TopIQ электронды оқулықтар платформасы
Орналасуы
|
https://topiq.kz/
|
Мүмкіндіктері
|
Педагогтер үшін: 1-11-сыныптарға арналған электронды оқулықтар кітапханасы, мультимедиялық және интерактивті компоненттер оқулыққа енгізілген, тапсырмалардың мақсаты, электронды журналдар, үлгерім статистикасы.
Білім алушылар үшін: электронды оқулықтар кітапханасы, мұғалімге тапсырмалар алу және жіберу, нәтижелерді есепке алу, жеке шотқа оқу материалдарын алу мүмкіндігі бар.
|
Пайдаланылуы
|
Жүйеге кіруге арналған активтендіру деректері мектеп әкімшілігіне бекітілген. Кез келген пайдаланушыға онлайн тіркеуден өту мүмкіндігі бар
|
Қашықтан оқыту нысанын анықтап алу қажет
Онлайн режимде сабақ өткізу үшін тегін вебинар жүйелерін (мысалы, Zoom, Microsoft Teams, Skype, Google Meet) пайдалануға болады.
Педагогтер мен білім алушылар ресурстармен бір-біріне тәуелсіз жұмыс істейтін асинхронды оқыту режимін таңдау кезінде онлайн-сабақтары бар онлайн білім беру платформасын таңдау қажет.
Өз материалдарыңызды қолдана отырып сабақ өткізу үшін оқушыларға тапсырмаларды орналастырудың ең ыңғайлы құралы – үй тапсырмасы модулі бар электронды күнделік. Сіз материалдарды дискіге (Google Drive, Mail.ru бұлты және т.б.) орналастырып электрондық журналға сілтемені қоясыз.
Білім алушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату маңызды
|
Қашықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыру үшін білім алушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату қажет. Ата-аналарға қашықтан оқытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, нұсқаулық/жоспар әзірлеу ұсынылады, онда мұғалім, ата-ана, сабақ барысында оқушы орындайтын іс-әрекеттер нақты жазылуы керек. Нұсқаулықты әзірлеу кезінде білім алушылардың және білім алушылар отбасының мүмкіндіктерін ескеру қажет. Қабылданған карантиндік шаралар жағдайында қашықтан оқыту бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстарды ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдардан табуға болады. Оны Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Қашықтан оқыту» айдарыменhttps://nao.kz/blogs/fromorg/2/94сайтында орналастырылған.
Қашықтан өткізілетін сабақ – бұл дәстүрлі емес сабақ!
|
Қашықтан оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда жаңа дағдылар мен педагогикалық тәжірибені қажет етеді (Fetherston, 2001).2
Қашықтан жұмыс істеудің тиімді шарттарының бірі – тапсырмаларды жиі өзгерту және көптеген тәжірибелерді пайдалану. Өйткені, балаларға үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдау және игеру немесе ұзақ уақыт бойы бір тапсырманы орындау қиын. Сондықтан, бірнеше жұмыс түрлерімен сабақ жүргізіңіз, мысалы, бейнені көруге 5-10 минут, тапсырмаларды орындауға 10 минут және қолмен жазуға 10 минут және т.б.
Оқыту аудиториялық, қашықтан оқытуды және білім алушылардың өзіндік жұмысын дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдармен үйлестіруі керек. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Оқу процесі әртүрлі режимдерде өтуі керек: онлайн режимінде, оқу іс-шаралары мен мұғаліммен қарым-қатынас АКТ-ны қолдана отырып нақты уақытта жүзеге асырылады; асинхронды форматта, бұл балаға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта оқу материалын игеруге мүмкіндік береді.
Оқу материалдарының сапасына сыни тұрғыдан қарау ұсынылады:
Ұзақ мәтіндерден аулақ болыңыз. Егер тақырып білім алушыны қызықтырған болса, қосымша материалдың болуы туралы ескертулер жасай отырып, мәтінде ең маңыздысын қалдырыңыз.
Мәтінді құрылымдап, оны бөліктерге бөлген дұрыс.
Инфографикасы бар мәтіндерді қолданыңыз, өйткені визуализация материалды жақсы түсінуге және оны есте сақтауға мүмкіндік береді.
Тапсырмалар мен оқу блоктары көлемі мен күрделілігі бойынша теңдестірілген болуы тиіс
|
Қашықтан жұмыс істеудің тиімді шарттарының бірі – тапсырмаларды жиі өзгерту және көптеген тәжірибелерді пайдалану.
Оқыту аудиториялық, қашықтан оқытуды және білім алушылардың өзіндік жұмысын дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдармен үйлестіруі керек. Әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін жоғары білікті педагогикалық ұжым қамтамасыз етуі тиіс, оның әрбір мүшесі өзінің кәсібилігін үнемі арттыруға мүдделі.
Достарыңызбен бөлісу: |