2019ж. «Этнопедагогика» пәні бойынша ОҚУ Әдістемелік кешені


Ұлттық ойындар, ұлттық спорттық ойындар мен жарыстар



бет5/9
Дата25.03.2020
өлшемі0,65 Mb.
#60709
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
этнопедагогика
Mr

3. Ұлттық ойындар, ұлттық спорттық ойындар мен жарыстар.

Халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, әдеп-дағдыларын жас ұрпақтың бойына сіңіру, ойын арқылы дарытып, көңіліне қондыра білу өмір қажеттігінен туындап отыр. өйткені баланы нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, елін, жерін, тілін сүйе білуге, отаншылдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы - ұлттық ойындар. Оның тәрбие, білім берудегі сиқырлы сырын терең меңгеру үшін ежелден бері өркен жайып, үздіксіз дамып келе жатқан ұлттық ойынды оқыту процесінде пайдаланудың тиімді жолдарын анықтау аса қажет. Қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихымен айналысқан белгілі ғалымдардың бірі Б.Төтенаев өзінің «Қазақтың ұлттық ойындары» атты еңбегінде халқымыздың жүзге тарта ойындарын жинақтап, бірінші рет әрбір ойынның ерекшеліктеріне және ойнаушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды топтастырады. Халық педагогикасының баланың тұлғасын қалыптастыруда ұлттық ойынның орны ерекше. Ұлттық ойындар балаларды бір-біріне жақындастырады, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, топтастыра түседі. Ұлттық ойынның бұл қасиеттерін халық ерте танып, өмірлік мәні зор ойындардың алуан түрлерін ойлап шығарған. Қазақ халқы – халық ойындарына өте бай және оның түрлері де алуан салалы болып келеді. Ойында адамдар өмірінің сан қырлы, тұрмыс тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман-тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректік пен жігерлілікке құлшынысы көрініс табады. Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні зор, олар халықтың өмірімен, шаруашылық және әлеуметтік жағдайларымен тығыз байланысты. Спорттық ойындардың түрлері өте көп, солардың ішінен көкпар, аударыспақ, алтыбақан, тоғыз құмалақ, ақсерек-көксерек, қашпа доп, қақпа доп сияқты ойындарды атап көрсетуге болады.



  • Аударыспақ – ер азаматтың атқа шауып, күш сынасуындағы артықшылығын (күштілігін, ептілігін) көрсететін халықтық ойын.

  • Найзаласу, жамбы ату – ер жігіттің күш қуатын арттырып, ептілігін мен мергендігін қалыптастырады. Әсіресе ат үстінде найзаласу жарысы асқан шеберлікпен балуандықты қажет етеді. Әділ қазылар алқасы мен төрешілер ұлттық шынықтыру жарыстарының ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.

  • Қыз қуу – жігіттің жігерлігін, батылдығын, апта бектігін еңбегі мен өнер сынайтын дәстүрлік өнер. Баяғы заманда қызға үйленбек болған жігіттің батылдығы мен күші ептілігі сыналып сыннан мүдірмей өткен жігітке «енді қызды қуып жетсең, қалыңдығын болады» деген талап қойылады.

  • Ақсүйек - бағдарлық сезімді дамыту үшін, денені шыныңтыру үшін шығарылған ұлттық ойын. Айлы түнде ойналады.

  • Көкпар - шынықтыру тәрбиесінің ұлттық мәйегінің бірі. Көкпардың мара көкпар, дода көкпар, т.б. түрлері бар. Мәреден сөреге дейін алдырмай барып, мәреге көкпарды қайтып алып келген жігіт жеңіске жетеді. Ал дода көкпарда кімнің аты күшті, өзі балуан әрі батыр болса, көкпарды додадан үзіп алып шығып, белгілеген мәресіне қарай алып қашады да, діттеген жеріне жеткізеді.

  • Тоғызқұмалақ - ойлау жүйесін дамытатын ұлттық ойын. Ойын үшін арнайы тақта жасалынады. Тақтада 18 ұя (кіші отау), 2 қазан (үлкен отау) бар. 162 құмалақ дайындалып, әрбір ойыншыға 81-ден бөлінеді, әр ұяға 9-дан келеді. Алғашқы ойынды кім бастайтыны жеребі бойынша шешіледі.

  • Алтыбақан - қазақ халқының дене шынықтырып, көңіл көтеруі үшін шығарған ұлттық ойыны.

Негізгі әдебиеттер: 9, 10, 11,13,15,18,32

Қосымша әдебиеттер: 1,2, 3,5,24
6 дәріс тақырыбы. Этнопедагогиканың зерттеу пәні ретіндегі этностық тәрбиенің мәні.

1. Этникалық тәрбие - өмір бойы жүзеге асырылатын біртұтас үздіксіз үдеріс.

2. Этникалық тәрбиенің мазмұны.

3. Еңбек - халықтық тәрбие негізі.

4. Этникалық тәрбиені ұйымдастыру принциптері

5. Қазақтардың бала тәрбиесіне қоятын негізгі талаптары. Ұлдар мен қыздар тәрбиесінің ерекшеліктері.

1. Этникалық тәрбие - өмір бойы жүзеге асырылатын біртұтас үздіксіз үдеріс.

Тарихи дамудың барлық кезеңдерінде адам тәрбиенің обьектісі және субьектісі болған және болады. Ғасырлар бойы жинақталған, тәжірибеде өз нәтижесін тапқан тәрбие тәжірибесі халықтық педагогиканың өзегі болып табылады. Тәрбиенің халықтық тәжірибесімен байытылған педагогиканың заманауи теориялары халықтың педагогикалық мәдениетін неғұрлым жоғары дәрежеге көтеруге мүмкіндік береді. Тәрбие жөніндегі халық даналығы көпғасырлық педагогикалық мәдениеттің көрінісі болып табылады. Құнды әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үрдісін тәрбие деп атаймыз. Адамның кез келген іс-әрекетінің этникалық қайнар бастауы болады, себебі кез келген адам міндетті түрде белгілі бір этностың мүшесі болып табылады, сондықтан да қандай тәрбие түрі болмасын бәрі де этникалық сипатта болады.

Қазақ халқының өте әрідегі ата – бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі – халықтық педагогика Халықтық педагогика өте көне замандарда тарихи қалыптасқан. Ол халықпен бірге жасасып келеді. Халықтық педагогика- белгілі бір халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелігі бар ғасырлар бойы қалыптасқан іс-тәжірибесі. Осы іс-тәжірибені зерттейтін ғылымды этнопедагогика деп атайды. Олай болатын болса этнопедагогика халық тәрбиесін зерттейтін ғылым. Бірақ та қазіргі ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині қолданылады. Сондықтан этнопедагогика- этникалық тәрбиені зерттейтін ғылым дегеніміз жөн болады. Этнопедагогика ғылымының пәні- этникалық тәрбие болып табылады. Осы тұрғыда К.Ж. Қожахметова «этникалық тәрбие» ұғымын ғылыми айналымға еңгізе отырып оған өз анықтамасын береді. Этникалық тәрбие – нәтижесінде өз этносының құндылықтарын меңгеретін ұрпақтар арасындағы өзара әрекет.

Сонымен, этникалық тәрбие – этнос субьектісін қалыптастыруға мақсатты бағытталған процесс. Бұл бағыттағы «этнос субьектісі» категориясының мәнін түсіну үшін біз келесі тұжырымға: педагогикадағы негізгі мақсаты «жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға» жүгінеміз.



Этникалық тәрбиенің құрылымы: идеясы, мақсаты, міндеттері, принциптері, мазмұны, әдіс-тәсілдері, нәтижесі, құралдары, халық тәрбиешілері.

Идеясы: адамзаттың ең жоғарғы құндылығы ретінде этностың өз өмірін сақтап қалу идеясы.

Мақсаты: этнос субъектісін қалыптастыру.

Міндеттері: әлемнің этникалық бейнесінің біртұтастығы туралы жалпы көзқарасты қалыптастыру; өз этносының мәдениеті, тарихы, тілі, және географиялық аймағы туралы білім беру; этномәдени құндылықтарды сақтау, дамыту және жеткіншек ұрпаққа мұра ретінде қалдыру дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру; өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіруге деген талпыныстарын дамытуға ынтасын арттыру.

Принциптері: ұлттық, ұлтаралық және жалпыадамзаттық диалектикалық бірлік принципі; тәрбиенің үздіксіздік және шексіздік принципі; этноәлеуметтік рольдерді меңгеру принципі; табиғат заңдылықтарына сәйкестілік принципі (жас және жыныс ерекшеліктерін ескеру); мәдениет заңдылықтарына сәйкес принципі.

Мазмұны: ақыл-ой тәрбиесі; адамгершілік тәрбиесі; сұлулық тәрбиесі; дене тәрбиесі; денсаулық тәрбиесі; еңбек тәрбиесі

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, үйрету, көрсету, үлгі көрсету, өтіну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту, қарғау, сөгу, кінәләу, ишара, қолдау, ғибрат, жауапты және қызықты іс-әрекетке тарту, тәлкек, тілек және т.б.

Құралдары: санамақ, жаңылтпаш, өлен-жырлар, бесік жыры, тақпақ, жұмбақ, ертегі- аңыздар, айтыс, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, саяттар, ырымдар, ұлттық ойындар, жол-жоралғылар.

Халық тәрбиешілері: әке-шешесі, атасы мен әжесі, апа- ағалары, ауыл үлкендері, өнер иелері.

Нәтижесі: этнос субъектісі (сегіз қырлы бір сырлы, жетілген, кемелденген адам).

Адам этностың дамушы субъектісі ретінде өз халқының дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында негізделіп келген этникалық нормаларды, этноәлеуметтік рөлдерді, этникалық құндылықтарды меңгереді, соның нәтижесінде оның бойында этникалық сана-сезім, өзіне, этностың басқа мүшесіне деген адекваттық қатынас, өз ұлтына деген мақтаныш сезім, өз этносының мәдениетіне, тіліне деген оң көзқарас қалыптасады. Қазақ халқы уақыт талабына сай «жан-жақты жетілген адам» тұлғасын қалыптастырудағы дәстүрлі тәрбие тәжірибесінде өз идеалын орынды құра білді. Халық түсінігінде нағыз «жетілген адам», «Сегіз қырлы, бір сырлы» бұл өз бойына халықтың ең жоғары адами қасиеттері мен ең жақсы этникалық мінез-құлық үлгілерін жинақтаған тұлға. Осындай идеалды қалыптастырып, дамытуда халық қоғамдық пікірге аса мән берген.



  1. Этникалық тәрбиенің мазмұны

Ақыл-ой тәрбиесі - жас ұрпақтың ақыл-ойының дамуы еңбек пен ғылым білімнің ұштасуына байланысты. Халықтық педагогикада «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Оқу – білім шырағы, білім – өмір шырағы», «Ақыл азбайды, білім тозбайды» деген өмір тәжірибесінен туындаған қағидаларда жас ұрпақтың ақыл-ойын тәрбиелеу үшін пайдаланған.

Адамгершілік тәрбиесі - моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген адам даярлау – тәрбиенің басты мақсатын айқындайды.

Сұлулық тәрбиесі - әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік береді.

Дене тәрбиесі - атқа отырғызу, күрес, ат жарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ, найзаласу, жамбы ату сияқты шынықтыру дәстүрлерімен қатар, халық өз ұрпағын батырлық және ғашықтық жырлар арқылы ерлікке баулиды, адалдыққа тәрбиелейді.

Денсаулық тәрбиесі – «тәні саудың - жаны сау».

Еңбек тәрбиесі - баланы кәсіпке үйрету болып табылады: бал бағу, егін салу, сәулет өнеріне үйрету, зергерлік, тоқымашылық, құсбегі болу алуантүрлі ұсталық әсіпке үйрету негіздері.

3. Еңбек - халықтық тәрбие негізі.

Еңбек – халық өмірінің өзі. Сондықтан еңбекке тәрбиелеу бүкіл тәрбие қызметі мазмұнын анықтайтын тәрбиенің халықтық жүйесінің негізгі өзегі болып табылады. Барлық халықтардың ең озат дәстүрлері еңбек саласында орын алды. Қашанда ең озықты алып жүруші, ең кереметті, ең ұлыны жасаушы еңбекші халық болды. Сондықтан алдыңғы қатарлы озық дәстүрлерді зерттеу, ең алдымен халықтық міндет дәстүрлерін оқып үйренуді білдіреді. Еңбек-өмірдің тұтқасы, тіршілік көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түсініп, ой топшылаған халық «Еңбек адамның екінші анасы», «Еңбек түбі береке», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады» т.т. мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ, еріншек, жалқаулық кісінің соры, жаман әдет, жат мінез екендігін жас буынға тәптіштеп түсіндіре білген. Осы жайтты терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Мұнда, тек айту арқылы еңбекке үйреткен деген теріс ұғым тумауы керек. Ерен еңбегімен күнелткен халқымыздың отбасындағы бала тәрбиесі негізінде еңбек процесінде жүргізіледі. Құт береке болған еңбек – қазақ халқы үшін күнкөріс көзі ғана емес, рухани өмірдің, түрлі тәрбиелік дәстүрлердің де өзегі еді. Негізгі шаруашылығы мал өсіру болғандықтан ер балалар 5-6 жасынан-ақ мал күтіміне араласты. Еңбекті және еңбек адамдарын сүю - бұл халықтық тәрбие жүйесінің аса маңызды өсиеті. Шаруашылық кәсіпшіліктер мен жұмыстардың негізгі түрлері қазақ халқында мал өсірумен байланысты болды, сонымен бірге тұтастықты құрады. Баланың өсуімен байланысты оның еңбек дағдылары мен икемділіктері ретінде қалыптасуы кезеңіне дейін созылды.

Отбасы жағдайындағы өзіне өзі қызмет ету және қызмет көрсету еңбегіне үйрету, мәселен, мыналалардан тұрады:

-өзін күтуге тұрғын жайды таза және жылы ұстауға, өз киімдерін күтіп ұстау білуге дағдыландыру;

-ас әзірлеу, нан және ұннан жасалатын өзге тағамдар пісіру, азық-түлік тағамдарын сақтай білуге үйрету;

-киім жамау, тоқу, әшекейлеу, пішу, тіге білуге машықтандыру;

-отбасындағы жасы кішілерді күту, оларды жұбату, тамақтандыру, ұйықтауға жатқызу, ойната алуға үйрету;

-ауланы жинақы ұстау, қақпа, сарай, қор-қопсыны жөндеуге үйрету;

-отын даярлау, оларды үйге жеткізу мен оларға аулада орын әзірлей білуге баулу;

-еңбекке сүйіспеншілікке баулу,

-еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.

Қазақ халқы педагогикасында еңбекшілердің тарихи дамудың түрлі кезеңдеріндегі өмірлік, әлеуметтік тарихи тәжірибесі, олардың еңбек пен жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу жөніндегі идеалдары, ұғымдары, көзқарастары көрініс тапты. Халық педагогикасы балаларды еңбекті сүюге тәрбиелеуге тұрмыстық қиыншылықтармен табысты күресудің кілті, олардың болашақ өмірінің гүлденуінің шарты ретінде ерекше мән берді. Жастарды еңбек адамдарына, олардың көпжылғы өте үлкен күш жұмсаған еңбегінің нәтижелеріне терң құрмет рухында тәрбиеледі. Халықтық тәрбие тұлғаға қажет бүкіл жағымды сапаларды игерген еңбектер қалыптастырудың бай тәжірибесін жинақтады.



4. Этникалық тәрбиені ұйымдастыру принциптері

Этнопедагогикадағы этникалық тәрбие үрдісі – халықтың қоршаған ортадағы құбылыстар жөніндегі эмпирикалық білімдер арқылы жүзеге асырылады. Демек, тәрбие жұмысын ұйымдастыру адам әрекетінің белгілі бір мақсатты көздеген ісі ғана емес, сонымен қатар қоғамның эволюциялық даму барысында қалыптасқан білім, таным жетістіктерін ұрпақ санасына жүйелі түрде сіңіру қажеттілігін қалыптастырды. Мұның өзі этникалық тәрбие беру барысында басшылыққа алынатын принциптердің бар екендігін дәлелдейді. Этникалық тәрбиені ұйымдастыру принциптері дегеніміз – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдастырудың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі. Этнопедагогика саласында жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, этникалық тәрбиенің мынадай принциптерін бөліп көрсетуге болады:



- тәрбиені мәденилік принципі жеке тұлғаны өсіріп, жетілдіретін әлеуметтік ортаны есепке алу. Бұл тәрбие мазмұнының өзегі жалпы адами, ұлттық және аймақтық мәдени құндылықтарды қамту қажет, ал балаға деген көзқарас оның құнды нәрсені өзінің мәдени даму қабілетіне қарай таңдай білудегі, өмірде өзінің орнын табудағы және өзін шығармашылықта көрсете білудегі түсініктері ескеріле отырып айқындалуы керек дегенді білдіреді. Сондықтан да тәрбие үрдісі қашанда жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделіп, өзінің ұлттық мәдени құндылықтарын есепке алып жүргізілуі тиіс.

- тәрбиенің табиғилық принципі адам баласын табиғаттың бір бөлігі ретінде білдіреді. Яғни бала тәрбиесінің табиғатпен үйлесімділікте және оның таза экологиялық табиғи ортада дамуын болжайды. Табиғилық принципіне сәйкес тәрбие бала ағзасының даму заңдылықтарына сәйкес жүзега асады, дене дамуының ерекшеліктерін, баланың денсаулығын ескереді. Табиғилық принципі тәрбиеде балалардың жыныстық еркешеліктерін ескеруді талап етеді. Яғни қыз бала мен ер баланы тәрбиелеудегі ерекшеліктер. Мысалы: қазақ отбасында қызды – болашақ ана деп оған әрдайым ерекше көзқараспен қарап, зекіп ұрыспаған, ауыр жұмыс істетпеген, керісінше, әртүрлі істер түрлерін игеруне жол ашқан. Ал ұл баланы - болашақ әке, азамат деп ұл бала тәрбиесіне әке мен ата, ауылдағы ағайындар мен қарттар жауап берген.

- мақсаттылық принципі – мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады.

- гуманистік бағыт принципі - әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға қояды,; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өздері дамытуға жауапкершілікті субьекті ретінде қарауын талап етеді.

- этникалық тәрбиенің үздіксіздік принципі - жеке тұлға ғұмырының барлық кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды; оның шығармашылық әлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуін шеберлейді.

- балаларды отбасы өміріне араластыру, қарым-қатынастағы ашықтылық пен сенімділік;

- талап қоюда бірізділік пен жүйелілікті сақтау;

- балаға лайықты көмек көрсете білу, сұрақтарын жауапсыз қалдырмау және т.б.

- бала ерте балалық шақтан этноәлеуметтік рольдерді орындауға бейімдеу;

Осы жоғарыдағы айтылған принциптерді ұстана отырып, этникалық тәрбиенің тиімді әрі нәтижелі болуын қамтамасыз етуге болады.



5. Қазақтардың бала тәрбиесіне қоятын негізгі талаптары. Ұлдар мен қыздар тәрбиесінің ерекшеліктері.

Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі мұрасына көз жіберсек отбасына байланысты тұнып тұрған қаймағы бұзылмаған дәстүрдің бар екенін көреміз. Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың заманға сай ұрпақтарымызды өркендетер өрнектерін халық жоғары бағалайды. Тәрбиенің тамыры отбасында бітеді де, бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан өсіп өнеді. Мектептің педагогикалық даналығы да отбасындағы осы тәлім тазалығына негізделіп қалыптасады. Сондықтан да мектеп тәрбиесі отбасы тәрбиесімен ұштас деп айтуға болады.

Отбасы жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Ол жеке тұлғаны қалыптастыруға игі ықпалын тигізетін халықтық педагогиканың алуан түрлі формалары мен құралдарын ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухани мәдениеттің, мінез-құлық пен әдептіліктің, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың т.б. мұралық қазынлардың, ой мен тілдің, ауыз әдебиеті үлгілерінің тәлім-тәрбиелік мәні бар озық түрлерін кеңінен пайдаланады.

Осы жерде проф. Қожахметова К.Ж. –ның тәрбиедегі этноәлеуметтік рольдік бағытының маңыздылығын айтып өту өте орынды. Оның маңыздылығы ерте балалық шақтан бастап этноәлеуметтік рольдерді орындауға бейімделу және оны адам өмірінің барлық кезеңінде жалғастыру.

Тәрбиеге этноәлеуметтік рольдік тұрғыдан келу қазақ этникалық тәрбиесінің, оның ішіндегі отбасы тәрбиесінің негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Сондықтан да осы отбасы тәрбиесінде баланың жас және жыныс ерекшеліктеріне қарай этноәлеуметтік ролдерді меңгеру дәрежесі оның үйлесімді дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады.

Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, абзал азамат болып өсуін армандаған халықтың бала тәрбиесіне байланысты: құрсақ ой, шілде күзет, балаға ат қою, шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа міңгізу, сүндетке отырғызу, тілашар тойлары, үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, ұрын келу, келін түсіру тойлары, қалың мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде - ырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Бәрінің де өзіне жүктелген тәрбиелік мәні болады. Сондықтан да олар дәстүрге айналған.



Қыз баланың тәрбиесі. Халқымыз қыз баланың тәрбиесіне өте көп мән берген. Қазақ отбасында қыз баланың орны әрдайым ерекше. Қызға ата-бабамыз зекіп ұрыспаған, ауыр жұмыс істетпеген, керісінше, әр түрлі өнер түрін игеруіне жол ашқан. Мысалы:

  1. Тағам даярлай білу;

  2. Ою ойып, көрпе жасау;

  3. Іс тігіп, кесте тоқу;

  4. Айран, көже түрлерін ашыта білу;

  5. Әдепті болу;

  6. Кішіпейіл болу;

  7. Қаласа атқа мініп, еркін шабуы, т.б.

«Қыздың жолы жіңішке», деп сыйлай отырып, «Қызға қырық үйден тыю» деп оның тәрбиелі, әдепті болуын қадағалап, оны қамқорлыққа алған. Қыз – болашақ әйел, ана. Ал әйел қандай биік дәреже жұмыс істемесін, оның ең басты міндеті - өмірге ұрпақ әкелу, бала тәрбиелеу. Көп жағдайда отбасының беріктігі әйелге байланысты. Әйел сабырлылығы, кешірімділігі, сыпайылығы отба­сы­на береке әкеліп, шаңырақ бақытын орната алады.

Ер бала тәрбиесі. Қыз бала көп жағдайда анасы мен әжесінің қарамағында болса, ұл баланың тәрбиесіне әке мен ата, ауылдағы ағайындар мен қарттар жауап берген. «Қызға қырық үйден тыю» болса, «Ұлға отыз үйден тыю» болған. Көптеген мақал-мәтелдер де ұл бала тәрбиесіне байланысты туған.

Ер бала – болашақ азамат, әке. Елін, жерін, тілін қорғау жо­лында шешуші рол атқара алатын болашақ ел басшысы. Ер бала­ның елжанды, ұлтжанды болып тәрбиеленуі, еліне деген, жеріне деген сүйіспеншілік пен намыс сезімдерін қалыптастырады.



Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 6, 9, 10, 11,45,46,47

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 14.
7 Дәріс тақырыбы. Этнопедагогика бойынша зерттеулерді жіктеу

Жоспар


  1. Этнопедагогика әдіснамасы

  2. Этнопедагогикалық зерттеу әдістері

  3. Этнопедагогика саласындағы ғылыми зерттеулер

    1. Этнопедагогика әдіснамасы

Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.

Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді.



Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Таным процесіндегі әдіске антикалық философияда-ақ үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.

Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдердің 4 деңгейін көрсетеді: философиялық, жалпы ғылымилық, нақты ғылымилық және технологиялық немесе зерттеу әдістемесі.



1-ші, философиялық деңгей – танудың жалпы принциптерін анықтайды. Философиялық білімдер әдіснамалық функция атқарады.

2-ші, жалпы ғылымилық әдіснама – барлық немесе бірнеше ғылымдарда қолдануға болатын теориялық концепциялар. Мысалы, қоршаған шындықтағы құбылыстар мен процесстерді бір-бірімен байланыста, тұтас объект ретінде жүйелілік тұрғысынан қарастыру.

3-ші, нақты ғылымилық әдіснама – арнайы бір ғылым саласында қолданылатын зерттеу принциптері, әдістері жиынтығы. Педагогика ғылымынан оған келесі мысалды келтіруге болады. Зерттеу пәнін тұлғалық тұрғысынан қарастыру. Оның мәні: кез келген процесті, индивидтің жағдайын, қасиеттерін оның тұлғалық ерекшеліктерін ескерусіз дұрыс түсіну мүмкін емес.

4-ші деңгей – нақты зерттеуді жүргізу әдістемесі. Зерттеуді жүргізу әдістемесі – ақиқат, шын білімдерді алуды қамтамасыз ететін әдістер және процедуралар.

Педагогика әдіснамасына В.В.Краевский келесі анықтама береді: педагогика әдіснамасы – педагогикалық шындықты көрсететін білімдерді алу әдістері мен принциптері, педагогикалық теорияның құрылымы және негізі туралы білімдер жүйесі, сонымен қатар осы білімдірді алу және зерттеу бағдарламасын, логикасы мен әдістерін нақтылайтын, зерттеу жұмысының сапасын бағалайтын іс-әрекет жүйесі.



Этникалық педагогиканың әдіснамасы – нақты бір халықтың педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыратын дүниетанымдық көзқарастар мен білімдерді алу тәсілі, этнопедагогиканың қайнар көзі, құрылымы және негіздері жөніндегі тұтас білімдер жүйесі.

Этнопедагогика әдіснамасында жалпы әдіснамадағыдай іргелі, қолданбалы, практикалық зерттеулерді бөліп көрсетуге болады.



Іргелі зерттеулер этнопедагогикалық процестің заңдылықтарын айқындайды, халықтық білім мен педагогиканың тарихын, әдіснамасын, жалпытеориялық тұжырымдамаларды жобалайды. Олар ғылыми білімдерді кеңейтеді, ғылыми ізденіс жолдарын көрсетеді, іргелі этнопедагогикалық зерттеулерді жүргізу үшін жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет