«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»


ҚОҒАМ ДЕРТІ Ахунова Эльмира Рысбаевна



бет4/16
Дата29.03.2018
өлшемі2,89 Mb.
#39816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ҚОҒАМ ДЕРТІ

Ахунова Эльмира Рысбаевна

ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы «Айдана» бөбекжайының тәрбиешісі
Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғам дертіне айналып отырған жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы – дүние жүзіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Суицидті зерттеп жүрген мамандардың пікірінше, дүниежүзінде әрбір 20 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Тіпті жылына 1 миллион адам өзін ажалға қиып, шамамен 20 миллион тұрғын өмірмен мәңгілікке қоштасуға әрекет жасайды. Сорақысы сол, бұлардың 8 мыңы қазақстандықтар екен. Ал бұл дегеніңіз, республика бойынша сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қоштасады деген сөз. Әсіресе, бұл дерттің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны алаңдатады. Оған жасөспірімдік «өтпелі» шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналадағылармен тіл табыса алмау, бала психологиясының толық қалыптаспауы, т.б. жағдайлар себеп болуда.

Суицидтің себептері. Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне-өзі қол жұмсауға шешім қабылдайды екен және осындай жолмен үлкендердің селқостығы, парықсыздығы, арсыздығы мен қатыгездігіне қарсылық білдіреді.

Суицид (өзін-өзі өлтіру) – бұл қашып кетумен теңелетін жай, проблеманы шешуден қашу, біздің өміріміздің әралуандығын құрайтын жаза және абыройсыздық, қорлану және үмітсіздіқ, түңілуден, қазадан, көңілі қалғандықтан, өзіне өзі құрметі жоғалғандықтан қашуды білдіреді. Өзіне қол жұмсауды таңдаған жасөспірімдердің көпшілігі шын мәнісінде өлгісі келмейді екен (бұны ажалдан құтқарылып қалған жасөспірімдер растады). Суицидтің түрлері:


  1. Өзіне назар аударту. Өзіне-өзі қол жұмсауды ойлаған адамдардың көпшілігі

шын мәнінде өмірден кеткісі келмейді. Өз-өзіне қол жұмсау – бір нәрсеге қол жеткізу тәсілі ретінде ғана қаралады. Мысалы, басқалардың өзіне көңіл бөлуіне немесе жақсы көруіне осындай жолмен қол жеткізгісі келеді. Өз-өзіне қол жұмсағандардың көбі маңыйындағыларға мұндай ойы барын сездіруге тырысады. Көбіміз оған мән бере қарамай, сөз астарын түсінбей қалуымыз мүмкін. Дегенмен де олардың көбі өлімнен қорқады, қорқа тұра соған барады, себебі, жүрек түкпірінде біреу-міреу құтқарып қалар деген үміттері бәрібір болады. Жасөспірімдер арасында дайындалып жүріп шын мәнінде өмірмен қоштасатындар өте аз.

  1. Проблеманың көптігі. Жасөспірім басына түскен азғана қиындықтың жолын

таба алмауы мүмкін. Мысалы, жасөспірім қылмыс жасағанда немесе қыз оң босағада отырып жүкті болып қалса, шарасыздықтан осындай қадамға барып жатады.

  1. Біреуге қасірет әкелу арқылы кек алуды мақсат ету. «Олар әлі өкінеді»,

«Оларға мен әлі-ақ қайғы тауып беремін» деген сияқты ойлардың болуы.

  1. Өз-өзіне қол жұмсауды ерліктің және күштіліктің белгісі деп қарау.

Суицидтік қауіпті топ. Жастар: өзара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар, күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін, ішімдік немесе есірткі қолданатындар. Өзін тым қатты сынауға алатындар. Жеке басы қорланған немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар. Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер. Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар. Өзін өлтіру жайлы әңгімелер (мысалы, «мен одан да өзімді өлтіремін». Осы тақырыпқа дауыстап қиялдану. «Менің ешікімге керегім жоқ», «Бәрібір мені ешкім сағынбайды» деген тақырыптармен мазаны алуы. Өнер немесе әдебиеттегі өлім мотивтеріне ден қоюы. Өзіне ең қымбат деген заттарды таратып беруі. Бір сөзбен, мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімінен, өзінің керексіздігінен күйзеліске беріліп, өмірден түңілген жасөспірімдер барады.

Суицидология деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыттағы авторлардың зерттеуіне жүгінсек, суицидтің ең жиі кездесетін кезі – 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы, т.б. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауға дайындалып жүргенін мына белгілерге қарап білуге болады:

1. Өз істерін реттеу – құнды заттарын тарату, байлап, түю. Күнделікті тіршілікпен қалай болса солай жүрген адам бір сәтте барлығын ретке келтіре бастайды, яғни, бұл оның соңғы дайындықтарды жасағандығы болуы мүмкін.

2. Қоштасу – өмірінің әр кезінде көмектескен адамдарға алғыс айтуы мүмкін.

3. Сыртқы қанағаттанушылық – күш-қуаттың пайда болуы. Өзіне қол жұмсау жоспары толық жасалса, ол туралы енді ойланбайды, шамадан тыс күш бітіп, көп нәрсені бірден атқаруы не көп сөйлегіш болып кетуі мүмкін. Бұл терең депрессияға қарағанда аса қауіпті.

4. Әдеттегіден тыс қағазға шұқшиып, бірдеңелерді жазуы. Өзіне қол жұмсауды ойлаған адам артына әсер қалдырарлықтай хат жазу үшін көп ойланып, хат мәтінін күніне бірнеше мәрте өзгертуі үмкін.

7. Ұйқысыздық.

Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау жасөспірімді қайғылы жағдайдан аман алып қалған болар еді. Сондықтан, суицидтің алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқаруы керек. Яғни ең алдымен алдын-алу жұмыстары жасалуы қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер, әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс. Ең бастысы, осындай сұмдық қадамға баруды ойға алған адамды байқасаңыз, мүмкіндігінше жанында көбірек бірге болуға тырысыңыз. Оның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.

Қиын да қызықты өмір жолында қандай жағдайлар болмайды, адам ғұмыры қуанышты сәттер мен қайғылы оқиғаларға толы. Өмірде кездескен қиындықтарды жеңе білу табандылықты қажет етеді.

Адам алдынан шыққан қиындықты өмір тәжірибесі арқылы, осыдан мен сабақ алуым керек деп саналы түрде ұғынса, жіберілген қателіктерін екінші рет қайталамайтындай етіп ғұмыр кешуге бейімделсе, міне сонда мәнді де мағыналы өмір кешкені. Мұндай кезде барлық нәрсе адамның ерік-жігеріне және психикалық дағдарыс кезінде өзін қалай ұстай білуіне байланысты болады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, үлгі-өнегелілікке жетелеуде, ересектер, міне осыны ұмытпағандары жөн.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Изард К.Э. «Эмоциялар психологиясы» 1999 жыл

  2. Кобалев В.В. «Балалар жасындағы психотрея» 1979 жыл

  3. Елшібаева К.Ғ. «Суицидтің алдын алу» Алматы 2008 жыл

  4. «Білім беру мекемелеріндегі суицидтің алдын алу жолдары» Алматы

облыстық білім басқармасы, Алматы облыстық мамандарды кәсіби дамыту институты 2011 жыл

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СУИЦИДКЕ БАРУ ӘРЕКЕТІНІҢ АЛДЫН – АЛУ

Базарбаева Жанат Адырбековна

Шымкент қ., №62 «Ботақан» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Тәуекел тобына жататын жасөспірімдердің суицидке бару ниетін және кейбір қайталанбалы әрекеттерін алдын-алу ата-аналардың, мектеп психологтарының, әлеуметтік қызметкерлер және педагогтардың басты мақсаты болып табылады. Жасөспірімдердің суицидке бару әрекетінің алдын-алу формалары:

А) Әр оқытушының, әлеуметтік қызметкердің күнделікті атқаратын жұмысында педагогикалық дерті, педагогикалық мәдениет талаптарын міндетті түрде орындау;

Б) Өтпелі кезең психопатологиясы туралы білімін және жеке педагогикалық тиісті тәсілдерін, емдеу педагогикасы мен психотерапиясын игеру;

В) Серпінді бақылау және уақытылы психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстарын асыру мақсатымен осы әрекетке баратын тәуекел контингентін анықтау;

Г) Жанұялық психотерапия тәсілдерін, ата-аналарға кеңес және балаларға психологиялық-педагогикалық көмек беру мақсатымен тәуекел тобына жататын оқушылар шыққан отбасыларды белсенді қорғауға алу;

Д) Мектеп ұжымдарында орын алған суициалды оқиға жағдайларын көпшілікке жарияламау;

Е) Өз-өзіне қол жұмсау қаупін жоғарылатылған суициалды тәуекел белгісі ретінде қарастыру;

Ж) Ата-аналардың дәрі-дәрмекті сақтау тәртібіне және суициалды психологиялық факторларға назарын күшейту;

З) Қажетілік туындаған жағдайда жасөспірімге психолог, психотерапевт, әлеуметтік қызметкер және педагогпен кеңес беру шараларын ұйымдастыру.

И) Жасөспірімдерде «адам өмірінің құндылығы», «өмір сүрудің мәні мен мақсаттары» сияқты ұғымдарын және күрделі өмірлік жағдайларда психологиялық қорғаныстың жеке тәсілдерін қалыптастыру;

К) Психологиялық дайындық арқылы жасөспірімнің қазіргі өмірдің күрделі және қарама-қайшы құбылыстарына күйзеліске ұшырамау тұрақтылығын жоғарылату, алда орын алатын қиыншылықтарды өтуге дайындығын қалыптастыру.

Әлеуметтік - педагогикалық іс - әрекетті іске асыру үшін қажет:



  1. әлеуметтік қызметкерлердің, педагог және психологтардың, ата-аналардың

психологиялық дайындық деңгейін жоғарылату;

  1. өтпелі кезеңдік патопсихология және психотерапия білімдерін игерген

әлеуметтік қызметкерлердің, педагог және психологтардың санын көбейту;

  1. түрлі мектептен тыс психологиялық көмек беру формаларын құру;

  2. құрылымына психиатор, психотерапевт, заңгер және басқа да мамандарды

ендірген аумақтық психологиялық кеңес беру шараларын ұйымдастыру;

  1. күйзеліс жағдайында анонимдік психологиялық көмек беру үшін сенім

сымтетігін ұйымдастыру қажет;

Осылайша, жасөспірімдерде суицидтің алдын-алу жүйесін құру үшін расында тәрбие және білім беруде жарияланатын гуманизация тәсілдерін іске асуды қамтамасыз ететін педагогикалық-ұйымдастыру шаралар кешені қажет.

Эмансипация реакциясы-үлкендердің қамқорлығынан, бақылауынан, басқаруынан шығуға ұмтылыс. Бұл реакция үлкендерге ғана емес, сонымен қатар, қоғамда қалыптасқан (ата-аналармен ұсынылған) заңдарға, ережелерге, пікірлерге, рухани құндылықтарға да бағытталады. Жасөспірімдер үшін өзін-өзі жүзеге асырудың формасы болып келеді. Қыздарға қарағанда ұл балаларда айқын көрінеді.

Эмансипация реакциясының күшеюіне әсер ететін факторлар – үлкендердің мөлшерден тыс, аса жоғары бақылауы, «кішкентай» ретінде қарауы, оның қызығушылықтары мен армандарын елемеу. Эмансипацияның көрінуі түрліше болады; ата-аналарға қарсы бағытталған «бүлік» пен «өз бетімен әрекет етуге» ұмтылыс.

Қызығушылық немесе хобби реакциясы – жасөспірімдердің физиологиялық қасиеті. Психология тұрғысынан қызығушылық мотивтерді білдіреді. Жасөспірім бала оқу, демалыс уақытында да өз қызығушылығымен айналысуы мүмкін.

А.Е. Личко мақсатты ұстанымдарға байланысты жасөспірімдердің төмендегідей қызығушылықтарын көрсетті.

Интеллектуалды – эстетикалық қызығушылықтар радиотехникаға, бейнелеу өнеріне, ән-әуенге, әдебиетке, тарихқа деген қызығушылықпен анықталады. Жасөспірім үшін процестің өзі қызығушылық тудырады. Дене-мануальды қызығушылықтары күштің, шыдамдылықтың нығаюына, белгілі бір дағды мен іскерлікті дамытуға арналған қызығушылықтары кіреді. Мысалы, спортпен шұғылдану, көлік айдау, тігу, тоқу (қыздарда).

Жасөспірім бала үшін нәтижесі маңызды болып келеді. Лидерлік қызығушылықтар өзімен жасты балалар арасында лидер, басшы, жетекші болумен анықталады. Жинау (накопительный) қызығушылығына маркаларды, суреттерді т.б. жинау кіреді.



Эгоцентрлік қызығушылықтар қоршаған адамдардың ортасында болу, назардың бәрін өзіне аударумен: сыртқы сымбаттылықпен, ерекшеленуімен, сирек кездесетін материалдық құндылықтарға ие болумен, шет тілін меңгеруімен сипатталады.Құмарлық (азартные) қызығушылықтар лотерея, карта, эмоцианалды спорттық ойындар ойнау және бай болуға деген құмарлықпен анықталады. Ақпараттық-коммуникативті хобби – жеңіл әрі тиімді ақпараттарды жинау. Бұл қызығушылыққа кино, фантастика туралы ұзақ уақыт бойында бос әңгімелесу жатады. Алынған ақпарат өңделмей тез ұмытылады. Өзімен жасты балалармен топтасу реакциясы жасөспірімдердің инстинктивті түрде топтасуымен, жиналуымен сипатталады. Жасөспірімдердің топтары біркелкі бағыттылықпен, өз территориясына билік ету үшін күресімен, қарапайым символикасымен ерекшеленеді.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мектептегі психология. Журнал. 2008 № 9

  2. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен түзетушілік-педагогикалық

жұмыс атқару” К.М. Арымбаева Шымкент

  1. Профилактика подростковой девиации: Теория и практика А.Н.Тесленко М.С.Керимбаева А. 2005г.

  2. Снайдер Д. Практическая психология для подростков. VI., 1999



«СУИЦИД» - ҚОҒАМЫМЫЗДЫҢ ҚАТЕРЛІ МӘСЕЛЕСІ
Мизанова Самал Амангельдықызы

Шымкент қ., №76 Р.Мырзалиев атындағы негізгі орта мектеп педагог-психологы
Соңғы жылдары елімізде адамдардың өз-өзіне қол салу әрекеттері жиі орын алуда. Көпшілікті алаңдатып отырған «Суицид» деп аталатын осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. Қазақ халқында өз-өзіне қол салу болған емес. Бұл заман өзгерісімен туындап отырған жағдай. Бүгінде қарасаңыз, толық емес, сәтсіз отбасылар көп. Осының бәрі өмірді әлі толық танып білмеген, ондағы қиындықтармен күресе алмайтын бала үшін ауыр соққы. Әке-шеше ажырасты да кетті, ал баланың жайы қалай болады? Ол бұны қалай қабылдайды, осыған ой жіберіп жатыр ма? Жоқ, әрине. Осыдан келіп, баланың асыла салуы немесе жаман жолға түсуі сынды оқиғалар орын алады. Балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болады. Балаларға жай ғана киімін, тамағын тауып беру аз, олар үнемі ата-ананың жылуын сезініп, жақсы көретінін біліп өсуі тиіс. Ал әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, психологиялық стреске тап болады. Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез-келген нәрсені жүрегіне тез қабылдағыш келеді. Түсіністік болмаған жағдайда осы жас аралығындағы балалар түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Олардың сабаққа құлқы болмай, өзге оқушылармен де қарым-қатынасы нашарлап кетеді. Өзін ұстауы мен мінез-құлқында өзгерістердің орын алуы мұғалімді де, ата-ананы да алаңдатуы тиіс. Мектепте қарасаңыз, кейбір оқушылардың қолында қымбат ұялы телефон. Соны көрген басқа оқушылар да «менде неге ондай жоқ» деп күйінеді, әке-шешесіне ренжиді. Осы кішкентай заттың өзінен үлкен мәселе туындайды. Осы сияқты мектепте әртүрлі жайлар орын алуы мүмкін. Осы өзгерістерге бей-жай қарамай, психологтың көмегіне жүгіну арқылы көптеген проблеманың алдын-алуға болады.

Психологиялық сөздікте аутодеструктивтік, яғни «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Суицид — ауру, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндірілді. Оның себептері: депрессия, яғни жан дертіне ұшырау және стресс, яғни психологиялық күйзеліс. Осындай күйзелістердің көмегімен жастарды психологиялық індетке жетелейді. Қазіргі жастардың көпшілігі жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайды. Бос уақыттары көп, сабақ оқымайды, пайдалы істермен айналыспайды, не жеймін, не киемін деп қайғырмайды, басына түскен проблемаларды жеңгісі келмейді, сондықтан да олар өз өмірлері үшін күрескеннің орнына, мәңгілік сапарға аттанғанды жеңіл көреді. Осындай қиын кезде адам, ең алдымен, депрессия, стреске ұшырайды, ең соңында «суицидке» жол береді. Депрессиялық жағдайға түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге, оның агрессиясы бірінші кезекте өзіне, содан соң жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда жақындары немесе қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғады. Депрессияға, стресске шалдыққан адам, өзіне көңілі ешқашан толмайды. Осыны пайдаланып, буыны бекіп, өмір туралы өзіндік дүниетанымы қалыптасып келе жатқан жастарды желкесінен алып, жолынан тайдыратын, үмітін үзетін, басқа түскен қиындықпен күресуіне жол бермейтін, өмірден түңілдіретін – осы суицид. Адам баласына өмір бір-ақ рет беріледі. әрбір атқан таңды қызыға да қуана ақ тілекпен қарсы алып, таза да дұрыс жолмен жүрейік ! Мәнді де сәнді өмір сүру, балаларымызды қызыққа, өмірсүйгіштікке баулу сіз бен біздің қолымызда. Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- демекші, еліміздің болашағы жастарымызды игі істерін қолдайық, ағайын.

