Диссертацияның рецензенттері
математика, механика, математикалық
және компьютерлік модельдеу, ғарыштық техника және технологиялар
салаларында жұмыс жасайтын жетекші ғалымдар болды, барлығының
рецензияланған диссертацияларды зерттеу саласында кемінде 5 жұмыстары
бар. Олар диссертациялық жұмыстардың зерттеу тақырыптарының өзектілігі
мен олардың жалпы ұлттық бағдарламалармен байланысын, алынған
нәтижелердің дәрежелер беру ережелеріне сәйкестігін, атап айтқанда
дербестік, ішкі біртектілік, ғылыми жаңашылдық, нақтылық, тәжірибелік
құндылық және академиялық адалдық қағидаларына мұқият талдау жүргізді.
Ізденушілердің жарияланымдарына көп көңіл бөлінді: рецензенттер жоғары
импакт-факторы бар журналдарда мақалалардың болуын және Халықаралық
ғылыми конференцияларға ізденушілердің қатысуын атап өтті.
Сапасыз пікірлер жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |