы; алкоголизм-жеке немесе жанұялық проблема);
3. Өзін зорлық-зомбылық құрбаны ретінде сезіну-физикалық, жыныстық және эмоциональдық.
4. Суицидтік жағдай бұрын болған.
5. Достарының біреуі, таныс адамы немесе жанұя құрамындағы біреу суицидтік әрекетке барған болса, онда осы адам да өзіне қол жұмсауға әрекет етуге бейімделуі мүмкін.
6. Ең жақын адамын жоғалту (тумаларының біреуінің өлімі, ата-аналарының ажырасуы)
7. Өзіне деген сынның шамадан тыс болуы.
Біздің өміріңіздің мәні-бала, сәні-бала! Салтанаты, махабаты, мәртебесі-бала! Баланың өсуі отбасының көрмесі іспеттес. «Жақсы әке-балаға өмірлік азық. Жақсы ұл әулетке-өмірлік қазық» деген. Сондықтан тәрбие мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Біз педагог маман ретінде, сіз баланың ең басты тәрбиешісі, әрі айнадай өнегесі ретінде бір-бірімізге кеңес берейік, сөйлесейік, бірігейік. Біздің мәпелеген, өсірген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат деп сөзімді аяқтаймын!
Пайдаланған әдебиеттер:
«Жеткіншек жастағы мінез құлық және оны алдын алудың тәсілдері» әдістемелік құрал Ақтөбе, 2009. (4-15 бет)
Осипова А.А. Справочник психолога по работе в кризисных ситуациях, А.А. Осипова. – Ростов-н/Д: Феникс, 2005. (315 стр.)
С. Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982. (37 бет)
Арнольд О. VITA// Советы психолога, 1999‚ № 4. (22-24стр.)
Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение. – Минск, 1999. (292- 302стр.)
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДАЛЬДЫ МІНЕЗ–ҚҰЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ
Шамсутдинова Айсулу Алиаскаровна
Мақтарал ауданы, А.Рудаки жалпы орта мектебінің педагог-психологы
Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп ,қоғам дертіне айналып отырған суицид мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде. Осы мәселеге орай Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыттағы авторлардың зерттеуіне жүгінсек, жалпы, өзіне-өзі қол жұмсаудың басты сылтауы әлеуметтік-психологиялық бейімделе алмауы болып табылады. Бұл мақсатында адам мына қиыншылықтардан немесе ауыртпашылықтардан қашқысы келеді:белгілі бір қиыншылықтардан кету, қауіпті әкелетін іс-әрекеттерден кету, басқа адамдарды өзінің қиыншылықтарына көңіл аударту, ренжіткен адамнан кегін алу мақсатында болады,оны қалай болса да жүзеге асырамын деген қырсықтылық мінез туады. Мұндай жағдайға түскен үлкеннің де, жасөспірімнің де , тіпті, жеткіншектердің де психикасында «Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ» деген ойлар басынан кетпейді. Кейде мұндай жағдай жасөспірімдерді еліктеушілікке де әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әр түрлі кітаптардан оқып көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді. Сөйтіп, жасөспірім өлім ренжіткен адамды қорқытады деп түсінеді. Осы арқылы өзіне жұрттың назарын аудартқысы келеді. Әр адамның өмірінің өзінен-өзі қиылуы трагедия. Адам өзін жер бетіндегі ең керемет жаратылыспын деп есептейді. Бұл таңғажайып емес, себебі махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері — адамға тән қасиеттер. Жер бетіндегі адамнан басқа бірде-бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Ендеше, өзін-өзі құрбан ету — адамзат жаратылысынан болып келе жатқан жағдай. Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады. Балалық шақ – 12 жасқа дейін; Жеткіншектік кезең – 12-17 жас; Жастар арасы — 17-29 жас; Ересектер арасы – 30-35 жас; Қарттық кезең – 55-70 жас.
Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек 5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен, мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында,әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды. Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б. Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар: протест, жанашырлыққа шақыру, қайғыдан қашу. Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін-өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды.
Жоғарыдағы аталып өткен мәселеге байланысты мектеп оқушыларының арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) жағдайларын болдырмау және суицидиалды мінез-құлықтың алдын-алуға байланысты құрылған мектепішілік 2012-2013 оқу жылына арналған психологиялық жоспары құрылды және психология саласы бойынша тәрбие орталығымен, сынып жетекшілермен бірігіп тиісті шаралар атқарылуда. Осы бағыттар бойынша мектебімізде арнайы психологиялық қызмет құрылып, төмендегідей жұмыстар жүргізілді. Сынып оқушыларына үнемі сырттай бақылау жүргігізіледі. Яғни, оқушылардың жекелік қасиетін анықтау, үзіліс кезеңдерде оқушылардың айналасындағылармен қарым-қатынасын бақылау, 1-11 сыныптың сабақтарына ену, жеке сөйлесіп кеңес беру, ата-аналарымен байланысып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Суицидалды мінез-құлықтағы оқушыларға арнайы көмек ретінде оның ішкі жан дүниесіне сенімділік орнату, рухани күш беру мақсатында жеке кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды және жасалған жұмыстар арнайы журналдарға тіркеліп отырылды. Барлық сыныптың оқушыларына жеке педагогикалық- психологиялық мінездеме жасалды. Жағымсыз іс-әрекетке барғызбаудың алдын-алу жұмыстарына байланысты әңгімелесу,пікірлесу әдісі, жиналыс жасау , сынып жиналысы,тәрбие сағаты т.б іс-шаралар ұйымдастырылуда. 7-11 сынып оқушыларының арасында сауалнама жүргізді, тұлғалық қабілеттері жөнінде мәліметтер жинақтады. 10-сынып оқушыларына аталып отырған мәселе төңірегінде «Суицидтің сыры неде?», «Жасөпірімдерге ұялы телефонның зияны жөнінде түсіндіру» деген тақырыптарда әңгіме қозғалды. Оқушы пікірі талданды. Сонымен қатар 11сыныптарға «Сенімділік күш береді» тақырыбында тренинг сабақ, ҰБТ ға байланыста рухани күш беру мақсатта әңгімелесу әдістері , кеңес беру, сауалнама әдісі бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бастауыш сыныптардың өзін-өзі бағалауының, өзіне деген сенімділігінің деңгейін, сонымен қатар психологиялық дамуында ауытқуы бар балаларды зерттеу үшін «Әлемде жоқ жануар» әдістемесі пайдаланылды. 2-4 сыныптар арасынан зерттеуге 75 оқушы қатысты. Барлық оқушының салған суреттері толық, жеке-жеке қаралып, талданды және салынған суреттің әр детальінің түгелдігі ескерілді. Ал жұмыс жасалу барысында өз ойларын жинақтай алмаған , әдістеменің шартына бірден түсіне алмай, қиындық туғызған балалар да болды. Мұндай оқушылар назардан тыс қалған жоқ. Алдағы уақытта арнайы қиялын, ойлауын дамыту жұмысы жүргізу жоспарланды. Осы әдістмені қорытындылай келе оқушылардың 10 %-ының өзін-өзі бағалау деңгейі өте жоғары, 65% -ы орта, 15 %-төмен деңгейдегі көрсеткіште тұр. Мазасыздану және қорқыныш белгілері 4-сыныптың оқушысынан айқын байқалады. Бұл оқушылармен жеке жұмыс жасалуда.
1-6 сынып жетекшілерінен «Қиын» оқушыларды анықтау сауалнамасы алынды. Сауалнама бойынша 7-ші сұрақ «Сіздің сыныбыңызда «қиын» оқушы бар ма?» деген сұраққа сынып жетекшінің 100%- ы жоқ деп жауап берді.
1- 11 сыныптар арасындағы сынып жетекшілер «Өмір тамаша!» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Мақсаты: Оқушының өмірге деген көзқарасын жақсы жағына қарай бағыттау, өмір құндылықтарын ұғындыру, суицидтік болдырмаудың алдын алу.
5-6 сынып аралығында «Мен өмірді таңдаймын!» тренинг сабағы болып өтті. Сабақтың негізгі мақсаты: оқушының өмірге деген көзқарасын жақсы жағына қалыптастыру, балалар бойындағы суицидтік мінез –құлықтың алдын-алу және болдырмау.
5-6 сыныптар арасында өзара қарым-қатынасты анықтау мақсатта «социометрия» әдісі пайдаланылды.Осы әдісті пайдалану арқылы сыныптағы «шектеулілер» мен «жұлдыздар» анықталды. «Шектеулі » топтағы оқушылармен жеке жұмыс жүргізілуде.
Орта буын оқушылары арасында «Менің сынып жетекшім» және «Оқушылардың оқу процесін адаптациялау»тақырыптарында сауалнама алынып ,қорытындаланды. Зерттеу нәтижесі бойынша сынып жетекшілермен талдау жүргізілді және жеке коррекциялық жұмысты қажет ететін топ оқушылары анықталды. Конфликт жағдайында әсер ету амалдарына, эмоциональды жағдайды реттеуге бағытталған тренингтер әзірленді және жүргізілуде. Пайда болған мәселелер бойынша ата-аналармен, сынып жетекшілер, оқушылармен жеке консультациялар өткізілді.«Өз-өзіне деген сенімділікті нығайту» тақырыбында жеке оқушыларға кеңес беру жұмысыүнемі жүргізіліп отыр. «Мен және мені қоршаған орта» сауалнамасы 2-11 сыныптар аралығында жүргізілді. Өткізілген зерттеулер нәтижесі бойынша келесі көрсеткіштер айқындалды: 64,7% – оқушылар, келеңсіз жағдайларды өз қалпында қабылдайды, өз рухани тепе-теңдігін сақтайды, кек сақтамайды. 35,3 % – оқушы, олар тағдыр тауқыметіне шыдай бермейді. Олар мәселе туындаса көңілсізденеді немесе іштен тынады және басқа адамдарды ренжітеді. Кризистік жағдайлар болатын сала: Отбасы- 30,8 %; Мектеп- 24,8 %; Көше- 28,7%; Достар- 15,8 %;
Отбасындағы кризисті жағдайдың жоғары көрсеткіші 30,8% онымен қатар мектептегі проблемалар 24,8% және көшеде 28,7% ; 15,8% достар. Міне,осындай сауалнама нәтижесінде тек зерттеп қана қоймай, әрі қарай мүмкіндігінше дамытушылық, түзету жұмыстары да жүргізілуде. Осы орайда айта кететін жайт, әрбір сынып жетекші өзінің сыныбындағы әрбір оқушының отбасын, баланың мінез-құлқын, ерекшеліктерін, оқу үлгерімін жатқа білуі тиіс. Сынып жетекшілер сыныбымен диагностикалық ағартушылық, түзету-дамытушылық жұмыстар жүргізіп, ата-анамен, мектеп психологымен тығыз қарым-қатынас жасап отыруы шарт. сынып жетекшілерге сыныбы толығымен сенім арта білсе, оқушылар ішкі ойын ашып айта алатын жағдайға жетіп, аталмыш келеңсіздіктерден аулақ жүретін едік.
Қорыта айтқанда, жыл басынан бергі атқарылған жұмыстар жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Негізгі мақсатымыз – оқушыларымызға, педагогтарға өмір құндылықтарын үгіттеу және білім беру мекемесіндегі психологиялық климатты оңтайландыру (мысалы: педагогтарға арналған эмоционалдық күйдің алдын алу бойынша сабақтар, психикалық өзіндік реттеу қабілеттерін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттерді арттыру бойынша сабақтар және т.б.) Жалпы, тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры болар жасөспірімдеріміздің құқықтық санасын жетілдіру, құқықтық ақпараттық-насихаттық көмек пен жан-жақты демеу беру мен қоғам өміріндегі барлық іс-әрекетке бей-жай қарай алмайтын азаматтық тұрғыдағы белсенді патриоттық тұлғасын қалыптастыру бағытындағы барлық бірлескен іс-қимыл шаралары өзінің игі жалғасын тауып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда өзіндік тұрғысынан әсерінің оң болатындығына сенім мол.
Достарыңызбен бөлісу: |