Өз-өзіне қол жұмсау – бұл шешілмеген қиындықтармен жағдайларға баланың тұғырықтан шығу тәсілі болып келеді. Баланың суициттік бағыттылығын алдын алуға, жаман ойлардан арылтудын қандай көмек  жасауға болады, қандай себеп салтары бар екенін анықтайық. Көбінесе осы себептер баланың жақын айналысымен байланысты, олар ата-ананың ажырасуы, олардың қайта отбасы құруы, алкоголизм, ұрыс жанжал, ауруға шалдығуы және жақын туысының өмірден шектеп кетуіне байланысты. Суициттік жағдай жас ерекшеліктерге тығыз байланысты. Егер балалық шақ кезенінде суициттік тәртіп өз-өзін өлтіруді емес, тек жазалаудан қашу, ашу –ызанын, қорқыныштың себептерінен болса, өткелі балалық жасөспірім шақта 10% нақты өлімге қадам басу болса, қалған 90% ол көмекке шақыру немесе жан айқайы деп айтуға болады. Суициттік мінез құлықтың айқын көріністердің классификациясы. Суициттік мінез құлық көріністері – суициттік ойлар, түсініктер, көріністер, күйзелістер, тенденциясы. Суициттік әрекетін көріну дәрежесі.

1. Өмір туралы ойлар. Бұл өмір тақырыбында қиялдау, бірақ іс жүзінде емес тек сөйлеген кезде ғана қолданылады. Мысалы: «Өлгенім артық», «Ұйықтап қалып, оянбасам ғой», «Менімен осындай жағдай болғанынша, өлгенім артық» т.б.

2. Суициттік ниет. Бұл түкке ойға  ерік компонеті қосылған кезде шығады, яғни шешім сыртқы мінез құлық әрекеттеріне көшуге дайын болады. Ол дегеніміз өз-өзіне қол жұмсауға жоспар құру, қол жұмсау уақыты беріледі.

3. Суициттік әрекет. Саналы түрде өз өмірін қандайда да бір жолымен қиюға бағытталған, бірақ соны өліммен аяқталған іс-әрекет. Суициттік ойдын пайда болуынан өз өмірін қандайда бір жолымен қиюға шешімнің уақыт мерзімі: кейде минуттардың ішінде, кейде бірнеше айларға дейін созылады. Балалардың және жасөспірімдердің суициттік мінез құлықтардың себептері: Отбасылық жеке келіспеушіліктерден.



  • Жақындармен құрбыларының тарапынан әділетсіз қарым-қатынас (ұрыс, сөгіс, кінә тағу)

  • Жақын досын жоғалту, жақындарын ауруға шалдығуы немесе өлімі

  • Бір жақты махаббат

  • Жақындардың қамқоры мен махаббаттары шетіспеушілігімен

  • Жазадан немесе ұяттан қашу

  • Өзін-өзі қандайда бір жағдай үшін жасалау (баланың өз-өзін кінәлі сезінуі)

  • Оқуда немесе жұмыста сәтсіздіктерге байланысты

  • Оқуда немесе жұмыста әділетсіз талап қою

  • Тұрмыстық әлеуметтік қиындықтар (соңғы екі суициттік іс-әрекетке итермеуші себеп ретінде өте серек кездеседі).

Тағы да бір айта кететін, ол үлкен адамға шағын ғана мәселе болып көрінетін жағдай, бала немес жасөспірім үшін шешілмейтін жағдай немесе күрделі себеп болып көрінеді. Өйткені, жасөспірім шақтағы максимализм, егоцентризм, өз өмірін жоспарлау білмеуі, жарқын жақтарын болжамау, жалғыздыққа, күйзеліске, тұғырыққа әкеп соқтырады. Жасөспірім шақтағы келіспеушіліктін өте жие болуы, оны ұзақ созылған келіспеушілік деп атайды. Жасөспірім өзін жеке танымына байланысты қоршаған ортаны, жағдайды ерекше өзіне қолданады.

Жасөспірімдік суициттік психологиялық негізінде – өзіне жанкүйзелістеріне көңіл аударту, көмек сұрау. Жасөспірім өлімді басқа өмірде есік ашу, барлық қиындықтардың аяқталуы, өзін режіткен адамдарды жазалау ретінде қарастырады. Әрине көп ересек адамдар бізде жасөспірім болғанбыз ештенесі жоқ, біраз қиналады, барлық өтетді деп санайды. Бірақ әр жасөспірімнің осы кезеннен өтуі әрқалай. Сондықтан жасөспірім шақ мәселелері, бізге жеңіл деп көрінседе, өте күрделі процесс. Тәулітің 5-6 сағатын бала мектепте өткіссе 18-19 сағатын отбасында өткізеді, сондықтан мектеп психологтың өткізетін диагностикалар мен қатар жасөспірімнің суициттік мінез құлықтын пайда болуының белгілеріне көңіл аударған жөн. Ол белгілер үш топқа бөлінеді.

Сөз арқылы


  • Өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдаған туралы анық және тура хабарлау

  • Өз-өзін қол жұмсау туралы тұспалап айту. Мысал: мен енді ешкімге кедергі жасамаймын, жақында менен демаласындар.

  • Өмірге деген қызығушылық, өмір және өлім туралы әдебиеттер оқу. Мысалы: жерлеу рәсімдеріне, о дүниелік өмір туралы тақырыптарына жиі әңгіме көтеру.

  • Көбі «Кімде кім өз-өзіне қол жұмсау туралы айтса, сол ешқашан оңдайға бармайды деп ойлайды». Әрине бұл тек қана демонстративтік түрде болса да, оның көмек сұрауы, жан айқайы деп түсіну керек. Сондықтан осы жағдайды көңілсіз қалдыруға болмайды.

  • Кейбір жеңіл және әзіл мен айтылған сөздерге көңіл бөлу керек. Мысалы: өлім – ол өмірдің бірғана жағы, өлімнен қорқпау керек. Біз өміріміздің жартысын ұйқыға жұмсаймыз.

Жасөспірімдер арасындағы «суицид» - қоғамымыздың қатерлі мәселесі. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы өжеттілік пен батырлықтың көрінісі емес, оларға шын мәнінде көмек қажет. Қоғамның көмегі қажет.

Жалпы өзіне қол жұмсауды ойластырған адам әдетте айналасындағыларға ниетін білдіргісі келеді. Суицид бірден, жоқ жерден, импульсивті жолмен жүзеге аспайды. Ол адамның соңғы шыдамының таусылғандығынан, проблемаларын шешуге амалының  қалмағандығынан орындалады. Суицид жасаушылардың 70-75% өзінің ниетін белгілі жолдармен өз мақсаттарын басқаларға ашады. Олардың ¾ соңғы апта немесе айда өздерінің проблемалары бойынша дәрігердің, психологтардың, болмаса педагогтардың қабылдауында болғандар. Олардың басым бөлігі ішкі проблемасын бөліскісі келетіндер. Алайда олар айналасындағылардан қолдау таппай, дерті тереңдей түседі.

Осыған орай, өмірден түңіліп, іштей ауыртпалықтарға ұрынған балаға психологиялық қысым жасамай, әр түрлі жолмен қорқытпай, оған жақындауға, жанын түсінуге, ішіндегі дертін бөлісуге тырысу қажет. Сонымен қатар арнайы көмек көрсету қызметінің қызметкерлерімен кеңескен жөн.

СУИЦИД – ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ
Бекеева Нурайна Ердазимовна

Шымкент қ., №100 «Жұлдыз» жалпы орта мектеп педагог-психологы
Тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Бір күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді сан мыңдаған адам бақилық сапарға аттанып жатады. Бұл Тәңірдің жазған тағдыры, һәм жалған өмірдің бір бөлшегі. Оның ішінде, Жаратушының қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындар қаншама. Бүкіл әлемді алаңдатып отырған осынау мәселе соңғы жылдары күрт өсіп, қазіргі кезде дүние жүзі бойынша адамдардың өз-өзіне қол жұмсауы қоғамды дүр сілкіндіріп тұрған әлеуметтік мәселелердің біріне айналды. Тіпті, бүгінгі күні әлемде өз-өзіне қол жұмсау салдарынан өмірден өтетіндер саны артып келеді. Бұл қауіпті құбылыстың біздің еліміздегі көрініс табуы да көңіл қуантарлық жағдай емес екені мәлім. Сондықтан қоғам болып осы кезек күттірмес мәселенің алдын алу жолында бірлесіп, табанды жұмыстар атқаруымыз керек.

Жалпы «суицид» сөзі латын тілінен аударғанда «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Ал, әлеуметтанушылар өз-өзіне қол жұмсауға екі түрлі түсінік береді. Біріншісі, адам бойындағы жеке мінез-құлықтық әрекеттердің өзгеруі болса, екіншісі кейбір адамдардың қоғамға байланысты өз еріктерімен өлімге барып жататынын жатқызады. Мінез-құлықтық әрекет бұл психология, этика және медицина ғылымдарының зерттеу пәні болып табылатындықтан, өз еркімен өлімге баратындар әлеуметтік саланың, әлеуметтік психологияның зерттеу аумағы болып есептеледі. Бүгінгі таңдағы өте салмақты мәселеге айналған осынау аты жаман дертті әркім әрқалай қабылдап, өз алдына топшылайды. Бірі – заманның өзгеруі десе, екіншілері – әлеуметтік жағдайдың қиындығынан, не болмаса денсаулықтың салдарынан немесе тұқымқуалаушылық деп таниды. Бірақ, өз өзіне қол жұмсау – үлкен күнә.

БҰҰ әлеуметтік мониторинг зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ТМД елдерінің ішіндегі Ресей және Қазақстан мемлекеттерінде өз-өзіне қол жұмсау деңгейі жоғары екенін көруге болады. Мұны сала мамандары әлеуметтік-экономикалық мәселелер және отбасындағы ата-аналар мен балаларының арасында қарым-қатынастың нашарлауынан деп түсіндіреді. Көп жағадайда жасөспірімдер арасындағы кездесетін суицидтің себебі ол ата-ананың балаларының қарапайым қажеттіліктерін өтей алмауынан туындап жатады. Сол себепті нарықтық қоғамда өз-өзіне қол жұмсау мәселесі әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық мәселе болып табылады. 

Өзін-өзі өлімге итермелеу жолын кең мағынада қарастырсақ бұл: өз - өзін жою немесе аутодеструктивті әрекеттер (алкоголь, темекі, нашақорлық заттарын қабылдау, сонымен қатар артық тамақтану) жатады. Суицидтік әрекеттің медициналық- құқықтық тұрғыдан әртүрлі жағдайларын қарастыруға да болады. Мысалы, қатыгездік өлім түріне (өзін ату, асылып өлу, қан тамырын кесу) көп жағдайда ер адамдар барады, ал (медикоментозды препараттарды қолдану, химиялық улы заттарды пайдалану) әйел адамдарда кездесіп жатады. Өзіне-өзі қол жұмсаудың себептерін алғаш зерттеген ғалымдардың бірі Э.Дюркгейм өлімге итермелейтін себептерден бастап зерттеген: эгоистік себеп (қоғам мен индивидтің арасындағы қарым-қатынастың әлсіреуі); альтуристік (шындық үшін немесе басқа адамдар үшін); аномикалық (қоғамдағы дағдарыс жағдайлар) деп қарастырған.

Адамның жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпия сырларын танып білуге ұмтылады. Мұндай әрекет адам сезімінің жоғарғы деңгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғаммен бағамдай білуіне тікелей байланысты. Сонымен қатар, суицид жасауға итермелейтін жағдайдың бірі ғашықтық сезім немесе махаббат. Қазіргі кезде бәрімізге белгілі жастар арасында жоғары сұранысқа ие Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясы кітапхана сөрелерінен оңай табылады. Ғашықтық жолында өз өмірін қиюға дейін барған махаббат құрбандарының іс-әрекетін теріс бағытта қабылдаған жастардың санасының улануына осы жағдайда әсер етуде. Сондықтан да махаббаттың құрбаны болып, суицид ізін қалдырып кетіп жатқан адамдар көбіне ғашықтықтан барғаны жөнінде хат-хабар жазып қалдырады. Міне, осындай жолдармен өмірден өтуі жөн көрген жеткіншектеріміз сан қилы оқиғаларды қағаз бетіне ойластырып, тастап кететіні баршаға мәлім. Көбіне мұндай өлер алдындағы соңғы тілек немесе хат тастап кету бұлардың барлығы да кинофильмдерден алынады. Мұны психологияда «Вертер синдромы» деп атайды. Мәселе туындаған жағдайда, оны шешудің амалдарын табуға әрдайым ұмтылу керектігін естерінен шығарған жастар осылайша сезім жетегінде бақилыққа аттанып, ата-аналарына өшпес өкініш сыйлайды. Сол себепті де, жасөспірімдерге өмірдің қымбат екендігін, ол адамға бір-ақ рет келетіндігін және эгоистік сезімнен бас тарту керектігін түсіндіру қажет. Балалардың психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды мәселе ретінде қабылдайды. Сондықтан балаларға қашан да ата-ананың, ұстаздардың түсінігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Ал күрмеуі қиындап бара жатқан осы мәселені дін тұрғысынан қарайтын болсақ, ислам әлеміндегі аты мәшһүр дінтанушылар өзіне-өзі қол салуды әлдеқашан әлеуметтік-құқықтық тәрбиенің жетіспеу салдарынан деп баға беріп, үлкен күнәлар қатарына жатқызған. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Балаларың мен дүние-мүлік сендер үшін сынақ», – дейді. Бала өмірге келген сәттен бастап, оны Ислам діні, әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеу әрбір ата-ананың мойнындағы парыз. Алла Тағала берген жанды Өзі ғана алады. Өз-өзіне қол жұмсау Алланың берген өміріне наразы болу, Жаратқанға қарсы шығу болып саналатыны сөзсіз. Бұл турасында қасиетті Құран Кәрімде: «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сіздерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят), – деген ақ аяты анық дәлел. Бұл дүниедегі қиындықтардан өзімізге қол жұмсау арқылы құтыла алмасымыз хақ. Бәлкім, нағыз қиындықтар бұл дүниеден өткеннен кейін, Алланың алдына барғанда, «Сен неге өз-өзіңе қол жұмсадың?», «Неге маған қарсы шықтың?» дегенде басталады. Өз-өзімізді өлтіріп қиындықтан құтыламыз деп жүргенде одан да ауыр мәселеге тап болуымыз мүмкін. Сондықтан, соңғы шешімді өзімізге қол жұмсаудан іздемеуіміз керек.

Халқымыз ұл мен қыздарымызды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген. Жасөспірімдердің рухани тәрбиесін салт-дәстүрмен үйлестіріп отырған. Өкінішке орай, бүгінгі таңда ондай үйлесімділік байқалмайды. Сондықтан, суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жан-дүниесін түсінуіміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп үлкен нәтижеге жетеріміз хақ. Сонымен қатар, қолдау көрсететін түрлі мекемелер де жеткілікті. Солардың көмегіне жүгініп, өмірімізге қажетті нәр ала білсек, бұл проблеманы еңсере алатынымыз күмәнсіз.

Өлім мен өмірдің арасындағы сұрақтардың негізі – ол адамның өзі. Тауқыметтердің бәрі де өтеді, өмір өз орнына келеді, бұл баяғыдан дәлелденген, сондықтан өз өмірімізді Алладан берілген аманат ретінде қарауымыз қажет. Ал, қазақ қоғамында аманатқа қиянат жасалмайтыны айтпаса да түсінікті. Өмір – күрес, сын. Жеңілетін де, жеңетін де кездеріміз болады. Өз өмірімізді өзіміз қадірлейік, бағалайық, осы үшін қажымай бір-бірімізден қол ұшымызды аямайық.

Қорыта айтқанда, өзіне–өзі қол салу–үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен, жан тынышсыздығынан туындайды. Ал жүрегіне иман нұры ұялаған, шынайы Исламнан нәр алған адам мұндай дерттен аулақ болады. Алла Тағала өзінен қорқып, фәни дүниенің сынағына шыдаған адамға тосын сый беретінін айтып қасиетті Құран Кәрімде:«Кім Алладан шын қорықса, Алла оны кез келген қиындықтан құтқарады және күтпеген жерден ризық – несібе береді» – дейді. Оның үстіне өмір – Алланың адамға берген ең үлкен нығметі және аманаты. Ендеше аманатқа қиянат жасамай, өлшеулі өмірді өнегелі өткізсек, ең бірінші өзіміз үшін пайдалы. Сондай-ақ, Жаратушының бергеніне үлкен жауапкершілікпен қарау есеп күніне дайындықтың алғышарты екендігін де ұмытпағанымыз абзал. Сондықтан үмітсіздік, мақсатсыздық, келешекке сенімсіздік пиғылдан аулақ болайық! Қараңғы түннен кейін жарық күннің, әр қиыншылықтан кейін жеңілдік барына сенейік! Әркімнің өз тағдыры – өз қолында. Өзіне-өзі қол жұмсау арқылы еш мәселе шешілмейді. Қандай болмасын қиындықты жеңе білсек, өміріміз мәнді, тұрмысымыз сәнді болмақ.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет