2020 жыл Үлгілік оқу бағдарлама қазақ тілі мен әдебиеті


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мақсаты



бет3/33
Дата06.02.2022
өлшемі98,88 Kb.
#79711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
120 сағ қаз тіл мен әдеб типо

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіріп оқыту негізінде білім алушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру, тіл нормаларын сақтап, еркін сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын дамыту, мемлекеттік тілге құрметпен қарауын қалыптастыру.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің негізгі міндеттері:

  1. қазақ тілі мен әдебиеті пәніне құндылық ретінде қарауды қалыптастыру;

  2. коммуникативтік оқыту негізінде барлық сөйлеу әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдану дағдыларын дамыту;

  3. қазақ әдебиетінің стилистикалық және жанрлық ерекшеліктерін тану негізінде шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  4. білім деңгейі жоғары, полимәдениетті, ой-өрісі дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:

  • оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу үрдісін бақылау түрлерін таңдауға;

  • оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);

  • нақты деректер мен дәйектерге негіздей отырып, пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгертуге.

Жұмыс берушілердің талаптары мен жергілікті жағдайларға байланысты аймақтық компонентін енгізу арқылы бөлімдер мен тақырыптар тізімін тереңдету және кеңейту мақсатында өзгертуге болады.
Қазақ тілі мен әдебиетін «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «География», «Биология» пәндерімен байланыстыра отырып оқыту ұынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет