2019ж. «Этнопедагогика» пәні бойынша ОҚУ Әдістемелік кешені



бет7/9
Дата25.03.2020
өлшемі0,65 Mb.
#60709
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
этнопедагогика
Mr

Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14.
9 дәріс тақырыбы. Жаһандану кезеңіндегі этномәдени білім.

Жоспар


  1. Этникалық мәдени білім кеңістігі

  2. Этномәдени білім туралы түсінік

  3. Этномәдени білімді іске асыру ұстанымдары.

  4. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу.

        1. Этникалық мәдени білім кеңістігі

Этникалық мәдени білім кеңістігі дегеніміз этникалық мәдениеттердің дамуына қажетті мәдени құнар мен ұлттық-мәдени қауымдастықтарды дамытатын материалдық жағдай болып табылады. Этникалық-мәдени кеңістік, бір жағынан, этникалық-мәдени білім үшін қажетті жағдай болса, екінші жағынан оның жекелеген белгілері этникалық-мәдени білімнің өзін еселей түседі.

Этникалық-мәдени білім кеңістігі – бұл отбасы, ана тәрбиесі, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектептер, жоғары оқу орындары, ұлттық мәдени орталықтар, үйірмелер мен курстар. Құрылымдық жағынан ол өзара табиғи байланысты мынадай үш саладан тұруға тиіс: оқу орындарында білім беру (мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары т.б.), оқу орындарынан тыс білім беру (курстар, кітапханалар, радио, және т.б.), биресми білім беру (отбасында оқыту және тәрбиелеу, достармен, көршілермен қарым-қатынас т.б.).

Мәдени білім кеңістігін ұлттық-мәдени орталықтар, мектептердегі, мәдениет сарайларындағы, оқу орындарындағы, басқа ұйымдардағы үйірмелер мен курстар құрайды. Мұнымен қатар этникалық-мәдени білім кеңістігі теле-радио хабарлары, газет пен журналдар жарияланымдары арқылы да құрыла алады.

Оқыту мекемелері және отбасымен қатар кітаптар, оқулықтар, арнаулы журналдар, оқу фильмдері мен хабарлары этникалық-мәдени білім кеңістігін кеңейте түседі.



        1. Этномәдени білім туралы түсінік

Ғылыми айналымға этномәдени білім беру тұжырымдамасын ендірген ғалым Ж.Наурызбай «Этномәдени білім беру» терминін «білім беру саласында этномәдени мүдделерді асыру» ұғымын категориялық тұрғыдан құру тұрғысынан қарастырады. «Этномәдени білім беру – тұлғаның этномәдени біртектілігін сақтай отырып, өзінің ана тілі мен мәдениетіне әлемдік мәдениет құндылықтарын игере отырып жақындастыруға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жүйесі», деген өз анықтамасын ұсынған

Бүгінгі таңдағы ғылыми әдебиеттерде қазіргі этномәдени білім беруді сипаттайтын анықтамалар туралы қалыптасқан түрлі көзқарастарды саралау арқылы ұғымдық-терминологиялық аппарат жүйесі:



Этномәдени білім берудің құрылымдық бөліктеріне мыналарды жатады:

  • өзінің төл мәдениетін саналы, сыни тұрғыдан игеру нәтижесінде оқушыларды мәдениетаралық толеранттылыққа тәрбиелеу;

  • этномәдени дәстүрлерді танып-білуде бейнеленген жеке тұлғалық мәнге ие болуын қамтамасыз ететін оқушылардың әлеуметтік ортада өзін-өзі танып-білуі мен өзін-өзі жүзеге асыруы;

  • тұлғаның этномәдени сабақтастығының траекториясы мен оны мәдениетаралық диалогқа дайындау жағдайында педагогтар мен балалардың педагогикалық, әлеуметтік өзара әрекеті.

Этномәдени білім берудің сипаттамасы және оның негізгі категориялары: этномәдени даму, этномәдени тәрбие, этномәдени оқыту. Этномәдени даму дегеніміз баланың мәдени ортаға ену процесі, онда тұлғалық жаңа құрылымдары бірнеше мәрте қайта жаңғыртылады және бекітіледі, соның негізінде тұлғаның тұрақты этникалық құрылымы жеткілікті дәрежеде қалыптасады.

Жоғарыдағы анықтамаларды жалпылай отырып, этномәдени білім беру әр халықтың өз ана тілі, тарихы мен әдебиетін, мәдениетін, бір сөзбен айтқанда, жалпы этномәдени құндылықтарын игере отырып, басқа халықтың осы құндылықтарына төзімділікпен қарау.

Сонымен, оқушыларға этномәдени білім беру балаларға ана тілін, төл мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын, жалпыадамзаттық мәдени қазынаны игерте отырып, олардың мәдениетаралық ұлттық сана-сезімі мен этномәдени сәйкестілігін қалыптастырып, төзімділігін тәрбиелеуге бағытталған білім беру жүйесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы егемендік алған алғашқы жылдарда ұлттық мектеп жасауға, онда ұлттық тәрбие беруге мемлекет тарапынан бірнеше тұжырымдамалар қабылданды. Олар: «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы», «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы», «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы» т.б.

Осындай маңызды құжаттың бірі 1996 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес талқылап, бекіткен, сол жылы 15 шілдеде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың № 3058 Өкімімен мақұлданған «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім» тұжырымдамасы (авторы Ж.Ж.Наурызбай).

Бұл тұжырымдаманың негізгі идеясы этностық топтардың өзіндік ерекшелігін сақтауға, сонымен бірге өзге мәдениеттердің құндылықтары мен қалыптарын игеруге бағытталған білім беру үлгісін жасау болып табылады. Мұнымен қатар этностық сәйкестіліктің жоғалып кетпеуі және жалпымемлекеттік құндылықтардың қабылдануының қамтамасыз етілуі ескеріледі.

Онда этникалық білім берудің негізгі міндеттері былай көрсетілген: жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу; тұлғаның өзіндік төл мәдениетіне сай болуына және өзге мәдениеттерді игеруіне жағдай жасау, мәдениеттер алмасуына, олардың бірін-бірі байытуына бағдар беру; ана-тілінде еркін ұғынысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Онда: «Этникалық-мәдени білім – бұл ана тілі мен төл мәдениетті әлемдік мәдениеттің құндылықтарын қоса игеру арқылы тұлғаның этникалық-мәдени сәйкестігін сақтауға бағытталған білім» - десе, ал тұлға туралы: «Өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерге бағыт ұстаған адам – жан-жақты мәдениетті тұлға» - деп тұжырымдаған.

Тұжырымдамада мәдени-этникалық білімнің мынадай төрт функцияны атқаратындығына назар аударылған:

- ұлттық сананы қалыптастырады және дамытады;


  • этникалық-ұлттық қоғамдастықтың тұтастығының жаңғыруын қамтамасыз етеді;

  • адамның, этникалық топтардың ұлттық мәдени қажеттігін айқындайды;

- мәдениеттердің өзара бірлігін, кірігуін, байытуын, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ тұжырымдамада ұлттық білім идеясын жүзеге асырудың негізгі шарттары былай анықталған: білім беру мен мектептің ұлттық бастауларын дамыту және нығайту; жеке тұлға үшін ана тілі мен төл мәдениеттің сөзсіз басымдылығын тану және оны қамтамасыз ету; білім беруді демократияландыру; жеке адам мен қоғамның мәдени-этникалық қажеттілігін іске асыруға бағытталған білім беру қызметінің үздіксіздігі; мемлекеттік біртүтас бағдарлама негізінде аталған проблема бойынша халықтың этникалық құрамының ерекшеліктері ескерілген аймақтық бағдарламалардың болуы.



3. Этномәдени білімді іске асыру ұстанымдары.

Этномәдени білімді іске асыру ұстанымдары:



  • этникалық және тілдік топтарға білім беру қызметтерін көрсету саласына саяси партиялардың, өзге де қоғамдық, оның ішінде діни бірлестіктердің, жеке адамдардың қатысуы заң шеңберлерімен шектеулі болуға тиіс.

  • ұлттар мен ұлттық топтардың білім беру саласындағы этникалық – мәдени сұраныстарын қанағаттандыруда іс жүзіндегі тең құқықтылығының қамтамасыз етілуі.

  • жеке адамның этникалық мәдени сұраныстарының қоғам мүдделерінен, қажеттілік пайымдауларынан басымдығы туралы ереженің түсінілуі және қабылдануы;

  • мемлекеттік саясаттың қоғамда Қазақстанның прогресі мен гүлденуінің маңызды шарты ретінде этникалық мәдени келісімді қамтамасыз ету негізінде іске асуы;

  • интернациональдық мәдениеттің аса маңызды құндылықтары: бірігу мен ұлтаралыұ татулықтың, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының және де тағы да басқаларының практикаға ендірілуі;

  • білім беру ісін- білім дарыту мен кадрлрады кәсіби даярлаудың тетігі ретінде емес, түптеп келгенде мәдениет түзуші институт, жеке тұлғаның адамға, ұлтұа тән ерекшеліктерін сақтап дамытудың құралы ретінде қараудың жүзеге асуы.

    1. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу.

Көпмәдени жеке тұлғаны қалыптастыруда, өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерге бағыт ұстанған адам жан-жақты мәдениетті тұлға деп ұсынылады. Төл мәденитетті терең білу ол үшін – басқа мәдениеттерге қызығушылықтың іргетасын қаласа, көп мәдениетпен танысу – рухани баю мен дамудың негізі болады. Сонымен бірге жеке тұлға өз ұлтының мәдениеті мен тілін қажетсіне ме, оларды меңгеруге ұмтылысы, өзін өзі халқына сәйкестендіруге ықыласы бар ма деген мәселе өте маңызды. Мемлекет осы үш фактордың әрқайсысын қалыптастырудың нақты жолдарын қарастыруға, тұлғаны ана тілі мен төл мәдениетті меңгеруге ынталандырып, жан-жақты жәрдем көрсетуге тиіс. Алайда жеке адамның өз айқындамасы шешуші маңызға ие.

Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 6, 8, 9, 10, 11, 60

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14.
10 дәріс тақырыбы. Этнопедагогикалық тәрбие бағытындағы әрекеттің мазмұны мен сипаты.

Жоспар


  1. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогика бойынша дайындау.

  2. Қазақстан Республикасының этнопедагогикалық тәрбие бағытындағы тәрбие бағдарламалары

  1. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогика бойынша дайындау.

Қоғамның жаңаруы мен демократияландыру процесінде, республиканың тәуелсіздік алған жағдайларда біздің қоғамның тарихы, оның көптеген әлеуметтік институттар қызметтері, өз уақытында ұмытылған немесе тыйым салынған халықтың рухани өмірінің құбылыстары, өткеннің мәдени-тарихи мұраларының, оның ішінде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі этникалық педагогиканың қайта өрлеуі – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Адамның азамат болып қалыптасуында халықтың әлеуметтік мәдениет пен рухани құндылықтары, оның әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері маңызды рөл атқарады. Сондықтан этнопедагогиканың оқытпауы мен қолданбауынсыз тұлғаны толыққанды тәрбиелеу мүмкін емес. Қазіргі кезде әдет-ғұрып пен этнопедагогиканың педагогика ғылымының әдіснамалық-теориялық жағдайларымен бірігуі, қоғамның алдына қойған тәрбиелік мақсаттардың шешілуі өзекті мәселе болып табылады.

Жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибені, сан ғасырлық мәдени дәстүрлерді есепке ала отырып, білім беру мазмұнының жаңартылуы болашақ мұғалімдерді дайындау процесіне жаңа талаптарды ұсынады. Себебі, оқушыларды этнопедагогика элементтермен тәрбиелеуі, ең алдымен, мұғалімнің оның теориялық және практикалық дайындығының деңгейімен анықталады. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындау оларға жүйелі этнопедагогикалық білім беру арқылы жүзеге асырылады.

Этнопедагогикалық білім деп этнопедагогика ғылымының теориялық негіздерін айтамыз. Ал этнопедагогикалық білім беру – болашақ мұғалімдерге сол білімдерді жүйелі меңгерту арқылы олардың этнопедагогикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру процесі, нәтижесінде олардың оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даяр болуы.

Болашақ мұғалімдерге этнопедагогикалық білім берудің міндеті – оларды ұлтжанды ұстаз етіп даярлау, яғни олардың ұлттық санасы мен ұлттық дүниетанымын өз халқының тіліне, тарихына, мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне біртұтас етіп қалыптастыру.

Этнопедагогикалық білім берудің аудиториялық формаларына: лекциялар, семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтар, арнайы курстар, арнайы семинарлар мен факультативтер жатады. Ал аудиториядан тыс формаларына: экскурсиялар, рефераттар, конференциялар, диспуттар, конкурстар, олимпиадалар, курстық және дипломдық жұмыстар т.б. жатады.

Этнопедагогикалық білім беру әдістеріне: әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, пікірлесу, көрсету, талқылау, жаттығу, сұрақ-жауап т.б. жатады.

Этнопедагогикалық білім беру құралдары: ұлттық тіл, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы, халық тарихы, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, ұлттық өнер т.б. Этнопедагогикалық білім берудің нәтижесінде болашақ мұғалімдердің оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярлығы қалыптасады, яғни олар ұлтжанды ұстаз болып шығады.

Қазіргі кезеңнің жағдайларында толыққанды мұғалімнің этнопедагогикалық дайындығында жалпы этнопедагогика орталық орынды алады. Жалпы этнопедагогика жоғары білім беру маңызды оқыту пәні болып саналады. Жалпы этнопедагогика мазмұны бойынша этнопедагогикаға кіріспе ретінде қарастырылады, өйткені оның зертттейтін пәні жалпы негізде, «Этнопедагогика бойынша керекті мәліметтер» (халықтық педагогика, дәстүрлі педагогика, тәрбиелеудің дәстүрлі мәдениеті, халықтық педагогикалық мәдениет, педагогикалық ақыл, тәрбиелеудің дәстүрлі формалары, фольклорлық педагогика және т.б.) болады.

Этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы болашақ мұғалімдердің ішкі әлемінің, оның рухани тәрбие жағының қалыптасуына бағытталады.

Этнопедагогикалық білім беру – студенттердің этнопедагогикалық ғылыми негіздері туралы жүйелі білім үйренудің үрдісі мен нәтижесі. Мұғалімдерді дайындаудағы этнопедагогикалық білім берудің мақсаты – мұғалімнің ұлттық танымының қалыптасуы қажет, жауапкершілікті, өз халқының тарихына, тіліне, мәдениетіне және әдет-ғұрпына енжар болмауы қажет.

Басты мақсатты айқындаған соң, этнопедагогикалық білім берудің төмендегідей мақсаттары бар:


    • қоршаған ортаға құндылықты қатынастың қалыптасуы;

    • этномәдени құндылықтарды қабылдау мүмкіндіктерінің дамуы;

    • этнопедагогика бойынша арнайы білім үйренуге қызығушылықтың артуы;

    • халықтық шығармашылықтың түрлері арқылы (поэзия, музыкада) өзін-өзі шығармашылық тану талабының дамуы;

    • ана тілді меңгеруі;

    • өз халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін және тұрмыс мәдениеттін білуі;

    • әртүрлі ұлт студенттердің мәдени қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;

    • студенттерге патриоттық сезімдерінің қалыптасуы және халықтың рухани құндылықтардың негізінде ұлтаралық қатынастардың қалыптасуы;

Студенттерге этнопедагогикалық білім беру мақсатының негізіне теориялық және методологиялық принциптері кіреді. Этнопедагогикалық білім беру – педагогикалық білім беру процесінің құрылымдық бөлігі.

Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық білім беруі студенттердің педагогикалық білім берудің бір бөлігі ретінде қарастырады. Этнопедагогикалық білім беру толық педагогикалық білім беруден тыс қарастырылмайды. Этнопедагогикалық білім берудің мәселелерін шешуде этнопедагогиканың бір пәнімен шектелуге болмайды.



2. Қазақстан Республикасының этнопедагогикалық тәрбие бағытындағы тәрбие бағдарламалары

Мектептегi тәрбие жұмысының бiр саласы – оқушылар ұйымдарында ұлттық тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында көптеген жұмыстар атқарылуда. Мектептегi бiлiм жүйесiнiң ұлттық моделiн жасауда Ә.Садуақасовтың “Дәстүр” бағдарламасының (Алматы,1992) педагогикалық маңызын да айтпай кетуге болмайды. Автордың негiзгi ойы қазақ этнопедагогикасы негiзiнде ұлттық мектептiң iргетасын қалау, оқу мен ұлттық тәрбиенi ұштастыра отырып “Ауыл академиясының” негiзiн қалау еді. Жазушы Зейнеп Ахметованың “Кәусар бұлақ” бағдарламасы (1992) халық педагогикасындағы қыз балалар тәрбиесiне арналған.

1990 жылдары жазылған “Қазақтың салт-дәстүрлерi” (С.Қалиев, М.Ж.Смайылова, М.Оразаев), “Қазақ тәлiм-тәрбие тарихы” (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев), “Әдеп әлiппесi” (Ә.Табылдиев) және басқа оқулықтар бiрiншiден, оқушыларға ұлттық тәрбие беруде ұстаз-тәлiмгерлер бiлiмдерiн жетiлдiру және дайындауға; екiншiден мектептегi тәрбие жұмыстарына ұлттық тәлiм-тәрбие құндылықтарын ендiру мен пайдалану iстерiне бағытталған.

1992 жылы профессор Е.А.Дмитриенко мен Д.Шайменованың “Жұлдыз” атты бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның басты мақсаты дағдарысқа ұшыраған Қазақстан пионер ұйымын сақтап қалу және ұйым жұмысын тәуелсiздiк алған Қазақстан мемлекетiнiң ерекшелiктерiне сай құру болды. Қазiргi таңда ұйым – республикалық “Жұлдыз” оқушылар мен балалар ұйымдары одағы деп аталады.

1995 жылы “Болашақ” оқушылар ұйымының жобасы (C.Қалиев, С.Иманбаева) жасалып, көпшiлiктiң талқысына ұсынылды.

Қазақстанда мемлекеттiк тiркеуден өткен саяси партиялардың жастар iсi жөнiндегi бөлiмдерiнiң жанынан балалар мен жасөспiрiмдер ұйымдарын құру мәселелерi қарастырылуда. Павлодар, Қарағанды облыстарында “Қазақстан скауттары” атты балалар мен жастардың ұйымдары жұмыс iстеуде.

Оқушылар ұйымдарының мәртебесiн көтеруде, ондағы ұжым мүшелерiнiң танымдық-шығармашылық қабiлеттерiнiң дамуы мен игiлiктенуiне, балалардың техникалық, интеллектуалдық, өнер қасиеттерiнiң ашылуына мүмкiндiк туғызатын –“Атамекен” арнайы ғылыми-педагогикалық бағдарламасы. Бағдарлама 1985 жылдан бері қарай алдымен ауыл мектептерінде, бертін келе республика мектептеріндегі оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарына енгізіліп келеді. Мектеп практикасына бағдарламаны ендіру – негізінен ұстаз-педагогтардың ақыл-кеңесі мен мектепішілік ұйым орда Кеңесі шешімдері арқылы жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін Бағдарламаның 41 Бағыты оқушылардың жас ерекшелiктерiне байланысты мынадай ретпен құрылған болатын:


    1. Семинарлық сабақтарының жоспары

1 семинар тақырыбы. Этнопедагогиканың теориялық негіздері.



Сұрақнама

  1. Этнопедагогиканың дамуы мен қалыптасуы

  2. Этнопедагогика пәні, мақсаты мен міндеттері

  3. Этнопедагогиканың басқа педагогикалық ғылымдармен байланысы

  4. Халық педагогикасы түсінігі

  5. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері

  6. Қазақ этнопедагогикасының пәні, мақсаты мен міндеттері

  7. Қазақ этнопедагогикасының қайнар көздері

  8. Халықтық педагогика және этнопедагогика.

Тапсырмалар

Тапсырма 1. Этнопедагогиканың пайда болу тарихына қысқаша шолу жасаңыз.

Тапсырма 2. Этнопедагогика мен ғылыми педагогиканың арақатынасын ажыратыңыз.

Тапсырма 3. Этнопедагогиканың негізгі ұғымдарына талдау жасаңыз

Тапсырма 4. Қазақ этнопедагогикасының логикалық –құрылымдық үлгісіне (К.Ж.Қожахметова бойынша) талдау жасаңыз.

Тапсырма 5. Этнопедагогиканың интегративті ғылым саласы екенін дәлелдеңіз.

Әдістемелік нұсқаулар: семинар сабақтарында дәрісбаянда қарастырылған сұрақтар қарастыралады, сол себепті дәрісбаян мәтіні мен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа алу керек. Сонымен қатар мерзімдік басылымдарға да талдау жасау қажет.

Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 6, 8, 9, 10, 11, 45,47,64

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14.
2 семинар тақырыбы. Педагогтардың ғылыми еңбектеріндегі халықтық тәрбие.

Сұрақнама

  1. Ресей педагогтарының еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері

  2. Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі халықтық тағылымдардың тәрбиелік мәні

  3. Қорқыт тағылымдарының тәрбиелік қағидасы

  4. Араб – шығыс мәдениетіндегі халықтық тағылымдар

  5. Қазақ жырауларының тәрбие туралы ойлары

  6. Қазақ ағартушылары еңбектеріндегі халықтық тәрбие мәселелері

  7. Ұлттық тәрбиенің қайта жандануы

Тапсырмалар

Тапсырма 1 Этнопедагогикалық ойлардың даму тарихын кезеңдерге бөліп қарастырыңыз (С.К. Калиев еңбегін басшылыққа алып)

Тапсырма 2 Отандық және шетелдік ғылымдарда этнопедагогикалық мәселелердің зерттелу деңгейін айқындаңыз, библиографиялық тізім құрастырыңыз.

Тапсырма 3 Шығыс ғұлама ойшылдарының еңбектеріне талдау жасаңыз.

Әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттер мен дәріс мәтіндерін пайдаланыз және 2 тапсырманы орындау барысында назар аударыңыз – библиографиялық тізім құрастыру үшін катологтарды, электронды каталогтарды, интернет материалдарын, облыстық, қалалық және университет кітапханаларындағы материалдарды қолдану қажет. Жинақталған деректерді келесі блоктар бойынша топтастырыңыз: қазақ тіліндегі әдебиеттер, орыс тіліндегі әдебиеттер, шет тіліндегі әдебиеттер. Тізімді құрастырғанда олардың сақталу мекен-жайларын (библиотека, Интернет) көрсету қажет.

Негізгі әдебиеттер: 8, 9, 10, 11, 45,47,64

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14.
3 семинар тақырыбы. Этнос түсінігі және оның пайда болу ерекшеліктері

Сұрақнама

      1. Этностар тарихын зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері

      2. “Этнос» туралы ұғым

      3. Этностардың пайда болу заңдылықтары

      4. Қазақ этносының пайда болу тарихы

      5. Қазақ атауының этимологиясы

Тапсырмалар

Тапсырма 1. Л. Гумилевтың этнос туралы теориясына талдау жасаңыз

Тапсырма 2. Ю.В. Бромлейдің этнос туралы теориясына талдау жасаңыз

Тапсырма 3. «Этнос», «халық», «ұлт» ұғымдарына шағын-сөздік құрастырыңыз

Әдістемелік нұсқаулар: 3 тапсырманы орындау бойынша мынаған назар аударыңыз: сөздікте 20 – дан астам терминдер мен категориялар болу керек. Сөздіктің редакциялық безендірілуіне қойылатын талаптар: шеттері 2 см, интервал 1.0, кегль 14, шрифт КZ Times New Roman, азат жол 1 см. Сондай-ақ дәрісбаянда қарастырылған сұрақтар қарастырылады, сол себепті дәрісбаян мәтіні мен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа алу керек.

Негізгі әдебиеттер: 8, 9, 10, 11, 45,47,64

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14.
4 семинар тақырыбы. Халықтық педагогикадағы жетілген тұлға идеалы.

Сұрақнама

  1. „Тұлға», «даралық», «жеке адам» ұғымдарының арақатынасы

  2. «Жетілген адам», «Сегіз қырлы бір сырлы», «Толық адам», «Этнос субьектісі» түсініктерінің арақатынасы

  3. Этникалық тәрбиенің мақсаты – жетілген тұлғаны қалыптастыру

Тапсырмалар

Тапсырма 1. Педагогикалық әдебиеттердегі «тұлға», «даралық», «жеке адам» ұғымдарының анықтамаларына талдау жасаңыз.

Тапсырма 2. «Жетілген адам», «Сегіз қырлы бір сырлы», «Толық адам», «Этнос субьектісі» ұғымдарын нақтылаңыз.

Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырмаларды орындау барысында дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыз, сондай-ақ оқу материалдарын меңгеру негізгі түсініктердің мазмұнын игерумен және құбылыстардан, процестерден нақты мысалдар келтіру арқылы бекіту керек Cондай-ақ педагогикалық деректерді қолданыңыз (анықтамалар, сөздіктер, газет-журналдар).

Негізгі әдебиеттер: 8, 9, 10, 11, 45,47,64

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14.
5 семинар тақырыбы. Халықтық тәрбие құралдары және оның факторлары.

Сұрақнама

  1. Этникалық тәрбие құралдарының тәрбиелік маңыздылығы

  2. Дәстүрлер мен салттар, әдет-ғұрыптар, салт-жоралғылардың тәрбиелік мәні

  3. Халықтың ауызекі шығармашылығының түрлері

  4. Бата – тілек білдіру, ырым-тыйым сөздер

  5. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет