Список литературы:
А.Личко. «Акцентуации характера». М. 1990
А.Абрумова «Актуальные проблемы суицидологии».М. 2011
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДАЛДЫ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ.
Сеткереева Галия Аманбердиевна
«Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, аға оқытушысы
Адамды жан – жақты тәрбиелеу мен дамыту
үшін оны жан – жақты біліп алу керек
К.Д. Ушинский
Суицид саналы түрде жасалатын әрекет. Адамның жаны қиналған кезде немесе психикалық аурудың өрбуінен пайда болады. Сондай - ақ науқас адамның стресстік күй кезінде шешім, таба алмауынан, артық қиналғысы келмеген жағдайдан, жанының әлсіздігінен, өкіну, уайымдаудан көруге болады. Науқас адамдардың психикалық күйі тұрақсыз болады. Олар өз-өздерін бақылай алмайды, не айтып жатқанын, не істеп жатқанын білмейді, агрессивті мінез-құлқы басым болады. Ал, кейбіреулерінің көңіл күйлері жоғары, қимылы тез, мазасыз т.б. болады. Бұндай орынсыз қылықты сырттағы адамдар тез байқайды. Олардың ұйқысы, түсі бұзылады, денесінде әлсіздік байқалады. Олар өздеріне жоғары талап қояды, өз-өздерін бағалауы төмен болады. Басқалармен ашық сөйлесе алады, олардың жағдайларын түсінуге тырысады, өз беттерімен шешеім қабылдауға қиналады, өз бетімен жүре алмайды, өмірге құштарлығы төмендейді, өзін басқалардан кем санайды. Өзіне-өзі қол салатын адамдар бұлар әлсіз, әрі батыл адамдар. Әлсіздігі - өмірмен күрескілері келмейді, қиналады. Батылдығы - өз өмірін қорықпай қиюы. Суицид түрлері:
Анық - бұл жағдайда өмірге деген қызығушылығы таусылған адам өлімге өзін ұзақ дайындайды. Шынайы суицидке қашан да жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден бас кешу жайлы ой, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып, күйзелу және өз өмірін қиюды армандау жатады. Шынайы суицидті іске асыру ұзақ уақытты талап етеді (бірнеше күннен айға дейін немесе одан да көп болуы мүмкін).
Жасырын – алдын ала ойластырылмайды, ол кенеттен пайда болады. Адам өзін өлімге арнайы дайындамайды. Тек саналы түрде тәуекелге бел буу күтпеген өлімге алып келеді. Ол кенеттен қатты психотраммадан туындайды.
Демонстративті суицид - өлім ниетімен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс-құралы, басқаларды көмекке шақыру. Біреуге бір нәрсе дәлелдеу үшін өз-өзіне қол жұмсайды. Демонстративті суицид – даулы жағдайды қолайлы жаққа өзгерту мақсатында өз өмірінің құндылығын сақтап қалу, өзіне көндіру іс-әрекеті (өзіне деген аяушылық туғызу, қиыншылықтардан құтылу). Демонстраивті суицид кезінде адамдар өлімге жол бермеу керекктгін түсінеді, ересектер арасында 10-нан біреуі ғана, ал жасөспірімдер 50- ден немесе 100- дің біреуі ғана өз-өзіне қол жұмсайды.Қыз балаға қарағанда ер жігіттер 2 есе артық өзіне қол жұмсайды, дегенмен қыздар осы талаптарды жиірек қолданады.
Суицидалды мінез-құлықты алдын алуда жүргізілетін психологиялық жұмыстар. Бұндай кезде психолог мамандар не істеу керек? Біріншіден: - әлеуми психологиялық процестерді (суицидтік мінез-құлықтың басымдылығын) психологиялық тәсілдер арқылы зерттеу (тест, сауалнама т.б.).
-суицидтік мінез-құлықтың пайда болу себебін анықтау және осы проблемаға қатысты арнайы кештер ұйымдастыру;
-қолайлы ұжымдық атмосфераны орнату;
-психологиялық анализ жасау, суицидтік мінез-құлықты зерттеу;
-реабилитациялық жұмыстар жүргізу (өз-өздеріне қол жұмсауға талпынған адамдар үшін);
-профилактикалық жұмыстар жүргізу, суицидтік әрекетті алдын-алу.
Ата-ана, ұстаз әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін, отбасын, жалпы өмірді сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеп шығарымыз сөзсіз.
Жас адамдарды өмірді бағалауға тек махаббат, түсіністік және қолдау көрсету көмектеседі.
Жас адамдарды қатерлі қадамнан тек өзін тыңдайтын, түсіністікпен қарайтын адаммен сөйлесу мүмкіндігі ғана құтқара алады. Шетелдiк ғалымдардың айтуынша, шын мәнiнде, өзiне-өзi қол жұмсауды ойлаған адамдар өмiр сүргiсi келiп, көмек iздеп шарқ ұратын көрiнедi. Әрине, өмiр деген тәттi ғой шіркін. Бағалай білген адам оның әрбір сағаты мен минутын алтын берсе де айырбастамас еді. Өйткені, өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Өлшеніп берілген ғұмырды өкінбестей өткізу адамға парыз. «Ашу дұшпан, ақыл дос» деп бұрынғылар дұрыс айтып кеткен. Сондықтан, кез-келген нәрсеге сабырмен қарап, әр қимылыңды жеті рет өлшеп, бір рет қиған ләзім. Мұндайда ойдағы әзәзілден, бойдағы шайтан қылықтан, жүректегі кірден ақыл мен иман ғана құтқара алады.
Суицидтің алдын алу шаралары әлеуметтік жұмыстың ең маңызды және күрделі мақсаттарының бірі. Оның негізгі бөлігі өз өмірін қиюға себеп болатын отбасындағы жанжалды реттеуден және өмірге қанағаттанбау сезімінен болған өзіне қол жұмсау себептерін психологиялық, қажет болған жағдайда құқықтық әдістермен жоюдан тұрады.
Өзіне өзі қол жұмсаушылармен атқарылатын жұмыстарда барлық құралдар кеңінен қолданылуы тиіс: емдеу, қолдау, қатысу техникасы, әсіресе клиентке жақын ғана адамдардың ғана емес, бөгде адамдардың да қатысуы, сондай-ақ мұғалімдердің, діни адамдардың, кәрі адамдардың және жас суициденттің қайғысын жеңілдетуге септігі тиетін барлық адамдардың қатысуы. Өзіне қол жұмсау қауіпі төнген кезде мұндай адамды жалғыз, өзімен-өзін, көмексіз қалдыруға болмайды.
Жасөспірімге айналасындағылардың оны қамқорлыққа алғанын көрсету және оның өмірлік мақсаттарының болашағы бар екенін сездіру үшін әлеуметтік қызметкер жасөспіріммен «суициалды келісімге» отыруы керек. Бұл оның суицидалды шешімін біраз уақытқа шегере тұруын өтіну, егер суицидалдық ойлар жоғалмаса, онда суицидалды әрекетке барарда қоғаммен байланысуды сұрау деген сөз.
Суицидтің алдын алу шаралары жалпы, бірінші реттік, екінші реттік, үшініші реттік деп аталатын шаралардан тұрады. Әрбір шараның өз міндеті болады. Өзін-өзі өлтірудің алдын алу ісінде анонимдік телефонның қызметі «сенім телефоны» негізгі буын болып табылады. Бұл телефон қызметінің мақсаты дағдарыс жағдайында тұрған, өзін өзі өлтіруді ойлаған жас адамға арнайы даярланған, оны досындай мұқият тыңдай білетін, абоненттің дағдарыс жағдайын бастан өткеруге көмектесе алатын әлеуметтік қызмет қызметкерімен телефон арқылы қарым-қатынасқа түсіруге ұмтылу. Мұндай қызметкердің қағидаларының арасында ерекше орында сенімділік, абсолюттік құпиялық, анонимділік (сыр шашпау), кез келген қысым көрсетуге тыйым салуды айыптамау, сынамау, тіпті таң қалмау, керісінше абонентке дұрыс шешім қабылдауға көмектесу жатады. Жастарға «сенім телефонының» барлығы туралы ештеңе айтылмайды, тек «қайғыда, үмітсіздікте және депрессияда» көмек көрсетілгені ғана хабарланады.
Ата–аналарға кеңес! Өмірде бәрін мінсіз істеу мүмкін емес. Өзіңіз қабілеттілігіңіз мол жұмыстарды ғана мінсіз орындаңыз, ал қалғанын - адал ниетпен, сапалы түрде істеңіз. Басқаларға да өз қалпын сақтауды рұқсат етіңіз. Өз сүйікті адамыңызды апа, іні, құрбыңызды түзетемін деп қиналмай-ақ қойыңыз – әр кімнің өз даралығына құқығы бар. Барлығынан артық, жақсы болу әрдайым мүмкін емес. Бір нәрсе қолыңыздан келмей қалса, онда тұрған не бар. Көп адамдар оларды басқалар бағаламайды деп ойлайды, бірақ өздері сол уақытта ішінен жабылып, ешкімге ашылмай жүретініне назар аудармайды. Кейде қателіктерге де жол берілуi керек. Сiз де тірі жансыз, жаңыла аласыз және бір реет жол бергеннен жаман болмайсыз. Басқалар үшiн жақсылықты аямаңыз. Біреу қиындыққа ұшырап қалса оған көмектесiп көрiңiз. Барлығы бірден бола қоймайды! Жүйкесі шаршаған адамдар қандай да болмасын iсті күрделi деп санап, оны бітіру үшін көп күш жұмсайды. Кішігірім мәселелерге назар аудармай, ең маңыздысынан бастаңыз. Ал ұсақ-түйекке жеткен кезде олар сізге соншалықты жеңіл көрінеді.
Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.
Қорыта келе балаға әрқашан назар аудару, түсінуге тырысу, мәселелерін шешуге көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу, ұрысу, жекіру орнына жиі мақтап мадақтап отыру, кешірімді болу, ал ең бастысы, бала қандай болса, солай қабылдау, сол қалпында жақсы көру, кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып, оны жақсы көретіндікті сездірту бұл келеңсіз жағдайларды алдын алатын жолдардың бірі.
ЖАН КҮЙЗЕЛІСІ ЖӘНЕ ОДАН АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ.
Адырбекова Улдана Карбозқызы
ОҚО, Шымкент қаласы №62 «Ботақан» бөбекжай балабақшасының тәрбиеші
Стресс – ( ағылш. – ыза буу, булығу, күйзелу) – адамда немесе жануарларда шектен тыс тітіркенуден, төтенше күшті әсерленуден пайда болатын жалпы булығу күйі, яғни күгелектік. Қатты шаршап, зорығу кезінде, өзара қарым-қатынастардағы қолайсыз жағдайлар әсерінен не жолы болмай жаны қиналған кездердегі көңіл-күй, психофизиологиялық құрысумен ширыққан жағдай. Егер адам стресс күйін жеңуге дағдыланса, оның тірлігі жемісті болады. Ал оны жеңе алмаса, жүйке, тән, психикалық ауруларға ұшырайды. Сыртқы ортаның әсеріне әрбір адам өзінше жауап береді. Егер жер планетасында 6 млрд.-тан астам адам болса, сонша түрлі жауап беру реакциясы бар деген сөз. ХХ ғасырдың даусыз аурулары стресс және оның зардаптары. Американ психологтары жан күйзелісіне жеткізетін оқиғалар мен олардың әсер ету шамасын есептеу бірлігіне ұсақ кикілжіңді ала отырып (1- ұсақ кикілжің әсері 1- жүйке тозу бірлігіне теңдеп алынған), егер тәулік ішінде бір адам пешенесіне 700 жүйкелеу бірлігі әсер ететін болса оның өлімге апаратындығын анықтаған. Жақын адамның қазасы – 100 ж.б. ерлі-зайыптардың ажырасуы – 73 ж.б.
Ағзаның дамуы барысында алдыңғы ми жарты шарларының ми қыртысы жетіліп, оның үйлестіруші рөлі дамиды. Эмоциялық қалыптасу орталығы алдыңғы мидың маңдай бөлігіндегі қыртысты қабатта орналасқан. Ол гипоталамус, лимбикалық ми, таламус және ретикулярлы формациямен бірігіп қызмет атқарады. Бас миы қалыптасу және қызмет ету ерекшеліктеріне қарай үш деңгейге жіктеледі. Бірінші – «жоғарғы» деңгей. Оның негізгі құрамдастары; алдыңғы мидың ми қыртысы, базальдық түйіндер, ми қыртысы астындағы қабат, иіс сезу жүйкесі, диэнцефальдық бөлік (аралық ми). Екінші – «орташа» деңгей мидың ортаңғы бөлігі. Үшінші – «төменгі» деңгей мидың артқы бөлігі, яғни варолиев көпірі, мишық және сопақша ми бөліктері. Жоғарғы деңгей бас қолбасшы ретінде шешім қабылдап бұйрық береді. Орта және төменгі деңгей орындаушылар. Мысалы: үлкен ми сыңарларының ми қыртысы иесіне орныңнан тұр деп әмір берсе, бұйрықты еттерге, еттердің әрбір талшығына дейін өткізетін ортаңғы және төменгі деңгейге болады. Кейде «шығасыға иесі басшы» оймен атқаруға уақыт тапшылығы мүмкіндік бермейтін қорғаныш қимылдары ми сыңарларына бармай-ақ орта және төменгі деңгейде тұйықталып шешімін таба алады. Себебі, ол реакциялар ағаның эволюциялық дамуы барысында төменгі ми деңгейлерінің жадында жатталып қалған. Мысалы: көзге шаң-тозаң түсірмеу, т.с.с.
Адамда ми қыртыстары түзілген соң, ми барлық мінез-құлық көріністерін ұйымдастырады. Олар 1) инстинкт – ата-бабадан жеткен, ми қыртысының астыңғы аймақтарында сақталып қалған, тіршілікті қамтамасыз етудің алғашқы күндерінде байқалатын мінез-құлықтар (жылау, ему, қорғану т.с.с.); 2) өсу мен даму барысында қалыптасатын жеке адамға ғана тән дербес мінез-құлық; 3) екінші белгілер арқылы қалыптасқан, яғни сөз арқылы адам мен адамның пікір алмасуы, еңбек ету кезіндегі дағды мен әдет қалыптасуы сияқты ұжымдық мінез-құлық.
Адамның сыртқы орта әсеріне жауап беруі төмендегідей сатылар арқылы өтіледі. Кез-келген стресстік әсер жүйке жүйесінің сезімтал рецепторлары арқылы қабылданып гипоталамустың арнаулы нейроэндокриндік жасушаларын белсенді күйге көшіреді. Ол жасушалар кортикотропты релизинг фактор (КРФ) – деп аталатын гормонды бөле бастайды. Ал КРФ гормоны гипофиздің алдыңғы бөлігінде орналасқан жасушаларға қозғау сала әсер етеді. Нәтижесінде, гипофиз жасушалары адренокортикотропты гормон (АКТГ) жасап шығарып, таратады. АКТГ әсерінен бүйрек үсті безінің қабығы белсенді күйге көшіп кортикостероидтар (КС) бөліп шығарады. Міне, осы КС гормоны ағзаның сыртқы орта әсеріне бейімделуіне өте қажет. Егер адам ашуланса қанға нодреналин көбірек бөлініп, ағзада агрессиялық күш артады, сондықтан нодреналин «арыстан» гормоны деп аталады. Ал, үрейлену сезімі басым болса, адреналин қанға көбірек араласып қашып құтылу қимылы басым болады. Сондықтан, адреналин «қоян» гормоны деп аталады.
Стрессті ауыздықтау жүйесінің іске қосылуы зат алмасу үрдістері есебінен жүретіндіктен ағзада липидтер, көмірсулар, электролидтердің жалпы мөлшері азайып ағзаның жинақ қор көзі зиянға ұшырайды. Стресстік әсер ету көзі неғұрлым ұзақ әсер етсе ағзаның қорғаныш қорлары тым азайып, стресске бейімделуге күш-қуат жетіспесе, ағза психосоматикалық аураларға немесе жүйке ауруларына душар болады (невроз). Мысалы, жүректе ет талшықтарының өлі еттенуінің (миокард инфаркты) дамуы қалай жүреді? Стресс әсері өте күшті шамадан асып кетсе, жоғары вегатативтік орталық басқарушысы ретінде гипоталамустың реттеу күшін тежейді. Гормондық медиаторлық жүйе реттелмегендіктен жүректің өз еттерін қанмен қамтамасыз ететін тамырлар (короналық тамырлар) жиырылған күйінде қалып қояды. Ал, ол тамырлар бітеліп қалған болса, жүрек ет жіпшелерінің (миокард) қанмен жабдықталуы толық бұзылып, оттегі мен қоректік заттар жетіспегендіктен жүрек еттері бірте-бірте жансызданады.
Стресстің алдын-алу үшін немесе стресстік жағдайларда ағзаның қорғаныш реакциялары дұрыс жүруі жүйке жүйкесін шынықтыру қажет. Ол үшін жеткілікті ұйықтап тынығу, тиімді ырғақты еңбек, жалпы дамытушы жаттығулармен айналысу, барлық жағдайда сабырлық сақтауға дағдылану қажет. Жағымсыз жағдайларды қайталап еске алу, ренішті күйді жаңғырту аса зиянды. Мазасыз ойды бөліп, жүректі жеңілдету міндет. Қазақтың көңіл сұрау, көңіл айту, қайғыға ортақтасу салттарында осы ескерілген. Стресс ілімі негізін қалаған Г.Селье «стресс-қандай да болмасын стресс туғызатын факторға байланысты ағзаның маманданып қалыптаспаған жауап беру реакциялары жиынтығы» – деп анықтайды. Шындығында жалпы стресс атаулы сыртқы ортаның әлдебір факторы әсеріне ағзаның жауабы. Адам ағзасын стресс жағдайына әкелетін қолайсыз әсерлер: салқын, аштық, психологиялық және тәни жарақаттар, сәулелену, инфекция, қан кету.
Жұмылдыру (мобилизация) сатысы – стрессордың бастапқы әсер ету сәтінде ағзада алаңдау пайда болуына байланысты жүреді. Ағза қажеттілігін сараптамастан өзінің барлық ашық және жасырын мүмкіндіктерін жұмылдырып қорғанысқа не шабуылға шығуға немесе қауіппен тікелей бетпе-бет кездеспес үшін қашуға дайындалады. Тыныс жиілеп, қан айналысы жылдамдап, қан қысымы көтеріліп, ас қорыту бездері жұмысын азайтып не тоқтатып, еттерді қанмен жабдықтау күшейіп, ағза әдеттегі қалыпты жағдайда мүмкін емес жұмыс көлемін атқаруға дайын болады. Құтырған бұқадан қашқан адамның екі метрлік дуалдан қарғып кеткенімен, кейін ерегіс үстінде оны қайталау мүмкін болмаған. Келесі саты – қалпына келу сатысы. Ол қарсыласу сатысы ұзақ қарсыласу барысында, энергия шығыны шектен асып, стрессорға төтеп бере алмайтын жағдайға жеткенде үшінші саты – титықтау сатысына ұласады. Бұл кезде адамның иммундық жүйесі қалжырайды, тән және психикалық денсаулығы толық бұзылады.
Стресс әсері шамадан асып кетпеген жағдайда денсаулыққа пайдалы. Жұмылдырылған күш стрессор әсеріне толық әлі келетін жағдайда, ағза жүктемеге артық жауап бере отырып, дененің тұрақты белсенділігі қалыптасады, осы кезде адам тәні мен ақыл ойы өте үйлесімді. Және дәл өлшеммен қызмет ете бастайды. Селье ағза қызметінің бұл шырақтау күйін айстресс (грек аі -нағыз, тамаша) – деп аталады. Стресстің мұндай тиімді шаттандыру кезеңі ұзаққа бармайды. Аз ғана уақыттан соң ағза күйі төмендеп екінші, содан соң үшінші сатыға өтеді, яғни дистресс басталады. Дистресс (ағылшын distress- шамадану, қорлану) – көңіл-күйдің жағымсыз жағдайы. Дистресс адам денсаулығына талқандаушы әсер етеді. Қазіргі таңда, жеке адам психикасына тәуелсіз, көпшілікке ортақ стресс факторы жұмыссыздық пен жұмыс берушінің осы жағдайы арзан жұмыс күші көзі ретінде пайдалануы. Ал адамның жеке өзіне байланысты стресс факторлары; жұмысқа жиренішті көзқарас, ұйымдастырушы мен басқарушының тәжірибесіздігі, қимылы аз тұрмыс қалпы, дене және ой қызметіне қабілеттіліктің төменгі деңгейі, дене қалыптасуы мен дене тәрбиесіндегі кемшіліктер , өзін-өзі бағалаудағы қорыну, өзін кем санау, зиянды әдеттер дағдысы, тіл табыса білмеу, адамдармен жақындасуға қорқу, ұялу, демалыс тәртібі туралы құқықтық сауатсыздық, жұмыстан өзге қызметке дұрыс алмаса білмеу, жұмыстан басқа ешнәрсеге мойын бұрмау, қызығатын өзге ісінің болмауы. Американдық психологтар стресс дамуының бес сатысын айқындаған:елеңдеу, елегізу, алаңдау, азадаған шаршау сезімі пайда болуы, қызметке сырт қарай бастау, физиологиялық өзгерістердің басталуы, адам ауыра бастағанына көз жеткізу.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде.- Астана, 2010.
2. Запорожец А., Маркова Т.А. Основы педагогика. – Москва, 2006.
3. Х.Т.Шериазданова. Мектепке білім беру жүйесі педагогтары мен психологтарын кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері. – Алматы 2001.
4. Амонашвили Ш. Игра в учебно-познавательной деятельности младших школьников //Перспективы Вопросы образования 2002, №1, 83-93с.
5. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 2004, -381б.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДАЛЬДЫ МІНЕЗ–ҚҰЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ
Асылбек Раушан
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Домалақ ана атындағы жалпы орта мектебінің педагог-психологы
«Ақыл деген алтын тау, шың -құзы бар не түрлі,
Ақыл-панаң, сақтаушың, ұлы қорған секілді.
Ауыздықта сезімді, өз нәпсіңді тия біл,
Өзіңді-өзің билеуің -нағыз дәулет, сірә бұл»,- деп үнді елінің киелі жырында жырланғандай.
Қазіргі таңда қызығы мен қиыншылығы , қуанышы мен реніші қатар жүретін заманда адам жүйкесіне салмақ түсіретін нәрселер көп. Бүгінгі таңда суицид әрекеті жасөспірімдер арасында орын алуда. Қоғам дертіне айналып отырған суицид мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде.
«Суицид» латын тілінен аударғанда «өзін-өзі өлтіру» дегенді білдіреді. Бұл ұғымға ХІХ ғасырда француз социологы З. Дюркгейм анықтама берген. Оның себептері: депрессия, яғни жан дертіне ұшырау, және стресс, яғни психологиялық күйзеліс. Қазіргі жастардың көпшілігі жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайды. Бос уақыттарында кітап оқымайды, пайдалы заттармен айналыспайды. «не жеймін», «не киемін» деп қайғырмайды, басына түскен қиындықтарды жеңгісі келмейді, сондықтан да өз өмірлері үшін күрескеннің орнына мәңгілік сапарға аттанғанды жеңіл көреді.Осындай қиын кезеңде адам, ең алдымен депрессия, стреске ұшырайды, ең соңында «суицидке» жол береді. Бұл мақсатында адам мына қиыншылықтардан немесе ауыртпашылықтардан қашқысы келеді:белгілі бір қиыншылықтардан кету, қауіпті әкелетін іс-әрекеттерден кету, басқа адамдарды өзінің қиыншылықтарына көңіл аударту, ренжіткен адамнан кегін алу мақсатында болады, оны қалай болса да жүзеге асырамын деген қырсықтылық мінез туады. Мұндай жағдайға түскен үлкеннің де, жасөспірімнің де, тіпті, жеткіншектердің де психикасында «Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ» деген ойлар басынан кетпейді. Кейде мұндай жағдай жасөспірімдерді еліктеушілікке де әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әр түрлі кітаптардан оқып көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді. Сөйтіп, жасөспірім өлім ренжіткен адамды қорқытады деп түсінеді. Осы арқылы өзіне жұрттың назарын аудартқысы келеді. Әр адамның өмірінің қиылуы өзінен-өзі трагедия. Адам өзін жер бетіндегі ең керемет жаратылыспын деп есептейді. Бұл таңғажайып емес, себебі махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері – адамға тән қасиеттер. Жер бетіндегі адамнан басқа бірде-бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Ендеше, өзін-өзі құрбан ету – адамзат жаратылысынан болып келе жатқан жағдай. Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады. Балалық шақ – 12 жасқа дейін. Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;Жастар арасы - 17-29 жас;Ересектер арасы – 30-35 жас;Қарттық кезең – 55-70 жас.Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек 5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен, мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында,әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды. Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б. Балалардың психикасы өте нәзік, тез жараланғыш келеді, олар кішкентай нәрсенің өзін проблема ретінде қабылдайды. Сондықтан осы мәселеге байланысты мектеп оқушыларының арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) жағдайларын болдырмау және суицидиалды мінез-құлықтың алдын-алуға байланысты құрылған мектепішілік 2015-2016 оқу жылына арналған психологиялық жоспары құрылды және психология саласы бойынша тәрбие орталығымен, сынып жетекшілермен бірігіп тиісті шаралар атқарылуда. Суицидтің алдын алу және болдырмау жұмыстары келесі бағыттарда жүзеге асырылуда.1. Диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу. 2. Суицидтік қауіпі бар оқушыларды анықтау, суицидтік қауіпі бар балалар тобын және оның айналасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.3. Сауалнама бойынша сынып жетекшілермен, дәрігер мамандарымен өзара әрекеттесу, мектептегі барлық оқушыларды өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатыстыру.4. Алдын алу ретінде сынып жетекшілерімен бірге тәрбиелік іс-шараларды өткізу. Негізгі мақсаты – өмірге көзқарастарын дұрыс бағыттау және сыныптағы психологиялық климатты оңтайландыру .Осы бағыттар бойынша мектебімізде арнайы психологиялық қызмет құрылып, төмендегідей жұмыстар жүргізілді:Сынып оқушыларына үнемі сырттай бақылау жүргізіледі. Яғни, оқушылардың жекелік қасиетін анықтау, үзіліс кезеңдерде оқушылардың айналасындағылармен қарым-қатынасын бақылау, 1-11 сыныптың сабақтарына ену, жеке сөйлесіп кеңес беру, ата-аналарымен байланысып , түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Суицидалды мінез-құлықтағы оқушыларға арнайы көмек ретінде оның ішкі жан дүниесіне сенімділік орнату, рухани күш беру мақсатында жеке кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды және жасалған жұмыстар арнайы журналдарға тіркеліп отырылды. Барлық сыныптың оқушыларына жеке педагогикалық- психологиялық мінездеме жасалды. Жағымсыз іс-әрекетке барғызбаудың алдын-алу жұмыстарына байланысты әңгімелесу,пікірлесу әдісі, жиналыс жасау, сынып жиналысы,тәрбие сағаты т.б іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Аутоагрессияның алдын алу мақсатында диагностикалық жұмыстар «Кактус» әдістемесі, Кондаштың !Қобалжу шкаласы» әдістемесі, Айзектің «Тұлғаның психологиялық жағдайын анықтау» әдістемесі, «Аяқталмаған сөйлем» әдістемелері алынды. 7-11 сынып оқушыларының арасында сауалнама жүргізіліп, тұлғалық қабілеттері жөнінде мәліметтер жинақтады. 10-11 сынып оқушыларына аталып отырған мәселе төңірегінде «Суицидтің сыры неде?» деген тақырыптарда әңгіме қозғалды. Оқушы пікірі талданды. 9-10 сыныптармен дебат сабақ өткізілді.Тақырыбы:
«Біз өз еліміздің мейірімді, адамгершілік қасиеті мол, патриот ұлдары мен қыздарымыз!» Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал, үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп, бекер айтылмаған. Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзінің таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады. –дейді. Демек шәкіртке жан-жақты терең білім беріп,оның жүрегіне адамгершілікті үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасуымен санасуына ықпал етері сөзсіз және жағымсыз суицид туралы ойлауына жол болмайды.
Жек тұлғаны қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоя білуге, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне -өзі талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру керекДебат сабаққа қатысқан әрбір жеткіншек:асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіріп, ұлағатты азамат болып шығуды алдына мақсат етіп қойды.Өйткені адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақты. Қазіргі біздің қоғамымызда осы адамгершілік қасиеттерімізді ұлықтап жүруіміз керек. Қазіргі уақытта жастардың санасын улайтын жаман қылықтардан аулақ болайық! Көбінесе уақытын мақсатсыз жұмсап, виртуальды әлеммен болып, қазіргі шынайы әлемнен алыстамайық. «Өмір сүруден шаршадың ба? атты арнайы сайттардан аулақ болайық,» насыбай ату, арақ ішу, наша пайдаланудан жиркену, теледидардан көрсетіліп жатқан қарақшылық, жауыздық туралы фильмдерді көрмейік». Алдымызға нақты мақсат қойып, білімді, мәдениетті, қазақ халқының салт-дәстүрлерін бойымызға сіңіріп бақытты, өркениеті жоғары 50 елдің қатарында тұруымызға бәріміз үлесімізді қосайық! –деп үндеу тастады.
Сонымен қатар 11сыныптарға «Өмірді сүйе білейік», «Мен қалаймын» тақырыбында тренинг сабақтар, ҰБТ ға байланыста рухани күш беру мақсатта әңгімелесу әдістері, жүргізілді. Бастауыш сыныптардың өзін-өзі бағалауының, өзіне деген сенімділігінің анықтау үшін, отбасында қалыптасқан қарым-қатынасты анықтау үшін балаларды зерттеу үшін «Отбасы суреті» әдістемесі пайдаланылды. 2-19 сыныптар арасынан зерттеуге 132 оқушы қатысты. Барлық оқушының салған суреттері толық, жеке-жеке қаралып, талданды. Мектебімізде әрбір ата-анамен жұмыс жүргізіліп, бала психологиясы жөнінде ақыл-кеңестер беріледі. Ал 1-8 сынып жетекшілерінен «Қиын оқушыларды анықтау» сауалнамасы алынды
Сауалнама бойынша 7-ші сұрақ «Сіздің сыныбыңызда «қиын» оқушы бар ма?» деген сұраққа сынып жетекшінің 100%- ы жоқ деп жауап берді. Мұғалім мен оқушылар арасында «Қиын оқушы қайдан шығады» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Өз кезегінде мектеп мұғалімдері, оқушылар өз пікірлерін білдіріп жүйелі , елелі ұсыныстар айтылды. 1- 11 сыныптар арасындағы сынып жетекшілері«Өмір тамаша!» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Мақсаты: Оқушының өмірге деген көзқарасын жақсы жағына қарай бағыттау, өмір құндылықтарын ұғындыру, суицидтік болдырмаудың алдын алу. 5-6 сынып аралығында «Мен өмірді таңдаймын!» тренинг сабағы болып өтті. Сабақтың негізгі мақсаты: оқушының өмірге деген көзқарасын жақсы жағына қалыптастыру, балалар бойындағы суицидтік мінез –құлықтың алдын-алу және болдырмау.Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, салауатты өмір салтын ұстануға, сөз сөйлеу мәдениетіне, өмірді сүюге тәрбиелеу. Тренинг барысында сауалнама жүргізілді.Сауалнамаға берілген жауаптарын талдау барысында барлық оқушы ата-анасына, сынып жетекшісіне де риза екендігі анықталды. Орта буын оқушылары арасында «Менің сынып жетекшім» және «Оқушылардың бастауыштан орта буынға бейімделуі» тақырыптарында сауалнама алынып ,қорытындаланды. Зерттеу нәтижесі бойынша сынып жетекшілермен талдау жүргізілді және жеке коррекциялық жұмысты қажет ететін топ оқушылары анықталды. Эмоциональды жағдайды реттеуге бағытталған тренингтер әзірленді және жүргізілді. Осы орайда айта кететін жайт, әрбір сынып жетекші өзінің сыныбындағы әрбір оқушының отбасын, баланың мінез-құлқын, ерекшеліктерін, оқу үлгерімін жатқа білуі тиіс. Сынып жетекшілер сыныбымен диагностикалық ағартушылық, түзету-дамытушылық жұмыстар жүргізіп, ата-анамен, мектеп психологымен тығыз қарым-қатынас жасап отыруы шарт. сынып жетекшілерге сыныбы толығымен сенім арта білсе, оқушылар ішкі ойын ашып айта алатын жағдайға жетіп, аталмыш келеңсіздіктерден аулақ жүретін едік. Қорыта айтқанда, жыл басынан бергі атқарылған жұмыстар жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Негізгі мақсатымыз – оқушыларымызға, педагогтарға өмір құндылықтарын насихаттау. Оқушыларымыз жақсылық жасай білу, тектілік, мейірімділік, білімділік, әдептілік сияқты қасиеттерді бойына дарытқан парасатты, пайымды, зерделі, жалғыз ата-анасының ғана емес, елінің, Отанының патриоты болуға тәрбиелеу. Өмір деген заңғар биік емес пе? Адам өмірге бақытты болу үшін келеді. Өмірдің мәні – соған жету.Шешілмейтін проблема жоқ, тек уақытысында ақылдаса отырып шешуге тырысу керек. Оқушыларға адам өмірге бірақ рет келеді. Әрбір атқан таңды қызыға да қуана ақ тілекпен қарсы алып, таза да дұрыс жолмен жүрейік! Мәнді өмір сүру үшін балаларымызды.оқушыларымызды қызыққа да, өмірсүйгіштікке де баулу керекпіз. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші, еліміздің болашағы жастарымызды қолдап, игі істерін қолдайық».
Достарыңызбен бөлісу: |