Пайдаланған әдебиеттер:
1. Л.И.Резников, С.Я.Шамаш, Э.Е.Эвенчик. методика преподавания физики. -М: "Просвещение", -1974.-275 с.
2. Методика преподавания физики в средней школе. Под ред. Бабанский и Агабаева. -М: "Просвещение", -1968. -191с.
3. К.Н.Елизаров. Вопросы методики преподавания физики в средней школе. -М: "Просвещение", -1962. -240 с.
БАЛАНЫҢ БАҚЫТЫ -- ОТБАСЫНДА
Қылышбаева Разия Тиленбекқызы
ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы «Санат» бөбекжайының тәрбиешісі
Жұмыр жер беті бүгінде жаңару үстінде. Әлем өркендеп келеді. Елдердің түрлі технологиясы дамып, экономикасы өсуде. Алайда күн өткен сайын мейірім шуағы азайып бара жатқан сынды. «Бала-бауыр етің» дегенді басқаны қайдам, қазақ қадап айтқан еді ғой. Әлемнің әр елінде қараусыз, мемлекеттің, қоғамның қамқорлығынан сырт қалған балалардың тағдырынан аянышты ахуалды аңғарып, көңіл жаситыны рас. Панасыз балалардың ащы тағдыры, өксіген өмірі жайлы бұрын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарынан білетін болсақ, өкініштісі сол, қазір бұл дерт Қазақстанға да келіп жетті. Бүгінде көше кезіп, қайыршылық жасап жүрген балаларды жиі көруге болады. Алдыңнан алақанын жайып шыға келген баланың түріне қарап жүрегің ауырады. Және олардың түрлі әдісті меңгеріп алып, ісі мен әрекетіне арланбайтынына таңданасың. Жасыратыны жоқ, оардың арасында қазақтың қара домалақтары да жетерлік. Рас, олар да өзге балалар секілді бақытты балалықты басынан өткізуге лайықты-ақ. Періште жан өмірге келе сала неге қатігез әлеммен арпалысуы керек?! Не үшін олардың өмірі шырғалаңға толмақ? Кейде байқайсың, кейбірінің киімі бүтін, түрі тым мүсәпір балаға ұқсамайды. Олар енді ата-анасы ішкілікке, нашақорлыққа салынып кеткен яки әке немесе шешесі жоқ, бала атаулы санатқа кірмейтін отбасыдан болады.
Балаға тәлім-тәрбие беру – әрбір ата-ананың борышы, және заң алдындағы міндеті. Қолайсыз отбасы, әке-шеше арасындағы ұрыс-керіс, немесе жоқ-жітіктің салдары, осының бәрін көрген бала өз отбасынан жеріп, тасбауыр қоғамның тастандысына айналатыны анық. Аяғынан тозып тапқан болмашы ақшасына әйтеуір қарнын тойдыратын бала мейірімсіз болып өседі. Себебі оны өмір мәжбүрледі, ата-анасы себеп болды. Олар енді осылай жүріп, ұрлыққа, ұсақ қылмысқа барады. Нәтижеде, жасөспірім шақта панасыздыққа, жетімдікке ұшырауы оның қоғамға араласатын уақытында едәуір қиындықтар туғызады. Мамандардың пікірінше, кейбір шетелдерде осындай қараусыз қалған балаларды пайдаланып, террорлық әрекеттерге жұмсайтын көрінеді. Бұл дегеніңіз адамзаттың Айтматовтың атанған жазушы Шыңғыстың шығармасында кездесетін «мәңгүрттендіру» саясаты емес пе?! Ал, біздің ізгілікке құрылған қоғамымыз сол «Найман ана» туындысындағы оқиғаны бала санасына басқаша түсіндіруді міндеттейді. Балалардың қадағалаусыз қалуы кез келген елдің келешегіне қауіпті болмақ. Өйткені, мемлекеттің дамуы өскелең ұрпақтың денсаулығымен, тәрбиесімен, білімімен тікелей байланысты. Бұл мәселе әлемнің көптеген елдерінде жалпыұлттық қауіп туғызатын фактор ретінде алаңдатады. Негізінде көптеген балалар түрлі жағдай кесірінен бақыттан жұрдай болмақ.
Ата-анадан қапыда айырылып қалу, отбасының төмен тұрмыстық жағдайы, бала тәрбиесіндегі немқұрайдылық осыған мысал болады. Жалпы, панасыздар деген кім? Олар отбасының күтімінен айрылған, немесе балаларға арналған мекеменің қарауынсыз, үй-күйсіз өмір сүріп жатқан жетіншектер. Қараусыз қалған бала тұлға ретінде қалыптаса алмайды. Өзінің алған әлеуметтік тәжірибесі салдарынан теріс түсінік пайда болып, ол санасында нығая түседі. Дегенмен бізде қоғамдық жәйттердің әсерінен пайда болған патронаттық (қамқоршылық) тәрбие бар. Патронат-жетім балаларды мемлекеттік мекемелер қаржысымен қызмет иелері отбасында тәрбиелеудің бір түрі. Бұл тәрбие ата-аналық махаббатқа негізделген кәсіби жұмыс. Өркениетті қоғам мен мемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды мақсат етіп қояды. Бұл мәселеде ел Үкіметі қаулы шығарып, министрліктер едәуір жұмыс істейтін болады. Жетім балаларға, қамқорлыққа зәру жандарға қызметтік үлгілердің қағидалары бекітіледі. Бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылуды басты бағыт еткен Қазақстанда да бұл мәселе күн тәртібінен түскен емес.
Жалпы, біз жетімін жылатпаған, жесірін қорлатпаған халық емеспіз бе? Қаншама жаһандануды жағаладық дегенмен де, ұлттық дәстүріміз бен қалыптасқан болмысымызды ұмытпағанда ғана, адамдық атты сақтағанымыз. Атаның ақылы, ананың мейірімі, ағаның айбары мен жеңгенің жолы дейтін біздің ұлтқа ғана тән тәрбие қазынасы жоғалмаса екен. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «Ұлым дейтін елі болмаса, елім дейтін ұл қайдан шықсын». Құран сүрелері мен Пайғамбар хадистерінде де балаларға қамқорлық жасау барша мұсылман қоғамының парызы екені ескертілген ғой. Ата-ана ұлы борышын орындамағаны үшін ар алдында бір азапталса, заң алдында міндетін атқармағаны үшін ата-аналық құқығынан екі айрылады. Баланы өсіру, саналы тәрбие берудің,оқытып, азамат етіп қалыптастырудың түп төркіні отбасылық тәрбиеде жатыр.
Пайдаланған әдебиеттер:
Осипова А.А. «Справочник психолога по работе в кризисных ситуациях» Ростов-н/д: Феникс, 2005.
Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение . Минск 1999г.
Қ.Ғ.Елшібаева «Жас өспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу» Алматы 2012 ж Арман ПВ баспасы
Мектеп психологиясы №3, 2014ж; № 5, 2015ж.
«Қызықты психология» Алматы №5, 2014ж.
БАЛАЛАР БОЙЫНДА КЕЗДЕСЕТІН АГРЕССИВТІЛІК ӘРЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Сарипбекова Маржан Алимбековна
ОҚО, Созақ ауданы, Таукент ауылы « Болашақ» балабақшасының тәрбиешісі.
Қазіргі кездегі бала агрессиясы біздің өмір жағдайымыздың бүгінгі өзекті мәселесі, ол нақты психологиялық ерекшеліктерді қозғайды, ол баланы қоршаған адамдарға ғана тиесілі болмай (ата-аналары, тәрбиешілер, мұғалімдер, құрбылары), баланың өзіне және қоршаған ортамен қарым- қатынасында елеулі қиыншылықтар тудырады. Агрессия бала дамуында сәтсіздіктерге әкеліп соқтырады. Лонгитюдің зерттеу нәтижесінің көрсеткіші бойынша агрессивтілік қажетінше нақты, уақытына қарай мүмкіндіктері мол, бала кезіндегі агрессия біртіндеп орта буындағы жасөспірім кезінде бекем әлеуметтік немесе антиәлеуметтік әрекетке ауысуы мүмкін. 8 жасар балалардың өзгешілігі агрессиялы әрекеттердің жоғары деңгейде болуы және әлеуметтік байланыстан қашқақтауы, ары қарай оқу іс-әрекетінде қиыншылықтарға кездеседі, мектепте үлгерімі төмен, интелектуалды дамуы төмен деңгейде, бейімделуі нашар болуы мүмкін. Бала жастағы агрессивтілік оның өзін қоршаған шындықпен қатынасынан емес, оның бүкіл жан-жақты тұлғалық дамуын анықтайды. Бала агрессиясын зерттеуге арналған, алғашқы зерттеу біздің елімізде 20-30 жылдары өткізілді, бұл проблема сол күйі бүтіндей ашылмай, бала дамуы педагогикалық зерттеу негізінде өткізіледі. Осы кездерде бала психологиясы өзінің алдына қойған міндеті: бала психикасына әсер ететін әдістер өңдеу, балаға тәрбие және тәрбиенің артықтығы жайында. Бала тәрбиесі мен дамуына жағымды тәсілдер ізденуге, жеке тұлғаның қасиеттеріне диагностика жасауына, интеллектің даму деңгейіне көбірек көңіл бөлінді, сондай-ақ тұлға дамуында ауытқу қиындықтары, агрессивтілікпен ішкі қаупін зерттеу мүмкіндіктеріне де көңіл бөлінді.
Балаларда агрессивтіліктің негізгі себептері: балалар үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді роль атқарады, ендеше балалардың агрессивті мінез-құлық себептерін олардың құрбылары мен тұлғааралық қатынастарында, сонымен қатар ол үшін референтті болып саналатын топта қабылданған әлеуметтік нормалар типтерінен іздеу керек. Бала кездегі мінез-құлықтың бұзылуы және агрессиялықтың негізгі себептері, психикалық зақымданулар, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер, мінездің акцентуациясы, әр түрлі конфликтілермен байланысты болады. Балалардағы жаңа бағыттағы қалыптасулар, қарым-қатынас деңгейінің өсуіне байланысты өзіндік сананың өсуі, ата-анамен, ересектермен, құрбы-құрдастарымен қатынастарын күрделендіреді. Балалық шақтың ішкі қарама-қайшық аумағы және оның үлкендерге қарсы сипаттары, өзара әрекеттері балаларға қатты әсер етеді. Бала үшін барынша тезірек ересек адамның статусын жаулап алуға тырысу, өз бетінше тез тәуелсіздікке жету жағдайы ерекше болады. Өзінің даму кезеңін басынан кешіріп жүрген көп бөлігінде, мінез-құлықтың екі түрі қалыптасады:1. Бірінші типтегі балада өзінің жеке позициясын сақтау үшін қоршаған ортамен өзара әрекетін (қалыптастыруға) өзгертуге тырысады. Мысалы: олардағы негативизмді, карсылық мінезді, қарсыласуды және шектен шығу сияқты сапаларды айтуға болады.2. Екінші типтегі бала микроортаның кері әсерімен ерекшеленеді, себебі қоршаған ортамен мінез-құлықтың қатынас эталоны, әлі қалыптаспайды. Осының нәтижесінде өзіне, басқаларға деген қатынастарда сарапшыл емес, өзара қарым-қатынастың жағымсыз жағын норма ретінде қабылдайды. Нәтижесінде мінез-құлық бағдардың қалыптасуынан балалар өзінің дамуын өзгертуге тырысады, алайда мінез-құлықтық бағдардың жеткіліксіз даму себебінен мақсатқа жетудің адекватты құралын таба алмайды. Сондықтан олардың динамикалық тенденциялары негізінен мазмұнды, мағыналылығынан басым болады. Балалардың бейімділігі немесе соларға тән мінез-құлықта мағына құрастыру процесінің мотивтерімен байланысы, қоғамдық жағымды мақсаттары мен баланың әлеуметтік мәнді мінез-құлықтың идеологияларының арасындағы арақатынастардың бұзылуына әкеліп соғады. Бала кезде мінездің кейбір бітістері өмір тәжірибесімен үйлеспейді, сауатты басқару үшін әр баланың тәрбиесін және жеке тұлғалық ерекшелігін, эмоциялық-мотивациялық сферасындағы қажеттіліктің қалыптасу деңгейінің бағыттылығын ескеру керек.
Агрессияның түрлері. Психолог А.А. Реан "агрессия" және "агрессиялылық" деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия - бұл бөгде адамға болмаса, адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.Агрессиялылық – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессиялылық осындай әрекетке дайындық. Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік-қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр. Агрессия құбылысы сапалық және сандық сипаттамаларға ие. Барлық қасиеттер сияқты агрессияда индивидтерде әртүрлі көрініс табады, біреулерде мүлдем жоқ болса, басқаларда шексіз дамиды. Агрессивтіліктің болмауы енжарлық пен конформдылыққа алып келеді. Ал оның шектен тыс дамуы конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке әкеледі. Агрессивтіліктің көріну ауыртпашылығы бір қатар параметрлермен анықталады (П.Б.Ганнушкин); агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі; агрессия туындайтын ситуацияның адекватты емес дәрежесі; агрессияға екпін жасау; агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл ситуацияда вербальды формада, ал ауыр ситуацияларды физиологиялық аиуто және гетеро агрессия түрінде көрінеді.
Агрессиялы мінездің әртүрлі формасы мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда да кездеседі. Психологияда вербальды және физиологиялық агрессияны бөліп қарастырады, бұлардың әр қайсысының тікелей және жанама түрі бар. Оларға қысқаша мінездеме берейік:
1) Вербальды агрессия.
а) Жанама вербальды агрессия – құрбыларын айыптап, қорқытуға бағышталған. Бұл әртүрлі айыптау сөз, шағым түрінде кездеседі ("Маған Сауле тиісіп кетті", "Айбек төсегін жинамады", т.б.); көпшіліктің көңілін аудара, айқайлау ("Мазамды алмай, ары кет!", "Маған кедергі жасама", т.б.); агрессиялы фантазия түрінде ("Егер тыңдамасаң, полиция келіп, сені түрмеге отырғызады", "Мен сені қуып жетіп, тістеп, ұшаққа отырғызып, биік таудың үстіне апарып тастаймын, сол жерде жалғыз отырасың", т.б.)
ә) Тікелей вербальды агрессия – балағаттау, қорлаудың вербальды формасы. Балалар арасында бұрыннан келе жатқан тікелей вербальды агрессияның дәстүрлі түрі – ашуын келтіретін келекелер ("Торай", "Жора –ашқарақ", "Ұсқынсыз", "Сұмырай", т.б.)
2) Физиологиялық агрессия.
а) Жанама физиологиялық агрессия - өзгеге физиологиялық әрекет арқылы материалды залал келтіруге бағышталған. Бұл өзгенің іс-әрекетін затын бұзуы (басқа баланың құрастырып отырған конструкторын бұзу, салып отырған суретін жырту, т.б.); біреудің затын талқандау болмаса бұзу (бала біреудің ойнап отырған ойыншығын алып, еденге лақтырып, сындырып, оның иесінің көз жасы мен үрейін бақылау).
ә) Тікелей физиологиялық агрессия — өзгеге тікелей физиологиялық әрекет арқылы шабуылдап, жарақаттауға бағышталған. Бұл қорқыту түрінде (бала құрбыларына жұдырығын көрсетуі); физиологиялық тікелей шабуылы (балалар төбелесі, тістеу, тырнау, шашын жұлу, суық құрал ретінде таяқты шаршыларды қолдануы).Бүгінгі таңдағы ауқымды және өзекті мәселенің бірі – ерте жаста бала бойындағы мінез көрінісінде агрессияның қалыптаса бастауы. Балаға әртүлі жағдайларда ушыққан агрессия көрінісін ыңғайлы түрде дұрыс сыртқа шығару жолдарын үйрету қажеттігі ересектер үшін күрделі мәселе. Сондықтан зерттеу жұмысында көрсетілген адам бойындағы агрессияның шығу түрлері , оның бала мінез-құлқына тигізер әсерін зерттеу арқылы онан арылу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекетін бақылау барысында агрессия түрлері анықталды. Осының негізінде балаға психологиялық көмек көрсету шаралары іске асырылды. Баланы ішкі кері әсерінен жеңілдету арқылы, оның өзіне деген сенімділігі артып, «Мен» тұжырымы орнығып қалыптасады.
Біз бұл жұмысымызда 5-6 жасар агрессивті балаларға арналған психокоррекциялық жұмыстың әдістемесін өңдедік. Жұмыстың басында қойылған мақсатымыз орындалды.Біз қазіргі заманғы психологияның көзқарасымен агрессивтіліктің сыртқы әрекеті феномендерін қарастыра отырып, бүгінгі күні агрессивті балалармен қалай жұмыс жасайтынымызды тәжірибелік психология рамкасында қарастырдық. Тәжірибе бөлімінде балада агрессиялы әрекетті жеңілдетуге бағытталған психокоррекциялық жұмыстардың бағдарлама әдістемесін жасадық. Жасалған жұмыстың жалпы нәтижесін сараптай отырып, оның 80 пайызға нәтиже беретініне көзіміз жетті. Біздің жасаған әдістемеміз іс-тәжірибеде өңделіп, қолдануға өте тиімді. Бұл зерттеу жұмысымыздағы құнды материалдарды бала-бақша және мектеп педагог-психологтары, сондай-ақ бастауыш сынып педагогтері мен тәрбиешілер өз іс-тәжірибесінде қолдануға өте тиімді. Жоғарыда көрсетілген психологиялық ойындар бала бойындағы тек агрессиядан жеңілдетіп қана қоймай, бала белсенділігі мен қызығушылығын арттырып, таным процестерінің де дамуына мүмкіндік жасайды. Тұлғалық құнды қасиеттерінің де жетілуіне себеп бола алады.
Агрессиялы балаға психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу барысында оны қоршаған ересек адамдармен де тығыз байланыстағы іс-шаралар ұйымдастыру қажеттілігінің мәні зор. Осындай кешенді жұмыстар жүргізу арқылы нәтижелі жетістіктерге қол жеткізе аламыз. Баладағы агрессивтілікті жеңілдету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде мынандай нұсқаулар тізімі көрсетіледі:
1. Агрессивтіліктің алдын алу;
- әртүрлі жағдайларда баланы өзін-өзі ұстай білуге үйрету.
- дау-дамай жағдайында қатынастық мүмкіндік болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру.
- адамға деген сенімділік, күйзелуін бөлісе білу қасиеттерін дамыту.
2. Баланы қоршаған, оның тәрбиесімен айналысатын ересектермен көбірек жұмыс жасалынуы қажет, сонда психокоррекцияның нәтижесі тиімдірек. Балаға, агрессияны (кері әсерді) затқа ауыстыру жолдарын әрдайым үйретіп отыру қажет.
Аптасына бір рет «Ата-аналар мектебін» ұйымдастыру барысында ата-аналарды балалармен психокоррекциялық сабақтарға енгізу арқылы балаға сенімін арттырып, өзара қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік жасау негізінде психологиялық ақпараттарды жиілету., шаршыларды қолдану.
Пайдаланған әдебиеттер :
Бекмуратова.Г.Т. Мінез-қүлқында ауытқушылықтары бар балалардың
ерекшеліктері психологиялық тұрғыда зерттеу. Этнопсихология және этнопедагогика,конференциядағы материалдар тезисі. -А.2005 ж.
Запорожец А.В. «Особенности агрессивного поведения.» - М., 1991.
«Нравственность. Агрессия. Справедливость» // Под ред. А.М. Матюшкова. - М.,
1992.
А.Қ.Қалдыбекова, Л.С.Ким. Баланың сезімдік әлемін дамыту, - Шымкент, 2005ж.
Қ.Жарықбаев. Қазақ психологиясының тарихы., - Алматы, 1996ж.
СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
Досбергенова Улмира Мамыровна
ОҚО, Шымкент қаласы №62 «Ботақан» балабақшасының тәрбиешісі
Өзіне-өзі қол жұмсау – философиялық (өмірдің мәнін жоғалту), психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік (әлеуметтік жағынан өз орнын таппау, қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б.), медициналық (күрделі ауру, психикасының бұзылуы), адамгершіліктік және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен. Суицидті зерттеп жүрген мамандардың пікірінше, дүниежүзінде әрбір 20 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Тіпті жылына 1 миллион адам өзін ажалға қиып, шамамен 20 миллион тұрғын өмірмен мәңгілікке қоштасуға әрекет жасайды. Сорақысы сол, бұлардың 8 мыңы қазақстандықтар екен. Ал бұл дегеніңіз, Республика бойынша сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қоштасады деген сөз. Назар аударарлық бір нәрсе, Қазақстанда адам өлтіргендерге қарағанда, өз-өзін өлтіруге бейім тұратындардың саны әлдеқайда көп көрінеді. Ал енді халықаралық анықтама қызметінің дерегіне жүгінсек, 1950 жылдан бергі кезеңде суицид оқиғасы 60 пайызға өсіпті. Міне, осы дерек-дәйектердің өзі соңғы уақытта суицид оқиғасының дүниежүзінің түкпір-түкпірінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткенін байқатса керек.
Аталмыш мәселенің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны мәлім. Жасөспірімдік шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналадағылармен тіл табыспау, психологияның толық қалыптаспағандығы, міне, осы және т.б.себептерден өскелең ұрпақ арасында суицид мәселесі артып отыр. Суицидтің алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқаруы керек. Яғни ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалуы қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер, әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді. Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз.
Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады. Оларда әлеуметтік қызметкерлер бұл тақырыпты балаға бес жастан бастап түсіндіре бастайды, осал топтарды дер кезінде анықтап, психологтың кеңесіне жібереді. Суицидке бейім балалар мен жасөспірімдерді анықтау жұмысы екі елде бірдей жүреді. Әдетте жұрт суицидтік ойларын жасыруға тырысады. Егер бала кезден оларды не болып жатқанын ұғынуға үйрете білсек, онымызбен балаларды қорғап қаламыз. Өмір құндылығы туралы бірінші сыныптан айта бастау ләзім. Балалар өзінің психоэмоциялық көңіл-күйін ырқына көндіре білуі тиіс, - дейді Фатима Багиярова.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицид әрекеттердің алдын алу ұлттық ауқымдағы проблема екенін растаған тренингке қатысқан жергілікті мамандар мектеп психологтарын оқытып-үйретудің жүйелі жұмысы мен жеткіншек тұлғаны әлеуметтік ортаға бейімдеу жобаларын іске асыру қажет деп санайды. Әлеуметтік қызметкердің пікірінше, жасөспірімнің бойында суицидтік қатердің барлық түріне қарсы қорғаныс реакциясын қалыптастыру қажет. Гонконгта мұндай баланы арнайы тренинге жіберіп оқытады. Психологтардың негізгі міндеті – жасөспірімнің бойында жағымды ойлар қалыптастырып, суицидке жетелейтін ойларды жою. Бүгінде Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша әлемде алдыңғы орындардың бірінде тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда 26 кісі өзіне қол салады, бұл көрсеткіш Орта Азия елдері бойынша Қазақстанда ең жоғары деңгейде екен. «Өз-өзіне қол салу, яғни суицидке бару – түсініспеушілік пен жалғыздықтан туындайтын проблема. Әрдайым адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында түсініспеушілік орын алып жатса, ата-ана баласын түсіне алмаса, соңы осындай қайғылы оқиғалармен аяқталады» дейді мамандар. Айта кеткен жөн, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің әрбір үшіншісі – көрнекі құбылыс, нақтырақ айтсақ, олар өлгісі келмейді, тек осы әрекеттерімен өздеріне назар аудартқысы келеді. Мамандар бұл қауіпті құбылыс екендігін айтады.
Жасөспірімдер арасындағы «суицид» - қоғамымыздың қатерлі мәселесі. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы өжеттілік пен батырлықтың көрінісі емес, оларға шын мәнінде көмек қажет. Қоғамның көмегі қажет. Балалар өз-өзін өлтірудің себебі көп деп түсіндіреді. Алайда, олардың басты проблемасы – жалғыздық. Егер мектепте қандай да бір проблема туындап жатса – ата-ана балаға көмек көрсету керек, ал отбасында проблема туындап жатса – ұстаздар балаға назар аударуы тиіс. Қазақстанда тіпті 10 жастағы балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары тіркелген. «Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында тұратын 1997 жылы дүниеге келген К. Гриша анасы мен өгей әкесімен ұрсысып қалғандықтан, 2007 жылы өз-өзін өлтірмек болған. Мектепте 4 пен 5-ке ғана оқыған жасөспірім «кетан» таблеткаларының бірнеше қаптамасын ішіп, дәріден қатты уланған Гриша тек дәрігерлердің уақытылы көмегінің арқасында ғана аман қалған» (ҚР Бас прокуратурасының есебінен).
Мамандар өлуге құмарту – психиканың проблемасы екендігін айтады. Сондықтан әрдайым жақындарыңмен бірге болып, бір-бірін бағалап, әрдайым түсіністікпен өмір сүре білу қажет дейді психолог мамандар.
Пайдаланған әдебиеттер:
Әсел Әбіш. Ерте замандағы суицид. Қызықты психология журналы №5, 2010
Бойко И.Б. Введение в суицидологио М.: 2008
Целуйко В.М. Психология неблогаполучной семьи М.: 2006
Акажанова А.Т. Актуальные проблемы суицидологии. Психология в Казахстанской школе. №8 , 2002
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД ҚОҒАМЫМЫЗДЫҢ ҚАТЕРЛІ МӘСЕЛЕСІ
Мусаева Мейрамкуль Абдрашовна
ОҚО, Мақтарал ауданы, №18 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектеп педагог-психологы
Кейінгі кездері өз-өзіне қол жұмсау жиілеп кетті, әсіресе өмір есігін жаңа ашып, қызығы мен шыжығына енді ғана кірісіп келе жатқан жасөспірімдер арасындағы суицид белең алып барады. Латын тілінен аударғанда бұл сөз «өзіңді-өзің өлтіру» деген мағынаны білдіреді. Термин XVII ғасырда пайда болып, XVIII ғасырдың ортасына дейін қолданылмай келген. XX ғасырдан бастап «суицидология» термині қолданысқа енгізілді. Алайда адамдардың өзін-өзі өлтіруі ерте кезден-ақ басталған. Мәселен әлемге демократия берген ежелгі Грекияда өз еркімен өмірмен қоштасу тек кей жағдайда рұқсат етілді. Бұл әдісті заң өлімге үкім кескен адамға ғана таңдай алатын болған. Афины мен Фивада биліктің рұқсатынсыз өз-өзіне қол жұмсаған адамның қолы кесіліп, бөлек жерленетін болыпты. Психологтардың айтуынша, адамның өз-өзіне қол жұмсауының себептері әр түрлі. Ол көбіне жанұя жағдайы, оның ішінде толық емес жанұя, жанұяның ішіндегі психологиялық факторлардың, ата-ана мен бала, ата-аналардың өзара түсініспеушіліктері материалдық қанағатсыздық, т.б. Күніне әлемде 3000 адам өз-өзіне қол жұмсайды екен.
Қазір әлем бойынша суицид 3 есеге артқан. Мұның себебі неде? Жасөпірімдер арасындағы суицид күннен-күнге артып барады, мұндайға баратын жастардың жасы — 14-17 жас аралығы. Бүгінде іні-сіңлілеріміз қиын жағдайдан шығудың «оңай жолын» таңдағысы келеді. Өз-өзіне қол жұмсаған адам ертеңгі өмірін ойламайды, бір проблеманың шекарасынан шыға алмай қалады да, осымен бәрі бітті деп ойлайды. Және дәл сондай күйде оған көмек көрсетер жанашыр адам табылмайды.
Психологтар жалақының аздығынан сеңделіп жүреді, ал ата-ана тіршілік қамын ойлап, күндіз-түні жұмыста болады. Меніңше, бүгінгі буынның әлсіз болуына тек қана ата-ана, тек қана мектеп емес, оған тұтас қоғам кінәлі. Назар аударатын жайт, өмірмен қоштасқысы келетін жасөспірімдер 1994 жылы туылған қыз-балалардан басталады. Мәселен, менің құрдастарымның арасында мұнда жағдайлар сирек кездесетін. Тіпті, бетін аулақ қылсын, естімеппін де. Қаншама проблема, материалдық жетіспеушілік болғанымен, біздер өлім туралы ойламайтынбыз. Ұмытпасам, 6-сыныпта оқып жүрген кезімде менен 5 жас үлкен қыз өз-өзіне қол жұмсады. Үлкен шу болды. Ата-ана мектептен көрді, мектеп ата-анадан көрді. Қазақ жарасын жасырған ел ғой, жабулы қазан жабулы күйінде қалды да, мектепте оқушыларға суицидтің қандай жағдай болмасын, дұрыс емес екендігін түсіндіріп, әңгімелескен адам болмады.
Жалпы, адам өз басына күн туғанда ғана ойланатындай көрінеді. Көктем. Айналаның құлпырып, соған сәйкес қыз-келіншектердің де құлпырып шығатын мезгілі ғой! Жасыл шығып, сезім бүршіктері бүр жарған уақыттың суицидке «қолайлы» мезгілі екені белгілі. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсайтындары өжет, батыр, жаужүрек емес, оларға шын мәнінде көмек қажет. Қоғамның көмегі қажет.
Қазақстандық психиатрлар ЮНИСЕФ балалар ұйымымен бірге екі жыл бойы балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид себептерін анықтау жөнінде зерттеу жүргізді. Ресми ақпаратқа сәйкес, 2011 жылы Қазақстан балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу жағынан әлемде үшінші орында болды. Осыған байланысты қазақстандық психиатрлар ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, екі жылдан бері арнайы зерттеу жүргізіп келеді. Бұл жұмысқа Қазақстанның бес қаласынан 1700-ге жуық жасөспірім тартылды.«Біз Қазақстандағы суицидтің негізгі себептерін анықтадық. Біріншіден, ол - әлеуметтік себептер, яғни отбасындағы проблемалар. Содан соң мектептің мәселелері бар. Балалар, көп жағдайда, ортада өз орнын таба алмай жатады. Оларды ешкім түсінбейді», - дейді Қазақстанның бас психиатры Сағат Алтынбеков.
Зерттеуге қатысқан итальян мамандары Қазақстандағы ата-ананың өз баласына күніне бар болғаны 20-ақ минут бөлетінін анықтады. «20 минут. Не ол? Басқа уақытта компьютер, дала және тағысын тағы. Қызылорда қаласында мынандай жағдай болды. Бір қыз екі ай бойы ата-анасына өз проблемаларын, депрессияда жүргенін жеткізуге тырысты. Психологқа та барды. Алайда бәрі өз мәселелерін жүріп, оны тыңдамай қойды. Ақыр соңында сол қыз өз-өзіне қол салды», - деп атап көрсетті Алтынбеков. Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді.
Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны «Өзін-өзі өлтіруге әрекет ету» - деп түсіндіреді. Суицид жан жүйесі қатты күйзелген кезде, не психикалық аурудың ықпалымен адам жасайтын өзін-өзі өлтіру әрекеті.Бұндай мінез-құлық жасөспірім шақта 13 жастан бастап байқалады. Статистика бойынша суицидтік мінез-құлық 14-28 жас аралығында 30 пайыз, жасөспірім шақта 6-10 пайыз құрайды.Өз-өзіне қол жұмсауға бейім адамдардың бірден-бір бөлігі психикалық тұрғыдан зардап шекен, дені сау адамдар болып табылады. Жасөспірімдер басқалардан көмек күту мақсатында суицидтік әрекетті демонстративті түрде көрсетіп, жан-жақтағыларын қорқытады.
А.Г.Амбрумованың ойынша суицидтік ой, әрекет конфликт кезінде әлеуметтік-психикалық дезадаптацияның пайда болуынан көрінеді: мазасыздық, фрустрациялық күй, қоршаған адамдардың негативті қатынастары, өмір сүруге құштарлықтың болмауы, әлеуметтік ортаның төмендеуі т.б. Осындай келеңсіз жағдайлар барлығы жасөспірімдерді қылмысқа тартады, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсау жиі кездеседі. Жасөспірім шақта түрлі кездерді бастарынан кешеді, кейбіреулері бір нәрседен қорыққаннан, махабаттың сәтсіз болуынан, қиыншылыққа төзе алмау салдарынан өмірден қоштасуды жөн көреді.
Соңғы 15 жылдықта 15-24 жас аралығында өз-өзіне қол жұмсау 2 есеге артты, экономикасы дамыған елдерде бұндай жағдайлар жиі кездеседі.
Зерттеу эксперименті бойынша өз-өзіне қол жұмсау ырықсыз түрде пайда болатыны анықталды. Бұндай әрекет жастық шаққа тән. Сәтсіз суицидтік әрекет жасаған адамдар саны бастан асады. Ер балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау қыз балаларға қарағанда әлдеқайда көбірек, ал қыз балалар демонстротивті түрде көрсетіп отырады. Осы күнге дейін суицидтік әрекет толық зерттеген адам жоқ. Ересек адамдардың 10 – нан біреуі ғана, жасөспірімдердің 50 – ден 1-уі суицидтік әрекетке бейім болады. Бірінші рет іске аспаған суицидтік әрекет, екінші рет қайталана бермейді, мысалы, 10-20 жас ер балалар арасында 10 пайыз, қыз балалар арасында 3 пайыз құрайды. Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған. Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Елбасымыз «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында» десе өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |