Пайдаланған әдебиеттер:
Темірғали Ж. Құқықтық насихатты жан – жақты қолдану. – заң газеті. – 3 шілде. 2002ж.
Отто Рюле. Хлеб для шести милиардов. – М, “Пргресс”. 1965 – С5.
Антекер Г. О сущности свободы. – М, 1962. – С. 18.
СУИЦИД ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?
Калмуратова Перуза Еркінқызы
ОҚО, Шардара ауданы, Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.
Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар,келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.
Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Бұл мәселеге байланысты ел басымыз Н.Назарбаев: «Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді,кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» деп атап көрсетті.
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негізін қалайды.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істерге баруына мүмкіндіктер туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.
Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап – тілектерімен келіспеу, ой- пікірлерімен санаспау, жеке – дара ерекшеліктері мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне бұлар тарапынан қарсылық туғызса, оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске апарады.
Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азуы және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.
Екіншіден, жасөспірімге тән қасиет – өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш- қуатын, жеке басының мән – мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу – тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез – құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай – күйі жол таба алмай әлеуметтік – педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды.Содан девиантты мінез – құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жанжалдасуға, ұрыс – төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.
Зерттеу жұмысымыздың өзектілік құндылығы, девиантты мінез – құлықты балаларға қол ұшын беріп, ішкі жан дүниесін түсінуге, ынта – ықыласына, жалпы жеке ерекшеліктеріне орай өмірде өз орнын табуға көмектесу.
Кеше ғана жарқын күн күлімдеп, бау-бақшада құстар сайрап, өмір маған қызықты да әсем ертегідей еді. Кенеттен көңіліме бұлт торлап, қандайда бір көңіл толмаушылық, реніш, себепсіз ашу кернеп, көңіл-күйім түсіңкі, өзімнің ешкімге керек еместігімді сезіндім. Міне осылай адам бойындағы депрессия кенеттен пайда болып, кейде өте ұзақ жалғасуы мүмкін. Ол бірден тез өтіп кетеді, не болмаса терең де созылмалы түрде болады. Қандай жағдайда да депрессия - түрлі эмоциялар, елестетулер, еске алулар мен ойлардың жиынтығы. Әдетте, депрессияны бойынан кешіретін адам оның не себептен екендігін анықтай алмай әлек болады.
Депрессиялық жағдайға түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге, оның агрессиясы бірінші кезекте өзіне, содан соң жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда жақындары немесе қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғуы мүмкін.
«Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы - қасақана өз өмірін қию. Қазіргі таңда өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы біржақты патологиялық тұрғыдан қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқы. Сонымен бірге, өзіне-өзі қол салуға қатысты әрекет.
Жасөспірім кезеңде суициалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады. Жасөспірімдер арасында ересектерге қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді. Суициалдық мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық сипат алады. Психолог-ғалым А.Е.Личконың көрсеткеніндей, тек қана жасөспірімдердің 10 пайызы шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жан-айқайы болып есептелінеді.
Міне, осы жағдайлардың барлығында психолог пен отбасының көмегі қажет. Өкінішке орай, көпшілік психолог қызметінің не екендігін және оның не үшін қажеттігіне мән бере бермейді. Психологты көп жағдайда психиатрмен шатастырады, сондықтан да оның алдына баруға ұялады. Ал бұл екеуінің арасындағы айырмашылық бар. Қарапайым сөзбен айтқанда, психиатр ауруларды емдейді, ал психолог – психикалық тұрғыдан сау адамдарды. Дегенмен, депрессиялық жағдайда адамға көбінесе отбасы мүшелерінің шынайы қамқорлығы, жақындығы, түсіністігі мен демеуі қажет.
Осы жағдайда мектеп балаға қандай көмек бере алады? Мектеп психологы – бұл кешегі мұғалім, бүгінгі – жас маман. Психологиялық қызметтің мазмұнын түсініп, игерген адам оны жақсы меңгеріп кетуі ықтимал.
Қазіргі кезде мектептегі психологиялық қызмет өз деңгейінде атқарылмайды деген пікірлер көп айтылуда. Оның себебі неде? Мектеп психологы қандай жағдайда жұмыс істеуде? Талдау жасап көрелік.
Біріншіден, психологтарды мектепке қабылдау алдында олардың психологиялық біліміне, тым болмағанда, осы қызметке деген қызығушылық деңгейіне мектеп басшылары тарапынан көңіл бөліне ме? Екіншіден, адамның жан-айқайын тыңдау үшін оңаша, ешкім кедергі бермейтін, бөлме қажет. Мұндай бөлме мектепте бар ма? Бар болса, қандай жағдайда? Үшіншіден, мінезінде ауытқуы бар (девиантты), проблемалы балалармен, мұғалімдермен және ата-аналармен жүргізілетін топтық жұмыстар (тренингтер) үшін кең бөлме қажет. Ал қазіргі психологтар мұғалімдерге немесе басшыларға жалынып, кабинет сұрап әлек болуда. Төртіншіден, балалармен, мұғалімдермен жүргізілген зерттеулердің нәтижесін өңдеу жұмыстары көп уақытты талап етеді.
Ал психолог кезекшілікте тұрса, көше араласа, бұзық балалармен полиция бөліміне барса, қалған жұмыс қашан атқарылуы мүмкін? Әрине, білікті психолог маман әрқашан да көмек беруге дайын екендігіне күмәніміз жоқ. Егер Сіз өзіңізге жақын адамда депрессия басталғанын байқасаңыз, оның себептерін анықтауға тырысыңыз. Бұл - болатын қауіпті жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді. Осыған орай ұсынылатын психологиялық кеңестер: Адамның өзі қызығатын жұмыспен айналысуына ықпал жасаңыз. Оның бір өзін қалдырмауға тырысыңыз. Егер ол қарсылық білдірсе, онда жайына қалдырыңыз, мүмкін осылай болғаны жақсы шығар. Оның Сіз үшін қадірлі екендігін, жақсы көретініңізді, оның қаншалықты керектігі туралы көп айтыңыз. Оның Сізбен бірге болуы өте қажет екендігін көрсете біліңіз. Кеңістікті өзгертіңіз, егер мүмкіндік болса, оның барғысы келіп жүрген жаққа немесе оның жағымды естеліктер қалдырған жерлеріне барып қайтуға тырысыңыз. Бірге жүретін саяхатқа немесе қонаққа баруды алдын ала жоспарлаңыз. Бұл оған көп көмегін тигізеді, себебі ол жақын болашаққа өз жоспарларын құра бастайды, сөйтіп теріс ойлардан арылуы мүмкін.
Депрессия адамда ауыр өтуі мүмкін. Дегенмен одан сауығып кетуге әбден болады. Адам бойындағы стрестік жағдайлар мен жүйкенің шаршауы депрессияға жетелейді, сондықтан бұл жағдайдың қайсысы қайдан шығып жатқандығын ол біле бермейді. Өзіңізге жақын адамдарға көңіл бөліңіз, оларды сүйе біліңіз, сонда ғана Сіз күннің күлімдеп жарқырағанын, құстардың қуана сайрағанын сезінесіз.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесiн күшейту қажет.
АДАМ ТӘРБИЕСІ – ҰЛЫ МІНДЕТ
Ишанханкызы Ақерке
«Өрлеу»БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы
Налибаева Ж.А., Баймуратова Ж.Б.
Шымкент қ., №75 Ақ бидай балабақшасының тәрбиешілері
Адам тәрбие ертеңгі күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш – білім. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы-ұлттық білім жүйесінің даму бағытына тікелей байланысты. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында мемлекеттің мерейін өсіріп, іргесін бекітерлік ұзақ мерзімді басымдықтары қатарында білімді атауы да сондықтан. Өйткені адамзат тарихы, тағылымы осыны дәлелдеп отыр. Егемен еліміздің келешегі үшін дені сау, рухы күшті жеке адамды қатарға қосу – жалпы ортақ міндет.
Халқымыз қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәбидің жүріп, сөйлей бастағанынан әдепке, мәдениетке баулу, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу – отбасынан басталар мақсатты халықтық педагогикалық заңдылығы. Мұндағы бір ерекшелік: жас жеткіншектерді өмірге философиялық тұрғыдан қарауға дайындау, оларды өмірді терең түсініп, бағалай білуге үйрету, бүгінгі әлеуметтік – экономикалық нарық жағдайында шаруашылықты жаңаша басқаруға қабілетті, іскер, өмірге икемделгіш азамат тәрбиелеу қажет.
Балаға үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс жолға бағыттау - өмір заңы. Сондықтан әрбір ұстаздың шәкіртін мәдени мұралармен таныстырып , жан дүниесін байытуға күш салатыны анық. Талап, ақыл, күш, ойдың дамуы мен білім дүниесіне көзқарас, наным, келешекке үмітпен қарау баланың қабілетін ашады. Жалпы білім беру мен тәрбиенің өнімі – жеке адам. Жеке адам дегеніміз - өзін адамзаттың адамы ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениетінің мәңгілік игіліктерін бойына дарытып, осыларды еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге енгізу деген сөз. Біздер балаларымыздың, оқушыларымыздың бір-бірімен дос болғанын қалаймыз. Өзара тіл табысып, тату болсын деген мақсатпен: «Сендер бір-біріңмен дос болыңдар, көмектесіңдер, нағыз достар қиын кезеңде қасыңнан табылады, адал дос болу керек, т.б.» дегенді жиі айтып достықтың мәнін түсіндіруге тырысамыз.
Бүгінгі жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қандай әлеуметтік институт жауапты десек, көпшілік әлеуметтік сұраулардың нәтижесі –мектеп пен отбасын атайды. Отбасылық және мектептік тәрбиенің мынадай кезеңдері бар: қоғам мен мемлекет, мектеп пен отбасындағы тәрбие жұмысын бөлектеп қарауға болмайды, олардың арасында әлеуметтік әріптестік механизмін енгізу керек. Мектеп оқушысының тәрбиесі үш ортада жүруі мүмкін: мектепте сабақ үстінде, үйірмелерде, секцияларда. Бұл ортада баланың бағыты - өз мұғалімінің оқушысы; қоғамдық ортада мектептегі – бұл мектептік басқарулар (мектеп кеңесі, басқарушы кеңес), оқушының өзін-өзі басқаруы, клубтық бірлестіктер т.б. Бұл жерде бала мектеп азаматы екені сезіледі мектептен тыс, бірақ онымен байланыста ол әртүрлі жобаларға, әлеуметтік акцияларға т.б. Бұл жерде бала – қоғам азаматы. Мектеп пен отбасы арасында әлеуметтік әріптестік үшін: сөйлесу алаңдарының болуын, екі жаққа ыңғайлы; әріптестіктің негізінің пайда болуы, яғни бір-бірімен қызығушылығы, қажеттілігі, жан-жақты ресурстары; ұйымдық – құрылымдық түрін, әлеуметтік мектеп пен отбасының; әлеуметтік әріптестіктің нормативті – құқықтық базасын құру білім мекемесі деңгейінде, мақсатын, міндетін қызметтерін шарт түрінде тіркеу; әлеуметтік әріптестіктің басқару жүйесін құру; бағдарлама, жоспарлардың, жобалардың әріптестік бірлігін қимылдаудың отбасы мен мектеп әріптестік қарым – қатынас әр түрде болуы мүмкін: қызмет көрсетулерді ұсыну (білім, ақпарат, техникалық), әлеуметтік, мәдени жобаларды бірге жасау, басқару қызметін бірігіп атқару (мектеп басқару кеңесі), экспертиза.
«Білім туралы» Заңда жеке тұлғаны азаматтық пен елжандылыққа, өз Отанына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу білім саласының басты міндеті деп баса айтылған. Баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады.
Басым құндылықтар ретінде - дербес даму, өзін-өзі табысты көрсету және өзін-өзі анықтау ерекшеленеді. Мағжан Жұмабаевтың : «Қазақтың тағдыры да , келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген сөзі , қоғамдық дамудың жаңа белесіне көтерілген Қазақстан мемлекетінің білім беру саласы үшін қазір де өзектілігін жойған жоқ. Жаһандану үрдісі белең алып, батыстық өркениетке еліктеу өрістеп бара жатқан бүгінгі күні жаңа білім моделінің басты философиялық тұғырнамасы тарихи-ұлттық, рухани-мәдени құндылықтарға негізделуі тиіс. Елдің білімі мен ғылымын, техникасы мен технологиясын жасайтын, халқының тілін, ділін, рухани қадір-қасиетін, табиғат байлығын сақтайтын Қазақстанның елжанды азаматы.
Жаңа білім моделінің басты ерекшелігі және артықшылығы сол - ол ұлттық идеяға, ұлттық құндылықтарға негізделіп, ұлт мүддесі нің басымдылығын дамытуы тиіс. Өз кезегінде ұлттық құндылық -халықтың өмірлік бай тәжірибесінен бастау алып, тағдырдың талай тезінен өтіп, ұрпақтан ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы жеткен өлшеусіз мұра. Сондықтан, жастарға берілетін білім мен тәрбие мазмұны, ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі даналығынан, тарихи мәдени мұраларынан, асыл дәстүрлерінен, ұлы педагогтарымыз бен ағартушыларымыздың ғұламалық философиялық ой-толғауларынан, тереңге бойлаған түп тамырынан нәр алып, табиғи таза мәдени-рухани құндылықтармен қаныққан болуы тиіс. Осыған орай, этнопедагогиканың дамушы идеяларын тарату мен насихаттаудың маңызы артып отыр.
Этнопедагогикалық білім мен тәрбие мазмұнын теориялық, практикалық рухани-психологиялық тұрғыдан қарастырудың мәні зор. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушының білімділігінің сапасы, танымдық қабілетінің деңгейі, шығармашылық деңгейі, интеллек туалдық іскерліктері, зерттеу жұмысын жүргізе алу іскерлік деңгейіне сәйкес салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрып, өнер,тіл, дін секілді этномәдениет тіректерін жүйелі қолдану нәтижелі болмақ.
Халықтық педагогиканың жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеуде алатын орны туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғаридан бастап, Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Көбеев, т.б. көптеген ғұлама ғалымдар мен ағартушылардың еңбектерін атауға болады. М.О. Әуезов : «Халық пен халықты адам мен адамды теңестіретін – білім» дегенде ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылыққа тәрбиелеуді меңзеген болса, Бауыржан Момышұлы : «Өз тілінің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екі талай» деуі оқыту-тәрбиелеу процесінде халықтық педагогиканың роліне ерекше маңыз берген. Ахмет Байтұрсынов «Қай әдіс жақсы?» деген еңбегінде: «Әр әдіс өз орнында жақсы Әдістің жақсы-жаман болмағы - жұмсалатын орнынан қажеттілігіне қарай» деп, қандай әдіс болса да оқушының ішкі сезі міне әсер етуі керктігіне көңіл аударады.
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихында халық ауыз әдебиеті шығармашылығын тірек етіп,жан-жақты дамыған рухани-адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кездің өзінен зор мән берген. Қазақ халқының мақал-мәтелдері, нақыл сөздері, ырым-тыйымдары жай ұйқас үшін айтылған сөздер емес, олардың тәрбиелік, адамгершілік мәні болған. Бала тәрбиесін өмір тіршілігінің өзекті мәселесі ретінде қарастырып, оған айрықша мән берген.Баланы халықтық салт –дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар арқылы ел-жұртын, ата-аналарын, туған-туысқандарын сыйлауға үйреткен, әдептілікке, сыпайылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеген.
Тәрбиеге жетекші» деген еңбегінде Жүсіпбек Аймауытов : « Тәрбиенің негізгі мақсаты – мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек етуге тәрбиелеу», деп жастарды рухани-адамгершілік қасиеттерге үндеген. «Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі болатын төрт жағы түгел тұлға қылып шығаруды » армандаған Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық ой-пікірі , ұлттық идея, ұлттық құндылықтарға жаңаша қарауды өткір талап етіп отырған бүгінгі таңда этнопедагогиканың атқаратын міндеті зор. Әрбір ұлттың мақсаты-өз ұрпағының бойына адамдық қасиет, ұлттық рух пен ұлттық мәдениеттің күш-қуатын қалыптастыру.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Каримов А.Н. Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік. Алматы. 2013.
2.Харламов И.Ф. Педагогикалық шеберлік, шығармашылық және жаңашылдық туралы.//Педагогика
3.Оразалиева М. Әдістемелік құрал. Алматыкітап 2008-2012
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе
|
3
|
|
Арзымбетова Салтанат Жаксылыковна, Хасанова Айгуль Садыргалиевна
ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДІНІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ МЕН ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
|
4
|
|
Имашева Гүлнар Туткабаевна
ӨМІРШЕҢДІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – АДАМҒА ӨЗ МҮМКІНДІКТЕРІН ІСКЕ АСЫРУҒА ҮЙРЕТУ
|
6
|
|
Кукина Юлия Евгеньевна
ШКОЛА КАК СОЦИАЛЬНЫЙ ИНСТИТУТ ПРОФИЛАКТИКИ СУИЦИДАЛЬНОГО ПОВЕДЕНИЯ ПОДРОСТКОВ
|
9
|
|
Ералиева Жанат Ералиқызы ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
|
11
|
|
Аубакирова Гульжан Советовна
ПОДРОСТКОВЫЙ СУИЦИД: ЖЕЛАНИЕ НЕ УМЕРЕТЬ, А УЙТИ ОТ ПРОБЛЕМ?
|
13
|
|
Сеткереева Галия Аманбердиевна
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДАЛДЫ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ.
|
16
|
|
Адырбекова Улдана Карбозқызы
ЖАН КҮЙЗЕЛІСІ ЖӘНЕ ОДАН АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ.
|
18
|
|
Асылбек Раушан
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДАЛЬДЫ МІНЕЗ–ҚҰЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ
|
21
|
|
Ахунова Эльмира Рысбаевна
ҚОҒАМ ДЕРТІ
|
24
|
|
Базарбаева Жанат Адырбековна
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СУИЦИДКЕ БАРУ ӘРЕКЕТІНІҢ АЛДЫН - АЛУ.
|
26
|
|
Мизанова Самал Амангельдықызы
«СУИЦИД» - ҚОҒАМЫМЫЗДЫҢ ҚАТЕРЛІ МӘСЕЛЕСІ
|
27
|
|
Бекеева Нурайна Ердазимовна
СУИЦИД – ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ
|
30
|
|
Мирсатова Дилора Хавазматовна
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ – ҚҰЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ТҰРМЫСТЫҚ СЕБЕПТЕРІ
|
32
|
|
Токсанбаева Салтанат Болатбековна
Жасөспірімдерге өмір құндылығын ұғындыру маңыздылығы
|
35
|
|
Издибаева Меруерт Ержановна
ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАУШЫЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ
|
38
|
|
Қылышбаева Разия Тиленбекқызы
БАЛАНЫҢ БАҚЫТЫ -- ОТБАСЫНДА
|
39
|
|
Сарипбекова Маржан Алимбековна
БАЛАЛАР БОЙЫНДА КЕЗДЕСЕТІН АГРЕССИВТІЛІК ӘРЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
|
41
|
|
Досбергенова Улмира Мамыровна
СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
|
44
|
|
Мусаева Мейрамкуль Абдрашовна
Жасөспірімдер арасындағы суицид қоғамымыздың қатерлі мәселесі.
|
45
|
|
Сапарова Айгерим Мухамеджановна
СУИЦИДТІК МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТЫҢ ӨЗІНДІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СЕБЕПТЕРІ
|
48
|
|
Саудабаева Бекзада Аманжолқызы
ЖАСӨСПІРІМ АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ МЕН ЖОЛДАРЫ.
|
50
|
|
Елибаева Бағила Кыдырбайқызы
СУИЦИД –РУХАНИ КЕСЕЛ.
|
52
|
|
Бекбосынова Кулия Даулеткулкызы
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ «АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ»
|
54
|
|
Дабысова Гүлайна Сейтқалиқызы
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АРАСЫНДА СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
|
59
|
|
Улукбанова Нурсулу Калбайевна
Мылтыкбаева Сандугаш Маралбековна
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
|
61
|
|
Бакпанбетова Куралай Мусаевна
ҚИЫН ЖАСӨСПІРІМДІ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МЕКТЕП ҰЖЫМЫ МЕН ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ
|
63
|
|
Бегманова Асель Мамыровна
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» АРҚЫЛЫ АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ӨСУІН, ЖЕТІЛУІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
|
66
|
|
Едилова Эльмира Базаралиевна
ЖЕТКІНШЕКТЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ
|
68
|
|
Мадисаева Шапагатхан Кенбаевна
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУІ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫ.
|
71
|
|
Сартаева Сандуғаш Курманбековна ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АУЫТҚУШЫЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ
|
74
|
|
Сулеева Салтанат Затиллаевна ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
|
76
|
|
Баяндина Гульнар Амантаевна
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗІДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ: ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР, ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
|
80
|
|
Даулбаев Махамбет Орынғалиұлы
ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ
|
82
|
|
Нурманова Женискуль Кульбайқызы
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ БЕЛЕҢ АЛУ
САЛДАРЫ
|
84
|
|
Мизанова Гузал Бадридиновна
СУИЦИДТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
|
86
|
|
Джуманова Ойдин Деканбаевна
ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУ –ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛ ЕМЕС.
|
89
|
|
Джорабаева Ажар Орынбасаровна
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ САЛУ МӘСЕЛЕСІ
|
91
|
|
Адиева Дидар Бахауадиновна
ЖАСӨСПІРІМНІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ИНТЕРНЕТ-ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ ӘСЕРІ
|
94
|
|
Азаметова Галия Ахановна
АШЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
|
97
|
|
Ахмеджанова Алима Тажибаевна
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИАЛДЫ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ
|
98
|
|
Мырзалиева Гауһар Султановна
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУШЫЛЫҚТЫҢАЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
|
101
|
|
Шамсутдинова Айсулу Алиаскаровна
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДАЛЬДЫ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ
|
103
|
|
Юлдашева Гулмирахан Ташматбаевна
АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТҮРЛЕРІ МЕН ПРОФИЛАКТИКАСЫ
|
105
|
|
Аманова Венера Онгаровна
Абдишева Баян Нурдиллаевна
АУТОАГРЕССИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
|
107
|
|
Бимурзаева Нұрбибі Мадіханқызы АГРЕССИВТІ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
|
110
|
|
Алпысбаева Гүлжаухар Сағындыққызы
ТҰЛҒАЛЫҚ САПАЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БОЙЫНДАҒЫ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ – ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН – АЛУ ЖОЛДАРЫ
|
112
|
|
Калмуратова Перуза Еркінқызы
СУИЦИД ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?
|
115
|
|
Ишанханкызы А. Налибаева Ж. А.,Баймуратова Ж. Б.
АДАМ ТӘРБИЕСІ – ҰЛЫ МІНДЕТ
|
118
|
Достарыңызбен бөлісу: |