Нысаналы
индикаторлар
|
Өлш. бірл.
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
Жау. орынд.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
1
|
Қала құрылысы құжаттамасын қамту аймағы
|
%
|
-
|
-
|
20
|
40
|
60
|
80
|
100
|
СҚБ
|
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлауды ескеріп құрылыс жобаларын әзірлеу;
Инженерлік нысандарды және көлік инфрақұрылымдарын жобалау және салу, қолданыстағы және жаңа жолдарды кеңейту;
Жеке инвестициялар тартып көзделген аумақтарды дамыту;
Нормативтік талаптарды ескере отырып, аумақтарды әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету;
Тұрғын үй алабының өсуін шектеу.
3.6.2. Алматы агломерациясындағы ықпалдастық
Қаланың болашақ дамуы Алматы агломерациясының дамуына сәйкес жүргізілетін болады.
Алматы агломерациясының ықпалы аймағына: агломерация орталығы (өзек) – Алматы қаласы, Алматы облысының бес әкімшілік ауданы: Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ және Жамбыл ауданы, сондай-ақ Қапшағай қаласының аумағы енеді.
Дамудың маңызды бағыты аумақтың кеңістік және функционалды тұтастығын қамтамасыз етуге арналған оңтайлы көлік торабын, халықтың негізгі қызмет орталықтарына қолжетімділігін, сондай-ақагломерация аймағының транзиттік функцияларын іске асыруды қалыптастыру болып табылады.
Қалаға іргелес аудандардың ауыл шаруашылығы қаланың азық-түлік өнеркәсібінің шикізат көзі болып табылады. Сондықтан агломерация аймағы сауда желісі ретінде дамитын болады. Осыған орай ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін Алматы нарығына өнімдерді әділ бағамен беруге жағдай туғызу қажет. Осылайша өңірдің сауда қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін болады.
3.6.2. мақсат. Бәсекеге қабілетті экономикасы және жоғары өмір сүру деңгейі бар көпфункционалды аумақ қалыптастыру
Достарыңызбен бөлісу: |