2019 – 2020 ж Мазмұны Баланың мектепке дайындық деңгейін анықтауға арналағн тесттер. «Балалардың мектепке ойдағыдай бейімделу шарттары» тақырыбына бірінші ата аналар жиналысына арналған тәрбие сағатының конспектісі


«Бірінші сыныпқа арнау» мерекесінің жоспары



бет4/5
Дата05.04.2020
өлшемі95,38 Kb.
#61605
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 аралық бақылау


«Бірінші сыныпқа арнау» мерекесінің жоспары

Мұғалім:

Армысыздар, ұстаздар!
Армысыздар, ата-аналар, балалар!

Даяна:
Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізге есен-аман бармысыздар?
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Кешімізді ән-жырмен бастайық.
Мұғалім:
Аралап көркін жерлердің
Жаз бойы тынығып дем алдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.

Құтты болсын қарағым,
Білімге қадам басқаның,
Сөмке артып арқаңа
Мектеп есігін ашқаның.

- Бүлдіршіндер, білім майданына алғаш аттаған қадамдарың құтты болсын!
Еліміздің көк байрағын аспандататын, келешекке нық қадам баса алатын білімді де саналы азаматтары бола біліңдер.
-Балалар жыл бойы алған білімдерін, білгендерін ортаға салып, өз өнерлерін көрсетпек.

(Оқушыларға сөз)
1. Мен талапты баламын
Мектепке енді барамын
Үйреткенін үйреніп
Ұстаздан көп аларым

2. Мен тәртіпті баламын
Түгел қағаз, қаламым 
Бір күн қалмай сабақтан
Кілең «бестік» аламын. 

3. Мен намысшыл баламын
Тек үлгілі боламын
Білім іздеп жалықпай
Кең дүниені шоламын

Хормен:

Биыл алты жастамыз,
Кітапты оқи бастадық.
Әріптерді танып біз
Енді жаза аламыз


«Біріншіге барамын» әні 1а


Мұғалім: 
Қаламсап алып қолыңа, 
Достасарсың әріппен 
Шуағын себер жолыңа, 
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.

Ойын 1: Күн шуағы
-Балалар мынау қандай пішін?
-Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз. Сендердің өте зерек, алғыр, тапқыр екендеріңді ата-анамызға және ұстаздарымызға көрсетейік.
1.Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу? 4
2.Бір аптада неше күн бар?7
3.Машинаның дөңгелектері нешеу? 4
4.Екі қоянның аяқтары нешеу?8
5.Бағдаршамда неше көз бар?3
6.Бір жылда неше ай бар? 12 ай бар
-Балалар, ненің суреті шықты? Күннің суреті.
-Жарайсыңдар балалар!
-Сонымен қоймай, ағылшын мен орыс тілінен сөйлеумен қоса, санауды да үйрендік.
Ағылшын, орыс тілінде 1-10-ға дейін санайды.


Ойын 2: «Мен және менің достарым»
«Менің достарым және мен» атты ойын ойнаймыз. Қазір мен сендерге бірнеше сұрақ қоямын, сендер қолдарыңды шапалақтап, сұрақтың жауабына орай, «Мен және менің достарым» немесе «Мен емес және менің достарым емес» деп жауап бересіңдер.

---Әрқашанда мектепке келеміз біз көңілді.


---Анау, бала! Қолын қара,
Кір қожалақ, қап-қара!
---Көліктерде үлкендерге,

Ұсынады орынды. 

---Бүгін бізге арнайы,
Ән мен жырды әкелді
---Әрқашан жақсы оқиды,
Ұқыпты да тәртіпті.


Ойын 3: Затты танисың ба?
- Ал қазір, балалар оқу құралдарын білетіндерін тексереміз.
Үстелдің үстінде әр түрлі оқу құралдары жатады. Жұмбақтың жауабы болған затты тез алу керек.

Жұқа тақтай бөлшегі 

Ұзындықтың өлшемі (Сызғыш)

Сандығым бар өзгеше,

Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып, ақтарып
Өмір сырын білемін (Кітап)

Басын қырқамын,

Тілін жарамын.
Су беремін
Сонан соң өзі сөйлейді (Қылқалам)

Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.   (Дәптер)

Оқушыға күнде ерiп,

Жүретiн не?   (Күнделiк)
Мұғалім: 

Шығыңдар білім шыңына,


Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте

Ал қазір балалар бірінші сынып оқушысының антын береді.

1. Денсаулықты сақтауға

Мектептен де қалмауға


Ант етеміз! 

Оқуды көп ойлауға

Қызығына тоймауға

Әріптерді үйреніп

Сауат ашып, ойлауды

Ант етеміз!

Кітаптарды бағалауға

Әділ баға алуға
Кішілерге көмек беріп
Үлкендерді сыйлауға

Ант етеміз!

Мектепте тәртіп сақтауға

Ұстаздарды тыңдауға
Ант етеміз!


Мұғалім: 
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген, 
Шәкіттерін сүйген таза көңілден. 
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда, 
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден- дей келе құттықтау сөзін мектеп директорына беріледі. 

(Құттықтаудан кейін)


Зарина:

Талай-талай баспалдақты аттармыз
Ата-ананың үмітін де ақтармыз
Даяна:

Ұстазымыз - сізден алған ақылды
Есімізде өмір бақи сақтаймыз.
Диас:

Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.

Мұғалім:

Бір ата, бір ананың тірегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда, тірлік бар деген бабам
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!-дей отырып құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.

«Мектебім» әні




Мұғалім: 

Күтіп тұр алда сан қызық


Асулар асқар, неше сын
Кеудеңе үміт жанғызып
Азамат болып өсесің
Үміттің отын жандырған
Қызырдан болсын қолдаушың
Хош келіпсің, балдырған
Қадамыңа нұр жаусын!
Ұшталған үміт арманнан
Таудай болсын талабың.

(Оқушылар сыныптан шығады)



4.Үзіліс кезінде қолдануға болатын ойындар каталогы
Кіріспе
Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағының мазмұны негізінен қозғалмалы ойындардан тұрады. Қозғалмалы ойындарды өткізу күрделі педагогикалық процесс екенін ескере отырып, олардың өту барысын мынадай үш кезеңге бөлуге болады:

1) ойынды өткізер алдындағы даярлық жұмысы,

2) ойынның басталуы мен ойналу барысы,

3) ойынның аяқталуы.


1.Ойынды өткізер алдындағы даярлық жұмысы.

Қандай да болмасын дене тәрбиесі сабағын өткізу үшін сабақтың мақсатына қарай оның жоспары жасалып, ойындар іріктеліп алынады. Бұл іріктеліп алынған ойындардың қандайы болмасын балаларды сабаққа ынталандыру қажеттігін ұмытпаған жөн. Ойынды өткізу алдында оған керекті жабдықтардың бар-жоғын, жеткіліктігін, сабақ өткізілетін орынның дайындығын білу керек.



2.Ойынның басталуы мен ойналу барысы.

Ойынды қалай өткізу жолын таңдайды. Ойынды бастау алдында уақытты көп кетірмес үшін оның ойналу тәртібін яғни ережесін ауызша баяндаудан гөрі балаларды дереу ойынды бастар қалыпқа тұрғызып, өзі көрсетіп, ойнатқаны тиімді. Сонда ол балаларға

ұғынықты болып, ойнаған кезде ойын ережесі бұзылмайды. Жалпы, ойынның ойналу барысы оқшылардың дайындығына, ынта-жігеріне байланысты.

3.Ойынның аяқталуы. Ойын сабақтың негізгі бөлімінен кейін өткені оқушылардың шаршау-шаршамауына байланысты қайталанады. Сабақта бірнеше ойын ойналатын болғандықтан, бір ойынды ең көп дегенде 2-3 рет қайталаған жөн. Әр ойын ойналып, оның қорытындысы шығарылып болғаннан кейін ғана келесі ойынды ойнау басталады.

Мысал ретінде «Бір орында тұрып екі аяқпен ұзындыққа секіру» дейтін тақырыпты

4-сыныпқа қалай өткізу қажеттігін қарастырайық. Ол үшін сабақ жоспарын жасағанда ең әуелі жалпы дамыту жаттығуларын іріктеп, жүйелеп алып, сабақтың мақсатына қарай міндетті түрде дайындық жаттығулары орындалады.

Сабақтың мақсаты бір орында тұрып екі аяқпен ұзындыққа секіру болғандықтан, 10-12м жерге дейін бір орында тұрып бір аяқпен секіру, екі оқушы екі жағынан ұстап тұрған жіптің үстінен секіру т.б. даярлық жаттығулары өткізілген соң, тікелей сабақтың мақсатын орындау жұмыстары басталады.


Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары
Қимыл-қозғалыс ойындары ұлттық ойындардың негізінде пайда болып қалыптасқан. Олардың спорттық ойындар сияқты ережесі болады. Бірақ қимыл қозғалыс ойындарының ережесі спорттық ойындарға қарағанда қарапайым әрі жеңіл болады. Және спорт құрал-жабдықтарын көп қажет етпейді.

Төменде әрқандай ұлтардың қимыл-қозғалыс ойындарының үлгілері берілді.


«ӨЗ ОРЫНЫҢДЫ ТАП»
(Италиян халқының ойыны)

Ең алдымен санамақ арқылы ойын жүргізуші сайлап алынады. Ол шеңбер жасап тұрған ойыншылардың сыртында қолына орамал ұстап тұрады.

Ойын ойын жүргізушінің шеңберді айнала жүруінен бастайды. Ол жүгіріп келе жатып орамалды бір ойыншының иығына іле кетеді. Иығына орамал ілінген ойыншы орамалды ала салып, ойын жүргізушіге қарама-қарсы бағытта шеңберді айнала жүгіреді. Осы кезде шеңберде тұрған ойыншылар оның босаған орнына жылжып тұра қояды. Ал қарама-қарсы жүгіріп келе жатқан екі ойыншының қайысы әлгі жабылып қалған орынды дәл тауып тұра қойса, сол жеңіске жетеді.

Ойынды әрі қарай ұмтылған бала жалғастырады.




«ҚАРШЫҒА МЕН ҮЙРЕКТЕР»
(Саха халқының ойыны)

Алдымен санамақ арқылы қаршыға сайлап алынады. Қалған ойыншылар үйректер болып есептеліп, олар арақашықтығы 10-15 м болатын екі шеңбердің (көлдің) бірінің ортасында жүзіп жүреді.

Ойнауға белгі берілген кезде үйректер екінші көлге ұшып барып қонулары керек. Сол кезде оларды қаршыға бір-бірлеп қуып ұстауға тиіс. Ұсталған үйректер ойыннан шығып, ұсталмаған ойыншылар арасынан жаңа қаршыға сайланып, ойын әрі қарай жалғаса береді.


«КӨТЕРІП КЕТ»
(Қазақ халқының ойыны)

Ойыншылар екі-екіден арқаларын бір-біріне тақап жүрелеп отырып, қолдарын шынтақтан айқастырып ұстайды. Мұғалім: «1,2,3, ауылым менің жайлауға көш» дегенде, екеуі де алға қарай еңкейіп, бірін-бірі жерден көтеріп тұрып кетуге тырысады. Қарсыласын көтеріп кеткен ойыншы жеңген болып есетеледі.


«БОТАҚАН»
(Қазақ халқының ойыны)

Ойыншылар өз орталарынан атан түйе мен мыстан кемпір сайлап алады. Қалғандары, яғни ботақандар атан түйенің артынан бір-бірінің белінен ұстап тізіліп тұрады. Мыстан кемпір «ұшқыш сыпыртқысымен» атан түйенің алдына «ұшып келіп»: «Керуен, қайдан келе жатырсың, қайдакетіп барасың?» деп, артындағы ботақандарының біреуін беріп кетуін сұрайды. Бірақ оған атан түйе келіспейді. Сонда мыстан кемпір жүгіріп жүріп керуеннің соңындағы ботақанды күшпен тартып алуға әрекеттенеді. Ал атан түйе мыстан кемпірді ең соңғы ботақанға жібермеуге тырысады. Ботақанды ұстап алса, мыстан кемпір оны үйіне апарып қойып келіп, енді келесі соңғы ботақанды ұстап алуға әрекет етеді. Осылай 2-3-рет қайталанған соң, атан түйе мен мыстан кемпір басқадан сайланып, ойын әрі қарай жалғастырылады.




«ҚАРАҚҰС ПЕН БАЛАПАНДАР»
(Орыс халқының ойыны)

Ойыншылар арасынан қарақұс және тауық сайлап алынады. Қалғандары балапандар болып есептеледі. Ойын алаңының бір шетінен қарақұстың ұясы сызылады.

Мұғалім «Қарақұс!» деп дауыстап белгі берісімен қарақұс тауықтың артында бір-бірінің белінен ұстап тізіліп тұрған балапандардың ең соңғысын ұстап алуға ұмтылады. Ал тауық екі қанатын (екі қолын) екі жаққа соза балапандарын қорғаштайды. Балапандар да қарақұсқа алдырмауға тырысады. Олар тек тізбекті бұзбауға тиіс.

Ұсталған балапандарды қарақұс ұясына алып кетеді. Екі –үш балапан ұсталған соң ойын жүргізушілер қайта сайланып, ойын қайта басталады.

Бір тауықта 6-8 балапан болуға тиіс.

«АЛТЫН ДӘН»
(Беларус халқының ойыны)

Ойыншылар екі-екіден қол ұстасып шеңбер жасап тұрады. Ойын жүргізуші Бір жұпқа келіп, «Қайырлы күн!» -дейді. «Алтын дән», -деп жауап береді ойыншылар. «Оның бағасы қанша?»- дейді ойын жүргізуші. Ойыншылар «Тау-тау» қар мен көлдің суы» деген бетке екеуі қарама- қарсы бағыт ұстап шеңберді айнала жүгіреді. Ойын бастаушы сол босаған орында тұрып қалады. Бірінші болып қайтып оралған ойыншы ойын бастаушымен жұп құрып, екіншісі ойынды әрі қарай жалғастырады.



Жеңіл атлетикаға арналған ойындар
«ҚУҒЫНШЫДАН ҚҰТҚАР»
(Жүгіруге арналған ойын)

Арнаулы сызғышпен қоршалған ойын алаңында балалар жүгіріп ойнап жүреді. Мұғалім белгі берісімен санамақ арқылы сайланған ойын жүргізушісі: «Мен қуғыншымын!» -деп, қолын жоғары көтереді де өзіне ең жақын жүрген ойыншыны қуа жөнеледі. Қашып келе жатқан бала мен қуғыншының арасын басқа бір ойыншы кесіп өтіп кетсе, қуғыншы алдын кескен екінші баланы қуады. Егер қуып жетсе, екеуі орын ауыстырып, жаңа қуғыншы ойынды әрі қарай жалғастырады.



«МЫСЫҚ ПЕН ТЫШҚАНДАР»
(Секіруге арналған ойын)

Ойыншылар санамақ арқылы «мысық» сайлап алады. Қалғандары тышқан болып, үлкен етіп сызылған бір шеңбердің бойында дөңгелене тұрып, сызықтың іші мен сыртына кезекпен қос аяқтап секіре бастайды. Мысық шеңбердің ортасында жүгіріп жүріп, сызықтың ішіне секіріп кірген тышқандардың біріне қолын тигізсе, екеуі орын ауыстырып ойнайды.



«ЖҮГІРІП ӨТ»
(Лақтыруға арналған ойын)

Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Сонан соң алаңның екі шетінен қарсы бір-бірінен 20-30 метр болатын екі сызық сызылады. Бірінші топтың балалары бір сызықтың бойында бір қатар болып тізіліп тұрады. Екінші топтағылар қолдарына 1-2 –ден кішкене доп ұстап бір жақ қапталда қатар түзеп тұрады. Мұғалімнің «1,2,3-жүгір!» деп дауыстауынан кейін бірінші топтың балалары қарсыдағы екінші сызыққа қарай жүгіре жөнеледі. Қолында доптары бар ойыншылар оларды доппен көздеп тигізіп ойынан шығаруға тырысады.

Соңынан доп тиген ойыншылардың саны анықталып, топтар орындарын ауыстырып ойнайды. Қай топтың балалары допты көп тигізсе, сол топ жеңеді.
«ДОПТЫ «ЖОЛБАРЫС» ҰСТАЙДЫ»
(Лақтыруға арналған ойын)

Шеңбер құрып тұрған 5-6 ойыншы бір-біріне допты лақтырып беріп ойнап тұрады.Осы кезге ортадағы бір ойыншы, яғни «жолбарыс» лақтырылған допты қағып алуға тырысады.Ол кімнің лақтырған добын қағып алса, сонымен орын ауыстырып ойнайды.


«АЙГӨЛЕК»
Айгөлек ойыны кең алаңда өткізіледі.Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де,арасы 15−20 метрдей жерде қол ұстасып қарама−қарсы тізбек құрып тұрады.Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді.Олар барлығы қосылып,төмендегі өлеңді айтады:

Айгөлек−ау,айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек,

Бізден сізге кім керек?

Бұған екінші топтың ойыншылары жауап береді:

Айгөлек−ау,айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар.

Ақ терек пен көк терек,

Шолпан атты қыз керек,−

дейді.

Қарсы топтан шақырылған қыз не бала жүгіріп келген бойы тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті.Егерде үзе алмаса,ол сол топта қалып қояды.Ал үзсе,онда өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына алып қайтады.Ойыншылар түгел шақырылып болған соң,екі жақтың ойыншылары саналады.Қой топтың саны көп болса,сол топ ұтқан болып есептеледі.


«ҚАМАЛДЫ ҚОРҒАУ»
Ойыншылар үлкен шеңбер жасап тұрады.Шеңбердің ортасына қамал яғни шелек немесе орындық қойылып,бір ойыншы сол «қамалды» кезекпен атқылай бастайды.Ал қорғаушы допты «қамалға» тигізбеуге тырысады.Кімде−кім допты «қамалға» тигізсе,ол қорғаушымен орын ауыстырады.Ойын осылайша жалғаса береді.
«ҚАНДЫҚ−САНДЫҚ»
Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да,біріне−бірі арқаларын тіреп тұрып,шынтақтарын айқастырады.Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі бірдей алға еңкейіп,бірін−бірі жерден көтеріп алу әрекетіне кіріседі.Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса,сол ұтқан болып есептеледі.Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да,ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады.Ойын осылай бір ойыншы жеңімпаз атанғанша жалғаса береді.Кім көп көтерсе,сол ойыншы жеңіске жетеді.
«АҢШЫЛАР МЕН ҚОЯНДАР»
Бұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнай беруге болады (жаздыгүні доппен,қыста жентектелген қармен).

Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді.Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болуы керек.

Екі жерге бір−бірінен қашықтығы 50−100 адымдай шеңбер сызылады.Қояндар сол екі шеңбердің біріне−«інге» орналасады.

Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың «інін» тықырлатып қаза бастайды.Сол кезде қояндар өз «інінен» атып шығып,екінші шеңберге қарай қашады.Осы кезде аңшылар қояндарды доппен ата бастайды.Екінші «інге» жеткенше «оққа ұшқан қоян» ойыннан шығып қалады.Барлық қоянды аңшылар атып біткенше ойын тоқтатылмайды.Келесі ойында бұрынғы қояндардың жартысы аңшылар болып,алмасып ойнайды.


«КҮЗЕТШІЛЕР»
Бұл ойынға қанша бала болса да қатыса алады.Екі ойыншы қақпаның күзетшілері боладыЕкеуінің де көзі орамалмен байланады да,аралары бір адымдай қашықтықта қолдарын айқастыра ұстап,қарама−қарсы «көпір» жасап тұрады.

Басқа балалар бір−бірлеп күзетшілер күзеткен қақпадан екеуінің ортасы арқылы білдірмей өтіп кетуге тиіс.Күзетшілердің сыртынан айналып өтуге болмайды.Егер күзетшілердің біреуі өтіп бара жатқанын сезіп қойса,оған қолын тигізеді,яғни ол ұсталып қалған болып есептеледі.Ұсталып қалған ойыншы өзін ұстаған ойыншымен орын ауыстырады.Қақпадан үш рет білдірмей ойыншыға жүлде беріледі.


«ҚАЗАН ДОП»
Ойынды қыста мұздың үстінде,ал жазда тақыр алаңда ойнауға болады.Ойынға қатысушылардың әрқайсысында бір−бірден басы қақпа таяқ пен ағаш доп болуы керек.

Ең алдымен ойынға қатысушылардың санына қарай шеңбер сызылады.Ойынға қатысушылар аз болса−шеңбер кіші,ал көп болса,шеңбер үлкен болады.Ойнаушылар шеңбер бойына дөңгелене тұрып,алдынан бір адымдай жерден қазан қазады да,добын соған салып қояды.Бір ойыншы шеңбердің ортасынан қазылған бос қазанды күзетіп тұрады.Шеңбер бойында тұрған ойыншылар өздерінің добын ортадағы бос қазанға түсіруге тырысады.Ал ортадағы күзетші олардың добын өзі күзетіп тұрған қазанға енгізбеу әрекетінде болады.Ортадағы қазанға ағаш добын түсірген ойыншы күзетшімен ойын ауыстырады.Ойын осылайша жалғаса береді.

Ағаш доптың орнына үлкен теннистің резеңке добын пайдалануға да болады.
«ЖАЯУ ТАРТЫС»
Ойынға қатысушылардың ішінен екі

ойыншы ортаға шығады да,екі ұшы біріктіріп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп,қолтық астынан өткізіп,екі жаққа қарай тартады.Ойынның мақсаты−екі ойыншы бірін−бірі белгіленген межеге дейін тартып алып бару.Қайсысы бұрын межеге жеткізсе,сол ойыншы ұтқан болып есептеледі.Осылайша ойнаушылардың барлығы тартысып болғаннан кейін ғана ең көп ұпай жинап жеңіске жеткен ойыншыны анықтап,жариялайды.


«ЖАЯУ КӨКПАР»
Ойын күні бұрын белгіленген орында өткізіледі.Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды.

Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады.Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды екі жүз,төрт жүз,әрі кеткенде бір шақырымдай жердегі екінші көмбеге кім бұрын жеткізсе,сол ұтқан болып есептеледі.Егерде бір ойыншы көкпарды алып бара жатқан баланы орта жолда қуып жетіп,басып озатындай шамасы болса,көкпар оған ешбір қарсылықсыз беріледі.Қуып жеткен бала ілгері оза береді.Көкпарды кім мәреге жеткізсе,сол жеңімпаз атанады.



«ҮКІ МЕН ҚАСҚЫР»

Ойын басталар алдында балалар өзі ұнатқан құстың есімін алады және олар таңдаған құсының үнін айнытпай сала білуі тиіс. Мысалы, көгершін, қарға, ұзақ, шымшық тағы басқалар. Ойыншылар өз арасынан үкі болатын ойнышыны таңдап алады. Ол өз ұясына кетеді, ал басқалары ақырын ғана, үкі естімейтіндей етіп, ойында қандай құс болып ойнайтынын ойластырады. Әр түрлі құс болған балалар сол құс секілді ұшады дауыстайды тоқтайды және тізе бүгіп жүреді. Әрбір ойыншы өзі таңдап алған құстың қимыл-қозғалысын, үнін айнытпай салады.

«Үкі»-деген дабыл қағылған кезде құстар жылдамырақ өз ұясына жетуге ұмтылады. Егер үкі біреуін ұстап алса, онда ол оның қандай құс болғанын табуы тиіс. Тек аты дұрыс табылған құс ғана болады.
«ҚОЙЛАР МЕН ҚАСҚЫР»
Ойыншылар алаңның басқа жағына тұрады, жүргізуші оған қарама-қарсы екінші жағында тұрады. Ойыншылар арасынан қасқыр мен шопан таңдалады. Жүргізуші шопанға қарап былай дейді:

Жас шопан-ау, жас шопан,

Ақылға құлақ тос шопан!

Қойыңды айда біз жаққа

Шабындығы ғажайып.

Жеңілденер иығың,

Бар жұмысың азайып.

Сөз біткеннен кейін шопан қойын солай қарай айдайды, ал қасқыр қойларды айдап апанына тасиды.

Ойын шарты. Қойлар басқа жайылымға жүгіріп баруға ұмтылады, қасқыр жүргізушінің сөзі аяқталған соң қойларды ұстауға кіріседі. Егер қасқырдың қолы тисе, онда сол қол тиген қой қолға түскен болып саналады. Қасқырдың қойды шабындық жерге өтіп кеткеннен кейін ұстауға қақысы жоқ.
«АЛАКҮШІК»
Бұл ежелгі халық ойындарының бірі. Ойынды көбінесе жабық алаңда, мектеп ауласында, жазғытұрым, күз айларында ойнайды. Ойынға жиналғандар топтасып тұрады да, «Алакүшіктің» назарын өзіне аударуға тырысады. Ал «Алакүшік» ойнаушылардың біреуін қолға түсіруге тиіс. Қолға түскен ойыншы «Алакүшік» болады да, бұрынғы «Алакүшік» болған ойыншы, енді ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ойын балалардың таза ауада демалуларына жүгіруге жылдамдыққа тез шешім қабылдай білуге, сергектікке үйретеді.



«ҚУАЛАСПАҚ»
Ойынды төменгі сынып оқушылары ойнайды.

Ойыншылардың біреуін «қуғыншы» етіп тағайындайды. Ойыншылар белгіленген алаңның ішіне (шеңбер) орналасады. Ойын жүргізуші «мен қуғыншымын» деп айқайлайды да, ойыншыларды қуалай бастайды. Ұсталған ойыншы «қуғыншының» рөлін ойнайды. Ал бұрынғы «қуғыншы» басқа ойыншылармен қашып жүреді. Осылайша ойын жалғаса береді.



«ТҮЙІЛГЕН ОРАМАЛ»

Ойынның мақсаты: жүгіріп жүргенде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.

Керекті құралдар: ортасынан түйілген орамал және ысқырық.

Мазмұны:

Шеттері белгіленген ойын алаңында ойыншылар өз беттерімен жаттығулар жасап, бірін-бірі қуалап, жүгіріп ойнап жүреді. Балалардың қалауымен араларынан бір ойыншыны жүргізуші сайлайды.

Ол қолына түйілген орамалды алып, алыста тұрған бір балаға лақтырып жіберіп «Бір, екі, үш!»-деп санап сол ойыншылар қуа жөнеледі. Қашып келе жатқан бала ойын жүргізуші қасына жақындап қалғанда, қолындағы орамалын басқа ойыншыға лақтырып, ойынды әрі қарай жалғастыра береді.

Ойын берілген уақыт арасында жүргізіліп, кімдер орамалды аз уақытта көп рет бір-біріне лақтырғанын, қай қуғыншының орамалды тез ұстап алғанын атап өтеді.


«ДӘЛ БАСУ»
Бұл ойыншының көп-аздығына қарамай жиналғандардың қатысуымен ойнала береді. Балалар жиналып болған соң, бір бала тас не кішкене орындық сықылды затты тікесінен байлап, 15-20 қадамдай жерге апарып тұрады. Көзін байлаған бала қадамдап келіп, тігулі тұрған нәрсені дәл төбесінен басуы керек. Баса алмаса, айып тартады. Кім дәл басса, сол бала жеңіп шығады.

Ойын көгалда, жазық алаңда, тегіс аулада өткізіледі. Ойын бағдарлай білуге, сезімталдыққа үйретеді.


Арақашықтығы 20-30 м. Жерде екі сызық сызылады. Бұл сызық көмбе деп аталады. Ойыншылар 3-4 топқа бөлінеді, көмбенің біреуінде қатарға тұрады. Әрбір топтың біреуінде қатарға тұрады. Ойынды әрбір топтың бірінші нөмірі бастайды. Ойын жүргізушінің белгісімен бірінші нөмерлі ойыншы жүгіріп келіп, қарсы капитанның алақанына ұрады да кері қашады. Оны басқарушы қуып жетуі керек. Егер қуып жетсе, онда басқарушы ойыншыны өз көмбесіне алып кетеді. Ал жеткізбей кеткен ойыншы өз қатарының соңына барып тұрады.

Ойын ережесі бойынша ең көп ойыншысы бар топ жеңіске жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет