«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»



бет8/16
Дата29.03.2018
өлшемі2,89 Mb.
#39816
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Құдайқұлов М.Ә. Қабілеттілік. Дағды. Шеберлік. Алматы, 1986.

2. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.

3. Платонов К.К. Проблема способностей. М., 1972.

4. Практикум по общей психологии. Под. ред. А.И.Щербакова. М., 1990.

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ «АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ»
Бекбосынова Кулия Даулеткулкызы

Шымкент қ., № 72 жалпы орта мектеп педагог-психологы
Қазіргі таңда, қоғамда шешілмей тұрған мәселелердің бірі-жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекеттің орын алуы. «Аутодеструктив» сөзі латын тілінен «қалыпты жағдайдағы құрылымының бұзылуы» деп аударылады. Аутодеструктивті мінез-құлық – қалыпты дамуға, адамның психологиясына кері әсер етеді. Яғни, өз-өзін өлтіруге ұмтылатын іс-әрекетке апарады. Қазіргі өмірдің талабы мен қарқынының әлеуметтік-экономикалық өзгеруі салдарынан туындаған жанұядағы күрделі әлеуметтiк-экономикалық күйзелістің, дағдарыстық ахуалдың артуын халқымыздың келешегі болып саналатын жап-жас өрендеріміз көтере алмайды. Аталған мәселенің даму жолдарына жалғыздық, ата-ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі, жасөспірімнің өзінің шешім қабылдауына тыйым салуы, ата-ана арасындағы түсінбеушілік, оқушы мен ұстаз арасындағы шиеленіс, отбасындағы әлеуметтік ахуал, құрбылар арасындағы қатынастың нашарлауы, еркіндік бермеу және тағы басқа себептерді жатқызуға болады. Медицина тіліндегі депрессия, невроздар, қорқақтық сезімнің пайда болуы, депрессиялық психоз, шизофрения секілді сөздерге сәйкес келеді. Ал халық ұғымында бір жағдайдың әсерінен тығырыққа тірелуі, қиын жағдай болғанда біреумен бөліспеу, мұны шешетін бір ғана жол бар деп ойлау деген ойлармен пара-пар. Отбасындағы жайсыздық та балалар бақытсыздығына әкеліп соқтыруы мүмкін. Осыған орай, жыл сайын жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлықтың қарқынды өсуі көкейтесті мәселеге айналып отыр. Аутодеструктивті мінез-құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел факторлары болады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолы да әсер етеді.

Әр бір жас кезеңдеріне сай аутодеструктивті белсенділік тән болады:

- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;

- Жастық кезең - 17-29 жас;

- Ересектік кезең – 30-35 жас;

- Қарттық кезең – 55-70 жас.

Жеткіншек кезеңде әрекеттің себебі-ата-анасы мен мұғалімдерімен, жолдастарымен қақтығысқа бару болып табылса, жастар арасында әсіресе қыздар арасында өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталған.

Өз-өзіне қол жұмсаудың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, аутодеструктивті мінез құлық көріністерінің әр түрлі психологиялық ерекшеліктері кезеңінен өтеді. Ол кезеңде балалардың қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы сипат алады.

Дюркгейдің суицид теориясында адам бір проблемаға тап болған кезде немесе оның өмір сүріп отырған ортасы немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып Дюркгей суицидтің эгойсттік және альтруисттік сияқты түрлерін бөліп көрсетеді. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтену деңгейі мен қоғамда алатын орнына байланысты да болатынын айтады. Аутодеструктивті іс-әрекеттегі жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжіри-бесіне, интелектісі және мінез-құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Қақтығыс себептері субьект үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан ол субъектіні ауыр уайым–қайғымен депрессияға ұшыратады. Сол проблемалардың шешілмеуіне байланысты адамдар өз-өздеріне қол жұмсауы мүмкін.

Жасөспірімдер 11–16 жас аралығындағы балалар. «Жасөспірім» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады. Олардың физиологиялық, дене құрылысының, күшінің, жыныстық бездерінің қатты дамуын байқауға болады. Сондықтан да осы жас аралығында балалар өздерін ересектер қатарына қосады. Жасөспірімдер басқалардан ерекшелену мақсатында мінездерін көрсетеді. Әсіресе, бұндай көңіл-күй, ер балаларда 11-13 жаста, қыз балаларда 13-15 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңнен балалар мінез қыңырлығымен сипатталады. Жасөспірімдер өте еліктегіш болады, егерде олардың еліктеуі орынсыз болса, баланың тәрбиесі қиындайды, еңбек, күш қабілеті төмендейді. Жасөспірім өзін бала емес екенін сезініп, сенімсіз болады. Оларды «Мен кіммін?, «Не үшін өмірге келдім?» деген сұрақтар көп мазалатады. Ол өзіне, өзгеге сын көзбен қарайды. Көп жағдайға көңілі толмайды. Беделге ұмтылу дағдарысы отбасында әкесі мен шешесіне қарсы шығудан көрінеді. Жасөспірім билікке, тәртіпке, жалпы қабылданған ережелерге қарсы шығып, мойындаудан бас тартады. Сондықтан ата-ана мұғалім бір-бірімен өзара байланыс жасап, үйдегі мінез-құлқы мен мектептегі мінез-құлқын бақылап отыру керек.Ата-ана мен мұғалімдер жасөспірімдерге ересектердің міндетін артады, балалардың құқығын шектейді. Бір тапсырманы орындамаса, «неге орындамадың, қашанғы бала боласың?» дейді. Ал, жасөспірімдер бір нәрсеге ересектік талпыныс жасаса, «Сен әлі баласың» дейді. Ересектер баланың жаман жолға түсіп кетуінен сақтанады. Жасөспірімдер балалық кезеңнен өткеннен кейін, ата-анамен қарым-қатынастан құрбы-ларымен қатынасқа, ой бөлісуге көшеді. Ересектің пікірінен гөрі, құрбыларының пікірін артық санайды. тек жасөспірімдер бір-бірін түсінеді, себебі ортақ әңгіме, ортақ идел, ортақ кейіпкер, ортақ пікір, ортақ ойын, ортақ демалыс, ортақ сезім, ортақ мұң, ортақ қуаныш-бәрі ортақ. Сол ортақты бөліседі.

Жасөспірімнің өзіндік «МЕНІ» жоғары болады. Олар ересек адамдарға еліктегендіктен, солар сияқты қылықтар жасап, оны үлгі тұтады. Кейбір жағымсыз мінез-құлықты дұрыс деп санайды. Ересектер жасөспірімнің намысына тимеуі тиіс, олар өте намысшыл болады, оларға үнемі сенімділік артып, кішкентай сәл ғана жетістіктермен мадақтап, «Сенің қабілетің бар, сенің қолынан келеді, мен саған сенемін» т.б сөздерді қолданып, психологиялық тұрғыдан дені сау адам етіп шығару керек. Олар достыққа, жолдастыққа берілген болады. Досының, жолдасының алдында адал, сатқындықты көтермейді, кешпейді. Егер жасөспірім сенімді жолдас болып, басқаға дос бола берсе онда мақсатына жеткені. Ал, егерде достарының алдында күлкіге қалса, оппозицияға ұшырайды, өзінше топ құрып сыныптың, мұғалімнің берекесін алып, бұзық жолға түседі. Осыдан «қиын оқушы» туындайды. Егерде олар сыныптан, мектептен өз орнын таппаса, сол орынды сыртқы ортадан табады. Сыртқы орта оны түсінеді, сыйлайды. Жасөспірім келеңсіздікке ұшыраса, одан шығу өте қиын болады. Себебі бұзақылық тобынан шыққан адам сатқын болады. Олар сатқындықты кешірмейді, қатаң жазалайды, өмірін де қиып жіберуі мүмкін.Өз-өзіне қол жұмсаудың қазіргі таңда 80-ге жуық тәсілі анықталып отыр. Әлемде кең тараған түрлері: асылу, суға кету, улану, биік жерлерден секіру, қару қолдану. Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымы өзін-өзі өлтірудің мынадай себептерін анықтап отыр: жеке өмірдегі кикілжіңдер, үмітсіздік, махабаттағы сәтсіздік, жалғыздық, қорлық, зомбылық көру, мүгедектік т. б.

Жасөспірімдерде өз-өзіне қол жұмсау әрекеттер көбінесе «шынайы емес», «аутодеструк-тивті жанжал» жариялылық сипатта болады. Бірақ тек осы кезеңде шындық және жариялылық аралығын ажырату қиын. Олар үшін өлім - бұл оның кемегімен біреуден кек алу, біреуді жазалау, өзінің дұрыстығын дәлелдеу, жазалаудан қашу болып табылады.

Демонстративті – қауіп төндіру аутодеструктивті жүріс-тұрыс кезінде мақсат өмірден кету емес, осы ниетті жариялау. Өзіне қастандық жасау немесе дене мүшелеріне зиян жасау мұнда ешқандай да өлімге бағытталу ниеті болмайды. Мұндай әрекеттердің мақсаты тек жекелеген дене мүшелеріне зақым келтірумен шектеледі. Демонстративті суицидалды мінез-құлықта ешқандай өзін-өзі өлтіруге ниеті жоқ, тек уақытында құтқарып алады деген есеппен болатын әрекет. Барлық әрекет басқалардың назарын өзіне аудару, қалағанына қол жеткізу, өзгелердің өзіне көңіл аударуын туғызу мақсатында жасалады. Демонстративті мінез-құлықта көбінесе тамырларын кесу, дәрілермен улану жиі кездеседі. Демонстративтілер аңдаусыз әрекетінің салдарынан кездейсоқ болған айықпас зардаптарға ұшырауы мүмкін. Аффективті суицидалды мінез-құлық. Суицидті әрекет бар болғанын минутқа, кейде оқиғаның қиындығына қарай сағат немесе тәулікке созылатын жоғарғы деңгейдегі аффект кезінде жасалынады. Мұндайда бір сәтте өмір мен қоштасу мүмкіндігі туралы ой келе қалады. Нағыз суицидалды әрекет өзін-өзі өлтіруге ниет етіп, ойланып жасалған іс. Мұндай жасөспірім суицидті әрекеттің эффективті болу үшін «ешкім кедергі жасамауы керек» деген ойда болады. Аутодеструктивті мінез-құлықтың барлық түрінде әлеуметтік - психологиялық стимулдар басты орын алады.

Нағыз суицидалды әрекетте басқаларына қарағанда өзін-өзі асу жиі кездеседі. Әрекетті таңдауда достарына, естігені немесе кинода көргендеріне еліктеу реакциясы маңызды орын алады. Жасөспірімде бұл жағдайлар әр түрлі деңгейде көрініс береді. Егер адам өзін өмірден айыратын болса-бұл оның санасында фундаменталды этикалық категория қиын өзгерулерді басынан кешіретін өмірдің мағынасын білдіреді. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда педагогтің жеке басына қойылатын талаптар – Ата Заңның 14-бабында «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дінге көзқарасына немесе тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп атап көрсетілген. Сондықтан педагог қай жерде болмасын өзінің азаматтық борышын, жауапкершілігін терең сезінуі, өзіне-өзінің қатаң талап қоюы, басқа адамдарға деген өз бойындағы адалдық, ілтипаттылық, қайырымдылық, ықыластылық, мейірімділік және т.б. ізгі қарым-қатынастардың болуын үнемі есінде ұстауы тиіс. Педагогтың әрбір іс-әрекеті махаббат пен сүйіспеншіліктің, құрмет пен шыдамдылықтың, яғни қоғамға қызмет етудің үлгісі болуы шарт.



Білім беру ұйымдарында педагог түрлі жастағы балалармен жұмыс істейтіндіктен тәрбиеленушілердің әрбір жас кезеңдегі психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін білуі және оны үнемі қаперіне алып отыруы тиіс. Ересек балалар үшін педагогтың әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл-кеңесіне, өзге адамдармен қарым қатынасына, шәкірттерге қоятын талаптарына өздерінше сын көзімен қарайды. Сол себепті педагог балалармен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттермен даралық ерекшеліктерімен санаса отырып қарым-қатынас жасауға аса мән беруі тиіс. Бала мен педагог арасындағы талас-тартыс, дау-дамайдың туындауына негіз болатын жағдайлардың себептерін ғалым С. Елеусізова төмендегі жағдайлармен байланыстырады. Олар: Орта жастағы оқушылар өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді. Өмірдегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана-сезімі мен ақыл-ойының жетілуі мұғалімді жасөспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді. Балалар бойындағы мұндай ерекшеліктерге педагог олардың есейгендігін байқатуы деп қабылдағаны абзал. Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрсетуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір педагогтер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездеседі. Балалардың жас және жеке ерекшеліктерін елемеу, рухани тілектерін қанағаттандырмау. Балалардың жеке ерекшеліктерін ескерудегі негізгі мақсат мінезі ерекше балалармен қалыпты қатынас орнатудың тиімді әдісі оларды ұжымдық өмірдің ыңғайын қарай бейімдеп, іс-әрекеттерін үйлестіру. Педагогтерге шыдамдылық пен тапқырлық көрсетіп, тиімді қарым-қатынас орнатудың әдіс-тәсілдерін қолданған жөн. Сол себептен, баланың айналасындағы адамдардан, педагогтер мен бала арасындағы қарым-қатынастарында жылы лебіздік жетіспейді. Педагог білім беру ұйымдарында сүйіспеншілікке толы ерекше атмосфера құра алуы тиіс. Оны тұлғаның психикалық, адамгершiлiк негiздерiнiң қаланатын табиғи ортасы деп қарастырып, үлкендердің балаға, баланың үлкендерге деген туыстық сезiм негiзiнде терең эмоциялық сипатта құрылуына ықпал жасауы керек. Қазіргі кезде отбасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік орын алып, бір-біріне сүйіспеншілікпен, кешіріммен қарау азайып, түрлі келеңсіз мәселелер туындауда. Сондықтан отбасынды орын алып отырған қиындықтарды шешу қажет болып отыр. Отбасындағы жанжал мен орынсыз дау-дамайлар бала психикасына әсер етеді, отбасындағы түсініспеушілік баланың бойында орнықсыз эмоциялық жайттарды тудырады. Ата-аналар үнемі балаларының ұяда не көрсе, ұшқанда соны алатынын, олардың әрбір сөзі мен іс-әрекетінің балаға тікелей әсер ететінін ұмытпағаны абзал.Аутодеструктивті мінез құлықтағы іс әрекет әлеуметтік жағдайы жоғары отбасында да кездеседі. Негізінен, жеткіншектер қай жағынан болсын әлсіз сипатта болады, олардың бойында әлеуметтік маригинализм кездеседі. Өйткені олар әлі есейіп үлгерген жоқ, жасөспірімдер немесе жеткіншектер көп жағдайды терең түсіне алмай, күйзелісті жағдайға барады. Олардың бойында құндылықтар жүйесі әлсіз болады да, антисуицидиалды факторлар іске қосылмайды. Тәрбиедегі жағымсыз әрекеттер әлсіз қарсылықты күшейтеді де, ата-ана тарапынан болатын әртүрлі жазалар баланың көңіл күйінде эмоциялық орнықсыздықты тудырады, олар содан келіп өмірлік қиындықтарды көтере алмайды.

Педагог-психологтың ең басты міндеті–оқушылардың, яғни жасөспірімдердің ата-анасымен қарым-қатынасын анықтап, дер кезінде көмек қажет ететін балаларды және күйзеліске ұшыраған жандарға көмек қолын созып, олардың отбасы мүшелерімен жұмыс ұйымдастыру, қиын өмірлік жағдайдан немесе дағдарыстан шығуға көмектесу. Мінез-құлық проблемасын шешуге бағытталған жеке және топтық сабақтарын өткізу, өзін-өзі бағалауын көтеру, өз тұлғасына оң көзқарасын қалыптастыру. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерін алдын алу мақсатында балалар мен жасөспірімдердің суицидалдық мінез-құлығы бойынша психологиялық қолдау жұмысын жүргізу. Педагогтармен оқушылардың дезадаптациялық мінез-құлығы туралы психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Мұнда суицидтің алдын алу шаралары, ата-аналарға суицидалдық мінез-құлықтың себептері мен факторлары, динамикасы туралы мәлімет беріледі. Суицидтің алдын алуға байланысты нұсқаулар ұсынылады. Балаларға аутодеструктивті іс әрекет туралы мәліметті досына көмек беру тұрғысынан ұсынған дұрыс. Өйткені, көп жағдайда балалар өз проблемасын өздерінің құрбыларымен және достарымен талқылайды, ересек адамдардан сескенеді және жасырады. Сондықтанда бірінші ретте аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу мақсатындағы шараларды жасөспірімдердің өздері білуі тиіс. Жоғарыда аталып өткен проблемадан немесе қиыншылықтан қашу, қорланудан құтылу, қайғыдан қашу деген пікірлердің негізінде оқушылардың сана-сезімінің дәрежесін және психоло-гиялық сауаттылығын көтеру маңызды болады.Жалпы адамның жеке қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы өзегінде көп жылдар бойы сақталып есінде жүреді. Отбасы–бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Әр біріміз өз балаларымызға дұрыс тәрбие беріп, дер кезінде көңіл бөлсек барлық келеңсіз жағдайлардың алдын алуға болады. Қандай жағдай болса да жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез құлықты іс-әрекетке баруына ересектер жауапты. Өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған қандай да болмасын әрекеттерге, айтылатын сөздерге үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Жан айқайымен зарлаған бала өзіне көмек іздегенде ересектерден жауап күтетініне күмән келтірмеген абзал. Өйткені, оның жалғыздық дағдарысына ең жақын адамы - ата-анадан басқа ешкімнің араласуға мүмкіндігі жоқ. Білім беріп жүрген ұстаздар, мектеп психологы, достары және т.б. қасында жүрген жандар жеткіншекпен ата-анадай көп уақыт бірге бола алмайды, бірақ та олар қандай да бір өзгерісті сезсе баланың ата-анасына жеткізгені жақсы. Жасөспірімнің жабығу көңіл-күйінің алдын алу, аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу болып табылады. Бұл іс-шарада ата-ана маңызды рөл атқаруы дұрыс. Баланың көңіл-күйі төмендеуі және жабығудың басқа бегілері байқала бастағанда-ақ аталған күйден шығару бойынша жедел шаралар жасаған жөн. Жалпы білім беру мекемелерінде жеткіншектерге үнемі әлеуметтік психологиялық қолдау көрсетіліп, психолог, сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог, ата-анамен бірлесе отырып жүйелі жұмыстар атқарған жағдайда алдын алуға болады.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Жасөспірімдердің суицидальді мінез-құлқы // Вестник КАСУ №3 – 2006.

Байтемирова

  1. К.Б., Жиенбаева С.Н.

  2. С.Бердібаева // Балалардың бойында ата-анаға жақындық сезімін қалыптастырған

дұрыс.

  1. 3.Зотов М.В. Суицидальное поведение: механизмы развития, диагностика,

коррекция.— СПб.: Речь, 2006.

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АРАСЫНДА СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Дабысова Гүлайна Сейтқалиқызы

Түлкібас ауданы «Балапап»бөбекжай балабақшасының педагог-психологы
Өмір адамға ең бір қайталанбас сәтті сыйға тартады,

Ендеше бақыттың құпиясы да осында, сол сәтті барынша ұзарту.

Оскар Уайльд
Суицид (лат; suicaedere – өзін өлтіру) – адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының жұртшылыққа жариялап отырған жан түршігерлік мәліметтерінен Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицид оқиғаларының көбее түскендігін, өзіне- өзі қол салуға көбінесе олардың заң бұзуы, қылмыстық жауапкершілігі алдында үрейленуі, шыдамсыздығы, төзімсіздігі, қорқақтығы, сабақ үлгерімінің төмендігі, қызығушылық деңгейінің нашарлығы, көңіл күйінің болмауы, тез ашулануы және тәбетінің төмендігі себеп болып отырғаны баршамызға аян. Ендеше адам тағдырына келгенде жауапкершілікті тек ұстаздар мен дәрігерлерге, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтарына жүктеп қоймай, жұмыла мойнымызға алуымыз керек. Атақты психолог У.Джеймс суицидті «интелектінің дамуындағы ауру» деп атаған. Суицидтің ауласында жүргендер ақыл-есін сайтан арбағандар, психологиялық ақауы барлар, саналы ойлау қабілетін жоғалтқандар, соқыр сезім жетегінде кеткендер ғана емес, өмірдегі қиыншылықтарға төзе алмайтындар да бар. Көпшілік ғылыми тұрғылар суицид феноменін тұлғаның психологиялық дағдарысымен байланыстырады. Бұл–«қандай да бір ситуациядан шығатын басқа жол таппағандықтан, адам өз өміріне балта шабуға болады» деген сөз. Осындай психологиялық дағдарыс күтпеген жерден (күшті аффект әсерінен) тууы мүмкін.

Өз-өзіне қол жұмсау, яғни суицид табиғаттың оянған, гүлденген кезінде, көктем мезгілінде жиі кездесетіні дәлелденген. «Сәуір – ең қатыгез ай» - деген американ ақыны Томас Эллиот. Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен – 120% жоғары болатын көрінеді. Америкалық психолог Едвин Шнейдмен суицидтің назар аударатын басты себептерінің бірі деп адам төзгісіз жан ауруын көрсетеді. Шынынды да суицид тәннің емес жанның ауруы. Психологтар суицид жасайтындардың көпшілігі «Барлық күрделі мәселелерді шешетін тек қана ажал» деген пікірді ұсынатынын дәлелдеген. Ал өзіне-өзі қол жұмсауға ешбір күрделі проблемасы жоқ жандар да баратын көрінеді. Мұндай жағдай көбіне психологиялық тұрғыдан әлсіз адамдарда болады. Олар өмірде кездескен болмашы қиындыққа бола өлімге жүгінеді екен.

Өзіне-өзі қол салу негізгі үш топқа бөлінеді: ашық, демонстративтік және жасырын. Ашық суицид – қашанда жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден бас кешу жайлы ой, өмір сүруді мәні жайлы ойланып, күйзелу жатады. Өйткені, өзін ешкімге керексіз сезінеді. Яғни, ашық суицид көбіне жасы егде тартқан адамдар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Мысалы, жасөспірімдерге «Қалай өмір сүремін? Мен қандай адам боламын?», яғни болашаққа деген сенімсіздік себеп болса, қарт кісілерді «Мен қалай өмір сүрдім, бұл өмірде кім болдым?» деген ой мазалайды екен. Демонстративтік суицид - өлуге деген ниеті жоқ, жай ғана басқалардың назарын өзіне аудару үшін өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жатады.

Жасырын суицид - өлуді мәселенің шешімі деп санамайды, одан басқа жол таба алмай қиналатындар баратын мінез-құлығының бір түрі. Жастар арасында еліктеуіш күш те қарқынды әсер етеді. Олар теледидар, радиохабарлар, интернет арқылы «көшірме» ретінде өз үлгілерін табады да, оларға еліктейді. Суицидалдық мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері: эгоцентризм (тұлға тек өзіндік күйзеліске, уайым-қайғыға назар аударады, басқа мәселелерге қызығушылық танытпайды); аутоагрессия (өзін-өзі орынсыз кінәлау, тұлғаның өзін төмен деңгейде бағалауы және т.б.); кризистен шығу жолына пессимистік тұлғалық қатынас (депрессия, қорқыныш, суицидалдық әрекетке әзірлік); паранойялдылық (нерв-психикалық үрдістердің ригидтілігі, дайын ойшыл стереотиптерді ұстану, өте бағалы идеялар табу икемділігі);

Жасөспірім кезенде суицидалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады. Жасөспірімдер арасында ересек балаларға қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың аз ғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді. Суициалдық мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық сипат алады. А.Е. Личконың көрсеткеніндей, тек қана жасөспірімдердің 10 пайызы ғана шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жанайқай. А.Е. Личко, А.А. Александров 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдері сынақ-зерттеуден өткізіп, мынандай қорытындыға келген. Психикалық өзгерістердің біршама артуы байқалады, мысалы – депрессия. Бала депрессияның белгілеріне әрбір ұсақ-түйекке мән берушілік, іш пысу мен шаршағандық сезімдері, айтқанды тыңдамау мен айқай- шу, жанжал көтеруге дайын тұрушылық, ішімдік пен есірткіні пайдалану жатады.Баланың өзіне- өзі қол жұмсау жайлы ойлап жүргенін қалай білуге болады?

Бала айнаға қарауды қойса, әрі өзін «ұсқынсыз», «семіз», «көріксіз» және т.б. деп атап, айтуға ұялмайтын болса. Оны «Сен сұлусың» деп иландырудың қажеті жоқ, оданда осындай ұзын мұрынмен немесе толық денелермен жетістіктер мен атақтарға қол жеткізген танымал адамдарды мысалға келтіріңіз; Ол бұрын өзін қызықтырған нәрселердің бәріне қызығушылығын жоғалтса; Бала сізден немесе сіздің жақын туыстарыңыздан өз өмірлерін өзіне-өзі қол жұмсаумен аяқтай алар ма едіңіз деп сұрайды. Бұл жағдайда онымен суицидке деген өзіңіздің пікіріңізбен ашық бөлісіп, баланың мақсаты бойынша алаңдаушылығыңызды айтыңыз. Ол егер жоғалып кетіп жүрсе, барлығына да олсыз жеңіл болатындығы туралы жиі айтса, оған қарама-қарсыны дәлелдеу қажет, оған деген өзіңіздің сүйіспеншілігіңізді және оларға оның қымбат екені туралы айту керек. Ол кейбір дәрілерді мөлшерден тыс пайдаланудың салдарымен немесе адам жетінші қабаттан секіріп кетсе не болатындығына қызығушылық танытады. Бұл жағдайда адамды күтіп тұрған азап туралы айтыңыз және міндетті түрде бұл сұраққа жауаптың ол үшін не себепті маңызды екендігін анықтаңыз.



Бала, егер ол қайтыс болса, сіздің қанша уақыт қайғыратыңызды сұрайды. Бұл жағдайда оған, бұның сіздің өміріңізде ең үлкен қорқыныш қауіп екендігін айтыңыз.

  • туыстарынан алыстау, жеке қалуға ұмтылыстар;

  • көңіл –күйінің бірден төмендеуі, сөздерге адекваттық емес реакция жасау, баяу және мәні жоқ сөздер;

  • үлгерімі төмендейді және меңзеңділік;

  • мектепте мінез–құлқы нашарлайды, серуендеп жүреді, тәртіпті бұзады;

  • тәуекелдігі мен негізсіз қауқарлығы және абайсыз іс-әрекеттері;

  • денсаулығының нашарлауы: тәбетінің төмендеуі, өз-өзін жайсыз сезінуі, ұйқысыздық, жаман түстер көру, шошу;

  • заттар мен ақшаға бей - жай қарау, оларды тарату;

  • барлық жағдайды ретке келтіреді, соңына дейін аяқтайды, болған іс-әрекеттеріне кешірім сұрайды;

  • өз-өзін кінәлау немесе керісінше - басқа тұлғаға жасаған кінәсін мойындау;

  • өлім туралы философиялық ойда мәні бар тақырыптарды әзілдеп немесе күлкі ретінде айту.

Ондай жағдайда не істеу керек, қалай көмектесу керек деген сұрақ туады? Егерде сіз баланың бойынан суицидальды мінезді байқасаңыз, сіз баламен ашық, шын көңілмен сөйлесуге тырысыңыз. Сіз, бірақ ешқашанда, суицид туралы балаға сұрақ қоймаңыз, егерде баланың өзі осы тақырыпты айтып, қозғамағанынша. Сіз барлық мән-жайды түсіндіріп, оны қандай ой мазалап жүргенін анықтап, оның жалғыз емес екеніне, бақытсыз емес екеніне, ешкімнің қармағына түспейтіндігіне, ешкімге керек емес немесе қарыздар емес екеніне көз жеткізіп, баланың достарын және неге қызығатынын анықтап, оған қолдау көрсету керек. Тығырық жағдайдан шығу жолдарын іздестіру қажет, бірақ көп жағдайда баламен сөйлесу, басындағы жиналған ауыр жүктен айықтыру, сонда баланың өзіне қол жұмсаушылығы төмендейді. Психолог – маманға барудан қорықпаңыз. Психолог маманына барғанда – ол баланы тіркеуге алмайды және психикалық толық емес, ауытқуы бар дегенді білдірмейді. Өзінің өміріне қол жұмсайтын адамдардың көбісі – психикалық тұрғыда дені сау адамдар, шығармашылық таланты барлар, олар қиын жағдайда, тығырықтан шыға алмай қалатын адамдар. Баланы жалғыздықтан сақтап қалатын тек қана мейірім, махаббат! Өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері өзгелерге нені түсіндіреді. Өз-өзіне қол жұмсаудың психологиялық мағынасы, көп жағдайда аффективті қысымды жойып, өмірдің қиын жағдайынан кету екенін білдіреді. Ғалымдардың айтуынша, жас өспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауына үрейшілігінің жоғарылығы, бос әурешілігі, қоршаған ортаны бұрыс қабылдауы, өмірін өзгерткісі келуі және өз бетінше түрлі жағдайдан шығуға икемсіздік ерекшелігі жетелейді дейді. Жасөспірімдер арасындағы өзіне қол жұмсау жайттарының алдын алу секілді күрделі мәселеде шәкірттердің жасын, жеке психологиялық қасиеттерін, ол тәрбиеленіп, оқып жатқан ортаның ерекшеліктерін ескеру өте маңызды нәрсе. Бала жүрегі әрқашан қолдап- қуаттауды, жылылықты, мейірім- шапағатты қажет етеді.

Сонымен қатар жасөспірімдерді бос уақыттарын тиімді пайдалануға үйретіп, оларды әр түрлі үйірмелерге қатысуын ұйымдастыру қажет. Сонда ғана олардың көңілі бөлінбей, өмір қаншалықты қызықты екенін біледі және өмірге деген құштарлығы артады, басқа жаман әдеттерден аулақ болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет