«Шортанды №3 қазақ орта мектебі» ММ
Жауапты:«Өзін – өзі тану» пәні мұғалімі Мұрат Замира
2015 – 2016 жыл
2015 - 2016 оқу жылындағы өзін-өзі тану пәні бойынша,
«Өзін-өзі тану; махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы»,
атты онкүндіктің өткізілу жоспары.
Өткізілетін уақыты: 02.02.2016 жылы 10сағат 30мин. Ашылу салтанатты жүргізетін жүргізушілер: 7 «Б» сынып оқушысыБердімұрат Қызғалдақ және 7 «А» сынып оқушысы Баймуканов Дамир
Қызғалдақ: Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар,
Жақсы болу – өзіңнен, Жаман болу өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен - деп өмірдің тек жақсы қасиеттерін үлгі ететін, адами құндылықтарға толы баға жетпес асыл қазынаға айналған «Өзін – өзі тану» пәніңонкүндігіне қош келдіңіздер. Дамир:Иә жан дүниеңді тазалыққа негіздейтін, өзіңді ғана емес өзгенің де қадір – қасиетін бағалай білуді үйреткен, қысқасы нағыз Адам деген атқа лайық өмір сүруді ұғындырған өзін – өзі тану пәнінің «Өзін – өзі тану; махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты онкүндігінің ашылу салтанатын ашық деп жариялаймыз. Дамир:Өзін – өзі тану пәнінің онкүндігіне мектебіміздің барлық сыныптарының белсенді атсалысуын сұраймыз. Қызғалдақ:Ертең яғни 03.02.2016 күнінен бастап«Мейірім төгетін ана» Сара Алпысқызы Назарбаева туралы кітап, журналдар және оқушылардың әзірлеген шығарма рефераттарының көрмесі ұйымдастырылады.
Дамир:Сонымен қатар 04.02.2016 күні «Алтын жүректі анамыз» өлеңдер сайысы өткізіледі.
Қызғалдақ:Ал 05.02 2016 күні «Менің қолымнан келетін іс» оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен ұйымдастырылған көрме ұйымдастырылады.
Көрмеге қоятын заттарыңыз сіздердің жақсы ниеттеріңізден және шынайы еңбектеріңізден туындаған іс болғай деп сәттілік тілейміз.
Дамир:06.02.2016 күні «Жақсылық – жан шуағы» пікір талас өткізілетінін хабарлаймыз.
Қызғалдақ: Ал 08.02.2016 күні «Таза жүрек, жылы жүзбен – қайырымдылық жасап жүрейік»тақырыбында ұйымдастырылатын қамқорлық күні өтпек.
Дамир:Және 09.02.2016 күні «Сыр - сұхбат» еңбек ардагерімен кездесу болмақ. Қызғалдақ:10.02.2016 күні «Ән көңілдің ажары» ән байқауы өткізілсе... Дамир:11.02.2016.күні «Отбасым – алтын ұям» атты отбасылық фото коллаж көрмесі ұйымдастырылады.
Қызғалдақ: 12.02.2016 күні «Өнеге отбасынан» атты ашық сабақ өткізіледі. Дамир:Сонымен қатар 12.02.2016 күні «Өзін-өзі тану; махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты онкүндікке орай ұйымдастырылған сахналық қойылым және мерекелік концертөткізілетінін хабарлаймыз. Аталмыш онкүндікке белсене атсалысқан оқушыларымыздың еңбегін елеп, жабылу кешінде марапаттайтынымызды да айта кетейік.
Қызғалдақ:Адамның жан дүниесінің тазалығы, сұлулығы бәрінен маңызды, екенін біз жақсы білеміз.
Дамир:Жақсы мінез, жарқын жүрек, парасат, Һәм денсаулық әркімге де жарасад. Алла кімге бұл төртеуін сыйласа, Ол өмірден табар мәңгі рахат. - дегендей адам өмірін бақытқа жетелейтін адамгершілік құндылықтарға бір сәт назар аударайықшы.
Жақсы мінез:
Жақсы мінез жылы сөз- жан дәруі,
Жігіттің керек мұны аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп тік мінез танытқанның,
Тіптен оңай адасып, сандалуы.
Мінездер бар жақсы-жаман әр алуан,
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның кем болғанын көрмедім,
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.
11 – сынып Албина
|
Төзім
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдасада өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырғын.
4 – сынып Айдана
|
Махаббат
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Жаныңа нұр сепкен шапағат.
Еңбектің рақатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып түр берген.
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы мейірін қандырған,
Шуағы жылытқан жүректі,
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы – Махаббат!
7- сынып Айберген
|
Ақыл
Азбайтын байлық біреу, ол – ақыл.
Тозбайтын байлық біреу, ол – ақыл.
Таймайтын адал қолдаушың біреу ол - ақыл.
Жарығы тұтас елге түсетін шырақ біреу, ол- ақыл.
Жел жетпес жүйрік біреу, ол – ақыл.
5- сынып Сымбат
|
Сабыр
Сабыр – ақыл парасаттың белгісі,
Сабырсыздық сені ұятқа қалдырар.
Бастарада істі байыбына барып ал,
Асыққандар күйінерде жаңылар.
Алтыншы қымбат нәрсе сабыр деген,
Сабырлы адам мұратын табар деген.
Әр істе сабырсыздық түбі қорлық,
Сабырсыздық басқа бәле салар деген.
6 -сынып Медина
|
Адалдық
Адалдық өміріңе керек нәрсе,
Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп өзін – өзі меңгермесе.
8 – сынып Жандос
|
Ізгілік
Ізгілік - бір биік үй мұнарасы,
Алқызыл жайнап өскен гүлбақшасы.
Әдебің – сол гүл өскен жасыл алқап,
Сол үйдің не болмаса ірге тасы.
3 – сынып Дәмелі
|
Намыс
Намыс деген нақты шындық білгенге,
Намыссыз ер нағыз өмір сүргебе?
Намыс үшін нақақ кетем өкінбейм,
Найзағаймын намысыма мінгенде.
9 – сынып Бауыржан
|
Дамир: Өзін – өзі тану пәнінің онкүндігіне белсенді атсалысуларыңыз үшін сәттілік тілейміз. Қызғалдақ:Барлықтарыңыздан шығармашылық табыс күтеміз. Дамир:Назарларыңызға рахмет, сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |