2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер



бет9/29
Дата30.05.2017
өлшемі4,72 Mb.
#17154
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29

2014 жылы «KEGOC» АҚ-ның электр желілерінде жабдықтардың 279 авариялық өшірілуі орын алды, 164 жағдайда тораптың орнықты жұмысы автоматтық қайталап қосу (АҚҚ) құрылғыларының сәттілікті әрекеті арқасында сақталған, 115 жағдайда сәтсіз АҚҚ өшірілуінен болды. Жалпы авариялық өшірулер саны 2013 жылмен салыстырғанда 19%-ға азайды, сәтті АҚҚ құрылғыларының өшіру саны 18%-ға, сәтсіз АҚҚ-ның саны 21%-ға кеміді.


61 технологиялық бұзылыс есепке алынды – ІІ дәрежелі істен шығулар, I дәрежелі авариялар мен істен шығулар болған жоқ. Технологиялық бұзылыстардың жалпы саны 2012 жылмен салыстырғанда 14 жағдайға немесе 18 %-ға кеміді.

Электр энергиясының босатылмауының жиынтық саны 2013 жылы 28 %-ға азайды және 2013 жылдағы 436,3 млн.кВт·с-қа қарағанда 315,0 млн.кВт·с болды.

Технологиялық бұзылыстар туындау орны бойынша филиалдар арасында былайша бөлінді:

«Ақмола ЖЭТ» – 6 (9,8 %);

«Ақтөбе ЖЭТ» – 8 (13,1 %);

«Алматы ЖЭТ» – 8 (13,1 %);

«Шығыс ЖЭТ» – 5 (8,2 %);

«Батыс ЖЭТ» – 4 (6,5%);

«Сарыбай ЖЭТ» – 6 (9,8%);

«Солтүстік ЖЭТ» – 8 (13,1 %);

«Орталық ЖЭТ» – 6 (9,8 %);

«Оңтүстік ЖЭТ» –10 (16,6%).

Технологиялық бұзылыстар ұйымдық себептер бойынша былайша бөлінді:


  • пайдалануды мардымсыз ұйымдастыру – 3 (4,9 %);

  • жобалау ақаулары – 1 (1,6 %);

  • құрылма мен дайындаулардағы ақаулар – 8 (13,1 %);

  • құрастыру мен құрылыс ақаулары – 4 (6,5%);

  • зілзала құбылыстарының әсерінен – 28 (45,8 %);

  • бөгде адамдар мен ұйымдардың ықпалы – 10 (16,6 %);

  • жіктелмеген себептер – 7 (11,5 %).

Жабдықтардың табиғи және моральдық тозуы технологиялық бұзылыстардың, жазатайым оқиғалардың, сондай-ақ қолданымдық шығындардың өсу себебінен болуы мүмкін. Осыған байланысты Компания 2014 жылы «ҰЭТ жаңғырту, ІІ кезең» жобасын іске асыруға, яғни қосалқы станциялардың ескірген жабдықтарын алмастыруды аяқтады.

Компанияның энергияны тұтынуы екі құрамдас бөліктен қалыптасады: жеткізілетін электр энергиясының технологиялық шығыны (ысырабы), ол энергияны тұтынудың негізгі үлесін құрайды және шаруашылық мұқтаждықтарға тұтыну.

Энергияны үнемдеу тұрғысындағы ең жоғары нәтижеге электр энергиясын электр тораптары арқылы беруге технологиялық шығындарды төмендету жөніндегі іс-шаралары арқылы қол жеткізіледі.

Бұл ретте электр энергиясының технологиялық шығындары – бұл электр энергиясын электр тораптары арқылы жеткізу кезінде жүретін сымдар мен электр жабдықтарындағы физикалық үдерістерімен байланысты электр энергиясының шығындары екенін назарға алу керек және сәйкесінше, электр тораптарындағы электр энергия шығындарын азайту ша­раларын жоспарлау және енгізудің негізгі мақсаты электр энергиясының техникалық шығындарының нақты мәнін олардың оңтайлы деңгейіне дейін жеткізу болып табылады.

«KEGOC» АҚ торабында 2014 жыл ішіндегі электр энергиясының нақты шығындары 2 576,087 млн. кВтс немесе электр энергиясын торапқа босатуынан 6,02% құрады.

Шығынды азайту бойынша іс-шараларды орындау нәтижесінде электр энергиясы шығынының кемуі 2014 жылы 4,756 млн. кВтс құрады.




2014 жылғы энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар

Іс-шаралар тиімділігі,

млн. кВт·с

Шағын жүктеме режиміндегі желілерді өшіру

0,173

Шағын жүктеме режиміндегі күштік трансформаторларды өшіру

4,583

«KEGOC» АҚ бойынша жиыны

4,756


Электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі операциялар

Электр энергиясын сату

2014 жылы «KEGOC» АҚ мен «Өзбекэнерго» МАК арасында өзбек энергия жүйесінің Қазақстан БЭЖ-нен электр энергиясын жоспардан тыс алуына байланысты Өзбекстанға электр энергиясын жоспардан тыс сату операциялары жүргізілді. Өзбекстанға босатылған жоспардан тыс электр энергиясының көлемі 652,029 млн.кВт·с-ты құрады.

2014 жылы «KEGOC» АҚ мен «Интер РАО» ААҚ арасында электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосының жоспардағыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында Ресей Федерациясына электр энергиясы сату жүргізілді. Ресей Федерациясына электр энергиясының сағаттық ауытқуына жасалған келісім-шарт шеңберінде берілген электр энергиясы 1 222,224 млн.кВт·с-ты құрады.

Компанияның ішкі қажеттіліктері үшін электр энергиясын сатып алу

2014 жылы Компания технологиялық шығыстарды (ысыраптарды) өтеу және ҰЭТ-тағы шаруашылық қажеттіліктер үшін электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімдері деректеріне сай, технологиялық шығыстар үшін электр энергиясын сатып алудың нақты көлемі 2014 жылы млн.теңге 20 681,110 млн.теңге сомасына (ҚҚС-сыз) 2 576,940 млн.кВт·сағатты құрады.

2014 жылы ысыраптарды өтеу үшін электр энергиясын сатып алу көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 189,511 млн.кВт·с-қа ұлғайды. Электр энергиясының технологиялық ысыраптарын өтеу шығындары 2013 жылмен салыстырғанда (ҚҚС-сыз 17 597,543 млн.теңге сомасына 2 387,428 млн.кВт·с) 3 083,967 млн.теңгеге немесе 17,52%-ға ұлғайды. Шығындардың ұлғайтылуы «KEGOC» АҚ жеткізушілерінен сатып алынатын электр энергиясы тарифінің ұлғаюымен байланысты (орташа алғанда 8,9 %-ға). Нақты тарифтердің өсуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген энергия өндіруші кәсіпорындар топтары үшін шекті тарифтер деңгейінің жыл сайынғы өсуімен негізделген.

2014 жылы «KEGOC» АҚ мен «Интер РАО» ААҚ арасында электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо ағындарының жоспардағыдан сағаттық ауытқу көлемдерін өтеу мақсатында Ресей Федерациясынан электр энергиясы сатып алынды. Ресейден электр энергиясын қабылдау шарт шеңберінде 1 271,202 млн.кВт·с-ты құрды.

2014 жылы «KEGOC» АҚ мен «Интер РАО» ААҚ арасында Мыңкөл-Уәлихан энергия торабындағы технологиялық шығысты (ысырапты) өтеу үшін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына электр энергиясы жеткізілді. Электр энергиясын сатып алудың нақты көлемі 7,510 млн.кВт·с-ты құрды.

Бұдан басқа, 32,651 млн.кВт·с көлемінде ЖЭТ филиалдарының шаруашылық қажеттіліктеріне электр энергиясы сатып алынды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3,450 млн.кВт·с-қа аз. Шаруашылық қажеттіліктері үшін электр энергиясын сатып алу шығындары 2013 жылмен салыстырғанда ҚҚС-мен 48,240 млн.теңгеге ұлғайды. Шығыстардың артуы «KEGOC» АҚ жеткізушілерінен сатымдық электр энергиясы тарифының артуымен байланысты (солтүстік көздерден және «МАЭК – Казатомпром» ЖШС-дан).

Тұтынушылардың қанағаттануы

«KEGOC» АҚ ұсынатын қызметтерінің сапасын жақсарту мақсатында тұтынушылардың қанағаттану деңгейін анықтау үшін 2014 жыл қорытындысы бойынша сауалнама жүргізілді.

2014 жыл бойынша тұтынушылардың қанағаттану дәрежесінің орташа жылдық бағасы атап айтқанда, «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің жұмыс істеу деңгейімен, іскерлік және техникалық ақпараттың дұрыстығымен, тұтынушылардың өтініштері бойынша жұмыстың жеделдігімен, жедел-диспетчерлік басқару бөлігінде ӨДО жұмысының сапасымен бес балдық меже бойынша 4,45 баллды құрады. Жүйелік қызметтерді тұтынушылардың қанағаттану деңгейінің бастапқы көрсеткіші 2013 жылға 4,45 баллдан кем емес.



Инновациялық қызмет

Инновациялар

Инновациялық-технологиялық даму кез келген компанияның ұзақ мерзімді перспективада бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі болып табылады, себебі олар көрсететін қызметтердің тиімділігі мен сенімділігінің артуын қамтамасыз етеді.

2014 жылы 2012-2014жж. арналған Инновациялық жобалар тізбесіне сәйкес жобалар жасалды:

№№ р/н

Атауы

Қысқаша сипаты

11

2
2

Реактивтік қуатты көлденең өтеу құрылғысын қолдану

«500кВ Шымкент» ҚС-да шынайы уақыт режимінде электер энергиясының сапасын арттыру, сондай-ақ электр торабы жұмысының энерготиіміділігін көтеру үшін 220 кВ кернеуде статикалық конденсаторлар блогымен бірге басқарылмалы шунттаушы реактор базасында орындалған реактивтік қуатты көлденең өтеу құрылғысы (КӨҚ) орнатылды және жұмысқа енгізілді.

КӨҚ-ты «500кВ Шымкент» ҚС-да қолдану салқындатқыш көлді, сутегі шаруашылығын ұстап тұрудан, айналатын бөліктердің ахуалына, синхрондық қарымталаушылардың ажырамас бөлігі болып табылатын мойынтіректер діріліне және т.с.с. ұдайы бақылау қажеттігінен, ақырғы тұтынушы үшін ілгері жылжытылатын инновациялардан түскен пайдадан (с.і. экономикалық) бас тартуға мүмкіндік береді.



2


Жер бетіне шығаруымен аралық тіректердегі тіктегіш кірмелердің анкерлік бекітпе торабымен бірге іргетастар

2013 жылы осы жоба бойынша өнертабысқа инновациялық патент алынған болатын. Жер бетіне кернеуі 1150 кВ ӘЖ-нің аралық тіректердегі тіктеуіш кермелердің анкерлік бекітпе торабын шағаруға мүмкіндік беретін жаңа конструкция әзірленді, бұл жердің астындағы тіктеуіш кермелердің анкерлік бекітпе торабының металл элементтеріне таттың әсерін кемітуге мүмкіндік жасайды және оларды тексеруді ықшамдатады. 2014 жылы Компанияның 3 (үш) филиалындағы 1150 кВ ӘЖ-де 76 іргетас алмастырылды.

3

Өткізу қабілеті жоғары композиттік сымдар

Күрделі шығындарды азайту және ЭЖЖ-нің өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында, «220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ қайта құру» жобасын іске асыру шеңберінде KEC International компаниясымен жасасқан шартқа сәйкес көтеріңкі өткізу қабілетімен композиттік материалдардан жасалған сымды қолданумен - CTACSR 293/37 инновациялық-технологиялық шешімі іске асырылды. Өндіруші - J-Power Systems компаниясы (Жапония).

Композиттік материалдардан жасалған сымды қолданған соң АС маркалы сымдармен салыстырғанда мынадай артықшылықтар алынды:

- бір мезгілді механикалық және төзімділік сипаттамаларын жақсарту кезінде осындай қималы кәдімгі сыммен салыстырғанда үлкен қуаттар жеткізу мүмкіндігі (ұлғайтылуы шамамен 1,5-2 есе);

- тіректерді алмастырмай және құрастыру кезінде жүйедегі арматураларды пайдаланбай желіні қайта құруды жүргізу, бұл жобаға арналған күрделі шығындарды азайтты;

- барынша жоғары жел жылдамдығы кезінде аэродинамикалық коэффициенттің едәуір азайтылуы;

- сымның жылтыр беті мен сымның көтеріңкі айналдыру қатаңдығы есебінен сымға мұз қатуу мен қар жабысу және оны өздігнен ластату шешімі;

- сымның қатты өзекшесі есебінен билеудің амплитудасын және туындау ықтималдығын төмендету;

- сымның қызмет мерзімін ұлғайту – 50 жыл (осыған ұқсас АС маркалы сымдікі – 45 жыл).




Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар

«Алматы Энергетика және байланыс университеті» НАҚ-мен бірлесе 2014 жылы «WAMS базасында Қазақстан ҰЭТ режимдерін бейімді басқару жүйесі» қанатқақты жобасын іске асыруға арналған тезникалық тапсырманы даярлау жөніндегі жұмыстар жалғастырылды.

Электр тораптары режимдерін ғаламдық мониторингілеу жүйесі (WAMS) өндіру режимі мен электр қуатын жеткізу параметрлерін 20 мс үзіктілігімен көзбен шолу жөніндегі құрал-сайман болып табыладцы. Процесс қарқынындағы үндескен векторлық өзгерістер энергожүйенің параметрлеріне шынайы уақытта жоғары дәлдікпен ізерлеуге мүмкіндік береді.

WAMS технологиялар базасында Қазақстан ҰЭТ режимдерін бейімді басқару жүйесін статикалық орнықтылық пен басқарушы әсерлерді өндіруді сақтаумен бірге өткізу қабілетін барынша пайдалана отырып ендіру жөнінде тиісті зерттеулер жүргізілді. Бұл ретте статикалық орнықтылықты бақылау Екібастұз және Алматы энерготораптар арасындағы өзара бұрыш (δ) бойынша атқару ұсынылатыны айрықша ерекшелік болып табыладыы. 

«Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің статикалық орнықтылығын бағалау жөніндегі алдын ала есептеулер «Солтүстік-Оңтүстік» транзиті бойынша қуат ағынын «Екібастұз 1150» ҚС және «Алматы» ҚС арасындағы бұрышты өлшеуді пайдаланумен бақылау транзиттің өткізу қабілетін барынша пайдаланудың ұлғайтылуын ескере отырып, бұрыштар айырмаларының аз өзгерістері кезінде орнықтылықты сақтауға мүмкіндік жасайды.

Техникалық тапсырманы даярлау шеңберінде WAMS технологияларын TEIAS (Түркия), Swiss Grid (Швейцария), Energinet (Дания) және Elering (Эстония) белгілі GE, ABB, Alstom, Парма, Elpros, т.б. өндірушілердің құрылғылары мен бағдарламалық қамтамасыз ету базасындағы TEIAS (Түркия), Swiss Grid (Швейцария), Energinet (Дания) және Elering (Эстония) секілді бірқатар европалық Жүйелік операторларда қолдану тәжірибесі зерделенді.

«KEGOC» АҚ-ның Ғылыми-техникалық кеңесінде техникалық тапсырма жобасы мен тұтастай қанатқақты жобаның өзін іске асыру мақұлданды.

 «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Назарбаев Университет» АҚБ арасындағы ынтымастық туралы Меморандум шеңберінде «Электр энергиясының «тәждік разрядқа» ысыраптарын азайту» жобасын іске асыруды ұйымдастыру жөніндеіг жұмыстар жүргізілді. «KEGOC» АҚ-ның электр тораптарында электр энергиясының «тәждік разрядқа» ысыраптарын азайту жөніндегі жобаны іске асырудың техникалық мүмкіндігі мен экономикалық орындылығын бағалау жобаның мақсаты болып табылады. NURIS компаниясымен жобаны іске асыруға араналған шарт жасасу 2015 жылдың басындағы жұмыстар 2016 жылы аяқталатындай жоспарлануда.



Рационализаторлық қызмет

2014 жылы Компания қызметкерлерінен рационализаторлық ұсыныстары бар 43 өтінім келіп түсті, олардың ішінде "KEGOC" АҚ ҒТК жанындағы Инновациялық-технологиялық даму жөніндегі комитеттің шешімдерімен 16 ұсыныс рационализаторлық деп танылды. 2013 жылмен салыстырғанда (52 өтінім) 2014 берілген өтінімдер саны кеміді, ал рационализаторлық деп танылғандар саны ұлғайды (2013 жылы – 13 рационализаторлық ұсыныс).

2014 жылы «KEGOC» АҚ «Рационализатор.КZ» республикалық конкурсында «Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» номинациясында финалист атанды және «Реактор тасымалдау» (авторлары – Мұсатаев Е.А., Парафиев И.М., Сухоплюев Ю.В., Апиш Н.Н:, Щепеткова И.К., Алматы ЖЭТ) ұтымгерлік ұсынысы «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» номинациясында 7 финалистің қатарына кірді.

Сондай-ақ «KEGOC» АҚ-да 2014 жылы «2013 жылдың үздік рационализаторы» конкурсы өткізілді, оның жеңімпаздары мыналар аталды:

бірінші орын – Томашевич О.К., Харченко А.С., Шевцов А.С. (Сарыбай ЖЭТ);

екінші орын - Наумов П.К.Сарыбай ЖЭТ);

үшінш орын – Ким В.С., Червов С.Л., Әйтімбетов Б.Д. (ЖО ҰДО).

Рационализаторлық ұсыныстардың авторларына және «Үздік рационализаторлық ұсыныс» конкурсының жеңімпаздарына 2014 жылы жалпы сомасы 1,680 млн.теңгеге материалдық сыйақы төленді.



Ғылыми-техникалық кеңес

«KEGOC» АҚ-да тұрақты негізде Ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрі – ҒТК) жұмыс істейді. ҒТК «KEGOC» АҚ дамыту, Инновациялық-технологиялық стратегияны іске асыру, жаңа құрылыстың жобаларына жаңа техника мен технологияны ендіруді ұйымдастыру және әзірлеу, электр желілік объектілерді қайта құру және техникалық қайта жарақтау, ҰЭТ жұмыс режимдерін жетілдіру, «KEGOC» АҚ сатып алуларындағы қазақстандық үлесті арттыру, оны пайдалану шығындарын азайту, ғылыми және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері бойынша шешім қабылдау мақсатында құрылған «KEGOC» АҚ жұмыс органы болып табылады. 2014 жылы ҒТК 3 отырыс өткізді, оларда шамамен 10-нан мәселе қаралды.

Бұдан басқа, «KEGOC» АҚ ҒТК жанында тұрақты негізде Инновациялық-технологиялық даму жөніндегі комитет жұмыс істейді. Ол тұрақты жұмыс істейтін орган және негізгі міндеті ҒТК қарауы үшін ұсынылатын материалдарды қарау және солар бойынша қорытындылар дайындау, Компания қызметкерлерінің өнертабыстық ұсыныстары бойынша шешімдер қабылдау болып табылады.

2013 жылы Комитеттің 5 отырысы өткізілді, онда «KEGOC» АҚ ҒТК-ның қарауына шығарылатын мәселелер, соның ішінде ұтымгерлік ұсыныстарға берілген өтінімдер жөніндегі шешімдер қаралды.



4-МАҚСАТ. ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ

Қаржы-экономикалық көрсеткіштер талдамасы

Шоғырландырылған кірістер 2014 жыл ішінде 131 062,7 млн.теңгені құрады немесе жоспардан 4,8 %-ға жоғары, бұл 6 006,8 млн.теңгені құрайды. Бұл ретте негізгі қызметтен алынған кірістер бойынша жоспар 2,8 %-ға немесе 2 641,7 млн.теңгеге орындалмады.

Реттемелі қызмет көрсетулерден алынған кірістер бойынша жоспар 1 522,7 млн.теңгеге немесе 2,0%-ға асыра орындалды, бұл көрсетілетін қызмет көлемінің 1385,0 млн.теңгеге ұлғаюымен және тарифтердің 137,7 млн.теңгеге өсуімен байланысты болды.

Сатып алынатын электр энергиясын сатудан кірістер бойынша жоспар сату көлемдерінің азаюы салдарынан 2 222,8 млн.теңгеге орындалмады, электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағынының жоспарлыдан 1 732,9 млн.теңгеге сағат сайынғы ауытқулар көлемдерін өтеу мақсатында электр энергиясын сатудан кірістер сатып алулар көлемдерінің (1 311,2 млн.теңге) жоспарлы көрсеткіштермен салыстырғанда орташа өлшемді бағаның (421,7 млн.тенге) азаюынан туындады.

Басқа кірістер 2014 жыл ішінде 37 542,9 млн.теңгені құрады, бұл жоспардан 8 648,5 млн.теңгеге жоғары және негізінен жоспарлымен салыстырғанда оң бағамдық айырмадан нақты кірістердің 9 266,7 млн.теңгеге өсуімен байланысты, бұл ретте бұрын Қоғамның Атқарушы дирекциясы орналасқан әкімшілік ғимаратын сатып-өткізудің орындалмауы салдарынан негізгі құралдардың 1 139,9 млн.теңгеге шығарылуына байланысты кірістердің азаюы орын алды.

Компанияның кірістері 2013 жыл­мен салыстырғанда 62,7%-ға немесе 50 493,9 млн.теңгеге ұлғайды, соның ішінде негізгі қызметтен алынған кірістер – 26,7%-ға немесе 19 708,0 млн. теңгеге. Кірістердің реттемелі қызмет көрсетуден 15 816,0 млн. теңгеге өсуі негізінен тарифтердің көтерілуімен байланысты болды. Мәселен, тарифтердің өсуі есебінен кірістер 15 606,7 млн. теңгеге ұлғайды, көрсетілген қызметтер көлемінің ұлғаюы есебінен кірістер 209,3 млн. теңгеге өсті.

Бұдан басқа, 2013 жылмен салыстырғанда кірістер сатып алынатын электр энергиясын көрсетілетін қызмет көлемінің өсуі есебінен 3 807,5 млн. теңгеге артты.

2013 жылмен салыстырғанда басқа кірістер 4 есеге немесе 30 785,9 млн. теңгеге, ең негізінен оң бағамдық айырмадан түскен кірістердің 13 512,9 млн.теңгеге, негізгі құралдардың құнсыздануынан залалды қалпына келтіруден кірістердің 15 834,0 млн. теңгеге, сондай-ақ жабдықтарды тегін алудан тскен кірістердің 1 586,9 млн. теңгеге өсуі есебінен ұлғайды.



2014 жылғы жалпы шоғырландырылған шығыстар жоспар 118 154,2 кезінде 119 483,0 млн. теңгені құрады немесе 1,1%-ға өсті. Мәселен, есептік мезгілде сатып-өткізілетін қызмет көрсетулердің өзіндік құны 74 216,3 млн.теңгені немесе жоспардан 96,4%-ды құрады. 2 765,4 млн.теңгеге азаюы негізінен нақты көрсеткіштердің электр энергиясын Ресей Федерациясының энергожүйесінен 2 013,5 млн.теңгеге теңгерімісіздіктерді өтеу мақсатында сатып алуға арналған шығыстар бойынша, 1 440,5 млн.теңгеге сатып алынатын электр энергиясы бойынша, электр энергиясының 446,3 млн.теңгеге технологиялық шығынына кемуіне байланысты қалыптасты. Бұл ретте негізгі құралдарды қайтадан бағалаудан амортизациялық аударымдардың 2 984,9 млн.теңгеге шығыстары бойынша жоспар асыра орындалды.

2013 жылмен салыстырғанда өзіндік құнның өсуі 18 642,0 млн. теңгеге немесе 34 %-ға, негізінен амортизациялау (10 239,4 млн. теңге), электр энергиясының технологиялық шығысын өтеу (3 005,5 млн. теңге), сатып алынатын электр энергиясы бойынша қызмет көрсетулер (2 188,7 млн.теңге), электр энергиясының нақты мемлекетаралық сальдо-ағынының жоспарлыдан сағат сайынғы ауытқулар көлемдерін өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу бойынша шығыстар (1 810,8 млн.теңге), сондай-ақ өндіріс еңбеккерлеріне еңбекақы төлеу жөнінде (1 241,9 млн. теңге) шығындардың өсуіне байланысты болды.

2014 жыл ішіндегі жалпы және әкімшілік шығыстар 13 381,0 млн.теңгені немесе жопсардан 8,7%-ды құрады. Жоспардың 1 029,0 млн.теңгеге асуы негізінен берешек бойынша резервтерді («Өзбекэнерго» МАК) құруға 547,7 млн.теңгеге шығыстар, мүлікке 933,3 млн.теңгеге салық бойынша қалыптасты.

Жалпы әкімшілік шығыстардың 2013 жылмен салыстырғанда 208%-ға немесе 6 958,1 млн.теңгеге артуы 3 392,7 млн.теңгеге мүлік салығы бойынша; резервтерді 2 854,5 млн.теңгеге құру бойынша; негізгі құралдар мен бейматериалдық активтерді 265,4 млн.теңгеге амортизациялау бойынша шығыстардың ұлғайтылуына байланысты.

Басқа шығыстар 2014 жыл ішінде 27 388,1 млн.теңгені құрады, бұл жоспардан 2 432,9 млн.теңгеге (9,7%) жоғары және негізінен теріс бағамдық айырманың 9 266,7 млн.теңгеге ұлғаюымен байланысты, бұл ретте бұрын Қоғамның Атқарушы дирекциясы орналасқан әкімшілік ғимаратын сатып-өткізудің орындалмауы салдарынан негізгі құралдардың 477,4 млн.теңгеге шығарылуына байланысты шығыстардың азаюы орын алды.



Басқа шығыстар 2013 жыл­мен салыстырғанда 6 696,3 млн.теңгеге азайды. Азаю негізінен негізгі құралдардың 25 075,2 млн.теңгеге құнсыздануы жөніндеіг шығыстар есебінен қалыптасты. Бұл ретте теріс бағамдық айырма бойынша шығыстар 18 342,8 млн.теңгеге өсті.

2014 жылдың қорытындылары бойынша 8 616,0 млн.теңге мөлшерінде таза табыс алынды, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 23 116,3 млн.теңгеге жоғары.

2015 жылы 129 599,6 млн.теңге сомасында кірістер алу жоспарлануда, соның ішінде негізгі қызметтен - 128 313,7 млн.теңге және басқа кірістерден - 1 286,0 млн.теңге. Шығыстар 109 304,4 млн.теңгені құрайды, соның ішіеде өзіндік құн бойынша - 90 670, 0 млн.теңге, жалпы және әкімшілік шығыстар - 14 110,3 млн.теңге. 2015 жылғы қызмет нәтижелері бойынша қортыныды пайда 16 068,3 млн.теңге сомасында жоспарлануда.

2014 жылдың қорытындылары бойынша таза табыстың жоспарға қарағанда 3 654,5 млн.теңгеге немесе 74 %-ға едәуір өсуі ROACE мен «Қызмет пайдалылығы» көрсеткіштеріне оң әсер етті.

Пайданың ұлғаюы негізінен теңгенің айырбас бағамын 6 407,2 млн.теңгеге түзету нәтижесінде залаодың жоспармен салыстырғанда азаюына байланысты.

2013 жылы 14 500,3 млн.теңге сомасында алынған залал ннәтижесінде «құрылыстар» сыныбы бойынша негізгі құралдарды қайта бағалаудан «Қызмет пайдалылығы» мен ROACE көрсеткіштері теріс мәнге ие болды.



2014 жылғы көрсеткіштердің жақсаруына «құрылыстар» сыныбы бойынша негізгі құралдарды қайта бағалауды жүргізу әсер етті, соның нәтижесінде «құрылыстар» сыныбы бойынша негізгі құралдардың құнсыздануынан залалды қалпына келтіруден (негізгі құралдар құнының төмендеунен залалды есепке ала отырып) 14 252,9 млн.теңге сомасында кірістер есептелінді. Бұдан басқа, Компаниядағы жалпы кірістердің 63 %-ға ұлғаюы оң әсерін тигізді.





EBITDA margin көрсеткіші (EBITDA жөніндегі пайдалылық) пайыздар, салықтар мен амортизация шығыстарды шегергенге дейінгі операциялық пайданың негізгі қызметтен алынған кіріске қатынасы ретінде есептелген. Былтырғы жылмен салыстырғанда EBITDA margin көрсеткіші нашарлауда. Көрсеткіштің нашарлауы Компания шығыстарының EBITDA көрсеткішіне теріс әсерін тигізетін өсу қарқынының артуына байланысты. 2014 жылдың қорытындылары бойынша EBITDA margin көрсеткішінің жоспарға қарағанда ұлғаюы негізгі қызметтен алынған кірістің 2,7 %-ға азаюы кезіндегі EBITDA көрсеткішінің 10,2 %-ға өсуіне баййлаынсты. EBITDA көрсеткішінің ұлғаюына негізінен сатып-өткізілген қызмет көрсетулер өзіндік құнының 3,6 %-ға немесе 2 765,4 млн.теңгеге мына шығыстардың төмендеуінен азаюы әсер етті:

- теңгерімдерді өтеу мақсатында электр энергиясын Ресей Федерациясының энергожүйесінен 2 013,5 млн.теңгеге сатып алуға;

- электр энергиясын 1 440,5 млн.теңгеге сатып алу бойынша;

- электр энергиясының 387,5 млн.теңгеге технологиялық шығынына.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет