2019 – 2020 ж Мазмұны Баланың мектепке дайындық деңгейін анықтауға арналағн тесттер. «Балалардың мектепке ойдағыдай бейімделу шарттары» тақырыбына бірінші ата аналар жиналысына арналған тәрбие сағатының конспектісі



бет3/5
Дата05.04.2020
өлшемі95,38 Kb.
#61605
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 аралық бақылау


Сіз қандай ата-анасыз?

1.Балаңыз топтағы балалармен төбелесіп қалды. Сізді соған байланысты бабабақшаға шақырды. Сіздің әрекетіңіз?

а) қызбалықтан балаңызды жазалайсыз;

ә) төбелес неден шыққанын анықтап, содан не істеу керектігін шешесіз;

б) алдымен топ басшысымен сөйлесесіз.
2. Балаңыз Сізге көмектесіп, үй жинастырып жүріп, байқаусызда қымбат ыдыстарды сындырып алды. Сіздің іс-әрекетіңіз?

а) желкесінен соғып жібересіз;

ә) айқай салып, «сенің көмегіңсіз өзім тындыратын едім, кет әрі» дейсіз;

б) баланы жұбатып, оның әдейі істемегенін айтасыз.


3. Балаңызды жазаладыңыз, содан соң ғана өзіңіздің артық кеткеніңізді байқадыңыз:

а) өз беделіңізді жоймау үшін үндемейсіз;

ә) кешірім сұрайсыз;

б)өз қателігіңізді мойындап, үлкендер де қателік жіберетінін түсіндіресіз.


4. Балаңыз түрлі сұрақ қойып жауап беруіңізді өтінеді. Ал Сіз шаршап тұрсыз?

а) балаңыздың ойын бөліп, «сенен сбір минутқа демалуға мұрша берші» дейсіз;

ә) баладан тезірек «құтылу» үшін селқос жауап бере саласыз;

б) шаршап тұрғаныңды түсіндіріп, жауабын белгілі бір уақытта беруді белгілейсіз.


5. Балаңыз Сізден үйде балық өсіруді өтінеді. Қандай жауап бересіз?

а) ешқашан, ол сендердің көп уақыттарыңды алады;

ә) жақсы, өсіріңдер мен аквариум күтуге көмектесемін;

б) егер сендердің ынталарың болса, сатып алып берейін, бірақ естеріңде болсын, аквариумды өздерің күтесіңдер.


Тест қорытындысы:
Егер Сіз 5 рет «б» бағананы жауап берсеңіз, жаман ата-ана болмағаныңыз.

Егер 3 рет «б» бағананы жауап берсеңіз, онда Сізге өз сеніміңіз бен әдеттеріңізді өзгертуге тура келеді.

Егер одан да кем болса, педагогикалық әдістері меңгеруді жедел түрде қолға алу керек.

Баланың туа біткен дарынын анықтауға арналған тест
Төмендегі сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріңіз:

1. Сіздің балаңыздың белгілі бір затқа ерекше қолданыс тапқан кезі болды ма?

2. Балаңыз өзі жақсы көретін істерін өзгерте ме?

3. Әр түрлі абстрактілі суреттер салуды ұната ма?

4. Өзінің қиялдаған, елестеткен заттарын салуды ұната ма?

5. Қиял ғажайып әңгімелерді ұната ма?

6. Әңгіме немесе өлең шығара ма?

7. Қағаздан әртүрлі қиын фигуралар қиюды ұната ма?

8. Өзі білмеген немесе бұрын мкездеспеген нәрсені жасап көрді ме?

9. Өз ойымен бір нәрсені өзгерту тілегі бола ма?

10. Қараңғыдан қорқа ма?

11. Жаңаша сөз ойлап тапты ма?

12. Бұл сөзді түсіндірмесе де түсінікті деп есептеді ме?

13. Өз тілегіне қарап, жиһаздың орнын ауысттырып көрді ме?

14. Бұл ойы сәтті болды ма?

15. Бір нәрсені өз қажетінен басқа нәрсеге қолданып көрді ме?

16. Сіздің балаңыз тым кішкене болған кезде әр түрлі заттардың қолданылуын таба алды ма?

17. Киімді сіздің емес өз талғамына қарай кигенді ұнатады ма?

18. Басқаларға түсініксіз өзінің жеке жан дүниесі бар ма?

19. Өзі түсінбейтін нәрселердің жауабын іздей ме?

20. Қоршаған құбылыстарды түсіндіруді жиі сұрай ма?

21. Көркемделген суреттері аз кітаптарды оқығанды жақсы көре ме?

22. Ойындар мен көңіл көтерулер ойлап тапты ма?

23. Көрген түстері мен бастан кешірген жағдайларын есінде сақтап айта ала ма?

Ұпай санау: Әрбір «иә» деген жауап 1 ұпай.

Нәтижелері:

20-дан 23 ке дейін: бала өте алғыр, қоршаған ортаға өзіндік көзқарасы бар, оған көмектесу керек.

15-тен 19-ға дейін: бала үнемі өз қабілетін аша алмайды, ол бір нәрсеге қызықққанда ғана тапқырлық, ойлылық таныта алады.

9-дан 14-ке дейін: көп білім салаларына жеткілікті үлкен ойы бар, бірақ олар үшін жеке көзқарас міндетті емес. Дегенмен шығрмашылықпен айналысуға көп нәрселер жетіспейді.

4-тен 8-ге дейін: балаңыз өзіне қажетті мақсатқа жету үшін ғана шығармашылықпен ойлана алады, тәжірибелік іс-әрекетке бейімі бар.

4-тен төмен: балаға ойлап табушылық жетіспейді, бірақ ол қиын мамандық болсада, жақсы орындаушы ретінде жетістікке жете алады.
Керн-Йирасек тесті
Балалардың мектепке дайындығын, баланың психикалық даму деңгейін анықтауға арналған жекелей және топтық түрде жүргізілетін тест.

Тест үш түрлі тапсырмадан тұрады:



    1. ер адамның суретін салу;

    2. әріптерді көшіріп салу;

    3. Нүктелер жиынтығын көшіріп салу.

Бұл жаттығулардың барлығы қолдың икемділігі мен дәлдігін анықтауға, баланың интеллектуалдық деңгейін дамытуға, үлгіге қарап жазуға, зейінінің тұрақтануына бағытталған.

Тапсырма №1

«Ер адамның, әкеңнің, ағаңның суретін сал, қалай сала аласың, солай сал». Ешқандай қосымша нақтылаудың керегі жоқ, көмектесудің немесе қатесін түзетуге болмайды.

Тест бағасы:



  • 1 балл – суреттің басы, денесі, аяқ-қолдары бар. Бас пен дені мойын жалғап тұрады (бас денеден үлкен болмауы керек). Баста шаш немесе шляпа,шапка,құлақ болуы керек. Бетие көз, мұрын, ауыз, болуы керек. Қолдың 5 саусақпен салынуы керек.Ер адам екенін білдіретін детальдары болуы мүмкін.

  • 2 балл – алдыңғы бал сияқты барлық талапқа сай болуы және 1-2 жері кем болуы – мойыны, шашы, бір саусағы жетіспеуі, бетінің бір жері жетіспеуі мүмкін.

  • 3 балл – адамның басы, денесі аяқ – қолы екі сызықпен салынған, мойыны, құлағы, шашы, саусақтары, аяғының өкшесі жетіспейді.

  • 4 балл – адамның басы мен аяқ-қолы біреуі ғана бар.

  • 5балл – адамның денесі, аяқ-қолы қанық емес.

Тапсырма №2

Балаға нұсқау хат:

«Қара, мұнда бір нәрсе жазылып тұр. Сен жазу білмесең де, оны сурет деп ойла да, тура осылай салып көр».

Мен тамақ жеймін

Тестілеу бағасы


  • 1 балл – баланың салғанын оқуға болады. Түзу жолдан 30градусқа дейін ғана өзгерген.

  • 2 балл – сөзді оқуға болады. Әріптер үлкендігі жағынан үлгіге келеді, әріптің түзу жазылуы маңызды емес.

  • 3 балл – сөздің тек төрт әрпін оқуға болады. Әріптер бөлініп жазылған.

  • 4 балл – сөз екенін әріптердің алыс орналасуынан білуге болады, тек екі әріпті оқи аласыз.

  • 5 балл – тек шимай.

Тапсырма №3

Балаға нұсқау хат:

«Мұнда нүктелер салынған. Тура сондай етіп сен өз қағазыңа сал».




    1. балл – үлгідегідей дөңгелек емес, нүкте салынған. Пішіннің симметриясы да сақталған. Пішін есеге кішірейтілген болуы мүмкін, бірақ үлкеюі екі еседен артық емес.

    2. балл – симметрияның кішкене ауытқуы мүмкін, бірақ көп емес, нүкте емес, дөңгелек салынған.

    3. балл – симметрияның барлығы дерлік жойылған, үлгіден ауытқыған, нүктелер саны өскен немесе кеміген.

    4. балл – шимай .

Барлық тапсырманың қосындасы осы тестілеудің зерттеу нәтижесі.

Барлық тапсырмадан 2-5 балға дейін алған бала психомоторлық даму деңгейі дамыған, мектепке дайын болып есептеледі.

6-7 балл – орта деңгей былайша айтқанда «ашылып келе».

8-9 балл – орта деңгейден төмен. Бұл бала әлі де біраз дайындықты қажет етеді.

10 балдан жоғары – психомоторлық жағынан дамыған деңгейі төмен болып есептеледі.

Венгердің «10 сөз» тесті

Біз енді баланың зейін, есте сақтау, ойлау қабілетінің деңгейін анықтайтын әдістерге көшейік.

Тестілеу өте қарпайым. Есте қабілетінің деңгейін анықтауға «10 сөз» тесті жақсы тапсырма. Жүргізу өте оңай.

Сіз балаға 10 сөзді есінде ұстауды өтінесіз. Мысалы:

Мысық, орман, үй, түн, ине,көпір, аға, ат, терезе, орындық.

Сіз ақырын осы сөздерді оқып шығып, баладан есінде қалғанын қайталауын өтінесіз. Сосын осыларды екінші рет оқып шығып, тағыда баладан қайталауын өтінесіз. Осылайша бала барлық сөзді толық есінде сақтағанға дейін жалғастырасыз.

Балаға нұсқаухат:

«мен қазір саған 10 сөз оқимын. Олардың барлығын сен білесің. Жақсылап тыңдап, есіңде сақта. Сосын есіңде қалғанын қайталап айтып бер. Есіңе көп сақтауға тырыс»

Балаға қайталаудың алдында берілетін нұсқаухат:

«мен саған тағы да сол сөздерді оқимын, сен оны қайталайсың. Сен есіңде қалған сөздердің бәрін айтуың керек. Сен оны алдында қайталасаң да айып етпейді»

Нормативтер

Бала алғашқыда 4-5 сөз жаттайды. Ал барлығын 3-5 рет қайталағанда есінде сақтайды.

Егер бала 6-7 рет қайталағанда да есінде сақтай алмаса –ол нерв жүйесінің әлсіздігін немесе мидың минималды дисфункциясын білдіреді. Әдетте ондай баланың есте сақтау қабілетіне де байланысты. Мұндай жағдайда невропатологтың кеңесі керек.




  1. «Балалардың мектепке ойдағыдай бейімделу шарттары» тақырыбына бірінші ата аналар жиналысына арналған тәрбие сағатының конспектісі.

Трингтің тақырыбы: » «Балалардың мектепке ойдағыдай бейімделу шарттары»

Дөңгелек үстел, тренинг түрінде өткізілген ата-аналар жиналысы

Жалпы мақсаты:

  1.Ата-аналардың жанұядағы бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру;

2.Сыныпта  ата-аналарын ынтымақтастықта, өзара сыйластықта бірлесе әрекет етуге,пікір алмасып,ой білдіруге шыңдау.

3.Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Баланың отбасына  деген махаббатын ояту.

 


Оқу нәтижелері:

      Өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етуге;

Ата-аналарды бала тәрбиелеудегі  тәжірибелерін бөлісуге, баламен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеруге;

Ата-аналардың мектеппен ынтымақтаса жұмыс жүргізуде балаға  ықпал етумен танысады.


Түйінді идеялар:

  Бала тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың маңызын игеруге , бала жанының ерекшеліктерімен  танысуына мүмкіндік береді.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1.Мотивациялық кезең

 

 



 

 

 



Ой қозғау:

 

Топқа бөліну

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Миға шабуыл

 

 



 

«Қызықты сұрақтар»  жаттығуы

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сергіту  сәті.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Постер қорғау

 

 



 

 

 



Өзіңізге ұнайтын түсті таңдаңыз!

Психологиялық тест

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Сетуациялық жағдаят

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ой толғау

 

 

 



 

 

 



Ыстық орындық» ойыны

Ой қозғау:

 

Ой қорыту



 

Қорытынды:

 

«Жүректен шыққан жылы сөздер..»



  Тренинг  барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана. Мұғалім: Тренингімізді бастамас бұрын шаттық шеңбері құрылады. Ата-аналар ортаға шығып дөңгелене тұрады.

Керегені кереміз,

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрамыз.

Барысы:

Б
Шаттық шеңбері:

Ата — аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір — біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір — бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.



Жүрек жылуы: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз жүректен шыққан жақсы ,жылу сөздерін жүрекшені ұсына отырып тілейді.

1.Топқа бөліп отырғызамын (3 топ 15 ата-ана)

Енді ата — аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны

айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.


Ал енді ата — аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.

Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.

Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.

Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып

қорғайсыздар(әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

«Жапырақ тамырдан нәр алады»

Енді ата — аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.

Осы ағаштың тамыры – ата — ана, діңгегі — тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз.

Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз  жемісін береді.

2.      «Бала деген кім?»

Бала суреті ілініп тұрады.Одан әр жаққа сызықша тараған.



Т а п с ы р м а: Балаға қандай қасиеттер тән,атаңыздар.

Әр топ атап шығады,жазады..



Қимыл-қозғалыс ойыны. Сұрақтарға жауап алу.

«Иә» десеңіздер-қолдарыңызды шапалақтаңыздар.

«Жоқ» десеңіздер-аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

1.Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламаны қарап жүресіз ба?

2.Бала тәрбие беру кезінде үйде ата-ана (жанұя)бірдей ықпал жасай ма?

 -Егер «жанұя»десеңіздер жымиыңыздар.

-Егер «қоршағанорта,қоғам» десеңіздер қолымызды алға созамыз.

3.Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыздар?

Eгер «әке»десеңіздер қолды шапалақтаңыздар.

Егер «шеше»десеңіздер қолды бұлғаймыз.

Егер «екеу» десеңіздер орнымыздан тұрамыз.



«Серіппелі доп» ойыны. Допты лақтыра отырып, сұрақтарға жауап алынады

Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрады, жүргізуші допты лақтыра отырып, сұрақтар қояды.


1.Балаңыздың сүйікті түсі?

2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні


3. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
4. Қандай жануарды жақсы көреді?
5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
7. Балаңыздың жақын досы кім?

8. Туған жылы, айы, күні

9.Бала тәрбиесіне кім жауапты?

10.Балаңыз кеше қандай баға алды?

11. Ең жақсы көретін пәні

12. Жақсы көретін мерекесі

13. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

14. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

15. Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?

Әр топқа тапсырма

•      Алдарыңызда тұрған плакатқа өздеріңізге ұнаған бір машинаны салып,оның әрбір бөлшегін отбасы мүшелеріне бөліп

тастаңыздар. Мыс:  дөңгелегі-?  Рульі-? т.б Салған суреттеріңіз бойынша төрт шумақтан тұратын өлең жолдарын арнаңыз.

Топтардың бірін-бірі бағалауы



Түстер де сіз жайлы сыр шерте алады.

Көк түс: Байсалдылық .Қанағаттылық белгісі. Ағзаны тыныштандырады, демалдырады. Бронхит, астма,  бас сақинасына, бүйрек  ауруларына жақсы  көмектеседі.

Қызыл түс: Алдына мақсат қойса жетпей тынбайтын адамдар. Махаббат пен батылдықты  бейнелейтін түс, бірден жұрттың көңілін өзіне аударады,  сезімге берілгіш.

Қоңыр түс: Қонақжай адамдар.Бұл түсті екі аяғымен нық тұрған,өз-өзіне сенімді адам қалап таңдайды. Жүйке  әлсірегенді басады.

Сары түс: Өзін де, басқаны да қуантып жүретін адамдар. Адамдардың тез араласып кетуіне жәрдемдеседі, жігерлі адамдарға тән.

Ақ түс: Мейірімді адамдар.Тазалық пен ұқыптылық  басым. Ол жарықты, ашықтықты, шындықты бейнелейді.

Жасыл түс: Байсалды, өз-өзін үнемі еркін  ұстайтын, жүрген ортасында белсенді адамдар.Бұл түс адамның  өз-өзіне деген сенімділігін  арттырады.

Қоңыр қою түс: Ішімдегіні тап деп қарап отыратын тұйық мінезді адамдар. Бұл түс күш,  тектілік пен байлыққа құмар жандардың қалайтын түсі.

Сіз  білесіз  бе?

1-топ: Марат жазаланды. Ол 2 бірдей “2”алған болатын.Әкесі ұлымен қатаң сөйлесіп, үйден шығуға рұқсат етпей қойды. Бірақ достары бірге жіберуді сұрай бастайды.

2-топ: Ата-ана ауылға әжемізге барып, саяжайда жұмыс істеуді ұйғарды.Онда Русланнан басқалардың бәрі өздеріне жұмыс тапты. Оған жүйектерді арам шөптен тазарту, бұлақтан су әкелу ұсынылды.Бірақ ол мұның бәрінен бас тартты. Бақшада көбелек қуып жүрді. Айқайлап ,жұрттың жұмысына кедергі келтірді.

3-топ: Айжан анасына тосын сый жасағысы келді.Сөйтіп ол мектептен келе салып ыдыс-аяқтарды жуып,ас даярлады. Анасы келгенде оның алдына көңілденіп шығып, қолындағыларын алды,шешінуіне көмектесті. Бірақ анасы оған ешқандай мән берген жоқ, біртүрлі көңілсіз еді. Сонан соң қызы анасын дастарханға шақырды. Тамақтанып болған соң «рахмет» деді де өз бөлмесіне кетіп қалды.

Сұрақ –жауап

1.Отбасында бала тәрбиесіне  кім көп  көңіл бөлгені  дұрыс ?

2.Қыз баланы  , әлде  ер  баланы  тәрбиелеу  қиын  ба ?

3.Бала  тәрбиесіне  әке қатал  болуы  керек пе ?

4.Балаңызды еркелеткенде қандай сөз  айтасыз ?

5.Балаңыздың  досы  бар  ма ,  Ол  кімдермен  араласады ?

6.Балаңыздың  сабаққа   дайындығына     бақылау  жасайсыз  ба?

Әр ата-ананы орындыққа отырғызу арқылы топтан сұрақтар қояды.



«Аялы алақан» әр ата-ана өз балаларына ақыл –кеңес жазу

« Баламның бойындағы жағымсыз қасиеттер,баламның бойындағы жағымды қасиеттер»



Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.

Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.


«Әке- асқар тау. Ана- ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ»

-Олай болса,әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады. Өміріміз мәнді, тұрмысымыз сәнді, мұрагерлеріміз нәрлі болмағы өз қолымызда.

Барлығымыз да ата-анамыз мына жүрекшелерге өз баларыңызды қалай еркелетесіздер, қандай мейірімді сөздер айтасыздар, яғни жүректен шыққан жылы сөздеріңізді жазыңыздар. Үлкен жүректі тақтаға іліп, әрбір қатысушы жүрекшелердегі жазған сөздерін оқып үлкен жүрекке орналастырады.

Мына үлкен жүрек, ата-ана, сіздің жүрегіңіз, ал мына жүрекшелер сіздің балаларыңыздың жүрегі. Әрқашан да балаларыңызға деген жылы сөздеріңіз көп болсын! Олай болса, ата-ана жүрегі қашанда бала, ал бала жүрегі ана деп соғуы керек- дей келе, ақиық ақынымыз М. Мақатаев жырлағандай:

Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды.

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ата-ананың жасалады ,– дегендей, балаларымызға үлгі болар отбасылары көбейіп, қазағымның айнасы болып жүре берсін.

Бүгінгі тренингке ат салысып қатысқандрыңызаға,келгендеріңізге көп-көп рахмет!


Рефлексия

«Түйінді сөзді мен айтамын»Бүгінгі тренингтен алған әсерін жазу.

Кері байланыс

 «Екі жұлдыз бір тілек» атты кері байланыс жүргізу арқылы

Ата-аналар жүрекшелерге өз балаларына тілек жазу   



  1.   Ата-аналарға   арналған  сауалнама № 

  2. 1.Балаңыздың  ең  қызықты  оқу  пәні _________________________

  3. __________________________________________________________

  4. 2.Балаңыз үшін  ең  қиын  оқу  пәні ___________________________

  5. __________________________________________________________

  6. 3.Қандай  кәсіби  мамандыққа  балаңыз   икемсіз? _______________

  7. __________________________________________________________

  8. 4.Мінез –құлық  ерекшеліктерін  атаңыз? ______________________

  9. __________________________________________________________

  10. 5.Балаңыз  не  нәрсеге әуес? _________________________________

  11. __________________________________________________________

  12. 6.Балаңыздың  оқу  дәрежесі  қандай? _________________________

  13. __________________________________________________________

  14. 7.Балаңыздың  бойынан мына  қасиеттерді  көре  аласыз ба?

  15. /адал, ұстамды, сабырлы  тәртіпті  т.б./ _______________________

  16. __________________________________________________________

  17. 8.Үлкендерге  балаңыздың  көзқарасы  қалай? 0__________________

  18. __________________________________________________________

  19. 9.Балаңызды  қалай  бағалайсыз  немесе  қандай баға  бересіз? ____

  20. __________________________________________________________

  21. 10.Балаңыз  мұғалім  берген  тапсырманы  міндетті  түрде орындай

  22. ма? ______________________________________________________

  23. __________________________________________________________

  24. Ата-ананың  аты жөні: ______________________________________

3.«Бірінші сыныптағылар қатарына қабылдау» мерекесінің сценарийін құрастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет