11-сынып білім алушылары:
оқу бағдарламасының әртүрлі тақырыптары аясында еркін әңгімелесу кезінде әңгімелесудің негізгі идеясын, ерекше ақпаратты, келтірілген дәлелдерді егжей-тегжейлі түсінеді;
талқылауға қатысу кезінде ресми және бейресми сөйлеу стилін қолданады. Өзінің және өзгелердің көзқарасын түсіндіреді және негіздейді, басқа адамдардың пікірін бағалайды және оларға түсініктеме береді, таныс және кейбір бейтаныс жалпы және оқу мақсаттарына қатысты гипотезалар ұсыну және баламалы ұсыныстарды бағалау мақсатында құрдастарымен қарым-қатынас жасайды, талқылау барысын басқарады және қарсы дәлелдерді пайдаланады;
күрделі және абстрактілі идеяларды, көлемді мәтіндер контекстіндегі арнайы ақпараты және егжей-тегжейлі ақпаратты түсінеді;
әртүрлі жалпы және оқу тақырыптарына сәйкес жазбаша жанрлар шеңберінде тиісті дәрежедегі шартқа жету үшін сөйлеу стилін пайдалана отырып, жазылымды жоспарлайды, грамматикалық қатесіз жазады.
«Ағылшын тілі» пәні бойынша бағалау үрдісінің ерекшеліктері
Формативті бағалау
Жүзеге асырылу түрлері – ауызша немесе жазбаша түрде ұсыныс беру арқылы. Формативті бағалау кезінде педагог білім алушыларды кері байланыспен қамтамасыз етуі керек. Ағылшын тілі мұғалімі кері байланысты қажет ететін білім алушыларды және кері байланысты беру нысанын өзі анықтайды.
Білім алушылардың формативті бағалау нәтижелерін басып шығару және оны сақтау талап етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |